Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
9
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
24.3 Кб
Скачать

«Экономика» сөзі «oikonomia» деген грек сөзінен шыққан-үй шаруашылығын басқару дегенді білдіреді. «Экономика» термині өте ертеде, екі мың жылдан астам уақыт бұрын пайда болып, халықаралық мәнге ие болады. Алғаш рет бұл терминді ежелгі грек философы Ксенофонт айналымға енгізді, экономика жөнінде бірінші трактатты жазған да сол болды.

Экономика-бұл табыс табу, тіршілікке  қажетті заттарды алу мақсатында адамның табиғатқа белсенді әрі саналы әсер етуінің факторы және нәтижесі.

Адам өзінің экономикалық әрекетті процесінде қарым-қатынасқа түседі және табиғи ортаны ғана емес, сонымен қоса өздері жасаған жасанды ортаны да пайдаланады.

Экономика адамның өзін қоршаған нысандарға әсер етуімен, шаруашылық қызметті іске асыру процесінде адамның бір-бірімен қарым-қатынасымен байланысты. Бұл қатынастардың зат өндіруімен, материалдық игіліктерімен байланысының шамасына қарай оларды өндірістік деп тауға болады. Сонымен қатар адамдар арасында игіліктер мен ақша құралдарын  өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынуға байланысты туындайтын экономикалық қатынастар да бар.

Қазіргі заманғы тілде экономика көп мағыналы және негізгі үш түрлі ұғымға ие:

-бұл өндіріспен және барлық шаруашылық қызметпен байланысты қоғамдық қатынастар жиынтығы; осы қатынастың сипаты бойынша, шаруашылық жүргізу нысаны бойынша экономиканы нарықтық, әкімшіл-әміршіл, феодалдық, капиталистік деп бөледі;

-бұл жекелеген ауданның елдің немесе әлемнің шаруашылығы;

-экономиканы-бұл қоғамның шаруашылық өмірінің қандай да бір саласын, мысалы: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы экономикасын, еңбек экономикасын және т.б. зерттейтін ғылыми пән.

Осы үш түрлі ұғым негізінде жалпы анықтаманы да ұсынуға болады:

Экономика-материалдық тетіктер мен процестерді қамтамасыз етумен байланысты, адам баласының негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін керек талаптарды қамтамасыз ететін адамның кез-келген қызметі.

Экономика-бұл шаруашылық болғандықтан, экономика ғылымы-бұл шаруашылық және шаруашылық қызмет туралы ғылым.

Экономика ғылымы-өзара байланыстағы мәселелердің үш тобына жауап беруге мүмкіндік тудыратын білім жиынтығы:

-нені өндіру керек, яғни қандай тауарды, өнімді, қызметті, жұмысты және қандай мөлшерде өндіру керек;

-қалай өндіру керек, яғни кім, қандай ресурс пен қандай технология көмегімен өндіру керек;

-кім үшін өндіру керек, өндірілетін тауар мен қызмет кімге арнаулы тиіс, оларды кім тұтына алады?

Осы мәселелермен қатар экономика ғылымы қандай өндіру, қалай сату керектігін, өндіріс, сауда мен тұтыну арасындағы байланысты қалай орнату керектігін ұсынады.

Экономика ғылымын оқып-үйрену қажеттілігі анық. Біріншіден, экономика ғылымы-жалпы ғылымның, бүкіл адамзат білімі жүйесінің ажырамас бөлігі. Сондықтан экономикалық ақиқатты білмей білім алу, толық емес әрі жетілмеген болып шығады.

Екіншіден, ешкім де экономикадан тыс өмір сүре алмайды. Біздің бар өміріміз өндіріспен, саудамен, тұтынумен, ақшамен тығыз байланысты. Осы жағынан алғанда экономика-өмір туралы ғылым, ал дұрыс өмір сүре білу үшін экономикалық сауатты болу қажет.

Үшіншіден, кез-келген адам азамат болып табылады. Ал экономикалық ойлауды қалыптастырмай, экономикалық көзқарассыз, оқиғаға экономикалық баға беруде өзіндік пікірін болмай, толық азамат бола аласың ба? Экономика ғылымы өтіп жатқан экономикалық құбылыс пен процеске ғылыми негізделген көзқарас пен пікірлер қалыптастыруға, игеруге, өзіндік экономикалық бағыт ұстануға көмектеседі.

Сонымен төртіншіден, экономика біздің көпшідігіміз үшін өзіндік қызмет саласы, жұмыс түрі болып шығады. Экономика-бұл кең таралған жұмыс, қызмет түрі, ол экономистер үшін де, шаруашылық иелері үшін де, менеджер, кәсіпкер, бизнесмен, саудагер үшін де,т ақша табу және жинаушылар үшін де қажет. Экономикалық қызметке бейімі барлардың экономикалық білімсіз күні қараң.

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

2.Мәтіннің мазмұнына қатысты тірек сөздерді теріп жазыңыз, оларды орыс тіліне аударыңыз

3.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз

4.Мәтіннің мазмұнын ауызша баяндаңыз

5.Сөзтіркестерімен сөйлем құрастырыңыз:

  Сөзтіркестері:экономика ғылымы,экономикалық көзқарас,экономикалық қызмет.

СӨЙЛЕСУ МӘНЕРІ:СҰХБАТТЫ РӨЛГЕ БӨЛІП ОҚЫҢЫЗДАР

                        ДАҒДАРЫСТАН  ЖАҢАРУ  МЕН  ДАМУҒА

-Құрметті әріптестер! Елбасының 2009 жылғы Қазақстан халқына Жолдауының мақсаттарын ел арасына дұрыстап жүргізу және оның халық үшін маңызды бағдар екендігүін түсіндіру әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті екендігі белгілі.

- «Барлық мемлекеттік қызметшілерге сөз арнаймын. ... Мемлекет қолға алып жатқан шараларды түсіндіріп, адамдарды біріктіру, оларды проблемаларды шешуге көтеру керек» деген сөздері біздің әрбір іс-қимылымыздың ұстанымы болуы керек.

- Осыған орай, біз ауылдық жерлерде Жолдауды талқылау мен түсіндіру жұмысын жүргізетін үгіт-насихат топтпарын құрдық.Осындай топтың мүшелеріретінде біздің Департаментімізден сіздер алындыңыздар. Бұл әрине өте жауапты іс. Өйткені Жолдаудың мақсаттарын жете түсінген адам ғана оны өзгеге толық түсіндіре алады ғой.

- Мен ауылдық жерлерді дамытуға және көркейтуге арналған жолдарды түсіндіремін. Ауыл жастарының туған жерлерін көркейтуге мол мүмкіншіліктерінің бар екендігін айтқым келеді.

- Дұрыс, мен де дәл осылай ойлаймын. Бұл өзекті мәселе ғой. Жолдауда ауыл жастарының өз туған жерлеріне деген ойларын оңалтуға және ауылын – алтын бесігін аялауға бағыт – бағдар беріп отыр деуге болады.

- Ия, сіздер дұрыс айтып отырсыздар. Біз әрқашан өміріміздің тұрған жерімізді аялауға міндеттіміз. Бүгінгі жас – ол ертеңгі ауыл болашағы.  Қазақтың аялы мбесігі, алтын қоры ауыл деп айтсақ қателеспейміз.

- Осыған байланысты да болар, Елбасымыздың биылғы Жолдауында әрбір нақты елді мекендігі жергілікті мәндегі нысандарды жетілдіру басты мақсат етіліп отыр.

- Жолдауда оларға қаржылық қолдау болатындығы да көрсетілген.

 

АУДАРМА ШЕБЕРЛІГІ:СІЗ ҚАЛАЙ АУДАРАР ЕДІҢІЗ?

СУВЕРЕНИТЕТ (нем.) – полная независимость государства от других государств в его внутренних делах и внешних отношениях. Национальный суверенитет-совокупность прав нации (народов) на свободу выбора  социального и политического строя, на территориальную целостность, экономическую независимость и.т.д.

ЕГЕМЕНДІК (нем.) – мемлекеттің ішкі істерінде және сыртқы қатынастарында басқа мемлекеттерден толықтай тәуелсздігі.Ұлттық егемендік-ұлттардың (халықтардың) әлеуметтік және саяси құрылысты, территориялық тұтастыққа, экономикалық тәуелсіздікке, т.б. еркін таңдау жасау құқыларының жиынтығы.

 

СӨЗ МАРЖАНЫ – МАҚАЛ

Ғылым – теңіз, білім – қайық.

          Наука – море,знания – лодка на его просторе.

Ғылыммен жақын болсаң, колың жетер,

Залыммен жақын болсаң, басың кетер.

          Подружишься с наукой – всего достигнешь,

          Сдружишься со злом – голову потеряешь.

Білегіңе сенбе, біліміңе сен.

          На силу не расчитывай,на свои знания расчитывай.

Еңбегі жоқ ғалым – ыстығы жоқ жалын.

           Ученый не давший плодов,

           Огню без пламени подобен.

ОЙЫН - ОЙ ӨСІРЕР

1.Көсемшенің 1 түрінде айтылатын Қазақстанның қай өзенінің аты?

2.Еңбек жайында айтылып, мақалға айналып кеткен Абайдың қандай өлең жолдарын білесіңдер?

3.Ұқсас екі сөздің біріншісі қатаң дыбыстан басталады да, жыл мезгілін білдіреді, екіншісі үнді дыбыстан басталып металл атын білдіреді. Ол қандай сөздер?

Ішкі нарық және әлем нарығы

Ішкі нарықтың проблемаларын шешудің нақты жолы: ' кәсіпкерлік пен бизнесті дамыту, оларға мүмкіндігінше қолдау керсету. Оларды дамытатын орталықтар мен қорлар құру.

Ал енді сыртқы нарыққа келетін болсақ, біріншіден, экспортқа тауарлар өңдіруді ұйымдастыру, оларды өткізудін жолдарын іздестіру. Екіншіден, дүниежүзіндегі басқа елдерге тікелей инвестициялау мүмкіндіктерін мұқият зерттеу, Қазакстан капиталын шет елдерде, әсіресе дүниежүзіндегі дамушы еддерінде, ТМД елдерінде орналастырудың нақты мүмкіндігін іздеу.

Өркениетті болам деген мемлекет, тек қана шетел инвестициясын пайдаланып қана қоймай, тиімді жерге өз капиталын орналастырғаны да жөн. Үшіншіден, қазірдің өзінде XXI ғасырға жақындап қалған кезде, оның сыртында астық, ет, сүт тағамдары, былғары — мех шикізаты, жүн, түсті метаддар, мұнай мен мұнай өнімдері сирек кездесетін элементтер бойынша дүниежүзілік сауда да лайықты орынға ие болуын көздеу керек.  Сонда  Қазақстан  Республикасы таяу   уақыттаа    сирек    кездесетін    және    түсті    металдар дүниежүзілік   стандарттар   бойынша   сатылатын,   түрақты жүмыс    істейтін    биржалар,     аукциондар,     жәрмеңкелер ұйымдастыра   және   оларды   өндіру   және   сатуға   өзінің монополиялык жағдайын пайдалана алар еді. Отанымызды    қорғау және дамыту ұлттық қауіпсіздік концепциясының   негізінде  Республикамыздың сыртқы сауда экономикалық,бағдарламасын  жасау   керек.

Әлем нарығына шығудың негізгі мәселелері Қазақстан әлем рыноктарына шығып, ондага тұрақтануы транспорт пен     коммуникация жүйелерінің      дамуына      тікелей байланысты.

     Мәтін бойынша тапсырмалар:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

2.Мәтіннің мазмұнына қатысты тірек сөздерді теріп жазыңыз, оларды орыс тіліне аударыңыз

3.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз

4.Мәтіннің мазмұнын ауызша баяндаңыз

 

АУДАРМА ШЕБЕРЛІГІ:СІЗ ҚАЛАЙ АУДАРАР ЕДІҢІЗ?

НАЛОГОВОЕ РЕГУЛИРОВАНИЕ – совокупность мер косвенного содействия государства, направленных на развитие производства путем изменения нормы изъятия в бюджет за счет понижения или повышения общего уровня налогообложения (ставки прямого подоходного налога, на прибыль корпораций, косвенных налогов); введенная система ускоренной амортизации капитала предприятий, налоговых скидок на инвестиции (налоговый кредит), разнообразных специальных налоговых льгот, поощряющих деловую активность в отдельных сферах и регионах.

САЛЫҚТЫ РЕТТЕУ – мемлекеттің салық салудың жалпы деңгейін төмендету немесе көтеру есебінен бюджетке алып қою мөлшерін өлшеу жолымен өндірісті дамытуға жанама жәрдемдесуі (тікелей табыс салығын, корпорацияның пайдасына салықты, жанама салықты азайту не көбейту жолымен); кәсіпорын капиталының амортизациясын жеделдетудің, инвестицияға салықты азайтудың (салық несиесі), жекелеген салалар мен аймақтардың іскерлік белсенділігін ынталандыратын әртүрлі арнаулы салық жеңілдіктерінің енгізілген жүйесі.

ОЙЫН -ОЙ ӨСІРЕР

Өмірдің бастауы ақыл – ой. Ғылым мұхиты шексіз. Оны тек өз сезіміне өзі тұсау сала білген, ақыл – ойға бәрін жеңдіре білген, ұлылардың айтқандарынан нәр алып, өз білімін толықтыра білген адам ғана жүзіп өте алады.

Білім – сенің өмір мұхитындағы жолыңа шам жағатын құрал. Білімді сенің бойыңнан ешкім тартып ала алмайды. Себебі... (Ә.Ә.).

Сұрақ-тапсырма

Мәтінді мәнерлеп оқып, түсініп, білім ғылым, ақыл – ой туралы өз ойларыңызды жалғастырыңыздар, мәтінді аяқтаңыздар.

Шылау сөздер

 

Шылау сөздер-толық лексикалық мағынасы жоқ, тек сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып тұратын  немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Мысалы: Мен  жазбаймын өлеңді ермек үшін. (Абай.) Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр. (Ғ.Мұстафин). Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын. (М.Ә.) Бұл мысалдардағы үшін, ғана, мен деген сөздердің мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі қызмет атқарып тұр.

Олар:

толық лексикалық мағынасы болмайды;

сөйлем мүшесі бола алмайды;

сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады;

толық мағыналы сөздің жетегінде де қолданылып, оған қосымша мән үстей алады;

түрленбейді;

 

Септеулік шылаулар-сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді бірін екіншісіне бағындыра, сабқтастыра байланыстырып, әр түрлі грамматикалық, мезгілдік, мекендік, мақсаттық қатынастарды білдіреді: үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, сияқты, тәрізді, дейін, шейін, қарай, таман, бері, бұрын, бірге, соң, кейін, жайында, туралы, салым, жуық, тарта, соң, гөрі, әрі, қатар, қабат. Мысалы: Мейрам әлдекімге телефон арқылы әмір етті. (Ғ.Мұст.) Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап. (Абай.)

 

Жалғаулық шылаулар-лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлеммен сөйлемді әр түрлі ыңғайда салыстыра байланыстыратын сөздер. Олар: мен, бен, пен, да, де, та, те, не, болмаса, яки, немесе, я, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, егер, егерде. Мысалы: Наданның түсінгені көп пен дүрмек. (Абай). Қадірдің киімі жұқа әрі денсаулығы да мықты емес. (С.М.)

 

Демеулік шылаулар-сөйлемге кшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән, сияқты қосымша мағына үстейді. Мысалы: Алдымда толған мақсат толған таңдау, Алайын мынасын ба, анасын ба? (С.Т.) Ертең емес , бүгін-ақ, қазір-ақ жүрсек етті. (М.Ә.) –ба демеулігі сөйлемге сұрау мағынасын үстеп тұр, -ақ сөздерге күшейткіш мән беріп тұр.

 

Сұраулық демеуліктер: -ма, (ме, ба, бе, па, пе), ше.

Күшейткіш демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, әсіресе, -да (де, та, те). Мысалы: Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан. (А.) –де шылауы –демеулік, -та шылауы-жалғаулық.

Шектік демеуліктер: -ғана (қана), тек кейде, -ақ.

Болжалдық демеуліктер: -мыс, (міс) және –ау.

Болымсыздық немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктері: түгіл, тұрсын, тұрмақ.

Нақтылау мәнді демеуліктер: -қой (ғой), -ды, (ді, ты, ті).

Одағай

 

Одағай сөздер-сөз табына жататын толық мағынасы жоқ сөздер, тек адамнын әр түрлі көңіл-күйін, сезімін білдіріп қана қоймай, сонымен қатар басқа біреуге бұйыру, ишара білдіру немесе малды, үй хайуанаттарын шақыру, айдау, қорғау мақсатында қолданылады.

 

Одағайдың түрлері

Одағай сөздер

 

Көңіл-күй одағайлары:

 

 

Жағымды көңіл-күйді білдіретін одағайлар

Жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар

әрі жағымды, әрі жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар

 

 

-Алақай! Ура! Һа, паһ-паһ, бәрекелді, оһо, уһ және т.б.

-әттеген-ай, әттең, қап, тәйірі,түге, бай-бай-бай, піш, пішту және т.б.

-Пай-пай одағайы қарама-қарсы екі мәнде. Таңдану, сүйсіну, таңырқау және ренжу, наразылық.

 

Императивтік ишара одағайлары:

 

Адамға айтылатын одағайлар

 

Малға, үй хайуандарына айтылатын одағайлар

 

Тұрмыс-салт одағайлары

 

Тұрмыс-салт одағайлары

 

-айда, тәйт, сап-сап, кәне, жә, тек, тәк, әуп, әлди-әлди.

-айтақ, моһ-моһ, шөре-шөре, сарап-сарап, кс-кс, әукім-әукім, мәлік келгір, жамандатқыр т.б.

-Хош, хайыр, рахмет, Ассалаумағалейкум, құп, ләббай, кеш жарық т.б.

 

 

 

Одағайлар синтаксистік жағынан оқшау сөздер деп аталатын топқа жатады. Олар өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайды.

 

Одағай сөздің тыныс белгілері:

Одағай сөз сөйлем басында келіп, жай көтеріңкі айтылып тұрса, соңынан үтір қойылады;

Одағай сөз аса көтеріңкі дауыспен айтылса, одағайдан кейін леп белгісі қойылады;

Мысалы: Ойбай, Жақа-ау! Ол-Жоламанның дүмпуі ғой. (Ғ.Мұст.) Пау, шіркін! Жазушыдай суреттеп жібердің ғой, өзің! (С.М.)

Соседние файлы в папке каз яз лекции