Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_TEKSTY.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
123.9 Кб
Скачать

13 Билет

Ерлік туын көтерген ерлер

1930 жылдары халықаралық жағдайдың шиеленісуі ІІ дүние жүзілік соғысты жақындата түсті. Екінші дүние жүзілік соғысты бастаған Фашистік Германия болды. Германия өзін 1914-1918 жылдары аралығында 38 мемлекеттің қатысуымен болған І дүние жүзілік соғыста жеңілген, отарларды бөлісу кезінде өзін құр қалған мемлекет деп есептеді. Гитлерлік Германия өзінің агрессиялық соғысын 1939 жылы 1 қыркүйекте Польша жерін басып алудан бастады. Бұл екінші дүние жүзілік соғыстың бастамасы еді. Германия кішігірім әлсіз мемлекеттерді басып ала отырып ең соңында ірі алып мемлекет Кеңес Одағын басып алуды жоспарлады. Бұл соғысқа 61 мемлекет қатысты.

1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төрт шамасында фашистік Германия әскері КСРО–ның батыс аймағынан Ленинградты қоршады. Кинохроника Германияның КСРО–ны басып алу жоспары «Барбаросса» деп аталды Бұл соғыс Германия тарапынан әділетсіз, агрессиялық соғыс болды. Кеңес елінің тарихында «Ұлы Отан» соғысы деп аталды. Бұл екінші дүние жүзілік соғыстың аяғы болды.Қазақстандық құрамалардың жауынгерлік жолы 1941 жылғы қаһарлы шақта Мәскеу түбінен басталып, 1945 жылғы көктемде Берлинде аяқталды. Соғыс жылдары республика майданға 12 атқыштар дивизиясының, 4 ұлттық атты әскер дивизиясын, 7 атқыштар бригадасын, соның ішінде 2 ұлттық атқыштар бригадасын аттандырды. Сонымен қатар Қазақстанда әр қилы әскер түрлерінің 50-ден астам полктары мен батальон жасақталды. Соның ішінде Қазақстандықтар – 497 адам, қазақтар - 97 адам. Ең жас батыр Жәнібек Елеусізов 18 жаста болды.

Бауыржан Момышұлы 1932-1956 жылы әскери қызметте болып, қиян-кескі майданда асқан ер жүректілігімен,шындыққа қайыспас қайсарлығымен, соғыс тактикасын жете меңгергендігімен, дарынды қолбасшылығымен аңызға айналды

Талғат Бигельдинов — ұшқыш. 2-дәрежелі Кеңес Одағының батыры. Қатардағы ұшқыш қызметінен бастап авиация полкінің командиріне дейін көтерілген.

Мәншүк Маметова Жиенғалиқызы — пулеметші. 1943 жылы 15 қазанда Мәншүк Калинин фронтының құрамында бірге соғысқан. Қиян-кескі майданда фашистерден Невель қаласын босату оңайға соқпады. Пулеметші қыз мергендігімен жауды аяғынан тайдырды. Шабуылға бірінші болып барған Мәншүк батыр қызымыз еді. Оның соңынан қалған жауынгерлер де алға басты. Өзі жаралы болса да, соңғы деміне дейін соғысты. Кеңес Одағының батыры атанды.

Әлия Молдағұлова Нұрмағанбетқызы — 54-атқыштар бригадасының снайпері, ефрейтор. Ленин орденімен марапатталған батыр қыз жаралы болса да, өмірінің соңғы минуттеріне дейін өз жері үшін асқан ерлікпен соғысқан.

14,20 Билет

Әлемдегі ең бай адамдар

Форбс журналы әлемдегі ең бай адамдардың жаңа тізімін жариялады. Биыл да бірінші орынды мексикалық медиа алпауыт Карлос Слим иеленді. Форбс Слимнің қазына-мүлкін 69 миллиард долларға бағалаған. Ал екінші орынға Майкрософтың негізін қалаған Билл Гейтс шықты. Форбс Гейтстің жиған-тергенін 61 миллиард долларға бағалаған. Тағы бір АҚШ азаматы қаржыгер Уоррен Баффет үшінші орынды иеленді. Журнал сарапшылары оның байлығын 44 миллиард долларға бағалапты. Ал Еуропаның ең дәулеттісі, франциялық Луи Виттон концернінің басшысы Бернар Арно 41 миллиард доллармен төртінші орында. Бесінші орында ескі құрылықтың тағы бір өкілі -37 жарым миллиард доллар дәулеті бар испандық Индитекс холдингінің басшысы Амансио Ортега. Атап кетер бір жайт, Блюмберг Биллионерс индекс мәліметі бойынша, әлемнің қор нарықтарында құнды қағаздардың күрт арзандауынан бір күнде әлемдегі ең бай 20 адамның дәулеті 11,3 миллиард долларға азайған. Қазіргі нарық заманында әлемдегі ең бай әрі атақты адамдардың өмірі, олардың жылдық табысы, қаражат мөлшері, миллиардерлер қатарынан алатын орны кез-келген адамды қызықтырары сөзсіз.“Forbes”журналы дүние жүзіндегі бай адамдардың әлемдік рейтингісін үзбей жариялап келеді. Басылымдағы мәліметтерге қарағанда, әлемдегі ең бай, қалталы адам компьютер магнаты, Mіcrosoft компаниясының негізін қалаушы адам екен. Ол 13 жылдан бері бай адамдардың қатарында. Одан кейінгі орында 77 жастағы америкалық қаржыгер тұр. Сақтандыру саласынан бастап, тамақ пен тiгiн өнеркәсiбiне дейiн инвестиция салатын миллиардердiң әлемге әйгiлi Coca-Cola, Proctor & Gamble және Tesco компанияларында үлесi бар. Үшінші орындағы мексикалық телекоммуникация магнатының үлесіне сақтандыру компаниялары, шахталар, мемлекеттiк байланыс жүйесiнiң 90 пайызы, мейрамханалар, темекi өндiрiсi, сусын шығару т.б. тиесілі. Дәулеттілер қатарында қазақстандық азаматтар та бар. Байлардың арасында әйел адамдар да бар. Біреуі – Мәскеу қаласы мэрінің зайыбы, “Интеко” компаниясының иесі, екіншісі балаларға арналған "Гарри Поттер" атты кітап жазған жазушы ханым. Әлемдегі ең бай адамдар Нью-Йорк, Мәскеу және Лондон қалаларында тұрады. Басылымнан бай адамдардың өмірі туралы қызықты материалдар да оқуға болады. Мысалы, атақты мұнай магнаты 83 жасында қайтыс болған. Ол байлық жолын аса кедейліктен бастаған ол айына екі-ақ рет түстік тамақ ішіп, өмір бойы қайнатылған сәбіз бен құрма жеп өткен. Сәбізді алтын ыдысқа салып әкеліп алдына қойса да, оның бар арманы ақшасының үстіне еселеген табыс қосыла берсе деген ойдан арыла алмаған. Сөйтіп қартайған шағында қайғы-мұңға батқан ауру шалға айналған. Өз еңбегімен тапқан байлығының қызығын көре де алмаған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]