Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_ОБП_Урдабаева.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
1.29 Mб
Скачать

Пән мазмұны

Кіріспе

Программалау технологиясының эволюциясы. Құрылымдық және объектіге бағытталған программалау қағидалары. Программалау терминдерінің және әдістемелерінің сипаттамасы. Абстракция, инкапсуляция, жаратылысынан ие болу және полиморфизм түсінігі. Компоненттік технология.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Объектіге бағытталған тілдерінің негізгі концепциясы.

Объектіге бағытталған тілдердің (Object Pascal, C++, Java, VBasic, SmallTalk және т.б.) негізгі консрукциялары. Операциялар, операторлар, құрылымдар және бірлестіктер, функциялар. Функцияны және операцияны қайта анықтау түсінігі, динамикалық жадыны бөлу. Тілдердің препроцессорлық құралдары, макроанықтамалар және макрокеңейтулер. Стандартты кітапханаларды қолдану. Объектіге бағытталған программалау кластар және әдістер түсінігі және сипаттамасы. Кластар элементіне кіру мүмкіндігін басқару. Конструкторлар және деструкторлар түсінігі. Кластың функция-мүшесіне кіру мүмкіндігін сипаттау және топтау.

Жаратылысынан ие болу және композиция.

Дараланған және көпшілік жаратылысынан ие болу – тілдерді қолдау принциптері, интерфейстерді пайдалану. Жаратылысынан ие болу түрлері. Ашық және жабық туынды кластар. Кластар және объектілер үшін кіру мүмкіндігінің ережелері. Абстракттық кластар және полиморфизм. Контейнерлік кластар. Полиморфизм түрлері және оны іске асыру. Параметрлік полиморфизм және нұсқалар. Функция нұсқалары. Кластар нұсқалары. Төтенше жағдайларды өңдеу. Ерекшеліктің генерациясы. Ағындарды енгізу-шығару кластары. Синхронды және кері синхронды ағындар. Енгізу-шығару кластар жүйесі. Файлдарды енгізу-шығаруды ұйымдастыру. Объекттік типтер деректерін енгізу-шығару. Программалау жүйелер құралдарын таңдау (Borland C++ Builder, Microsoft Visual C++, Delphi, Borland J++, Microsoft Visual J++) және олардың ерекшеліктерін зерттеу.

Объектіге бағытталған талдау мен жобалау негіздері

Объектіге бағытталған талдау мен жобалауға кіріспе. Программалаық өнімдердің тіршілік циклі. Объектіге бағытталған жобалаудың аспаптары және оларды объектіге бағытталған талдауында қолдану. UML тілі және объектіге бағытталған талдау, диаграммалардың әртүрлілігі. Кластардың диаграммалары. CASE-құралдарын (Rational Rose, VisualModeler) қолдану.

Лабораториялық сабақтардың тақырыптарының үлгілі тізімі

  1. Ағындар. Стандартты кіру-шығуды қолдану (iostream). Стандартты кіру-шығуды қолдану (fstream). C++ Builder, Visual C++, Java JDK1.4, JBuilder 6, Visual Basic, Delphi, SmallTalk, Microsoft J++ құралдарын қолдану.

  2. Көрсеткіштерді және сілтемелерді пайдалану, жадыны динамикалы бөлу. Тектік функцияларды жазу және жергілікті және жалпы айнымалыларды пайдалану принциптері.

  3. Кластар сипаттамасы және хаттамасы, конструктор және деструкторларды пайдалану, объектілер массивін құру. Кластың статикалық мүшелері.

  4. Конструкторлардың әр түрлілігі, атрибуттар және кластар мүшелерін пайдалану әдістері, функцияны қайта анықтау.

  5. Типтерді түрлендіру. Операторларды қайта анықтау. Достық функция аппаратын пайдалану (С++ үшін).

  6. Жалғызданған жаратылысынан ие болу иерархиясын ұйымдастыру. Абстракттық кластар (виртуалды функциялар аппараты).

  7. Композиция. Контейнерлік және туынды кластар. Ашық және жабық туынды кластар. Кластар иерархиясына кіру мүмкіндігінің ережесін қолдану. Кодты қайта пайдалану мүмкіндігі.

  8. Көпшілік жаратылысынан ие болу. Конструкторлар қолдану тәртібі. Аттар дауы.

  9. Функциялар және кластар нұсқалары. Төтенше жағдайларды генерациялау және өңдеу.

  10. Ағындар. Файлдар және ағындар. Кірістірілген және пайдаланушы анықтаған типтерді енгізу-шығару. Ағындарды көшіру және сәйкес келтіру. Файлдарды енгізу және шығару.

  11. Объектіге бағытталған жобалау және талдау үшін CASE-құралдарын пайдалану.