Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_TEKSTY.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
123.9 Кб
Скачать

8,10,11,22,28 Билет

Нобель сыйлығы - әлемдегі ең беделді сыйлық

Нобель сыйлықтары (шведше: Nobelpriset, ағылш. Nobel Prize) — жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі.1895 жылы құрылған және келесі бес бағыттың өкілдеріне сыйлық беруді қарастыратын Альфред Нобельдің өсиетнамасына сәйкес құрылған:1. Әдебиет2. Физика3. Химия4. Физиология және медицина5. Бүкіл әлемде бейбітшілік жасауға іс-әрекет...Қазіргі уақытта Нобель сыйлығының шамасы 10 млн (шамамен 1,05 млн евро немесе 1,5 млн.доллар) швед кронын құрайды. Нобель сыйлығы - әлемдегі ең беделді сый. Оның лауреаттары қатарында рентген сәулеленуін, пенициллинді ойлап тапқан атақты ғалымдар бар. Нобель сыйлығымен Нельсон Манделла, Барак Обама секілді танымал қайраткерлер марапатталған. 1900 жылы Нобель қоры жасалды – бастапқы капиталы 31 млн швед кронынан тұратын дербес, тәуелсіз, мемлекеттік емес ұйым. 1969 жылдан бастап Швед банкінің ынтасымен экономика бойынша да сыйлық сыйланатын болды. Одан кейін Нобель қоры номинация санын арттырмауды шешті.Нобель сыйлығы швед өнертапқышы және өнеркәсіп иесі Альфред Нобельдің (1833—1896) өсиеті бойынша құрылған. 1895 жылы жазылған өсиетте Нобель өзінің қаржы жағдайын сенімді бағалы қағаз күйінде ұстауды бұйырған. Өсиетке сәйкес, марапат беруге Швеция мен Норвегия еліндегі төрт ұйым жауапты болуы қажет. Олар Швед ғылым академиясы, Стокгольмдегі Каролин институты, Стокгольм академиясы, сондай-ақ, бес мүшеден тұратын Норвегия парламенті сайлаған комитет. 1901 жылы алғаш рет Нобель сыйлығы берілгеннен бастап, 2011 жылға дейін Нобель сыйлығы лауреаты атанған адамдар мен ұйымдар саны 853-ке жетті. Олардың 23-і ұйым болып есептеледі. Лауреат атанған адамдардың кейбірі мұндай құрметке екі рет лайық болған.Физика саласында тұңғыш лауреат атанған адам - сәулеленуді ойлап тапқан Вильгельм Конрад Рентген болды. Рентген сәулеленуі қазіргі күнге дейін бүкіл әлемде медицина саласында қолданылып келеді. 1905 жылы тарихта алғаш рет Нобель сыйлығы лауреаты австриялық жазушы Берта фон Зутнер атты әйел адам болды. Әдебиет саласы бойынша, Нобель сыйлығы лауреат атанғандарының ішінде Эрнест Хемингуэй (1945), Тони Моррисон (1993), Дарио Фо (1997), Гарольд Пинтер (2005) бар. Ал осы номинация бойынша ең қарт лауреат Дорис Лессинг еді. Ол 2007 жылы 87 жасында марапатталған болатын.

12,16 Билет

Жастар және Тәуелсіз Отан

Елдің де,   тілдің   де  тірегі – жастар   екенінде   дау   жоқ.   «Тәрбие   басы – тіл»,- деп М. Қашқари тегін айтпаған. Бұл – адамның адамзат болып қалыптасуында тілдің алатын орнын мейлінше терең түсінген ұлы тюркологтың сөзі. «Өнер алды – қызыл тілді» Абайдан асырып айтқан дана жоқ.Сол тілдің қолданылу аясын арттырып, оны дамытудың жан-жақты қамтылған көптеген шараларын іске асыруға, өрісін кеңейтуге атсалысып, өз үлестерін қосатын да, елін, жерін қорғайтын да, өнер, білім, ғылым мен техниканы дамытатын да – жастар. Жастар – еліміздің болашағы, мемлекетіміздің тұтқасы. Бұл айтылғандарға 1986 жылғы Желтоқсан  көтерілісі де куә бола алады.1986 жылы 17 желтоқсан күні ереуілге шыққан жастардың алдыңғы легі Алматыдағы Орталық алаңға қарай шеру тартты. Бұлар Театр және Кино институттарының, Мемлекеттік консерваторияның студенттері мен қаладағы кейбір өндіріс орындарының жұмысшы-жастары еді.Жастардың басты талабы, әрі басты ұраны – «Әр ұлтқа өз көсемі»,  «Қазақ ұлтын қазақ басқару керек» деген сөздерді транспоранттарға жазып, ауызша айтып та жатты..Жастар басқарған ұйымдар нәтижелі жұмыс істеп үлкен табыстарға жетуде. Жастарымызға берік сеніп халқымыз оларды ел басқаруға өздері ұсынуда. Сондықтан да еліміз гүлденіп, өнеркәсібіміз қарқыңды дамып дүние жүзіндегі алдыңғы мемлекеттер санатына қосылдық. Осындай елде өмір сүрген жастарымыз болашағы үшін еңбек етуден жалығар емес, халық оларға сеніп отыр...Қазіргі уақытта, Қазақстан жастары қоғамның келешегін анықтаушы негізгі факторлардың бірі болып табылатын тұрғын халықтың үлкен әлеуметтік тобына айналған. Қоғамның барлық салаларындағы кең көлемді қайта өзгертулерден туындаған ахуалдар жастардың даму ерекшеліктері мен олардың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы мәнін тағы бір қырынан аша түседі. Осы айтылғандардың барлығы жас ұрпақтың саналы қалыптасуына, олардың әлеуметтік-экономикалық қайта өзгеру факторларының жастардың қажеттіліктеріне, мүдделеріне, құндылық бағдарларына және әлеуметтік мінез-құлықтарына да айтарлықтай әсер ететіндігін көрсетті.

 Жастар біздің қазіргі замандағы Қазақстан жағдайында жас азаматтардың алатын орны аса елеулі. Жастар қоғамның басым бөлігін құраушылар ғана емес, сонымен жас азаматтар қоғам өміріне, қоғамның саяси өмріне айтарлық ықпал ете алатын әлеуметтік-демографиялық топ. Әрбір жас азаматты елінің саяси хал-ахуалы, халықтың түрлі әлеуметтік қабаттарының заңдық қорғалуының құқықтық негіздері, елімізде жүргізіліп жатқан түрлі саяси реформалар мен заңдарға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар, еліміздің сыртқы саяси жағдайы мен елдегі саяси жағдайы алаңдатуға міндетті. Сондықтан осы процестердің ішінде пайда болған қарым-қатынас пен өзара әрекеттестік жағдайы жастардың басты назарында болуға тиісті.

 Сонымен қатар, қазақстандық жастардың саяси белсенді топтарын олардың саясатқа қатысу үлгілері бойынша анықтауға болады. Мәліметтер көрсеткендей, республиканың жас азаматтары қоғамдық-саяси институттармен демократиялық қарым-қатынас жасауға ниет білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]