Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_TEKSTY.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
121.86 Кб
Скачать

5,27 Билет

Ұлылардан қалған сөз

1. Жастықта көкірек - зор, уайым - жоқ.

2. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

3. Жастықта бір күлгенің - бір қаралық.

4. Кімді сүйсең де - шын көңілмен сүй.

5. Арсыз сөз қыдыртып, жұрт құтыртуға құмар. Абай Құнанбаев

6. Ел сонда кай жерден өзіңді еркің сезінесің. Абу-ль-Фарадж

7. Өмiр қозғалысты талап етедi. Apистотель

8. Кім өзінің елін жек көреді, сол ештемені сүйе білмейді. Байрон

9. Абзал жүрек опасыздық жасамайды.

Өзімшілдік - достық үшін у. Оноре де Бальзак

10. Өмiр сүру - демек жұмыс iстеу. Еңбек бұл адам өмiрi.

11. Түсiндiрiлген әзiл әзiл болуға тоқтайды.

12. Адам өмiрдiң мағынасын көру үшiн армандауы керек.

Вольтер (Франсуа-Мари Аруэ)

13. Денсаулық - алтынның аяулысы.

14. Ұйқы - табиғаттың бальзамы. Уильям Шекспир

15. Уақыт тіпті тасты ұсақтайды. С.А.Есенин

16. Сөзді бағала. Әрбiр сөз сен үшін соңғы бола алады. С.Е.Лец

6 Билет

Қазақстан және сыртқы саясат

Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат – елдің қауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-қатынастарда аймақтық, сурегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.

Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарды өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу  принциптеріне негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтық мемлекет ретінде танытты.

Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-қайшылық (соцалистік жүйе-капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық және саяси беделіне ауысты.

1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр

7,9, 21 Билет ( орта гасыр)

Ұлы ғалым, ойшыл – Әбу Насыр әл-Фараби(870-950)

Әбу Насыр әл-Фараби Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Оның мұсылманша толық аты-жөні Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани. Туған жері – Сырдария бойындағы ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Отырар (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) қаласы. Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырарды кезінде Қыпшақ, Қаңлы, Қоңырат тайпалары мекен еткен. Отырар – бір жағынан көшпелі мал шаруашылығын кәсіп еткен, екінші жағынан – отырықшы-егіншілікпен айналысатын түрлі түркі ру-тайпаларын өзара байланыстыратын қала болған. Бұл шаһарды арабтар «Фараб» деп атаған. Сол бойынша, ұлы ұстаз әл-Фараби атанып кеткен. Отырар қаласын қыпшақтар «Қарашоқы» деп атаған.

            Жастайынан асқан зерек, ғылым-өнерге мейлінше құштар болып өскен әл-Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады.

            Әл-Фараби өзінің түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін де жетік білген.

            Ғұлама ғалым әл-Фарабидің атсалыспаған ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрология, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы, табиғат ғылымдары, социология, поэзия-риторика т.б. ғылым салалары бойынша қыруар ғылыми еңбектер жазды. Кейбір еңбектерін атайтын болсақ: «Ақылдың мәні туралы трактат», «Данышпандықтың інжу-маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не керек?», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» («Поэтика», «Софистика», «Риторика, т.б.») сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты.

           Риторика, поэтика, өнер, музыка, т.б. жөніндегі еңбектерінде айтылған көркемлдік-эстетикалық көзқарастары әлі күнге дейін мәнін жоймаған. Музыка зерттеу саласында «Музыка туралы үлкен кітап» атты кесек еңбегін қалдырды.

            Фараби заманында жаратылыстану ғылымдарының ішінде медицина ғылымы жақсы дамыды. Бұл салада да оның еңбектері бар.

            Аристотельден кейінгі дүниежүзілік білім мен мәдениеттің «екінші ұстазы» болған әл-Фараби Аристотельдің шығармалары жайында көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]