Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
8
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
37.25 Кб
Скачать

 

      Бухгалтерлік есептің пайда болуы. Ежелгі Египеттің бухгалтерлік есебі.

      Қазіргі замандағы бухгалтерия тарихы, көптеген басқа ғылымдардың тарихы сияқты, түп тамыры ерте ғасырлардан басталады. Адамдар өздерін қоғамда сезіне бастағанда ол палеолит заманы болатын. Қоршаған әлем туралы білім бухгалтерлік есеп арқылы жинақталды: планеталар (жұлдыздар), уақыт, жануарлардың мінез- құлықтары, табиғат құбылыстары т.б. Адамдар еңбек ете бастағанда еңбек құрал – саймандарын ойлап тапты және табыстарын есепке алу қажеттілігі пайда болды, яғыни «қоймалық қорларды» есепке алу. Бухгалтерлік есеп тәртіпті ұстауға, болжаулар жасауға көмектесті (қоныс аудару кезін, қорларды толықтыру кезін т.б. анықтауға).

 Осының нәтижесінде шот пайда болды және ол объектілердің сапалы ерекшеліктерін ажыратты. Шоттардың дамуына артықтардың пайда болуы мен айырбас  жағдай жасады.  Уақыт өте шоттар жүргізу процессіне ұсақ тастармен таяқшалар еңгізілді. «Калькуляция» латын тілінен нақты аудармада   «ұсақтастармен шот жүргізу» (calcul - тас) ұғымын білдіреді.  Адам қоғамының бастапқы даму  кезеңінде ­барлық ақпарат адамның басында  (ойында) сақталатын, маңызды оқиғалар есте қалу үшін адамның ойында ақпараттарды сақтау қабылеттілігі жеткілікті болды.  Шаруашылық өмірдің  күрделенуімен саналған ақпаратты жазу қажеттілігі пайда болды. Археологтармен табылған алғашқы есептік құжаттар біздің дәуірге дейінгі 30 ғасырға жатады. Ол сүйекте және  мамонт азуларында жасалған таңбалар, жарға салынған суреттер және т.б. Ең ертедегі құжаттарда сызықтардың реттелген алмасу түрлері, біртүрлі белгілердің қиыстырулары болды ( нүктелер, доғалар, түзу және бұйра сызықтар), бірақ есеп объектілерінің сапалы мінездемелері жоқ болды (аты, күні, немесе сақтау мерзімі және т.б.).

Сондай құжаттар есептік сырғалар атын алды. Мүмкін, белгілердің орналасуы қоймаларда есептік объектілердің орналасуына сай болған шығар, ал объектілердің бір-бірінен сапалы айырмашылығы әр түрлі тұлғалардың меншігін немесе құрал-саймандарды белгілеуі мұмкін.  Өкінішке ең ертедегі құжаттарда жиынтық көрсетілмеген. Жиынтық символдары және күнделікті  есеп  едәуір кешірек көрінді (ертедегі Мысыр).

Есептік ақпаратты  сақтаушылардың әртүрлері  белгілі.  Дәл осылай, Междуречье аумағында (алдыңғы Азия) ұсақ сазды және тас заттар табылған, олар біздің дәуірге дейінгі ҮШ-Ү ғасырларға  қатысты.  Болжам бойынша,  сондай « фишкалар » есептеу үшін қолданылды ­: конус – бір құмыра май, кішкене цилиндр - қой және т.б. Ұқсас шоттар жүйесі Индияда  орынды болды: әртүрлі түс ұсақ тастарды дөңгелетіп жайып қоятын ( картотека бейнесі). Инкілер ( солтүстік Америка ) әр түрлі түсті бауларды қолданды (квипус)-   біреуі  негізді қызмет етті, басқалар оған бекінді . Әрбір түйін - есептік объекті туралы жазуды белгіледі. Қарапайым түйіндер күрделі түйіндер қосылды. Түйінды есеп  ­ Африкада , Жапонияда, Қытайда , Бенгалияда ХХ ғасырдың басына дейін қолданылды.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар:

Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

Мәтіннің мазмұнына қатысты тірек сөздерді теріп жазыңыз, оларды орыс тіліне аударыңыз

Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз

Мәтіннің мазмұнын ауызша баяндаңыз

Сөзтіркестерімен сөйлем құрастырыңыз:

Сөзтіркестері: бухгалтерлік есеп, ғылымдар тарихы, қоршаған әлем, есептік құжаттар, есептік ақпарат.

«Бухгалтерлік есеп» атауына анықтама беріңіз

СӨЙЛЕСУ МӘНЕРІ:СҰХБАТТАҒЫ ОЙДЫ ЖАЛҒАСТЫРЫҢЫЗ

-Мырзалар, сіз бүгін болашақта бірлесіп жұмыс істеу мәселесін талқылауға жиналып отырмыз. Кездесуге үш фирманың басшылары , экономистері, заңгерлері келіп отыр. Бірлесіп, ресми түрде қай фирма қандай жұмыс атқарады, міндетін орындамаса, қандай шара қолданамыз, жұмыстың жалпы бағытын қалай анықтаймыз, бүгін осы мәселелердің басын ашуымыз керек.

- Біздің фирма шикізат мәселесімен айналысуға дайын. Шикізат өндіруші өнеркәсіп орындарымен байланыс жасап, өзіміздің мекемемізге жеткізуді мойнымызға алайық.

- Біздің фирма бұрыннан өндіріспен айналысатын, сондықтан өндіріс мәселесін біз толық шеше аламыз.

- Ал біздің фирма менеджментпен айналысады. Шығарған өнімді сауда орындарына жеткізу, көтерме саудагерлермен байланыс жасау, өнімге сұранысты талдау-осы жұмысты атқаруға біз дайынбыз.

 

 

АУДАРМА ШЕБЕРЛІГІ:СІЗ ҚАЛАЙ АУДАРАР ЕДІҢІЗ?

БАНК (фр.)-кредитно-финансовое учреждение, осуществляющее операции по привлечению и накоплению сбоводных денежных средств предприятий, организаций и населения и посредничеству в платежах (пассивные операции), а также  эмиссию денег, ценных бумаг, краткосрочное кредитование, предоставление различного рода ссуд на условиях возвратности, платности и срочности (активные операции).

БАНКТЕР(фр.)-кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың бос ақша қаржыларын тарту және шоғырландыру, төлемдерге делдалдық жасау, сондай-ақ  ақша эмиссиясы (пассивті операциялар), бағалы ағаздар шығару, қысқа мерзімді кредит беру, қайтармалы  төлемді және мерзімді әр түрлі несиелер беру активті операция жөніндегі қызметті жүзеге асыратын финанс мекемелері.

СӨЗ МАРЖАНЫ – МАҚАЛ

Өмірдің өзі – ұлы ұстаз.

          Жизнь сама учитель мудрый

Өнер – ағып жатқан бұлақ,

Білім – жанып тұрған шырақ.

              Искусство – живой ручей,

              Наука – яркий светильник.

Кітап – алтын қазына.

          Книга – кладлвая золота.

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

           Нет жизни без знания, нет знания без учения.

ОЙЫН - ОЙ ӨСІРЕР

1.Бірінші әріппен ғана айтылып, жазылатын қандай етістікті білесіңдер? Сол етістіктен тұйық етістік жасаңдар.

2.Қосар у етістіктің қай түрінде жазылады? Кім мысал жаза алады?

3.Бірде зат есім, бірде етістік мағынасында қолданылатын сөздерді кім тез тауып жаза алады?

 

Етістік

 

Етістік-заттың қимылын, іс-әрекетін, күй-жайын білдіретін сөз табы.

Сұрақтары: не істеді? не істейді? Не қылды? Не қылған? Не қылады? Қайтті? Не істеп? Қайтіп? Не істесе? Не болады? және т.б.

Түрлері: жалаң және күрделі етістіктер.

Жалаң етістіктер құрылымына қарай түбір және туынды етістіктер болып екі топқа бөлінеді.

Негізгі түбір етістік-ары қарай бөлшектенбейтін етістік формалары, сөздің негізгі түбірі етістік болады. Мысалы: кел, бар, жүр, көр, бер, қойды, айтты, жайды, көріп, үйіп, алған т.б.

Түбір етістіктің ішінде бірте-бірте түбірі мен жұрнағын ажыратуға болмайтындай болып кеткен сөздер бар. Мысалы: айт (ай-т,) алда (ал-да), байла (бай-ла), баула (бау-ла) және т.с.с.

Туынды түбір етістік-басқа сөз таптарынан сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасаған етістіктер.

Туынды етістіктерінің жұрнақтары:

-ла, -ле, -да, -де, -та, -те: таза-ла, тіс-те т.б.;

-а,-е: ойн-а, бос-а, түн-е т.б.;

-ай, -ей, -й: мол-ай, аз-ай, көб-ей, қар-ай т.б.;

-ар, -ер, -р: ағ-ар, көг-ер, қысқа-р т.б.;

-ғар, -гер, -қар, -кер. Бас-қар, ес-кер, тең-гер т.б.;

-ық, -ік, -қ, -к: кеш-ік, зар-ық, бір-ік т.б.;

-лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен: ой-ла-н, таза-лан т.б.;

-сы, -сі: батыр-сы, босаң-сы, көлгір-сі т.б.;

-сыра, -сіре: әл-сіре, ой-сыра т.б.

 

Туынды етістіктер жасалатын негіздеріне қарай, есімдерден жасалған етістіктер және етістіктерден жасалған етістіктер болып екі салаға бөлінеді.

 

Есім негізді етістіктер, көбінесе зат есімнен, сын есімнен, үстеулерден, еліктеуіш сөздерден, кейде одағайлардан жасалады. Мысалы:арқа-ла, мойын-да, таза-лан, ие-лен, ас-а, дем-е, ес-кер, ой-сыра, білгіш-сін және т.б.

Етістік негізді етістіктер жұрнақтар арқылы болатын туынды етістіктерден жасалады. Мысалы. Бақы-ла, саба-ла, соз-ғыла, ал-ғышта, кел-гіште, барың-қыра, қара-стыр, сұра-стыр, таны-с, сөйле-т, әкел-іс, ал-дыр, жина-л, жу-ын, тара-н, ора-н және т.б.

 

Күрделі етістіктер. Қазақ тілінде кемі екі я одан да аса компоненттерден құралатын етістік тіркестері мен етістікті тіркестер тіптен көп. Мысалы: жәрдем ет, көмек көрсете көр, телефон соға сал, құлақ сала жүр, қол үшін жалғап жібере қой, ала келсе игі еді, кетіп бара жатыр екен, тарс ете түсті және т.с.с.

 

Көмекші етістіктер-олар арқылы неше түрлі семантикалық, грамматикалық нәзік абстракты мағыналар жасалады немесе беріледі. Мысалы. Шөлдеп кеттім және шөлдеп қалдым, серпіп жіберді және серпіп тастады, бере салдым және бере қойдым, жығылып кете жаздадым және жығылып қала жаздадым т.б.

 

Сабақты етістік-мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер.

Сұрақтары: кімді? нені?

Мысалы:Айт, аш, бақ, ек, еле, жаз, жай, қи, ер, сеп, сыз, тап, тер, үз, шеш, ыс, іш, айда, апар, әкет, болжа, бүрке, еге, еле, жалға, жама, жасыр, жұмса, игер, күре, қама, қуыр, маты, мүжі, сапыр, теже, тес, тұса, түзе және т.б. деген етістіктер табыс септіктегі сөздермен сабақталады. Сөзді сен баста. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. (Абай.) Баламды медресеге біл деп бердім. (Абай.) Бетті бастым, қатты састым. (Абай.) Бұл сөйлемдердегі баста, жазбаймын, бердім, бастым деген етістіктер сөз, өлең, балам, бет деген сөздердің табыс септікте тұруын талап етіп тұр.

 

Салт етістік-мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер. Олар мыналар. Ау, бар, бұқ, жат, жет, жұқ, жүр, кел, қал, өс, сал, ти, тоз, түс, күрес, қуан және т.б. Мысалы. Қаладан қайт, түсінде келді, үйден келді, баламен келді, т.б. Кейбір етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге айналдыру қызметін атқарады. Мысалы: өзгелік етіс жұрнақтары –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -р салт етістіктерге жалғанса, оны сабақтас етістікке айналдырады: шам сөнді-шамды сөндірді, бала кетті-баланы кетірді, гүл өседі-гүлді өсіреді, жүкті арттық-арқылы артты және т.б.

Ал ырықсыз етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгіме-ні айтты- әңгіме айтылды, хат-ты жазды-хат жазылды.

 

Болымсыз етістік-қимылдың, іс-әрекеттің болмауын білдіретін етістік. Жұрнақтары: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, жоқ, -емес. Мысалы: бар-ма, кел-ме, көбей-ме, тісте-ме, айт-па, айтқыз-ба, ойлан-ба, бара бер-ме, берген жоқ, айтқан емес, кеткен жоқ, қайтатын емес және т.б.

 

Етістіктің есімше, көсемше, рай, жақ және басқа формаларына болымсыздық мән білдіретін емес, жоқ, сөздері де қолданыла береді.

 

Болымды етістік-қимылдың, іс-әрекеттің болуын білдіретін етістік. Мысалы: сен кел, сен бер.

 

Тұйық етістік-етістіктің ерекше түрі. Бұл форма амалдық (қимылдық) деп те аталады.

 

Ерекшеліктері:

Қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді;

Шақпен, жақпен байланысты емес;

-у жұрнағы жалғану арқылы жасалады.

 

Мысалы: сұра-у, жүр-у, сөйле-у, кел-ме-у, сабау, егеу, жасау, қашау, тұсау.

Қимыл атауына көптік, тәуелдік, септік жалғаулары жалғана береді.

 

Септеу үлгісі     Тәуелдену үлгісі

 

А. бару, айту     Жақ

І. барудың, айтудың    І.  келуім, келуіміз

Б. баруға, айтуға          ІІ.  Келуің, келулерің

Т. баруды, айтуды       ІІІ.  Келуі, келулері

Ж. баруда, айтуда

Ш. барудан, айтудан

К. барумен, айтумен

 

 

Етіс

 

Етіс-қимылдың, іс-әрекеттің орындаушыға, қимыл иесі мен тура істелетін іске қатысын білдіру үшін етістіктен етістік тудыратын жұрнақтар арқылы жасалатын етістіктің түрі. Яғни етістіктен етістік тудыратын жұрнақтардың жүйесі етістер я етіс категориясы деп аталады. Мысалы. Ол жуынды. Ол баласына кітап оқытты. Әңгіме айтылды. Олар бір-бірімен хат жазысты.

 

Етістер жұрнақтарының түрлеріне қарай бес түрге бөлінеді.

 

Негізгі етіс-өзге етіс формаларына негіз болатын форма. Негізгі етістің арнаулы жалғаулары болмайды. Оған түбір я туынды етістердің де, күрделі етістердің де негіздері жатады. Мысалы: бар, кел, сөйле, қуан, шөлде, ақта, қарайла, оян, ән сал, түсініп ал, сұрап қой және т.б.

Өздік етіс-қимылдың, іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерден –ын, -ін, -н жұрнағы жалғануы арқылы жасалынатын етістік түрі.

Мысалы. Таң атқанша тарандық. (Махамбет.) Қимыл сол іс иесіне (біз) бағытталғанын білдіріп тұр.

 

Өзгелік етіс-қимылдың, іс-әрекеттің сөйлемдегі  іс иесі тікелей өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы істелетінін білдіріп, мына жұрнақтар арқылы жасалынып тұр:

-ғыз, -гіз, -қыз, -кіз: отыр-ғыз, кір-гіз, т.б.;

-дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -р: сал-дыр, сен-дір, тік-тір, т.б;

-т: жаса-т, сөйле-т, т.б.

Іс әрекетті біреу арқылы істеп отыр.

 

Ырықсыз етіс-іс әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимылдың өздігінен істелгендігін көрсетеді. Мына жұрнақтар арқылы жасалады: -ыл,-іл, -л, -ын, -ін, -н: айт-ыл-ды, уәде бер-іл-ді, шарт жаса-л-ды, үй тазала-н-ды.

Ортақ етіс-қимыл, іс-әрекеттің иесі орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы негізгі етіс формасынан жасалатын  етіс. Мысалы: айтыс, әкеліс, апарыс, артыс, көріс, келіс, қарас, таныс, көмек көрсетіс, іздеу салыс, ат салыс және т.б. Омар мен Оспан хат жаз-ыс-ты. Ол бізге үй сал-ыс-ты.

Етіс жұрнақтары кейде бірінің үстіне бірі қабаттасып та беріледі: сөйле-с-іл-ді, жүр-гіз-іл-ді, айт-ыс-тыр-ды, т.б.

-ла+с формаларының біріккен құранды –лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) жұрнағы арқылы жасалған туынды етістіктер ортақ етіс мағынасын білдіреді. Мысалы: ақыл-дас, араз-дас, мұң-дас, пікір-лес және т.б.

 

 

Есімше

 

Есімше-жұрнақтардың етістік негзіне жалғанып, олардан етістік қасиеті де, есім қасиеті де бар, туындаған жаңа категория. Бұл категорияға тән формалар қолданылу ыңғайына қарай көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғауларында жұмсалып, сөйлемнің барлық мүшелері де бола алады. Мысалы: Біздің білетіндеріміз-осылар. Құлақ естігенді көз көреді. Айтылар сөз айтылады. Біз ертең киноға бармақпыз. Аларманға алтау аз, бермегенге бесеу көп деген сөйлемдерді алсақ, олардағы біле-тін-дер-іміз-бастауыш, есіт-кен-ді-толықтауыш, айтылар-анықтауыш, бар-мақ-пыз-баяндауыш болып тұр. Ал, ал-ар-ман-ға, бер-ер-мен-ге деген есімшелерге әуелі жұрнақ (-ман, мен), одан кейін барыс септіктің қосымшасы  жалғанып, толықтауыш болып тұр.

 

Есімше формалары үшке бөлінеді: өткен шақ, есімше, осы шақ есімше, келер шақ есімше.

 

     Есімшелер

Өткен шақ

есімшелер

Осы шақ

есімшелер

Келер шақ

есімшелер

   Жұрнақтары

-ған, -ген, -қан, -кен

-атын, -етін,

-йтін, -йтын

-атын, -етін,

-йтын, -йтін

-ар, -ер, -р

(болымсыз түрі -с)

-мақ, -мек, -бақ,

-бек,-пақ, -пек

 

 

 

Есімшенің жіктелуі

 

Жекеше

Көпше

Мен барғанмын, көретінмін,келермін, айтпақпын

Біз барғанбыз, көретінбіз, келерміз, айтпақпыз

Сен барғансың, көретінсің, келерсің, айтпақсың

Сендер барғансыңдар, көретінсіңдер, келерсіздер, айтпақсыңдар

Сіз барғансыз, көретінсіз, келерсіз, айтпақсыз

Сіздер барғансыздар, көретінсіздер, келерсіздер, айтпақсыздар

Ол барған, көретін, келер, айтпақ

Олар барған, көретін, келер, айтпақ

 

Есімше сөйлемде заттық мағынада қолданылады. Заттанған есімшелер бастауыш, толықтауыш қызметінде қолданылады. Мысалы: Көрген жалған емес. Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық.

 

Көсемше

 

Көсемше-етістік негіздерінен арнаулы қосымшалар арқылы жасалады әрі шақтық, модальдық және басқа мәнді білдіретін ерекше форма.

Көсемшелер мағыналық, тұлғалық жағынан тиянақсыз болғандықтан, қысқа қайырылып, өзінен кейін тиянақты етістікті қажет етіп тұрады. Күрделі етістіктер түрін жасауға негіз болады. Мысалы: Көріп қойдым, айта береді.

Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулары жалғанбайды.

 

 

Көсемшенің шаққа қатыстылығы және жұрнақтары

 

Шақтары

Жұрнақтары

Мысалы

Өткен шақ

Көсемше

-ып, -іп, -п

-ғалы, -гелі,

-қалы, -келі

-ғанша, -генше

-қанша, -кенше

Жаз-ып, күл-іп, сөйле-п, қара-п.

Жаз-ғалы, кет-келі, айт-қалы

 

Шық-қанша, кел-генше, кет-кенше

Осы шақ

Көсемше

-а, -е, -й

Жаз-а, күл-е, -айт-а, қара-й, сөйле-й,

Келер шақ

Көсемше

 

-а, -е, -й

-ғалы, -гелі,

-қалы, -келі

-ғанша, -генше,

-қанша, -кенше

 

Айт-а-мыз, көр-е-міз

Айт-қалы, кет-келі

 

 

Айт-қанша, кет-кенше

 

Ескерту: -а, -е, -й, және –ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер жіктеледі, ал –ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшелер жіктелмейді.

Көсемшелер сөйлемде іс-әрекеттің сынын, тәсілін, мекенін, мезгілін білдіріп, пысықтауыш қызметін атқарады.

 

Еліктеуіш сөздер

 

Еліктеуіш сөздер-айналадағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер. Мысалы: тырс (етті), сарт (етті), күмп (берді), шарт (сынды), шіңк (етті), дыз (ете түсті), жалт-жұлт, бүгжең-бүгжең, арбаң-арбаң, қаңғыр-күңгір, ыржың-ыржың, далак-дұлаң.

Жүрегім зу ете қалды. Дос айталы: берсең бұлт берер деп (А.)

 

Жалаң еліктеуіш сөздер: арс-аң, ырс-ың, болп-аң, елп-ең, ала-ң, жайна-ң, бұр-алаң, соз-алаң.

Күрделі еліктеуіш сөздер: арс-арс, борт-борт, быж-быж, арс-ұрс, баж-бұж, жарқ-жұрқ, арбаң-арбаң, ағараң-ағараң, арбаң-ербең, олпаң-солпаң және т.б.

 

Еліктеуіш сөздер-табиғатта заттардың қозғалуы, бір-бірімен қақтығысуы, соғылуы сияқты алуан түрлі қимыл, амал-әрекеттердің нәтижесінде пайда болатын әр түрлі дыбыстарға еліктеу. Мысалы: Ырғалып қарға қарқ етті, Ірімшік жерге салт етті. (А.) Тарс-тұрс етті, ырс-ырс етеді, шаң-шұң болды, қарш-қарш шайнады, т.б.

 

Бейнелеуіш сөздер-табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер. Мысалы: жапыр-жұпыр амандасты, жүрісін кілт тоқтатты. Селк ете қалды кең балам, селк ете қалды тау іші. (Ж.Ж.), далаң-долаң жүгірді, шып-шып терледі, сылаң етіп шыға келді, маң-маң басты, т.б.

 

Етістіктің шақтары

 

Етістіктің шағы-етістік амал әрекет ұғымдарының атаулары болғандықтан, оған тән сөздер мезгіл түсініктерімен байланысты. Сондықтан шақ категориясы етістікті өзге сөз таптарынан ажырататын негізгі категория, яғни сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіреді.

А. Осы шақ:

Сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді. Мысалы: Трактор жер жыртып жүр. Нұрлан хат жазып отыр.

әрдайым болып тұрған дағдылы іс-әрекетті көрсетеді. Мысалы:Трактор жер жыртады. Нұрлан  хат жазады. Мал өрісте жатады.

 

Нақ осы шақ (жалаң түрі)-қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ отыр, тұр, жатыр, жүр деген етістіктердің жіктелуі арқылы жасалады. Отырмын, отырсың, отыр, т.б.

 

Нақ осы шақ (күрделі түрі)-негізгі етістіктің –ып, -іп,-п және –а,-е,-й тұлғалы көсемше түрі мен отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктерінің көмекші етістік мәніндегі тіркесінен жасалады. Мысалы. Мен оқып отырмын. Сен ойнап жүрсің. Оқушы кітап оқып тұр.

 

Ауыспалы осы шақ –а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы дағдылы қимылды білдіреді. Мысалы: Мен кел-е-мін. Сен ойна-й-сың. Ол бар-а-ды.

 

Ауыспалы осы шақтың мәндері:

дағдылы қимылды білдіріп, осы шақ мағынасын береді;

алда болатын қимылды білдіріп, келер шақ мағынасын береді.

 

Ә.Келер шақ-қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіреді. Мысалы: Ол мектепке ерте бармақ. Сендер үйге келесіңдер.

 

Болжалды келер шақ-қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжалдайды.

Болжалды келер шақ есімшенің –ар, -ер, -р, болымсыз етістіктен кейін –с жұрнағы арқылы жасалады да, ол етістік үш жақтың бірінде жіктеліп жұмсалады. Мысалы. Біз бар-ар-мыз, Сен барарсың, Ол барар. Сіздер кел-мес-сіздер. Мен барман.

 

Мақсатты келер шақ-қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Мақсатты келер шақ етістіктің түбіріне –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағы жалғанады: -бар-мақ-пын, кет-пек-сіз.

Осы жұрнақтардың үстіне –шы, -ші жұрнағы және емес деген көмекші етістік тіркеліп жалғана алады. Мысалы: Мен бармақшымын, ол бармақшы, Сен кетпекшісін, Мен келмекші емес-пін, Сен бармақ емес-сің.

 

Ауыспалы келер шақ –а, -е, -й жұрнақты көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Ол нағашысының қолында тұрады.

 

Б.Өткен шақ-қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді.

 

Жедел өткен шақ-қимылдың, іс-әрекеттің таяу  шақта болғанын білдіреді. Жедел өткен шақ –ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы қосылу арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады. Мысалы. Асан домбыра тарт-ты. Мен өлең айт-ты-м. Сен үйге келме-дің-ң.

 

Бұрынғы өткен шақ-іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әддеқайда бұрын болғанын білдіреді. Мысалы: Сен мектепті бітіргенсің. Ол ауылға барыпты, мен барыппын, сен келіпсің, барғанмын, ол айтқан, оқыған едік, т.б.

 

Бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары:

-ып, -іп, -п тұлғалы көсемшенің жіктеліп келуі арқылы: бар-ып-пын, кел-іп-сің, айт-ып-ты;

-ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуі арқылы: бар-ған-мын, кел-ген-сің, айт-қан.

-ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімше мен –ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеге –е (еді) көмекші етістігі тіркелу арқылы да жасалады. Мысалы: оқыған едік, оқыған екенсіз, оқыған еді.

 

Ауыспалы өткен шақ-есімшенің –атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Мысалы: Асан ауылға жиі баратын.

Есімшенің осы түрінде тіркесіп жіктеліп қолданылған еді көмекші етістігінен жасалған күрделң етістік бірде ауыспалы өткен шақ, бірде ауыспалы келер шақ мәнінде жұмсалады. Мысалы. Ол ауылға жиі баратын еді.(ауыспалы өткен шақ). Ол ауылға ертең баратын еді. (ауыспалы келер шақ).

 

Етістің райлары

 

Рай-іс-қимыл, әрекеттің шындық өмірге қатысын білдіретін категория.

 

Етістің райлары-сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіретін етістік түрі. Етістік қимылды, іс-әрекетті білдіруімен бірге, сол қимылды, іс-әрекеттің қалай және қашан іске асуын, ақиқат шындыққа қатысын білдіреді. Мысалы: Жүзі жылы жандарды құшақтағым келеді. (Қ.Б.) Құшақтағым келеді жүзеге асудағы ықыласын білдіріп тұр.

 

Ашық рай-ашық райдағы етістік сөйлеушінің іс-әрекетінің шындық өмірге мезгілдік қатысын шақ категориясы арқылы көрсетеді. Мысалы: Әркім өз ойымен отыр (нақ осы шақ). (Ғ.М.) Келемін тау ішінде түнделетіп (ауыспалы осы шақ). (С.С.) Мақсатым тіл ұстартып өнер шашпақ (мақсатты келер шақ). (А.) Жер жырттық, қайнады еңбек, егіс салдық (жедел өткен шақ). (Ж.Ж.) Осы мысалдардағы отыр, келемін, шашпақ, жырттық, қайнады, салдық деген етістіктер белгілі бір шақтарды білдірумен қатар сөйлеушінің соған байланыстыт пікірін шындық деп баяндауын білдіріп тұр.

 

Бұйрық рай-бір жаққа (көбінесе ІІ жаққа) қаратылып, қимылдың, іс-әрекеттің-іс қосу, амалды істеуге қозғау салу, түрткі болу, ұсыныс жасау, кеңес беру,тілек айту, өтініш ету, жалыну, бұйыру, әмір ету-тәрізді мағыналарын білдіреді.

 

Шартты рай - қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау, іске асу-аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді. Етістіктің жалаң (түбір, туынды), күрделі негіздеріне –са, -се-жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Сондықтан құрмалас сөйлемнің шартты бағыныңқысының баяндауышы болады да, басыңқы сөйлемнің баяндауышының істелу-істелмеу шартын көрсетеді. Мысалы: Олар кел-се, бәріміз киноға барамыз. Мен келсем, сен кетіп қалыпсың.

Шартты рай формасы үнемі жіктеліп жұмсалады. Оның жіктелу үлгісі өткен шақ формасына ұқсас, мысалы, мен бар-са-м, сен бар-са-ң, ол бар-са.

 

Қалау рай – іс-иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын. Соған ынтасын, ниетін білдіреді де, белгілі жолдармен жасалады. Мысалы: Менің оқығым келеді. Ол үйіне жетсе игі еді. Не де болса шынын айтқайсың.

 

Үстеу

 

Үстеу – қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгісін, амал-тәсілін, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын, т.б. сипаттарын білдіретін және грамматикалық тұлғалармен түрленбейтін сөздер.

Негізгі түбір үстеулер-құрамы жағынан түбір және қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер. Мысалы: жылдам, тез, ақырын, ерте, кеш, бұрын, жорта, жоғары, төмен, қазір, т.б.

Туынды түбір үстеулер-басқа сөз таптарынан сөзжасам жұрнақтарының жалғануы арқылы және кейбір септік жалғауларының түбірімен сіңісіп, көнеленуі арқылы жасалған үстеулер.

 

Күрделі үстеулер-екі я одан да көп түбірдің я сөздің бірігуінен, қосарлануынан, тіркесіп тұрақтануынан жасалады. Мысалы: жаздыгүні (жазды күні),  таңертең, ендігәрі (ендігі деп әрі), биыл, бүгін (бұл+күн), жоғары-төмен, анда-санда, жата-жастана, енді-енді, күні бүгін, ала жаздай, ертеден қара кешке дейін.

 

Үстеудің мағыналық түріне қарай бөліну кестесі:

 

Үстеудің түрлері

Сұрақтары

Мысалдары

Мезгіл үстеуі-қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді.

Қашан? Қашаннан?

Бүгін, былтыр, биыл ертең, мезгілі, мерзімі, таңертең, кешке, қазір енді, ендігәрі, бұрын, күндіз, ертеден, қыстыгүні, әлгінде, таң сәріде, баяғыдан, бүрсігүні, күні бүгін, қыстай, ала жаздай, бағана, күні-түні бойы

Мекен үстеуі-орны, бағыты

Қайда? Қайдан?

Ілгері, кейін, әрмен, мұнда, мұнда, осында, сонда, артта, арттан, әрі, бері, жоғары т.б.

Сын-қимыл (бейне) үстеуі- амалы, сыны, бейнесі, тәсілі

Қалайша? қалай? қайтіп? Кімше?

әртең, ақырын, бірден, бірге, бірте-бірте, сөйтіп, бұрынғыша, қолма-қол, осылай, өйтіп-бүйтіп, әрең-әрең, келе сала, емін-еркін, лезде, қаннен қаперсіз

Мөлшер үстеуі-сынның мөлшері, көлемдік дәрежесі, шама-шарқы

Қанша? Қаншама? Қаншалық? Қаншалап? Қалай? қалайша?

Онша, сонша, соншалық, мұнша, мұншалық, неғұрлым, мұншама, соғұрлым, анағұрлым, әжептәуір, қыруар, бірқыдыру, талай, бірталай т.б.

Күшейткіш үстеуі-күшейтеді немесе солғындатады

Қалай? (қандай?)

әбден, тым, ең, ылғи, кілең, сәл, өңкей, тіпті, нақ, әнтек, мүлдем, дәл, нағыз, керемет, орасан, ерен, әрең, аса, өте т.б.

Мақсат үстеуі-болу мақсаты

Қалай? не мақсатпен?

әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана

Себеп-салдар үстеуі-болу себебі немесе салдары

Не себепті? неге? Қалай?

Босқа, бекерге, жоққа, құр босқа, лажсыздан, амалсыздан, шарасыздан

 

Үстеулер негізінен пысықтауыш қызметінде жұмсалып, мезгіл пысықтауыш, сын-қимыл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, мақсат, себеп пысықтауыш бола алады.

Кейбір үстеулер сөйлем аяғында жіктеліп, баяндауыш болады.

Кейбіреуі атау септігінде тұрып, субстантивтеніп, бастауыш болады. Мысалы: Еріншектің ертеңі бітпес. (Мақал). Біразы-уылжыған жас, бірқатары- сақалдары күректей мұжықтар. (Ғ.М.).

Зат есіммен, сын есіммен тіркесіп келіп, кейде анықтауыш қызметін атқарады, мысалы, бірталай уақыт өтті, бірен-саран адам көрінеді.

Сөйлемде септеліп, заттанып толықтауыш та бола алады, мысалы, Бірталайымен қол алысып амандасты. (Ғ.М.). Бұл сөйлемде бірталайымен деген үстеу көмектес септігінде тұрып, толықтауыш қызметін атқарады.

 

Соседние файлы в папке каз яз лекции