Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
9
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
22.16 Кб
Скачать

 

         Әлемдік  экономика  немесе  дүниежүзілік  шаруашылық  дегеніміз – ұлттық  шаруашылықтың  жиынтығы.  Ол  үздіксіз  қозғалыста  және  өсу  үстінде  болады.  Өзара  күрделі  байланыстардың  нәтежесінде  бір -  біріне  қарама – қайшы,  бірақ  та  біртұтас  әлемдік  экономикалық  жүйе  қалыптастырады.  Дүниежүзілік  шаруашылықты   өзара  байланысты  екі  жүйеден -  ұлттық  шаруашылықтың  жиынтығы  және  халықаралық  экономикалық  байланыстардан  тұрады. 

          Қазіргі  жағдайда  кез – келген  мемлекеттің  экономикасының  дамуы  дүниежүзілік  шаруашылық  байланыс  арқылы  ғана  толық  деңгейде  жан – жақты  дами  алады.  Әлемнің  біртұтастығы  алуан  түрлі ,  160-тан  астам  тәуелсіз,  экономикалық  еркін  субъектілерді  қамтиды.  Әр  ел  өзінің  тарихи – географиялық , ұлттық , әлеуметтік – саяси  құрылымы  бойынша ,  бір – бірінен  ерекшеленеді.

   ХХ ғасырдың соңында әлемдік экономиканың негізгі бағыты оның ғаламдық сипат алуында және бұл шешуі фактор халықаралық экономикалық байланыстардың жаңа кезеңі болып табылады.Қазіргі  кезде кез келген мемлекеттің сыртқы экономикалық байланысы, оның көлемі, құрылымы, ол байланыстардың бейнесі барлығы – ұлттық шаруашылықтың дүниежүзілік байланыстағы деңгейін көрсетеді.Экономикалық байланыстардың даму қарқынының күшеюі:экономикалық саяси, мәдени, әскери, экономикалық т.б. барлық сферада халықаралық байланыстың негізін терендете түседі. Сыртқы экономикалық байланыс «екі функциялық» бірлестікте көрінеді. Бұл, бір жағынан, жалпы саяси, глобалды, ал екінші жағынан, ұлттық, халық шаруашылылығы аспектіде көрінеді. Қазргі кездегі халықарарлық экономикалық қатынасқа тән қасиет оның сан және сапа жағынан өсуінің көрінуі. ХЭК –тың негізгі формаларына жататындар:

Халықаралық сауда;

Капитал қозғалысы;

Жұмысше күші миграциясы;

Халықаралық өндірісті кооперациялау;

Ғылыми –техникалық айырбас;

Валюта –несие айырбасы

Мәтін бойынша тапсырмалар:

Мәтінді оқып, тірек сөздерді теріп жазыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Мәтіннің мазмұнын өз сөзіңізбен баяндап шығыңыз

Мәтін мазмұнына лайықты сұрақ құрастырыңыз

Төменде берілген сөздермен сөзтіркестерін құрастырыңыз

Сөздер: экономика, шаруашылық, халықаралық, әлемдік, байланыс, тәуелсіз, еркін, саяси, бағыт, даму.

Сөйлемдегі ойды аяқтаңыз:

XX ғасырдың соңында...

Қазіргі кезде мемлекеттің экономикалық байланысы...

Әлемнің біртұтастығы...

Дүниежүзілік шаруашылық екі жүйеден...

Бір-біріне қарама-қайшы, бірақ та...

 

СӨЙЛЕСУ МӘНЕРІ:СҰХБАТТЫ  РӨЛГЕ  БӨЛІП ОҚЫҢЫЗДАР

                                              Біздің ұжым

Басшы: Құрметті әріптестер! Таныс болыңыздар, бұл жас амаман-Бейбарыс

               Абылайханұлы. Бейбарыстың мамандығы-бағдарламашы. Ол биыл

               университет бітірді. Бүгіннен бастап біздің әріптесіміз болады.

Бейбарыс: Рақмет!

Бас маман: Қош келдіңіз, Бейбарыс! Жұмысың құтты болсын. Іске сәт! Сізді

                     де ұжымымызбен таныстырып қояйын. Мына кісі біздің бас

                     есепшіміз. Аты-жөні-Гүлнар Жаркенқызы. Бұл жас жігіт-

                     жетекші маман. Аты-Айдын. Ал мына бойжеткен-аудармашы.

                     Аты-Лаура. Мына әріптестеріңіздің аттары-Темір, Иманғали.  

                     Темір-заңгер, Иманғали-бағдарламашы. Ал менің аты-

                     жөнім Ғайни Оспанқызы. Мен-осы бөлімнің меңгерушісімін.

                     Ұжымымыз өте жас.

Бейбарыс: Өте жақсы. Танысқаныма қуаныштымын.

 

АУДАРМА ШЕБЕРЛІГІ:СІЗ ҚАЛАЙ АУДАРАР ЕДІҢІЗ?

 

ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬ-юридическое или гражданское лицо, которое в праве по собственной инициативе принимать все решения и осуществлять любые действия по использованию имеющегося на законных основаниях в его распоряжении имущества, если они не противоречат действующему законодательству и обеспечиваются установленной имущественной или иной ответственностью. Для осуществления видов деятельности, подлежащих лицензированию, предприниматель обязан получить лицензию в порядке и на условиях, устанавливаемых Кабинетом министров республики.

ІСКЕР АДАМДАР-егер күшіндегі заңға қайшы келмесе және белгіленген мүліктік немесе басқа да жауапкершілікті сақтайтын болса, заңның негіздегі қарамағына алынған мүлікті пайдалану бойынша өз инициативасымен кез-келген шешім қабылдауға, кез-келген әрекетті жүзеге асыруға еріті адам. Лицензиялауға жататын қызмет түрін жүзеге асыру үшін іскер адам республика Министрлер Кабинеті белгілейтін тәртіпке және шартқа сәйкес лицензия алуға міндетті.

СӨЗ МАРЖАНЫ – МАҚАЛ

Судың да сұрауы бар.

И вода счет любит.

Шашу оңай, жинау қиын.

Раскидать легко, собирать трудно.

Қайырсыз пайдадан-қайырлы залал.

Чем барыш без выгоды, лучше утрата с пользой.

Оңай олжа оңалтпас.

Легкая нажива счастья не принесет.

 

ОЙЫН - ОЙ ӨСІРЕР

1.Екі сөзден біріккен құс атының бірінші сыңары-сан есім, екінші сыңары-ыдыстың аты. Ол қандай құс?

2. Берілген сөздің әріптерін пайдаланып жаңа зат есім жасап жазыңдар. Мысалы: екпінділер сөзінен мынадай сөздер жасауға болады: ер, елік, ел, піл, пікір т.б.

3. Сөздердің соңғы әрпін алмастыру арқылы қандай сөздер жасауға болады? Мысалы: қол, қор, қос, қон т.б.

 

Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастықтың маңызды аспектісі Дүниежүзілік туристік ұйыммен (ЮНДТҰ) өзара іс-қимыл ьолып табылады. Қазақстан ЮНДТҰ өткізетін іс-шараларға белсенді түрде қатысады. Туризмді дамытудағы және әлемдік туристік қоғамдастық елдері арасында ынтымақтастық орнатуда бұл ұйымның рөліне баға жетпейді және оның үстіне ЮНДТҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының арнаулы мекемесі болып аталған ұйымның өз кезегінде әлемдегі туризмді белсенді алға жылжыту мен тұрақты дамыту жөніндегі позициясын күшейтіп отырған кезде оның барлық мүшелері үшін маңызды.

Дүниежүзілік туристік ұйыммен ынтымақтастық туристік ұйыммен ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанға 1997 жылы елдің туристік әлеуетін алдын-ала зерттеуде техникалық көмек көрсетілді, ол Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасының негізі болды. Республикада «Экологиялық туризм-ТМД, Қытай және Монғолия елдерінің өтпелі экономикасы үшін тұрақты даму құралы», «Әлемдік туризмнің даму үрдістері мен әдістемелері» атты ЮНДТҰ-ның өңірлік семинарлары өткізілді.

Халықаралық туризмді дамытудағы басты бағыттар халықаралық туристік байланыстарды кеңейту және туризм саласындағы үкіметаралық келісімдерді іске асыру болып табылады.

Бұл ретте:

-туризм саласындағы бұрын жасалған үкіметаралық келісімдердің іске асырылуын қамтамасыз ету;

республикаға келетін негізгі туристік ағынға күш беріп отыратын елдердегі Қазақстан Республикасы елшіліктерінің жанынан туристік өкілдіктер ашу жөніндегі мәселені пысықтау;

Қазақстанда ірі халықаралық форумдар, самиттер, конференциялар мен семинарлар өткізуге бастамашылық ету және өтуін қамтамасыз ету;

Дүниежүзілік туристік ұйым Бас ассамблеясының XVIII сессиясын 2009 жылы Астана қаласында өткізу мәселесін пысықтау;

іргелес мемлекеттермен шекаралық ынтымақтастық шеңберінде туристер үшін бірлескен туристік бағдарлар ұйымдастыру және шекара, кеден бақылауының оңайлатылған рәсімдерін енгізу жөнінде жұмыс жүргізу;

трансшекаралық туристік бағдарларды дамыту жөнінде Орталық Азия мемлекеттерімен, бірінші кезекте Қырғызстандағы Ыстықкөл өңірімен өңірлік ынтымақтастықты дамыту;

Дүниежүзілік туристік ұйымның Атқарушы Кеңесіне 2007 жылы Қазақстанды шығару жөніндегі шараларды іске асыру қажет.

Мәтін бойынша тапсырмалар:

    1. Мәтінді оқыңыз, тірек сөздерді теріңіз, оларды орыс тіліне аударыңыз

2. Мәтінді бірнеше бөлімге бөліңіз, ондағы ойды өз сөзіңізбен баяндаңыз

  3.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз

  4.Мәтіндегі сан есімдерді тауып, оларды сөзбен жазып шығыңыз

  5.Төменде берілген сөздермен сөзтіркестерін құрастырыңыз

  6.Сөйлемді аяқтаңыз

Халықаралық туризмді дамытудағы...

Туризм саласындағы бұрын жасалған...

Іргелес мемлекеттермен бірлескен...

Дүниежүзілік туристік ұйым...

 

СӨЙЛЕСУ  МӘНЕРІ

 

Қазақстанда туризмді дамыту

-Ержан, біздің еліміздің туризм саласы жөнінде қандай ойларыңыз бар? Осы мәселе жөнінде көптен бері ойланып жүрмін.

Жақында ғана газеттен бір мақала оқып едім. Бұл мақалада еліміздегі туризм саласында атқарылып жатқан істер жөнінде перспективалық жоспар жасалыпты.

Солай ма? Қандай екен?

Алдағы уақыттарда туризм саласындамыту мақсатында: Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасының жанынан «Жаңа Іле» ірі туристік орталығын салу; солтүстік өңірдегі Шортанды-Бурабай демалыс аумағында халықаралық «Бурабай» туристік орталығын ашу; батыс өңірінде «Ақтау сити» демалыс аймағы мен «Кендірлі» халықаралық туризм орталығын салу жоспарланып отыр екен.

Бұл жақсы жаңалық екен!

2007 жылы туризм 12,8 пайызға өсіп, келушілердің жалпы саны 5310,6 мың адам болыпты. Көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 53863,0 млн теңгені құрап, сатылған жолдамалар құны 13890,7 млн теңгеге артыпты.Республикадағы 992 қонақ үй шаруашылығы кәсіпорыны 2640,2 мың адамға 40414,1 млн теңгеге қызмет көрсетіпті.

Жақсы көрсеткіш. Ержан, Қазақстанның Бүкіләлемдік туризмде алатын орны қандай деп ойлайсыз?

Қазақстан Бүкіләлемдік туризм ұйымының атқарушы комитетенің құрамына кіреді. Осы ұйымның Бас ассамблеясының ХVІІІ отырысы Астанада өтеді.

Мұны қайдан білесіз?

Бұл хабар газет беттерінде, интернет жүйесінде жазылды емес пе? Жақында Туризм және спорт министірлігінің Туризм комитетінің төрағасы Евгений Никитинский елімізде туризм саласында атқарылып жатқан істер жөнінде болашақ жоспарларымен таныстырып өтті ғой.

Дұрыс екен. Өзім де оқып алармын.

Дәл солай. Қуанарлық жағдай.

Мұндай жетістікке қол жеткізу үшін қандай іс-шаралар жасалып жатыр екен?

Ия, есіме дұрыс салдыңыз. Мемлекет тарапынан жағдайлар мыналар үшін жасалатынын да оқыдым. Тіпті сол үзінді өзіммен бірге. Қазір оқып та берейін.

мемлекет экономикасының шикізаттық емес салаларының ішінде кірісті сектор ретінде туристік индустрияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

халақаралық маңызды бар үш туристік орталықтың («Жаңа Іле», «Бурабай», «Ақтау Сити - Кендірлі») құрылысы жөніндегі жұмысты бастау үшін жеке инвестицияларды тарту;

«Қазақстан – планетаның бірінші ғарыш айлағы» жобасын іске асыру шеңберінде Байқоңыр қаласының маңында жаңаша технологияларды пайдалана отырып, ойын-сауық индустриясы бар туристік кешенді (плпнетарий, мұражай, сапарларды басқарудың кіші орталығы, кәдесыйлар сату жөніндегі сауда орталығы және т.б. ашу) салу үшін жеке инвестицияларды тарту.

Тамаша, рахмет. Қазақстан туризмі жайлы біршама мәлімет алдым.

 

 

АУДАРМА ШЕБЕРЛІГІ:СІЗ ҚАЛАЙ АУДАРАР ЕДІҢІЗ?

ТЕНДЕР-особая форма выдачи заказов на поставку товаров или подрядов, на выполнение определенных работ, которая предполагает привлечение предложений от нескольких поставщиков или подрядчиков с целью обеспечения наиболее выгодных коммерчиских или других условий сделки для организаторов торгов.

ТЕНДЕР-товарларды жеткізуге немесе мердігерлерге белгілі бір жұмыстарды орындауға заказ берудің ерекше формасы, бұл форма сатуды ұйымдастырушылар үшін келісімнің анағұрлым тиімді коммерциялық немесе басқа да шарттарын қамтамасыз ету мақсатында бірнеше жеткізіп берушіден немесе мердігерлерден ұсыныстар тартуды көздейді.

 

СӨЗ МАРЖАНЫ – МАҚАЛ

Артық олжа-босқа еңбек.

Лишняя добыча-голове лишняя забота.

 

Керек тастың ауырлығы жоқ.

Нужный камень веса не имеет.

 

Шығасы шықпай кіресі кірмейді.

Без затрат дохода нет.

 

Саудада достық жоқ.

Торговля не делает скидку на дружбу.

 

ОЙЫН - ОЙ ӨСІРЕР

1.Берілген сөздердегі дыбыстарды алмай, қоспай қандай жаңа сөздер жасауға болады? Мысалы: сым-мыс; сүт-түс, ақын-қына т.б.

2. Қандай жылқы есімдер тырнақшаға алынап жазылады?

3. Алғашқы сыңары күн аттарымен айтылатын біріккен сөздер ойлап жазыңдар.  Олай қай сөз табына жатады?

 

Соседние файлы в папке каз яз лекции