Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_TEKSTY.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
121.86 Кб
Скачать

Билет 1,24

ҚР-ның Тіл туралы Заңынан

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы 2008.21.11.

1 тарау. Жалпы ережелер (1 - 7 баптар) 

2 тарау. Тiл - мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар (8 - 15 баптар) мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында

3 тарау. Тiл - бiлiм беру, ғылым, мәдениет және (16 - 18 баптар) бұқаралық ақпарат құралдары саласында

4 тарау. Тiл - елдi мекен атауларында, жалқы есiмдерде, (19 - 22 баптар) көрнекi ақпаратта

5 тарау. Тiлдi құқықтық қорғау (23 - 26 баптар) 

6 тарау. Тiлдi шетелдермен және халықаралық ұйымдармен (27 бап) қатынастарда пайдалану

Осы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi. 

1тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Негiзгi ұғымдар 

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 

диаспора - өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық); 

ономастика - тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi; 

орфография - дұрыс жазу ережесi, сөйленген сөздi (сөздер мен грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тәсiлдерiнiң бiрiздiлiгiн белгiлейтiн ережелер жүйесi; 

топонимика - ономастиканың географиялық объектiлердiң атауларын, олардың пайда болуы, өзгеру, қолданылу заңдылықтарын зерттейтiн бөлiмi; 

транслитерация - бiр графикалық жүйедегi мәтiндер мен жекелеген сөздердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен әрiппе-әрiп арқылы беру. 

терминологиялық комиссия - экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы саласындағы ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган; 

ономастикалық комиссия - географиялық объектiлердiң атауына және олардың атауларын өзгертуге бiрыңғай көзқарас қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтiру, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган; 

уәкiлеттi орган - тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруға жауапты орталық атқарушы орган. 

2-бап. Осы Заңның реттейтiн мәселесi 

Мемлекеттiк, мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiнде тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заң реттейтiн мәселе болып табылады.  Осы Заң жеке адамдар арасындағы қатынастарда және дiни бiрлестiктерде тiлдердiң қолданылуын реттемейдi. 

3-бап. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар 

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 

Тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. 

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi 

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.  Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. 

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. 

Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;  Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi. 

2 Билет

Әлеуметтік сақтандыру

Әлеуметтік сақтандыруәлеуметтік қамсыздандырудың негізгі нысандарының бірі; экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыстан, еңбек ету қабілетінен және табыстан айырылуға байланысты түрлі тәуекелден зиянды өтеудің ұжымдық ынтымақтастығы негізінде әлеуметтік қорғау нысаны; азаматтарды қартайғанда, сырқат, жазатайым оқиға салдарынан, бала туу себепті, т.б. мән-жайларға байланысты еңбекке уақытша немесе тұрақты жарамсыз болған жағдайда, сондай-ақ олардың денсаулығын сақтау, қорғау мақсатымен материалдық жағынан қамсыздандыру жүйесі.

Екі түрі бар, олар: міндетті жалпы сақтандыру және міндетті кәсіптік сақтандыру. Міндетті жалпы сақтандыру еңбек шартымен немесе келісімшартпен жұмыс істейтін барлық тұлғаларға қолданылады. Міндеті кәсіптік сақтандыру жарақаттану қауіпі жоғары, ерекше қауіпті және еңбек етуге жағдай қолайсыз жұмыстарда істейтін тұлғаларға қолданылады. Ерікті әлеуметтік сақтандыру мемлекеттің (мемлекеттік бюджеттің) сақтандыруды қолдауы жоқ болғанда ұжымдық ынтымақ және өзара көмек қағидаты негізінде құрылады. Адам және бүкіл қоғам үшін барынша мәнді қажеттіліктерді қанағаттандырудың мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктері халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізі болып табылады.

Әлеуметтік қамсыздандыру еңбек ету қабілеттігін немесе оған иелік етуден айырылған азаматтарды қолдау үшін, яғни барлық азаматтар үшін еңбек қызметіне олардың қатысуына қарамастан қорлар қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қатынастарды білдіреді, бұл үшін айтылған қорларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі пайдаланылады.

3 Билет

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы 2008.21.11.

1 тарау. Жалпы ережелер (1 - 7 баптар) 

2 тарау. Тiл - мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар (8 - 15 баптар) мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында

3 тарау. Тiл - бiлiм беру, ғылым, мәдениет және (16 - 18 баптар) бұқаралық ақпарат құралдары саласында

4 тарау. Тiл - елдi мекен атауларында, жалқы есiмдерде, (19 - 22 баптар) көрнекi ақпаратта

5 тарау. Тiлдi құқықтық қорғау (23 - 26 баптар) 

6 тарау. Тiлдi шетелдермен және халықаралық ұйымдармен (27 бап) қатынастарда пайдалану

Осы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi. 

4 Билет

Қазақша жарнаманың қазіргі сипаты

Жарнама тілі саласы қазақ тілінде жаңа сала деп қарастыруға болады. Қазіргі таңда жарнама үстем болып отырған орыс тілінде дайындалады да, кейін қазақ тіліне аударылады. Бұл жағдай керісінше болуы тиіс.

Бірен-сараңы болмаса, кілең қазақ сөздерінен құрылған тіркестер өзара байланыспай, қиыспай нақтылы ұғым берместен сіресіп тұрады.

Мысалы: Строительные материалы Құрылыс заттары Оптом и в розницу Көтерме және бөлшек.

Бұл мысалда сөйлем тиянақсыз, аяқталмаған. Негізгі ой – құрылыс заттарының көтерме және бөлшек бағамен сатылатындығында, яғни бұл сөйлем «баға» деген сөзді керек етіп тұр. Демек, «Құрылыс заттары. Көтерме және бөлшек бағамен» десе сөйлем түсінікті болар еді. Немесе калька тәсілімен аударылған тағы бір мына мысалға назар аударыңыз:

Ген победителя в каждом Жеңімпаз гені әр

Адресанттың не айтқысы келіп, қандай ой жеткізгісі келгені белгісіз. Мағынаға мән беру атымен жоқ.

Магазин продуктов и промышленных товаров. Азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары дүкені. Бұл мысалда «тауарлар» деген сөзге ілік септігін, яғни «-нің» жалғауын қоссақ, сөйлем түсінікті, мәтін сауатты құрылған болар еді. Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларының дүкені.

Кейбір қазақ тіліндегі жарнамалар мәтіні орыс тіліндегі жарнама мағынасынан бөлек. Мысалы, Самые привлекательные тарифы Ең тартымды тарифтер тізімі. Орыс тіліндеігі мәтінде «тізім» деген сөз, «тізім» туралы ой да жоқ. «Ең тартымды тарифтер тізімі» болуы үшін «список самых привлекательных тарифов» болуы керек еді.

Для всех кто ищет! - Кім іздесе, солардың бәріне!

Для всех кто выбирает! - Кім таңдаса, солардың бәріне!

Бұл жарнаманың адамға әсер ету қызметі өте төмен. Неге дейсіз ғой? Өйткені кімнің нені іздейтіні, нені таңдайтыны беймәлім. Бір сөз бірнеше рет қайталанып, естір құлаққа да жағымсыз. Іздеушілер мен таңдаушылар назарына! десе де айтар ой жетімді болары анық.

Көшеміздегі жарнамаларда мұндай шалалық сауатсыздық кең етек алып бара жатырғаны ащы шындық. Қазақ жарнамаларында шетелдік жарнамалардың көшірілуі байқалады, ұлттық мәдениет белгілерінің жасанды өзгертілуі көзге айқын көрінеді. Бұлар - қазақ жарнамаларының ықпал ету қызметін төмендетеді.

Ал, Сочетание качеста и цены! Сапа мен баға үйлесімділігі! Қандай тамаша аударма. Артық жалғаулар мен жұрнақтар жоқ. Әрбір сөз орнында тамырын терең жайып тұр. Әрбір сөз бір-біріне сай келетін сөздер. Бірнеше мысал келтірейік:

Офисный мир - кеңсе әлемі

Звонки на все мобильные по одной цене! - Барлық ұялы байланысқа қоңырау бір бағамен!

Все для отделки и ремонта! - Бәрі де өңдеу және жөндеу жұмыстары үшін!

Присоединяйся! - Бізбен бірге бол!

«Құлақтан кіріп бойды алар» дегендей қандай керемет аудармалар.

Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, көрнекі ақпарат пен жарнаманың аударма нұсқасын емес, семантикалық, грамматикалық, стилистикалық нормалары сақталған қазақша жарнама тілін дайындауға ерекше көңіл бөлу керек. Ел конституциясы бойынша бекітілген қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін қолдау мен қорғау - әрбір азаматтың парызы мен міндеті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]