Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_TEKSTY.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
121.86 Кб
Скачать

30 Билет

Қазақстандағы білім беру жүйесі

Республиканың білім беру жүйесі өзара тығыз байланысты бірнеше баспалдақтардан тұрады: балабақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіби – техникалық училище, жалпы білім беретін орындар, мектептен тыс мекемелер, дипломнан кейінгі білім (магистратура, докторантура), әр түрлі мамандық бойынша жетілдіру курстары.

Жалпы білім беретін мектеп үш сатылы: бастауыш (1 – 4 сынып), толық емес орта (5 – 9 сынып), және толық орта (10 – 11 сынып).

Бірінші және екінші сатылы білім міндетті. Ал үшінші сатыны жалпы білім беретін күндізгі немесе кешкі мектептерде, кәсіби – техникалық, арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жалғастыруға болады. Орта білім алудың қазіргі кезде жаңа түрлері: белгілі бір пәнді тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер, жеке меншік мектептер көптеп пайда болуда.

Республикада 249 арнаулы орта білім беретін оқу орындары бар, онда 200 мың оқушы оқиды.Ал жоғарғы білім беру жүйесінде 100 шақты мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орны тіркелген. Олардың ішінде Әл – Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университетін, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақтың Мемлекеттік Басқару Академиясын, Әлем тілдері университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеттерін ерекше атауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]