- •1.Қаз.Тарихы пәні: мақсаты мен міндеттері, кезеңдері, деектері мен тарихнамасы
- •2. Қазақстан трерриторисындағы тас дәуірі
- •3.Қола дәуірі.(б.З.Б.Хүііі-Хғғ.). Андронов және Беғазы-Дәндібай мәлениеті.
- •5. Үйсіндер мен қаңлылар
- •6. Ғұндар: саяси жүйесі, шаруашылығы, мәдениеті
- •7. Түрік қағанаты. Батыс түрік қағанаты
- •8.Түргеш қағанаты (704-756 жж.).
- •9.Қарлұқ мемлектеі (776-940)
- •10.Оғыз мемлекеті
- •11. Қимақ қағанаты
- •14. Қарахан мемлекеті (942–1210 жж.)
- •15. Қарақытай мемлекеті (1128–1213 жж.)
- •16. Найман және керейт ұлыстары
- •17. Қыпшақ хандығы (XI ғ. — 1219 ж.)
- •18. XIII – XVI ғғ. Моңғол империясының құрылуы. Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде.
- •19. Алтын Орда
- •20. Ақ Орда мемлекеті (XIII-XV ғғ.)
- •21. Моғолстан мемлекеті (xiVғ. Ортасы-XVI ғ. Басы)
- •22. «Көшпелі өзбектер» Әбілхайыр хандығы (1428–1468 жж.)
- •23. Ноғай Ордасы (XIV аяғы – XVI ғғ.)
- •24. Қазақ халқының қалыптасуы
- •25.Қазақ хандығының құрылуы және оның нығаюы (XV-XVII ғғ.)
- •27. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы. «Жеті жарғы»
- •28. Қазақ-Жоңғар қатынастары: Бұланты, Аңырақай щайқастары
- •31. Әбілқайыр хан. Саяси қайраткер, әскери қолбасшы
- •32. Қазақ даласында Ресейдің отаршылдық саясатының тереңдетуі және оның кезеңдері
- •33. Абылай хан және оның ішкі және сыртқы саясаты
- •35.Бөкей Ордасының құрылуы (1801 ж.)
- •36. 1822Ж. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» мен 1824ж. «Орынбор Қырғыздары туралы Жарғы» және оның мәні
- •37.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлыбастаған шаруалар көтерілісі (1836–1838 жж.)
- •38. XIX ғ.Аяғы -XX ғ. Басы қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саяси дамуы
- •39.Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс (1837–1847 жж.)
- •41. Патша үкіметінің 1867-1868 ж. Қазақстандағы реформалары: мәні және мақсаттары
- •42.Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс (1868–1869 жж.)
- •43. Патша үкіметінің 1886-1891ж.Реформалары. «Далалық ереже»
- •44.Қоныс аудару саясаты (XIX ғ. 1870–1880 жж.)
- •45. 1905–1907 Жылдардағы орыс революциясына Қазақстанхалқының қатысуы.
- •46. 20Ғ.Басындағы Қазақ зиялылары.
- •50. 1917-20 Ж. Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар
- •51.52. Бірінші және екенші жалпы қазақтық съезі
- •57. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918–1920 жж.)
- •58. Қазақ кеңес автономиялық республикасының құрылуы
- •61. Ауыл шаруашылғын күштеп ұжымдастыру
- •63. Сталиндік билік жүйесі және оның сипаты саяси қуғын – сүргін зардаптары
- •65. Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері (1941–1945 жж.)
- •69.Қазақстанның 1960 жылдарындағы қоғамдық-саяси жүйесі
- •70. М. С. Горбачев реформасы тұсындағы Қазақстан (1985–1991 жж.)
- •71. Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
- •74. Қазақ кср Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады.
- •78 «Қазақстан – 2030» стратегиясы
- •80. Қазіргі кезеңдегі Қаз.Экон.Реформалаудың негізгі багыттары Нарықтық экономика саясатының негізгі белгілері:
- •84. Қазақстан халқы Ассамблеясы
- •85.Тәуелсіз Қаз. Рухани дамуындағы жетістіктер (1991-2010жж.) н.А.Назарбаев «Тарих толқынында»
- •V. Интеллектуалды ұлт
- •89. Үдемелі дамудың сәтті қадамы
- •90. Н.Ә.Назарбаеватың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында қойылған міндеттер.
44.Қоныс аудару саясаты (XIX ғ. 1870–1880 жж.)
XIX ғасырдың 70-жылдары орыс және украин шаруаларын қоныстандыру басталса, 80-жылдары қарқынды жалғасты. Алғашқы қарашекпен қоныстары 1879 жылы Көкшетау уезінде пайда болды.
Жетісу облысының әскери губернаторы Колпаковскийдің ұсынысы бойынша 1868 жылғы «Шаруалардың Жетісуға көшуі туралы Уақытша ережелер» қабылданып, ол 1883 жылға дейін қолданылды.
1886 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының көші-қонды басқару ережесі қабылданды. Бұл құжат бойынша әрбір ер адамға 10 десятина жер берілді, қоныстанушылар 5 жылға дейін салықтан босатылды, кейін 5 жылда салықтың жартысын ғана төледі.
«Ауыл тұрғындарын өз еріктерімен жаңа жерге көшіру және бұрынғы көшірілген топтар туралы арнайы ережесі» 1889 жылдың 13 шілдесінде қабылданып, қоныстандыру тек алдын ала Ішкі істер министрлігінің және мемлекеттік жер иеліктері министрлігінің рұқсаты арқылы іске асырылды. Бірақ патша жаппай қоныстандыру үрдісін бақылай алмады. Шаруалардың өздігінен көшуі жалғаса берді. 1891–1892 жылдары егіннің шықпауынан орыс шаруалары еуропалық Ресейден шығысқа қашып, қазақ жерлеріне қоныстанып алды.
Ережеде қоныстанушылардың аудандары нақты Томск және Тобыл губерниялары, Жетісу, Ақмола және Семей облыстары деп көрсетілді. 1891–1892 жылдары заң Торғай және Орал облыстарына да тарады. Шаруалардың қоныс аударуы қазақ көшпелілерінің жерлерін тартып алу есебінен жүрді. Қоныс аударушы шаруалар арқылы отарлау Сырдария облысына да тарады.
Қазақ жерінің Сібірмен және Приволжьемен темір жол арқылы жалғастырылуы, Қазақстанға орыс қоныс аударушыларына қолайлы жол ашты. Нәтижесінде орыс шаруалары құнарлы жерлерге қоныстанса, қазақтар сусыз, нашар жерлерге көшірілді. Қазақ өлкесінің демографиялық жағдайы да өзгерді. 1897 жылғы жалпы санақ бойынша өз жерінде қазақтардың жалпы мөлшері 87,1%-ға кеміді. Қоныс аударушылар көбінесе стратегиялық маңызды аудандарға көшіріліп, мылтықпен қаруландырылды.
Қазақстанның XX ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Отарлық қоныстандыру саясатының күшеюі. Столыпин аграрлық реформасы.1905–1907 жылдардағы революция жеңілгеннен кейін Ресейде реакция кезеңі басталды. 1907 жылы 3-маусымда Екінші мемлекеттік Думаның таратылғаны, Үшінші мемлекеттік Дума сайлауы туралы ережеге өзгерістер енгізілгені жөнінде патша жарлығы шықты. Заң бойынша қазақтар мен өлкені мекендеген басқа шағын халықтар сайлау құқынан айырылды.
Осы кезде революциялық ұйымдар мен қозғалысқа қатысқандарды сотсыз және тергеусіз жазалайтын тәртіп енгізілді.
Патша өкіметі тек қана қудалау жасаумен ғана шектелмеді, сонымен қатар шаруалар қауымын күшпен ыдырату саясатын жүргізе бастады. 1906 жылы 9-шы қарашада Столыпин шаруаларды қауымнан хуторға бөлу туралы жаңа жер иелену заңын шығарды.
П. А. Столыпин 1906–1911 жылдары Министрлер Кеңесінің төрағасы болған кезде өзінің аграрлық реформаларын әзірледі. Оның бірінші шарты шаруаны жердің иесі етіп бекіту болатын. П. А. Столыпиннің аграрлық саясатының мәні үш заң актісінде көрсетілді. Бұл Сенаттың қарауына берілген 1906 жылғы 9-қарашадағы «Шаруалардың жер иеленуіне және жер пайдалануына қатысты қолданылып жүрген заңның кейбір қаулыларын толықтыру туралы» жарлық. Ол III-Мемлекеттік Думада 1910 жылы 14 маусымдағы «Шаруалардың жер иеленуі жайлы кейбір қаулыларды өзгерту мен толықтырулар туралы» заң етіп қайта қаралып толықтырылды.
жылғы 29-мамырда «Жерге орналастыру туралы» заң қабылданды. Аграрлық реформалар бойынша шараларды жүргізу оның барысында шаруалардың көшіп-қонуына еркіндік берілді, нәтижесінде олардың шет аймақтарға, соның ішінде Қазақстанға жаппай көшуі кеңінен өрістеді.
1910–1911 жж. жаңа экономикалық өрлеуге байланысты Қазақстанда ереуілдік қозғалыстар жандана түсті. 1911 жылы мамыр айында Перовск және Түркістан станциялары теміржол шеберханаларының жұмысшылары, «Атбасар мыс рудалары» акционерлік қоғамы рудниктеріндегі кеншілер ереуілге шықты.
жылы Ресейдің жұмысшы қозғалысында жаңа революциялық өрлеу басталды. Сол жылғы мамырда Қазақстанда Спасск мыс қорыту зауытында басталған ереуіл 1913 жылдың маусым айына дейін созылды. 1913 жылғы қыркүйекте Торғай уезінің Шоқпаркөл көмір кендерінде болған жұмысшылардың толқуы 1914 жылдың бірінші жартысында Ембі мұнайшыларының ереуілдерімен ұласты. Жаңа революциялық өрлеу кезінде Қазақстанның жұмысшы табы жалақыны арттыруға, қожайындардың айыптарды көбейтуден бас тартуына қол жеткізді. Өлке жұмысшыларының ереуілдері патша өкіметіне қарсы шаруалар толқуларының артуына, ұлт-азаттық қозғалысының дамуына ықпал етті.