- •1 Тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі.
- •2 Тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі
- •3 Тақырып. Экономиканың негізгі ұйымдастыру формалары
- •4 Тақырып. Экономикалық жүйелердің үлгілері және өтпелі экономиканың заңдылықтары.
- •5 Тақырып. Нарықты экономиканың мәні және қызмет атқару механизмі
- •6 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •7 Тақырып. Капиталдың айналымы және қайтармалы айналымы
- •8 Тақырып. Фирманың (кәсіпорынның) шығындары және табысы
- •9 Тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде
- •Экономикалық теория
- •Тестілер
- •1. Экономикалық заңдар дегеніміз:
- •2. Ғылыми методологияның мәні:
- •2.1. Меншіктің экономикалық және құқықтық негізі
- •2.2. Меншіктің құрылымы мен формалары
- •2.3. Меншіктің көп түрлілігінің объективті қажеттілігі
- •Қазақстан Республикасындағы меншіктік қатынастардың қайта құрылуы
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •Тестілер
- •Тауар және оның қасиеттері
- •Ақшаның пайда болуы, мәні және теориясы
- •Ақшаның қызметтері
- •3.5. Ақша мен ақша айналымының эволюциясы
- •Негізгі терминдер
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •4.2. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары
- •4.3. Қоғамдық өндіріс факторлары және нәтижелері
- •4.4. Жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс
- •Жаңа терминдер мен негізгі түсініктер
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •Тестілер
- •6. Келесі анықтамалар экономикалық өсудің қандай түрлеріне (экстенсивті және интенсивті) жатады?
- •5 Тақырып. Кәсіпкерлік қызмет, оның мәні және формалары
- •5.1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және оны сипаттайтын ерекшеліктері
- •5.2. Фирма және кәсіпкерлік
- •Кәсіпкердің сатып алушы алдындағы жауапкершілігі
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •Жұмыспен қамту, жұмыссыздық нысандары және түрлері
- •Оукен заңы және жұмыссыздық деңгейін мемлекеттік реттеу
- •Мұны Сіз білуге тиіссіз
- •Тестілер
- •7.1 Кесте Кәсіпорын қорларының құрылымы
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •8 Тақырып. Фирма (кәсіпорын) шығындары және табысы
- •8.1. Фирма шығынының құрылымы және пайда
- •3. Тиімділік масштабы
- •Қорытынды
- •Терминдер және түсініктер
- •9 Тақырып. Ұлттық экономика - жүйе ретінде
- •9.1. Ұлттық есеп-шотты жүргізу - қоғамдық өндірістің нәтижесі ретінде
- •9.2. Жиынтық қоғамдық өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі
- •9.3. Жалпы ішкі өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі
- •9.4. Ұлттық байлық: құрамы, құрылымы және оны өлшеудің тәсілдері
- •Категориялар мен терминдер
- •10 Тақырып. Жалпы экономикалық тепе-теңдік жӘне оНың бұзылуы
- •10.1 Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс
- •10.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның орындалуы
- •11 Тақырып. Ауытқу - экономикалық
- •11.1 Ауытқу - экономиканың жалпыға
- •11.2. Экономикалық цикл теориясы
- •11.3. Қазіргі кезеңдегі ауытқулық ерекшеліктері
- •11.4. Мультипликатор – акселератор өзара әрекет ету тұжырымдамасы
- •11.5. Ауытқуға қарсы мемлекеттік реттеу
- •Қайталау үшін сұрақтар
- •Тестілер
- •1. Процестердің қайсысы құлдырау сатысына (фазаға) жатпайды:
- •3. Индукциялық (индуцированных) инвестиция-лардың пайда болуы немен байланысты?
- •6. Процестердің қайсысы көтерілу сатысына (фазаға) жатпайды:
- •12 Тақырып. Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе-тенд1к теориялары
- •12.1. Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары
- •12.2. Экономикалық өсу теориялары. Мультипликатор және акселератор эффектісі
- •Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері
- •Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары
- •13 Тақырып. Экономикадағы мемлекеттің рөлі
- •13.1. Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі және маңызы
- •13.2. Экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілepi (эмр)
- •Эмр классикалық үлгісі
- •13.3. Шаруашылық мүдделерін орындаушылар (субъектілер)
- •13.4. Экономиканы мемлекеттік реттеу (эмр) объектілері және функциялары
- •13.5. Экономиканың мемлекеттік реттеудегі құралдары мен әдістерінің қажеттілігі
- •Сіз білуге тиіссіз
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •14.2. Халықаралық еңбек бөлінісі
- •14.3. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі түрлері
- •14.4. Халықаралық валюта – несие қатынастары
- •14.5. Технологиялардың әлемдік нарығы
- •14.6. Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •Мазмұны
4.2. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары
Өндіріссіз экономика жоқ және әлемдік экономиканы талдамай тұрып, оның негізі болып саналатын өндіріс туралы түсінік болу керек. Материалдық игіліктерді өндіру - адам мен табиғаттың өзара әрекетін, шаруашылық қызметі процесіндегі адамдар арасындағы өзара әрекетін көрсететін адам өмірі мен қоғамның негізі.
Өндіріс - адамдардың мақсатты шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Бұл адамдарды - материалдық, әлеуметтік, интеллектуал-дық ресурстарды пайдалануға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адамдар мен қоғамды қанағаттандыру қажеттіліктерін таңдауға итермелейді.
Таңдау экономикалық категория ретінде бұл - өндіру, сату және сатып алу болып саналады. Бұл міндет (таңдау) кез келген қоғамда оның әлеуметтік-саяси құрылысына қарамастан қарастырылуы тиіс.
Нені өндіру керек – яғни қандай байлық, қандай сапада және қанша өндірілуі тиістігі шектеулі ресурстармен байланысты болады.
Қалай өндіру керек - бұл қандай шектеулі ресурстардан және қандай комбинациялардан, билікті қандай технологияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдайды.
Кімге және қанша өндіру керек - бұл адам қажеттілігі шектеулі болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы болып табылады.
Мұндай күрделі проблемаларды шешу үшін шаруашылық субъектілері өзара байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары - жер, еңбек, капитал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар туралы деректерге ие болуы тиіс.
Өндіріс ресурстары - бұл тауарлар мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.
Ресурстар төрт түрлі болады:
1. «Табиғи» - өндірісте қолдану үшін әлеуметтік, пайдалы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қалпына келтіретін» немесе «қалпына келтірмейтін» болып ажыратылады.
2. Материалдық» - бұл өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған инструменттер, машиналар, сарқылатын шикізаттар.
3. «Еңбек» - «әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік-біліктілік және мәдени білім беру» параметрлері бойынша бағаланатын еңбекке қабілетті халық.
4. «Қаржылық» - қоғам өндірісті ұйымдастыру үшін ақша қаражаттарын бөлуі болып табылады.
Кез келген қоғамға тән табиғи, материалдық, еңбек ресурстары «базалық» деп аталады. Қаржылық ресурстар өндірістің экономикалық сатысында базалық ресурстарға қосылады, сондықтан да кәсіпкерлік қызмет және ақпаратпен бірге туынды факторларды құрайды.
Өндіріс факторлары - бұл өндіріс процесіне ресурстардың алуан түрлерін шынайы түрде біріктіруді білдіреді. Ресурстар бір-бірімен өзара байланысты, олардың комбинациясы жағдайында ғана факторларға айналады, сондықтан да өндіріс - алуан түрлі факторлардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі болады.
ҒТП-ның дамуымен байланысты ресурстардың саны өсетіндігіне қарамастан, экономикалық теория өндірістің төрт негізгі факторларын: жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлікті бөліп көрсетеді.
Өндіріс факторларының нарығы ресурстарға деген сұраныс өндірістік қайталама сипатын білдірсе де, сұраныс пен ұсыныс әртүрлі субъектілер арасындағы шектеулі ресурстарды бөлуді реттейді. Дегенмен, түпкі тұтыну үшін өнім неғұрлым қажет болса, осы ресурстарға деген сұраныстар да солғұрлым жоғары болады. Барлық ресурстар өндіріске белгілі бір комбинацияларда, өзара толықтыру және өзара алмастыру түрінде ғана қатысады. Машинкалар мен құрал-жабдықтарды табиғи (жанды) еңбекпен, оған керісінше ауыстыруға болады, ал табиғи материалдарды - жасанды еңбекпен ауыстыруға болады. Сондықтан да ресурстар бағасының өзгеруі, әрқашанда өзге ресурстар бағасының өзгеруіне әкеліп соғады. Жер өндіріс факторы ретінде өндірістік процесте бүкіл пайдаланылатын табиғи ресурстарды білдіреді. Бірсыпыра салаларда (аграрлық пен өндіруші және т.б.) жер тікелей шаруашылық жүргізу объектісі еңбек «заты» мен «құралы» ретінде түсіндіріледі. Одан өзге, «жер» өндіріс факторы қызметінде меншік объектісі ретінде қатысады.
Капитал - өндіріс факторлары жүйесіндегі материалдық және қаржылық ресурстар.
Еңбек - тікелей өндіріс процесімен айналысатын халықтың белсенді бөлігі.
Кәсіпкерлік - «еңбек» факторының бір түрі, табысты өндіріс ұйымдастыру қабілеті, нарық конъюктурасын басқара білу, тәуекелге бару және экономикалық проблемаларды шешу.
Нарықтық экономикада өндірістің әрбір факторы оның меншік иелері арқылы көрсетілген, сондықтанда, өндіріс «қоғамдық процесс» саясатына ие болады және меншік иелері арасындағы қарым-қатынас арқылы өндіріс факторларын көруге болады. Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғамдық жиынтық өнім мен табыс алудағы әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып, оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік жасайды.