Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-15 Практикалы саба ЭКОЛ.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.13 Mб
Скачать

Практикалық сабақ №2

Тақырыбы: Особьтар экологиясы-аутэкология. Негізгі тіршілік орталары және олардың сипаттамасы.

Мақсаты: Ағзаның мекен ету ортасына бейімделішіліктерімен танысу, олардың құрылысына мекен ету ортасның әсерін анықтау

1-тапсырма. Жануарлар дүниесінің үш өкілін қарастырыңыздар: құрлық сүтқоректілері, құстар, балықтар

а) ұсынылған жануарлардың сыртқы құрылысына мекен ету ортасымен байланысты ерекшеліктерді көрсетіңдер

ә) биология курстарынан алған білімдеріңізді пайдаланып осы ағзалардың сыртқы құрылымдық ерекшеліктерін мекен ету ортасына бейімдеушілік ретінде қарастырыңыздар

2-тапсырма. Өсімдіктер дүниесінің үш өкілі: ксерофит (кактус, алоэ), гидрофит (элодея), гигрофит (ылғалдылығы жоғары ауа мен топырақта тіршілік ететіндер – попоротниктер, монстера)

а) осы өсімдіктерге тән сыртқы құрылымдық ерекшеліктерін көрсетіңдер

ә) биология курсынан өткенді еске түсіріп, тіршілік ету жағдайларына байланысты өсімдіктердің сыртқы құрылыманы қандай ерекшеліктер тән екендігін анықтаңдар

3-тапсырма. жергілікті жерлеріңізде кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың 6-8 түрін жазып көрсетіңіздер

а) көп кездесетіндер (атаулары, саны)

ә) аз кездесетіндер (атаулары, саны)

4-тапсырма. қоршаған ортаның өқолайсыз жағдайларына бейімделудің үш негізгі түрі: бағыну, қарсы тұру және осы жағдайлардан қашықтау. Төменде берілгендердің қандай түрлерге жататынын анықтаңдар

а) ұя салатын Солтүстік аудандардан қыстауға Оңтүстік аудандарға күздік қайтуы

ә) қоңыр аюлардың қысқы ұйқыға кетуі

б) поляр үкісінің -40 0С температурада белсенді тіршілік етуі

в) температура төмендегенде бактерияның спора күйіне өтуі

г) күндіз +37 0С-тан +41 0С-қа дейін түйе денесінің ысып және таңға қарай +35 0С-қа дейін салқындауы

д) адам моншада +100 0С температурада болса да, оның ішкі температурасы +36,6 0С өз қалпында қалады

е) +80 0С шөлдегі кактустың көтерілуі

5-тапсырма. Түлкінің дене температурасы бірқалыпты (+38,6 0С). Қоршаған ортаның температурасы -80 0С-тан + 50 0С-қа дейінгі диапазонда ауытқыса да, дене температурасы тұрақты болып қалады. Түлкінің тұрақты температурасын ұстап тұруына байланысты көмектесетін бейімделушіліктерді атаңыздар

6-тапсырма. Бактерииялар тез көбеюге қабілетті. Әрбір жарты сағат сайын бір жағдайда орналастырсақ, әрбір тәулік ішінде оның саны 281, 474, 976, 710, 700 жасушаға жетеді. Мұндай мөлшерлі бактерияның 0,25 литр стаканды толтырады. Бактерияның 0,5 литр көлемді толтыруға қанша уақыт кетеді?

а) бір тәулікте

ә) екі тәулікте

б) бір сағатта

в) жарты сағатта

Бақылау сұрақтары:

1. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі.

  1. Молекулалық деңгей

  2. Жасушалық деңгей

  3. Ұлпалық деңгей

  4. Мүшелік деңгей

  5. Ағзалық деңгей

  6. Популяциялық деңгей

  7. Биоценоздық деңгей

  8. Биосфералық деңгей

2. Организм және тіршілік ету шарттары.

3.Негізгі тіршілік орталарына байланысты организмдердің экологиялық топтары.

1. Геобионттар, геофильдер, геоксендер.

2. Гидробионттар, планктондар, нектондар, бентостар, плейстондар, нейстондар.

3. Паразитизм түрлері-пәтершілік, жыртқыштық, кездейсоқ ену.

4. Паразиттер және олардың түрлері - эндопаразиттер, эктопаразиттер

4. Қоршаған орта түсінігі. Тіршілік орталарының негізгі қасиеттері мен ерекшеліктері.

Әдебиеттер:

  1. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003

  2. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы,2004.

  3. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, «Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.

  4. Оспанова Г., Бозшатаева К.С. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000ж.

  5. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.

Практикалық сабақ №3.

Сабақтың тақырыбы: Организмдердің қоршаған ортаға экологиялық бейімделуі.

Мақсаты: Экологиялық факторлар және олардың түрлерімен, абиотикалық факторлардың ағзаларға әсер ету механизмімен, танысу

  1. тапсырма. Оқулықтар мен карталарды пайдаланып, кесте құрастырыңдар.

Ылғалдылық пен температураға байланысты өсімдіктердің таралуы.

Табиғат зоналары

Температураның жоғарылауы немесе төмендеуі

Жылдық жауын-шашын мөлшері (мм.)

Тундра

Тайга

Орманды дала

Дала

Шөлейт

Шөл

Тропиктік ормандар

Экваторлық ормандар

2 тапсырма

Кестенің мәліметтерін пайдаланып, температура мен жауын-шашынның таралуына әсер ететін абиотикалық факторларды анықтаң

3 тапсырма.

Төменде берілгендерді абиотикалық, биотикалық, антропогенді факторлар бойынша жіктеңдер. (жыртқыштық, ормандарды кесу, ауаның ылғалдылығы, ауаның температурасы, паразитизм, жарық, ауаның қысымы, бәсекелестік, зауыттар шығарған көмірқышқыл газының қалдығы, судың тұздылығы).

4 тапсырма.

Берілген жағдайларды шектейтін факторларды анықтаңдар.

1) Мұхиттың 6000м тереңдігінде өсімдіктер үшін: су, температура, көмірқышқыл газ, судың тұздылығы, жарық.

2) Жазда шөлдегі өсімдіктер үшін: температура, жарық, су.

3) Қыста ормандағы торғайлар үшін: температура, қорек, ауа, ауаның ылғалдылығы, жарық.

4) Қара теңіздегі өзен шортандары үшін: температура, жарық, корек, судың тұздылығы, ауа.

5) Солтүстік тайгадағы қабандар үшін: температура, жарық, қорек, ауа, ауаның ылғалдылығы, қар жабындысының биіктігі.

5 Тапсырма. Гомойотермділердің пойкилотермділерден артықшылығын дәлелдеңіздер. Гетеротермді ағзалар. Термофильді, криофильді ағзаларға түсінік беріңіздер.

6.Тапсырма. Қоршаған ортаның температурасына байланысты қанқызы санының өзгерісі (1 сурет) берілген, сол арқылы:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]