Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
philosophy / УМКД.doc
Скачиваний:
91
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
560.13 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті

ПӘННІҢ ОҚУ-МЕТОДИКАЛЫҚ КЕШЕНІ

ФИЛОСОФИЯ БОЙЫНША

Күндізгі бөлім

2010

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті

«ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР» КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Оқу-әдістеме жөніндегі проректор,

э.ғ.д., доцент

_________________ Нурмуханова Г.Ж.

« » 2010 ж.

Оқытушыларға арналған жұмыс бағдарламасы

Пәннің аты: Философия

Мамандық Қаржы – 5В050900, ИС 5В070300, Информ.системы 5В070300, ВТиПО5В070400, Менеджмент 5В050700, ГиМУ 5В050100, Маркетинг 5В051100, Туризм 5В090200, СКС 5В090400, УиА 5В050800, Экономика 5В050600, Оценка 5В090800, Журналистика 5В050400

Оқу түрі күндізгі,

Барлығы ____3_____ кредит

Курс ___1______

Семестр_1_______

Лекция__30__сағат

Практикалық, семинар

Лабораториялық сабақ_15_______сағат

Аралық бақылау саны ____2___

СОӨЖ __30___сағат

СӨЖ __60__сағат

Емтихан__1__семестр

Барлығы__135__сағат

АЛМАТЫ, 2010

Құрастырушы:«ӘГП» кафедрасының доценті Шонғаров Ержан

ҚР БжҒМ 2005 жылдың 11 мамырындағы N289,12 шілдедегі N480 бұйрықтарымен бектілді және іске қосылды.

Типтік оқу бағдарламалары ҚР БжҒМ 2004 жылдың 7 шілдедегі N671бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының бакалавриат пен магистратура мамандықтарына сәйкес әзірленген.

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы

«01» маусым2010ж. № 10Протокол

Кафедра меңгерушісі__________________________________

Ержанова А.Е.

УНИВЕРСИТЕТТІҢ ОӘК ҰСЫНЫЛҒАН

№8 Протокол «04» маусым 2010ж.

КІРІСПЕ

Философия пәнін қазіргі заманда кредиттік жүйе бойынша оқыту, оның адамзат мәдениетінің ерекше дербес саласы. Заманымыздың әлеуметтік-мәдени тұтастығының ажырамас бөлігін құрайды.

Кейінгі жылдары философия пәнін жоғарғы оқу орындарында және жеке мамандықтар ерекшеліктерін ескеріп, егемен Қазақстан өміріндегі өзгерістерді бейнелейтін жаңа программа дайындау қажеттілігі туындап отыр. Ең басты құндылық – адам туралы философиялық түсінік өзгерді.

Программа жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, соның ішінде философиялық емес мамандықтарға арналған. Программа құрылымында типтік программалар, пәннің оқу программасы, глоссарий, қысқаша конспект, методикалық материалдар, лекция-семинар сабақтары, СӨОЖ, СӨЖ, бақылау сұрақтары мен әдебиеттерден тұрады.

Программа кіріспе бөлім мен философияның маңызын, тарихи және орта ғасыр, қайта өрлеу және жаңа заман бөлімдерінен тұрады. “ Қазақ философия” бөлімінде қазіргі кездегі қазақ философиясының мәні, мақсаты және Президентіміздің “Мәдени мұра” бағдарламасы қамтылған.

Бұл программа философия тарихы мен қазіргі заманғы философиялық ой толық қамтылуын қамтамасыз ете отырып, онтология, гносеология және антропология жалпы теориялық философиялық мәселелерінің жаңаша түсінігін жетілдіріп, анық көрсетеді.

МҰҒАЛІМ ҮШІН ЖҰМЫС-ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

МЕТОДИКАЛЫҚ РЕКОМЕНДАЦИЯСЫ

Пәннің оқу бағдарламасы мұғалімнің көмегімен жүзеге асады, кафедра отырысында қаралып, университеттің оқу-методикалық кеңесі бекітеді.

Мазмұны: 1. Пәннің мазмұны.

2. Күнтізбелік жоспар, СӨОЖ, СӨЖ..

3. Тапсырма орындау графигі.

4. Бақылау түрлері.

5. Бағалау ақпараты.

6. Сыртқы беті.

ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ.

“Философия” пәнін қазіргі заманда кредиттік жүйе бойынша оқыту, оның адамзат мәдениетінің ерекше дербес саласы. Заманымыздың әлеуметтік-мәдени тұтастығының ажырамас бөлігін құрайды.

Кейінгі жылдары философия пәнін жоғарғы оқу орындарында және жеке мамандықтар ерекшеліктерін ескеріп, егемен Қазақстан өміріндегі өзгерістерді бейнелейтін жаңа программа дайындау қажеттілігі туындап отыр. Ең басты құндылық – адам туралы философиялық түсінік өзгерді.Философиялық курстың қазіргі заманда оқыту барысында оның адамзат мәдениетінің ерекше де дербес салсаы Философия пәнін қазіргі заманда кредиттік жүйе бойынша оқыту, оның адамзат мәдениетінің ерекше дербес саласы. Заманымыздың әлеуметтік-мәдени тұтастығының ажырамас бөлігін құрайды.

Кейбір программаларды философия тарихы мен қазіргі заманда философиялық ой толық бірдей және дәстүрлі түрде қабылданғандықтан негізгі курсын, дүниетанымдық мәселелер ұғымын рухани дамуға қалыптастырады.

“Философия”курсы мынандай сұрақтарды қарастырады:

  1. Философия пәні, оның қоғамдағы ролі және оның мәдениетпен байланысы.

  2. Философияның құрылымы, дүниеге көзқарастық формалары, типтері.

  3. Тарихи дамуы, мектептерінің ерекшелігі.

  4. Философиялық ұғымдардың құндылықтары дегеніміз не?

  5. Әлеуметтік философияның қоғам, адам, табиғат бірліктерінің ерекшеліктері

  6. Антропология м әселесі және оның қазіргі замандағы ролі.

Курстың пререквизиттері:

- Философия пәнінің негізгі мазмүнын студенттерге меңгерту, мынандай үқсас пәндермен логика, мәдинеттану, Қазақстан тарихымен байланыстыру;

Курстың постреквизиттері;

-Бүл курстың әдістемелік және теориялық негіздері арнайы мамандықтарды

оқып -үйренуге мүмкіндік береді; Әлеуметтану, психология, саясаттану пәндерімен

байланыстыру.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар:

Апта

Тақырыптар

Сағат саны

Лекциялар

Практ. сабақ

соөж

сөж

1

Философия, оның пәні жәнеқоғамдағы ролі.

2

1

2

4

2

Ежелгі Үнді және Қытай философиясының даму тарихтары.

2

1

2

4

3

Антикалық философияның негізгі кезендері

2

1

2

4

4

Ортағасыр Батыс Европа философиясы. Ортағасыр араб-мұсылман философиясы.

2

1

2

4

5

Қайта Өрлеу дәуірі философиясы жәнереформация.

2

1

2

4

6

Жаңа дәуір философиясы

2

1

2

4

7

Неміс классикалық философиясы және француз ағартушылық философиясының қалыптасуы.

2

1

2

4

8

ХІХ-ХХғ.ғ. постклассикалық европа философиясы.

2

1

2

4

9

Орыс философиясы.

2

1

2

4

10

Қазақ философиясы.

2

1

2

4

11

Болмыс философиясы. Онтология.

2

1

2

4

12

Таным философиясы. Гносеология.

2

1

2

4

13

Әлеуметтік философия: қоғам, мәдениет, өркениет.

2

1

2

4

14

Антропология философиясы: адам мәселесі.

2

1

2

4

15

Қазіргі замандағы глобальды мәселелерді шешудегі философияның орны.

2

1

2

4

Барлығы:

30

15

30

60

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Тақырыптың аты

Қысқаша мазмұны

1

Философия, оның пәні және оның қоғамдағы ролі.

Философия пәні: Дүние және Адам. Философиялық танымның өзіндік ерекшілігі, оның болмысты түтастык және мағыналык жағынан сараптауға бағытталуы.

Дүниеге көзкарас туралы түсінік және оның күрылымы. Дүниеге көзкарастың әртүрлілігі, формалары және типтері. Мифология, дін, философия.

Философияның мәні мен мақсаты, дүние және адам.Философия және ғылым. Философия-мәдениеттің өзіндік санасы ретінде. Философияның егемендік тұсындағы өзгерісі.Сана, таным, болмыс және адам туралы ілім ретінде. . Дүниеге көзкарастың формалары мен типтері. Философия білімнің формасы ретінде. Философия мәдениеттің өзіндік санасы ретінде. Философия және ғылым.

2

Ежелгі Үнді және Қытай философиясының даму тарихтары.

Үнді философиясының пайда болуы және кезеңдері. Ведалар - философиялык ойлардың бастауы ретінде. Көне үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері. Үнді философиясының пайда бодуы және кезендері. Веда - Үнді мәдениетінің көне ескерткіші және ертедегі үнді философиясының бастауы ретінде.

Көне үнді философиясының негізгі бағыттары: веданта, джайнизм, буддизм.

Ертедегі Қытайдағы мифологиялык сананың ерекшеліктері. Көне Кытай философиясының пайда болуы және даму кезеңдері. Ертедегі Кытай философиясының өзіндік болмысы. Философиялық мектептердің жүйесі. Дао философиясы, Конфуцийдің философиялық - этикалык ілімі.

3

Антикалық философияның негізгі кезеңдері.

Антикалық философияның пайда болуы және ерекшелігі, ежелгі грек өркениетінің өзіндік санасы. Антикалық ойлардың негізгі ұғымдары: космос, логос, эйдос, жан, табиғат. Софистика - философия және мәдениет кұбылысы ретінде. Софистердің (данышпандар) - философтарға (данышпандыкка кызығушылар) карама- кайшылығы. Софистердің субьективтік диалектикасы. Протагор: «Адам - барлык заттардың өлшемі».Платон философиясы. Аристотель метафизикасы. Эллинизм философиясы.

4

Ортағасыр Батыс Европа философиясы. Ортағасыр Араб-мұсылман философиясы.

Христиан догматикасы мен принциптерінің ортағасырлык философияның калыптасуындагы маңызы, оның ерекшеліктері. Орта ғасырлық христиан философиясының дамуының негізгі кезендері: ертедегі патристика, классикалык патристика, схоластика. Мұсылман елдеріндегі мәдениет пен дін. Исламның негізгі бағыттары: суннизм, шиизм. Суфизм – мұсылмандық діни - философиялық ойдың бағыты ретінде. Әл- Кинди және араб тілді философияның бастауы.

5

Қайта өрлеу дәуірі философиясы және реформация.

Қайта өрлеу дәуірінің философиясының ерекшелігі. Данте Алигьери және Франческо Петрарканың гуманизмі. Олардың еңбектеріндегі поэзия және философия гармониясы. Адам өзін - өзі жаратушы және әлем кіндігі ретінде. Орта ғасырдағы ойшылдардың догмалық схоластикасына сын. Өнерге жаңа көзкарас. Өнер адамның творчестволык мүмкіндігінің көрінісі ретінде. Н. Кузанскийдің философиялық идеялары. Пантеизм.

Қайта өрлеу дәуірінің антропоцентризмі және гуманизмі. Л. Д. Винчи философиясындағы тәжірибе және жаңа экспериментальді әдіс мәселесі. Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылыми орталық кезеңі. Н. Кеплер және Г. Галилейдің математикалык танымның ролі туралы. Н. Коперник және Дж. Бруноның Космостың шексіздігі туралы идеясы.

6

Жаңа дәуір философиясы.

Классикалық жаңа европа философиясының ерекшелігі жөне фундамендальдық негіздері. Негізгі гносеологиялық мәселе және оны шешудің жолдары. Жаңа Дәуір философиясындағы әдіс (метод) мәселесі. Жаңа Дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік батттар.

7

Неміс классикалық философиясы және француз ағартушылық философиясының қалыптасуы.

Неміс философиясының пайда болуының алғы шарттары. Гносеология философияның негізгі мәселесі ретінде. Тұлғалық философия мәселесі Неміс философиясының идеализмі мен матермализмі.

И. Канттың шығармашылығы. «Априори» үғымы. Кеңістік және уақыт. И. Канттың антиномиялары. Канттың этикасы.

Канттың бұлжымас императиві. Фихтенің «Ғылыми ілімі». Шеллингтің натурфилософиясы, Л.Фейербах және Гегель системасы.

8

XIX-XXғғ постклассикалық Европа философиясы.

XX ғасырдағы батыс философиясының мәні және бағыттары. Философиялық мәселелердің жеке бағыт болып калыптасуы. Классикалык философиядан арылу.

Батыс философиясындағьі сциентистік үрдістер. Позитивизм және оның тарихи формалары.

«Бірінші позитивизм» және философияның негізгі мәселесін шешуден бас тарту. О. Конттың «Үш кезең заңы». Философияның міндеттерін ғылыми білімді системаға келтірумен шектеу. Дж.С.Милльдің «Логика системасы». Г.Спенсердің «Біртектес ғылым системасы”

«Екінші позитивизм» (махизм және эмпириокритицизм). Философияны таным теориясымен шектеу. Э. Мах пен Р. Авенариустің «тәжірибені тазартудың» әдістік бағдарламасы. А.Пуанкаре: «Ғылымның құндылыгы''. В.И.Ленин: «Материализм және эмпириокритицизм «.

«Үшінші позитивизм» (неопозитивизм немесе «сараптаушы философия»). Философияның пәнін жоққа шығару және философияның ролін гылым тілін логикалык сараптаумен шектеу.

9

Орыс философиясы.

ХУ - ХУІІ ғасырлардағы орыс философиясының қалыптасуы. Славяндардың, византиялық мәдениет және неоплатонизмнің көзқарастарының әсері.

XVIII ғ. философиясы. А. Радищев. М. Ломоносов.

ХІХ - ХХ ғ. басындағы философия. П. Чаадаевтың историософиясы. Славянофилдік және батысшылдык бағыттар. А. Хомяков, И. Киреевский, Н. Чернышевскийдің философиялық

идеялары.

Діни- идеалистік философия: Ф. Достоевский, Л.Толстой, В.Соловьев, Н. Бердяев.Орыс космизмі: Н. Федоров, В. Вернадский, К.Циолковский.

Ресейдегі мистикалык философия: Е. Блаватская, Н. Рерих, Е. Рерих, Д. Андреев

10

Қазақ философиясы.

Ұлттық философияның қалыптасуының әлеуметтік - мәдени алғы шарттары. Дүние және адам туралы алғашқы көзкарастық бағыттар мен философиялық толғаныстар. Дулат Хайдаридың «Тарихи- Рашиди» кітабындағы тарих философиясы. Асан Қайғы шығармашылығындағы экзистенциалистік сарын. Бақыт мәселесі және Жерұйықты іздеу. Бұқар жырау, Шалкиіз, Қазтуған шығармашылығындағы дүниетаным. Айтыс – поэтикалық - философиялық диалогтің формасы.

«Зар заман” ғасырында этникалык өзіндікті сақтап қалу мәселесі. Дулат, Шортанбай.

Ш. Уәлихановтың әлеуметтік - саяси көзкарастарының ерекшеліктері. Ы.Алтынсаринның ағартушылық идеялары.

Абай - ақын, ойшыл. Абайдың адамгершілік - этикалык идеялары. Абайдың «Қара сөздеріндегі» дін философиясы. Құдай, адам және таңдау еркіндігі мәселесі. Абай және Шәкәрім. Шәкәрім Күдайбердиевтің діни- философиялық көзкарастарының ерешеліктері. Сенім және парасат мәселесі.Ұлттық өзіндік сананың оянуы және ұлттық мемлекеттік құрылым идеясы. ХХ- ғасыр басындағы коғамдык ойдағы демократиялық социалистік ұлттық либеральдық - діни бағыттар.

Кеңестік дәуірдегі Қазакстандық философия.

11

Болмыс философиясы. Онтология.

Болмыс үғымы, оның мәні. Болмыстың философиялық және физикалык түсініктері. Дүниенің бірлігі және көптүрлілігі.

Болмыс және мән (сущность). Бірегейлік және көптілік мәселесі. Мән болмыстың бірегейі және түрдің бірлігі ретінде. Ұғымдар болмыстың ең жоғарғы түрі және таным баспалдақтары. Негізгі онтологиялық ұғымдар: материя жене түр (форма); себеп және салдар; мүмкіндік және шындык; мән және құбылыс; кездейсоқтық және қажеттілік; терістеуді терістеу; қайшылық; сапа; сан; сан және өлшем. Зат қажеттілік ретінде. Зат және мән.

Болмыс және субстанция, болмыс және қалыптасу, болмыс және процесс. Адам болмысының қайталанбас ерекшелігі. Адам болмысының экзистенциалдык негіздері.

Мән және өмір сүру. Мән субстанция ретінде. Құдай мән ретінде. Монизм. Дуализм. Философиялық плюрализм.

12

Таным философиясы. Гносеология.

Танымның көптүрлілігі. Ғылыми, ғылымға дейінгі және ғылымнан тыс білімдер формалары. Әдеттегі білімдер және дүрыс магына. Сенсуализм және рационализм. Ғылыми және көркемдік таным. Сезімдік тәжірибе және рационалдық ойлау, олардың негізгі формалары. Инстуитивтік және дискурсивтік таным. Танымның объектісі және субъектісі. Адам - таным субъектісі. Материалдық және идеалдық объектілер. Білімді негіздеу мәселесі. Философиядағы және ғылымдағы акикат мәселесі. Акикаттың объектілігі. Акикаттың нақтылығы. Ақиқат өлшемдері. Акикат және құндылык- Акикат, адасу және жалған. Скептицизм және агностицизмді сынау.

Ғылым - танымның арнаулы формасы. Ғылыми танымның ерекше белгілері, ғылым тілі, кызметтің әдістері мен күралдары, ғылыми білімдердің негізделуі мен жүйелілігі.

Символ ұғымы. Символ таным кызметінің атрибуты ретінде. Символ бейнелеу және жалпылау ретінде. Символ және абстрактілік ойлау. Заттың символы - оның корытынды мағынасы және идеалды - образдык күрылымы. Символ және белгі. Мән және мағына. Тіл, символика, белгілеу жүйелері мәдени мағынаны жеткізу құралы ретінде

13

Әлеуметтік философия: қоғам, мәдениет, өркениет.

Коғам - өздігінен дамитын жүйе және адамзат кұндылығы. Қоғамның табиғи негіздері. Табиғат күндылык ретінде. «Географиялык детерминизм», геосаясат, биосфера және ноосфера уғымдары. Экология - өркениеттің курделі мәселесі. Этногенез және географиялык ортаның өзара байланысы. Л. Н. Гумилев және оның пассионарлык конңещиясы.

Крғамның күрылымы. Крғамды марксистік (таптык) белу және стратификашя теориясы. Әлеуметтік мобилъдік.

Коғам өмірінің негізгі салалары: экономикалыҚ саяси, күкыктык жөне рухани (ғылыМ. , мораль, өнер және дін).

Тарихты және коғампып үздіксіз дамуын түсінудіц көптүрлыігі.

Коғамға мәдениеттанушылық катынас. (Н. Данилевский, О. Шпенглер, А. Тойнби, П. Сорокин). Өркениет үғымы.

14

Антропология философиясы: адам мәселесі.

Адамның дүниеге деген құндылыктық карым- қатынасы. Адам - ең жоғары құндылык. Адамның эстетикалық адамгершілік діни және саяси ұмтылыстары - оның құндылыктық бағыттарының

формалары. Еңбек құндылық ретінде. Адам мәнінің маркстік түсінігі: адамның қызметтік мәні, адам өзіндік максат. Адам, жеке адам,тұлға.

Дүниедегі адам және адам дүниесі. Өлім және өмір мәселесі. Өмір күндьыыктык категория ретінде. Адамның өлімі және мәңгі өлмейтіндігі. Адамның жеке дамуындағы табиғилық және коғамдыктың өзара катынасы. Адамды әлеуметтік- биологиялык іүсіну концепциясы. Адам және жаттану: себептері, мәні, тарихи формалары.

Еркіндік үғымы. Еркіндік - адамның мәні және күндылығы. Экзистенциализм философиясындағы еркіндік және тұлғаның жауапкершілігі мәселесі (Ж. Сартр). Еркіндік - жаттануды жою процесі.

15

Қазіргі замандағы глобальді мәселелерді шешудегі философияның орны.

Білім концепциясы философиялық- құндылык талдаудың объектісі және жүйесі. Білім коғам негізі ретінде.Ұстаз бен шәкірт таным процесіндегі негізгі құндылыктық компоненттер. Білім философиясының Ежелгі Греция, Кытай, Үнді

мәдениетіндегі дәстүрлері (Ликей. Академия. Спарта мектебі. Перипатетика). Араб тілді және түркі мәдениетіндегі білім дәстүрлері. Педагогика колданбалы философия ретінде. Білімді

гуманизациялау.

Соседние файлы в папке philosophy