- •1 Тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі.
- •2 Тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі
- •3 Тақырып. Экономиканың негізгі ұйымдастыру формалары
- •4 Тақырып. Экономикалық жүйелердің үлгілері және өтпелі экономиканың заңдылықтары.
- •5 Тақырып. Нарықты экономиканың мәні және қызмет атқару механизмі
- •6 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •7 Тақырып. Капиталдың айналымы және қайтармалы айналымы
- •8 Тақырып. Фирманың (кәсіпорынның) шығындары және табысы
- •9 Тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде
- •Экономикалық теория
- •Тестілер
- •1. Экономикалық заңдар дегеніміз:
- •2. Ғылыми методологияның мәні:
- •2.1. Меншіктің экономикалық және құқықтық негізі
- •2.2. Меншіктің құрылымы мен формалары
- •2.3. Меншіктің көп түрлілігінің объективті қажеттілігі
- •Қазақстан Республикасындағы меншіктік қатынастардың қайта құрылуы
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •Тестілер
- •Тауар және оның қасиеттері
- •Ақшаның пайда болуы, мәні және теориясы
- •Ақшаның қызметтері
- •3.5. Ақша мен ақша айналымының эволюциясы
- •Негізгі терминдер
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •4.2. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары
- •4.3. Қоғамдық өндіріс факторлары және нәтижелері
- •4.4. Жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс
- •Жаңа терминдер мен негізгі түсініктер
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •Тестілер
- •6. Келесі анықтамалар экономикалық өсудің қандай түрлеріне (экстенсивті және интенсивті) жатады?
- •5 Тақырып. Кәсіпкерлік қызмет, оның мәні және формалары
- •5.1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және оны сипаттайтын ерекшеліктері
- •5.2. Фирма және кәсіпкерлік
- •Кәсіпкердің сатып алушы алдындағы жауапкершілігі
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •Жұмыспен қамту, жұмыссыздық нысандары және түрлері
- •Оукен заңы және жұмыссыздық деңгейін мемлекеттік реттеу
- •Мұны Сіз білуге тиіссіз
- •Тестілер
- •7.1 Кесте Кәсіпорын қорларының құрылымы
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •8 Тақырып. Фирма (кәсіпорын) шығындары және табысы
- •8.1. Фирма шығынының құрылымы және пайда
- •3. Тиімділік масштабы
- •Қорытынды
- •Терминдер және түсініктер
- •9 Тақырып. Ұлттық экономика - жүйе ретінде
- •9.1. Ұлттық есеп-шотты жүргізу - қоғамдық өндірістің нәтижесі ретінде
- •9.2. Жиынтық қоғамдық өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі
- •9.3. Жалпы ішкі өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі
- •9.4. Ұлттық байлық: құрамы, құрылымы және оны өлшеудің тәсілдері
- •Категориялар мен терминдер
- •10 Тақырып. Жалпы экономикалық тепе-теңдік жӘне оНың бұзылуы
- •10.1 Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс
- •10.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның орындалуы
- •11 Тақырып. Ауытқу - экономикалық
- •11.1 Ауытқу - экономиканың жалпыға
- •11.2. Экономикалық цикл теориясы
- •11.3. Қазіргі кезеңдегі ауытқулық ерекшеліктері
- •11.4. Мультипликатор – акселератор өзара әрекет ету тұжырымдамасы
- •11.5. Ауытқуға қарсы мемлекеттік реттеу
- •Қайталау үшін сұрақтар
- •Тестілер
- •1. Процестердің қайсысы құлдырау сатысына (фазаға) жатпайды:
- •3. Индукциялық (индуцированных) инвестиция-лардың пайда болуы немен байланысты?
- •6. Процестердің қайсысы көтерілу сатысына (фазаға) жатпайды:
- •12 Тақырып. Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе-тенд1к теориялары
- •12.1. Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары
- •12.2. Экономикалық өсу теориялары. Мультипликатор және акселератор эффектісі
- •Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері
- •Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары
- •13 Тақырып. Экономикадағы мемлекеттің рөлі
- •13.1. Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі және маңызы
- •13.2. Экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілepi (эмр)
- •Эмр классикалық үлгісі
- •13.3. Шаруашылық мүдделерін орындаушылар (субъектілер)
- •13.4. Экономиканы мемлекеттік реттеу (эмр) объектілері және функциялары
- •13.5. Экономиканың мемлекеттік реттеудегі құралдары мен әдістерінің қажеттілігі
- •Сіз білуге тиіссіз
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •14.2. Халықаралық еңбек бөлінісі
- •14.3. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі түрлері
- •14.4. Халықаралық валюта – несие қатынастары
- •14.5. Технологиялардың әлемдік нарығы
- •14.6. Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •Мазмұны
9 Тақырып. Ұлттық экономика - жүйе ретінде
9.1. Ұлттық есеп-шотты жүргізу - қоғамдық өндірістің нәтижесі ретінде
9.2. Жиынтық қоғамдық өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі.
9.3. Жалпы ішкі өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі
9.4. Ұлттық байлық: құрамы, құрылымы және оны өлшеудің тәсілдері
9.1. Ұлттық есеп-шотты жүргізу - қоғамдық өндірістің нәтижесі ретінде
Ұлттық есеп-шотты жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді дамытудың бір бағыты болып табылады.Ұлттық есеп-шотты жүргізу жүйесі әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылады және оның түпкі қортындысы тұрғындардың әл - ауқат деңгейін көрсету болып табылады.
Ұлттық өндірістің макроэкономикалық нәтижесіне алғаш рет баға беру Ф.Кенэ бастаған физиократтардың үлесіне тиеді. Ол осы туралы өзінің көзқарасын «экономикалық кесте» (1758 ж.) деген белгілі еңбегінде баяндаған. Ф.Кенэ Францияның 18-ші ғасырдағы экономикасын негізге ала отырып, жай ұдайы өндірістегі балансты талдауды көрсетті.
Кейінірек макроэкономикалық элементті талдауды Д. Рикардо (1771-1823ж.ж.) «Саяси экономияның басы және салық салу» (1817ж.), Т.Р. Мальтус (1766-1834ж.ж.) «Тұрғындар саны заңының тәжірибесі»(1798ж.), К.Маркс (1818-1883жж.) «Капитал» (1867ж.) сияқты еңбектерінде қолданды. Ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізуге неокласикалық мектептің өкілдері.У.Джевонс (1835-1882жж.) пен Л.Вальрас (1834-1910жж.) белгілі үлес қосты. Ұлттық есеп-шот жүргізу теориясының дамуына Дж. М. Кейнс (1883-1946жж.) пен С.Кузнец (1901-1983жж.) айтарлықтай еңбек сіңірді.
Өнеркәсібі дамыған барлық елдерді шалқасынан түсірген «Ұлы тоқырау» деп аталған 1929-1933-ші жылдардағы экономикалық дағдарыс макроэкономикалық талдаудың қажеттілігін көрсетті.Сондықтан ұлттық өнім құрылуының факторларын, жұмыссыздық пен инфляция сауалдарын, экономикалық өсу қарқынын және ұлттық өндіріс көрсеткіштерін болжай білу тек ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу арқылы шешіледі. Осы кезден бастап ғалымдар экономика нәтижесіне баға беру мәселесін және ұлттық табысты есептеуді біліп - зерттеумен қоян - қолтық айналыса бастады.
Қазіргі ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізуді (ҰЕшжЖ) жасаудың тәжірибелік жұмыстарын ағылшын экономисі Р.Стоун (1913ж.) енгізді.Алғашқы рет оның ҰЕшжЖ сызбасы 1953-і жылы БҰҰ - ның статистикалық бөлімінде басылып шықты. Ұлттық есеп-шот оның жүйесін деметрикалық түрде бейнелеген, онда әрбір есеп - шот көлденең (табыс) және тік (шығын) матрицаларда көрсетілген. Ұлттық есеп - шот жүйесін құрудағы ертеректегі талпыныстан Р.Стоун ұсынған айырмашылық сол. Ол алғаш рет макродеңгейде екі еселей жазу принципінің «қоғамдық матрицаларда» қолданды. Стандарттық сипаттамалар - ұлттық өнім, тұтыну, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылымы мен оның қызмет жасау процесінде толыққанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда сондай - ақ қаржы балансы, ұлттық есеп - шот жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесі енген.
Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіш-терінің ең маңыздысы: жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім, жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс болып табылады.
Экономикалық әдебиетте және шаруашылық тәжірибеде қоғамдық өнімнің мөлшерін анықтауда дәстүрлі көзқарас бойынша, қызмет көрсетудің материалдық емес өндірісі оған енбейді. Бұл өнім жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім (ЖКӨ) болып аталады. Дүниежүзілік шаруашылық тәжірибеде қалыптасқан келесі көзқарас бойынша, қоғамдық өнім мөлшерін есептегенде мынаны ескереді: өндірілген өнім массасы материалдық өндіріс өнімінің ғана емес, сондай - ақ қызмет көрсетудің материалдық емес өндіріс қызметтерін де ендіреді. Бұл өнім жалпы ішкі өнім болып табылады.