Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
12
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
16.94 Кб
Скачать

Тесты главы:  1. Профессиональный казахский (руский) язык 1руб.12.09.2012 с 2012-09-01 по 2012-12-29.     Пройти тест     Результаты теста 

Мемлекеттік қызмет-ұрымтал тұста ұтқырлық таныта білетін жастарды қажет етеді. Мемлекеттің мемлекеттілігін мығымдай түсуде мемлекеттік  қызмет саласында  жүрген азаматтардың біліктілігі бірінші кезекте таразыға салынып, білім көкжиегі алдымен көзге түсері анық. Небір шешімдер мен шешулі тиіс мәселелерді тастүйін даяр ететін құзыретті мамандардың қажеттілігі уақыт өткен сайын арта түсуде. Сондықтан рухани құндылықтар бағаланар, жан-жақты сараланар тұста мемлекеттің ендігі мақстаты-еліміздің мемлекеттік қызмет саласы кеңестігін мықты мамандармен толтыру, сол арқылы қоғамдағы жаңашыл бастамаларға басымдық беру болмақ. Мемлекет межелеген міндеттердің ішінде мемлекеттік қызмет жүйесіне басымдықтар берілуі оған үстеме міндет артуда. Қазіргідей бәсекелестікті, әсіресе, білім бәсекелестігін талап ететін жаһандану заманында жас мемлекетке ұшқыр ойлы, жеке ұстанымы мен өзіндік пікірі бар жастар қажет.

Жедел жаңару жолына түскен Қазақстанға мемлекеттік қызмет саласында тек білікті, тәжірибелі мамандардың жұмыс істегені қажет. Сондықтан мемлекет жастарлды осы салаға барынша тарту мәселесін назарда ұстап отыр. Жастардың бойында  лидерлік қабілетті жетілдіруде, өз ісіне деген жауапкершілікті арттыра түсуде еліміздің жастар Конгресінің, олардың қолға алаған Мемлекеттік қызмет мектебі жобасының алар орны айрықша екенін атап өткен жөн. Берері мол мұндай бастамалардан келешекте игілікті істерді күтуге болатынын ашық айтқан жөн.

Мемлекеттік қызмет мектебі еліміздің білім рыногында бірнеше жыл қызмет атқарып келді. Бұл Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік пен Қазақстан жастар Конгресінің тығыз ынтымақтастығының жемісі деп айтуға болады. Ал өз өмірін мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келетін жастарға ерте ме, кеш пе, мемлекеттік қызмет саласына келуіне толық мүмкіндік бар. Әрине, Мемлекеттік қызмет мектебі тәжірибеден өткендерді жұмысқа  орналастыру жөнінде ешқандай кепілдік бере алмайды. Бәрі жастардың өзіне байланысты. Бірақ қазірдің өзінде статистикалық мәліметтер көрсеткеніндей, аталмыш жобаға қатысушы жастардың  10 пайызы бүгінде мемлекеттік органдарда жұмыс атқарып жатыр. Сондықтан бұл жобаның берері мол деп  санаймыз.

Арнайы мәліметтерге жүгінсек, экономика және әлеуметтік салалардағы қызметшілердің 2,4 млн.-ға жуығын жастар құрайды екен. Бұл жас буынның қоғамда қандайлық орын алатынын тағы бір дәлелдей түсінетіндей. Ал бүгінде мәдениет және ақпарат саласында жүрген 40 мыңға жуық қызметшідің 13 мыңға тартасы жастар болып отыр. Бұл 30 пайыздық көрсеткішті көрсетеді. Бүгінгі  күні осы салада қызмет ететін жастардың жасы 32-ден аспайды. Осы арқылы еліміздің жастардың қоғам алдындағы рөлін арттыруға мүдделі екендігін көруге болады. Болашақта да мемлекет еліміздегі білікті де білімді жастарға қолдау-көмек көрсететін болады.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар:

 1.Мәтінді оқып шығып, өз сөзіңізбен мазмұнын баяндаңыз

Әр абзацтағы тірек сөздерді теріп жазып, орыс тіліне аударыңыз

Мәтін бойынша сұрақ дайындаңыз

Жастар бойындағы лидерлік қабілетті жетілдіру дегенді қалайтүсінесіз?

Сіз өз өміріңізді мемлекеттік қызметпен байланыстырғыңыз келе ме?

«Жастар және еліміздің болашағы» деген шығарма жазыңыз.

 

СӨЙЛЕСУ МӘНЕРІ

Кәсіби шеберлік сыры

-Сіз 17-тамызда өткен «Мемлекеттік бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік қызметтің рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатыстыңыз ғой? Кімдер сөйледі? Қандай өзекті мәселелер талқыланды?

Ия, мен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, баяндама жасадым. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Баяндамасы тындалды.

Менде конференция жинағы бар. Осы жерде баяндамамен толық таныса аласыз. Дегенмен, Елбасымыздың баяндамасынан үзінді оқып берейін. «Мемлекеттік қызметшілерді, сондай-акқ жеке бизнес пен бюджеттік, әлеуметтік салада жұмыс істейтін азаматтарды елдік мүдде мен отандастарымыздың өмірінжақсартуға деген ортақ ұмтылыс біріктіруде. Жаңару жолындағы серпіліс жасау үшін бізде қандай объективті жағдай бар? Бұл – біріншіден, саяси тұрақтылық. Қазіргі заманғы денсаулық сақтау және білім беруді дамыту, әлеуметтік жағынан аз қамтылған халықты қорғау негізіндегі ілгерілемелі әлеуметтік саясат». Менің баяндамамда осы мәселелер қамтылды.

Слай ма? Қандай тақырыпта баяндама жасадыңыз?

Мен «Акмеология шыңына қалай жетуне болады?» деген тақырыпта баяндама жасадым.

Акмеология дейсіз бе? Бұл бір мен үшін жаңа термин.

Акмеология – адамның шығармашылық әлеуетін өз бетінше дамытуына себеп блатын жағдайлар жиынтығы

Мынау бір жаңалық болды ғой! Кәсібилік жоғары деңгейге жетудің фактолары дейсіз бе? Олар қандай фактолар?

Акмеологияда кәсіби шеберлік шыңына жетелеуші факторлар көп. Біріншіден, ол ұжымдағы оң көзқарастар.

Кәсіби шеберлікті шыңдауда ұжымның алатын орны ерекше екен ғой.

Иә, солай.

Темірхан, ұмытпасам, жақында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Ережесі бекітілді ғой? Ережемен таныстыңыз ба?

Ия, таныстым. Ережеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың түрлері көрсетілген ғой.

Қайта даярлау курстары мен біліктілік арттыру семинарларының кәсіби шеберлікті шыңдауға да көмегі болады ғой?

Әрине.

Әңгімеңізге рахмет!

 

 

Аударма шеберлігі : сіз қалай аударар едіңіз ?

ВЕНЧУРНЫЕ (РИСКОВЫЕ) ПРЕДПРИЯТИЯ-мелкие и средние предприятия, занятые научными, инженерными исследованиями, разработниками, созданием и внедрением нововведений, в том числе по заказам крупных фирм и государственным субконтрактам.

ВЕНЧУРЛІК (ТӘУЕКЕЛДІК) КӘСІПОРЫНДАР- ғылыми-инженерлік зерттеулермен, талдамалармен, жаңалықтарды, соның ішінде ірі фирмалардың заказы бойынша жасап, ендірумен және мемлекеттік қосалқы келісімдермен айналысатын ұсақ және орташа кәсіпорындар.

СӨЗ МАРЖАНЫ – МАҚАЛ

Ердің атын еңбек шығарады.

Имя жигита трудом славится.

 

Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер.

Труд ведет к подвигу, подвиг-к признанию.

 

Бақыт кілті еңбекте.

Счастья ключи-в труде.

 

Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді.

Колодец роет один человек,

Воду из него пьют тысячи.

 

ОЙЫН - ОЙ ӨСІРЕР

Соңғы буыны ю әрпіне біткен бірнеше сөз тауып  кім жаза алады? Олармен кім тез сөйлем құрай алады?

Басқы буыны жуан, соңғы буыны жіңішке болып келген неше сөз білесіңдер? Жазып көрсетіңдер.

Басқы буыны жіңішке, соңғы буыны жуан болып  келген сөздерді кім тауып жаза алады?

Құрамында екі дауыссыз дыбыс қатар келген сөздерді кім көп және тез тауып жаза алады?

Соседние файлы в папке каз яз лекции