- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. Жұбанов атындағы ақтөбе мемлекеттік университеті
- •050602 - «Информатика» мамандығы күндізгі бөлімінің
- •«Obp 4301 Объектіге бағытталған программалау» пәнінен
- •II кафедраның әдістемелік секциясы отырысында талқыланды
- •Пән мазмұны
- •Лабораториялық сабақтардың тақырыптарының үлгілі тізімі
- •Өзіндік жұмыстардың тақырыптарының үлгілі тізімі
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Оқу пәнінің жұмыс бағдарламасы
- •I жұмыс бағдарламасы дайындалып енгізілді
- •II кафедра отырысында талқыланды
- •IV факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясына бекітуге ұсынылды
- •V алғашқы тексеру мерзімі 2011 ж. Тексеру мерзімділігі 1 жыл
- •Дәрістер
- •Практика сабақтары
- •Лаборатория сабақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Оқу пәнінің жұмыс бағдарламасы
- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •1. Жұмыс түрлері:
- •2. Жұмыс түрлерін бағалау критериилері:
- •Курстық жұмыстың тақырыптары
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі
- •Пәннің оқу-әдістемемен қамтамасыз ету картасы
- •Қр білім және ғылым министрлігі
- •2. Көпше түрдегі мұрагерлік
- •2. Операторларды қайта анықтаудың түрлері.
- •3. Унарлы операторларды қайта анықтау
- •4. Бинарлы операторларды қайта анықтау
- •5. Меншіктеу операторларын қайта анықтау
- •6. New және delete операторларын қайта анықтау
- •Жәй және күрделі полиморфизм
- •Виртуальді функциялар
- •Иерархия схемасы
- •Қр білім және ғылым министрлігі
- •2. Орындауға арналған тапсырмалар:
- •Практикалық жұмыс №2 конструкторларды және деструкторларды құру
- •2. Орындауға арналған тапсырмалар:
- •3. Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы):
- •Практикалық жұмыс №3-4 мұрагерлік. Жалғызданған және көпше түрдегі мұрагерлік
- •2. Орындауға арналған тапсырмалар:
- •3. Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы):
- •Практикалық жұмыс №5-6 полиморфизм. Амалдарды қайта анықтау
- •3. Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы):
- •5. Литерлік шамаларға қолданылатын функциялар қай кітапханада орналасқан?
- •Практикалық жұмыс №7-8 функциялардың және операторларды қайта жүктеудің бірге қолданылуы
- •3. Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы):
- •Практикалық жұмыс №9-10 енгізу-шығару ағындары
- •2. Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы):
- •Қр білім және ғылым министрлігі
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Жұмыс есебі
- •Жұмысты орындау тіртібі
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Жұмыс есебі
- •Жұмысты орындау тіртібі
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Жұмыс есебі
- •Лабораторялық жұмыс бойынша сұрақтар
- •Лабораториялық жұмыс № 6-7 объектілер иерархиясы. Топтар. Итераторлар.
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Объектілер иерархиясы.
- •Мұндағы gr топ-объект.
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Жұмыс есебі
- •2.Достық функциялар
- •Іі. Жұмыстың орындалу реті
- •Ііі. Өзіндік жұмыс тапсырмалар
- •Жұмыс есебі
- •Іі. Жұмыстың орындалу реті
- •Бүтін сандармен жұмыс жасайтын объект-калькулятор.
- •Жұмысты орындау реті.
- •Әдістемелік нұсқау.
- •Есеп берудің мазмұны.
- •Калькулятор
- •Қр білім және ғылым министрлігі
- •3. Практикалық және лабораториялық сабақтарды орындау
- •Қр білім және ғылым министрлігі
- •Тақырыбы: Конструкторлар және деструкторлар
- •Тақырыбы: Мұрагерлік
- •Тақырыбы: Операторларды қайта жүктеу
- •Тақырыбы: Ағындық кластар
- •Бақылау-өлшеу материалдары
- •21. Литерлік шамаларға қолданылатын функциялар қай кітапханада орналасқан?
- •Келісу парағы
Тақырыбы: Конструкторлар және деструкторлар
Мақсаты – контрукторлар және деструкторлар туралы теориялық білімдерін тереңдету, оларды қолдануды үйрету, конструкторлар және деструкторлар бойынша практикалық дағдыларын бекіту.
Тапсырмалар:
Төмендегі тапсырмалардың барлығын инициализациялау үшін конструкторды және жадыдағы орынды босату үшін деструкторды қолданып орындаңыз:
«Жиын» класын сипаттау. Класс жиындарға қолданылатын негізгі амалдарды, яғни жиынға элемент қосуды және өшіруді, жиындардың қиылысуын, бірігуін және айырмасын орындау мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Осы класпен жұмыс жасайтын программа жазу. Программада кластың барлық әдістерін тексеруге мүмкіндік беретін мәзір болуы қажет.
Көпмүшелік дәрежесімен және коэффициенттер массивімен берілетін бір айнымалылы көпмүшелік класын сипаттау. Берілген аргумент үшін көпмүшелік мәнін есептеу әдісін, көпмүшеліктерді қосу, алу және көбейту арқылы жаңа көпмүшелік алу әдісін, көпмүшелікті экранға шығару әдістерін қарастыру. Осы класпен жұмыс жасайтын программа жазу. Программада кластың барлық әдістерін тексеруге мүмкіндік беретін мәзір болуы қажет.
Жолдарға арналған класс құру. Жолды символдардың кері ретімен қайтаратын әдісті ұйымдастыру. Әдіс символдардан тұратын массив құрып, соған жолды жазу амалын орындау қажет. Содан соң массивті кері ретпен қойып, массив символдарын қолданып жаңа жол құру.
Жолдарға арналған класс құру. Жол символдар масссиві ретінде сақталуы қажет. Класта ішкі жолдарды алу, барлық символдарды жоғарғы және төменгі регистрлерге ауыстыру әдістері қарастырылу қажет.
Банктегі салым пайдасын есептейтін программа жазу. Пайда формуласы бойынша есептелінеді. Мұндағы, С – салым мөлшері, СР – салым мерзімі (тәулік саны), СТ – пайыздық мөлшерлеме (жылдық).
Бақылау сұрақтары:
Конструктор дегеніміз не?
Инициализациялау үшін конструктор қалай қолданылады?
Деструктор не үшін қолданылады?
Конструктор мен деструктордың айырмашылығы неде?
СӨЖ нәтижелері: алгоритм, программалар жазу.
Бақылау: ағымдық – практикалық және лабораториялық сабақтарда, аралық – аттестация және қорытынды бақылау кезінде ескеріледі.
Өзіндік жұмыс бойынша ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Павловская Т.А. С и С++. Программирование на языке высокого уровня.
Г.С. Иванова и др. ООП: Учебник для вузов, М., Изд-во МГТУ им.Баумана, 2003.- 368 с.
Бьерн Страуструп. Язык программирования С++. Третье издание. - М.: Изд. Бином, Невский Диалект, 1999.
Р. Лафоре. Объектно-ориентированное программирование в С++.4-е издание. Питер.2004
Тақырыбы: Мұрагерлік
Мақсаты – мұрагерлік түрлерін ажырата білуді, базалық және туынды кластарды құруды, кластар иерархиясымен жұмыс жасауды үйрету.
Тапсырмалар:
«Жануар» базалық класын сипаттау. Осы базалық кластан мұрагерленетін «Сүтқоректі», «Жыртқыш», «Үй жануары» туынды кластарын сипаттау. Класс объектілерін құрып, олармен жұмыс жасау.
«Ата», «Бала» және «Немере» кластар иерархиясын құру. Мұрагерлік принципі бойынша құрылған кластар иерархиясынан ізделінді немере туралы толық мәліметтерді экранға шығару.
Мұрагерлік принципін қолданып, «Фирма», «Бөлімше», «Жұмысшы» кластар иерархиясын құрыңыз. Ізделінді жұмысшының қай фирманың қандай бөлімшесінде жұмыс жасайтынын анықтайтын программа құрыңыз.
«Облыс», «Аудан», «Қала», «Ауыл» кластарын құру. Әр класс үшін әдістерін және қасиеттерін анықтаңыз. Кластарды өзара байланыстырыңыз.
«Ұйым» базалық класын сипаттау. Осы базалық кластан мұрагерленетін «Сақтандыру компаниясы», «Мұнай компаниясы», «Завод» туынды кластарын сипаттау. Әр класс үшін өрістері мен әдістерін анықтау. Класс объектілерін құрып, олармен жұмыс жасау.
Бақылау сұрақтары:
Мұрагерлік түрлерін атаңыз?
Базалық және туынды класс айырмашылықтары неде?
Қандай өрістер және әдістер мұрагерленбейді?
Мұрагерлік принципі қалай жүзеге асырылады?
СӨЖ нәтижелері: алгоритм, программалар жазу.
Бақылау: ағымдық – практикалық және лабораториялық сабақтарда, аралық – аттестация және қорытынды бақылау кезінде ескеріледі.
Өзіндік жұмыс бойынша ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Павловская Т.А. С и С++. Программирование на языке высокого уровня.
Г.С. Иванова и др. ООП: Учебник для вузов, М., Изд-во МГТУ им.Баумана, 2003.- 368 с.
Бьерн Страуструп. Язык программирования С++. Третье издание. - М.: Изд. Бином, Невский Диалект, 1999.
Р. Лафоре. Объектно-ориентированное программирование в С++.4-е издание. Питер.2004