Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_Euraziashyldy_1179_zharatylystanu.doc
Скачиваний:
71
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
692.74 Кб
Скачать

Семинар№10

Семинар тақырыбы: «ТМД елдерінің саяси-экономикалық өзара ынтымақтасу үдерісіндегі еуразияшылдық идясының орны және маңызы»

Мақсаты: ТМД елдерінің саяси-экономикалық өзара ынтымақтасу үдерісіндегі еуразияшылдық идясының орны және маңызын айқындау.

Сабақ нысаны: пресс-конференция

Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасымен еуразиялық ықпалдасудаға қатысты жүзеге асырылған іс-шаралар

  2. Еуразиялық идеясының поскеңестік мемлекеттерде дамуы.

Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары:

  1. «Еуразиялық ықпалдасу: қазіргі даму үрдісі және жаһандану» тақырыбында баяндама әзірлеу.

  2. «Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық ұйымдар» кестесін құру.

Әдебиеттер тізімі:

1. Сыздықов С. Еуразия идеясы мен практикасы жаңа белесте // Егеменді Қазақстан, 2010 жылғы 18 мамыр.

2. Нысанбаев А. Н., Абенов С. М., Бакаев Л. К. и др. Евразийская интеграционная политика Республики Казахстан: проблемы и перспективы. Алматы: Ақыл кітабы, 1998.

3. Іңкәрбаев Е. Еуразия идеясының бастаулары // Саясат.- 1998, қараша-89-94 бб.

4. Тулегенов Е. М. Еуразиялық одақ идеясының Қазақстанда жүзеге асырылуы. Тарих ғылымдарының кандид. атағын алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты, Алматы, 2010.

Семинар№11

Семинар тақырыбы: «Қазақстан және еуразиялық интеграция»

Мақсаты: Қазіргі кездегі еуразиялық интеграциялық үрдістер мен ЕурАзЭҚ мәселелері мен болашағын қарастыру.

Сабақ нысаны:ауызша сұрау

Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  1. Еуразия кеңістігіндегі Бірыңғай экономикалық кеңістік: ЕурАзЭҚ, Кеден Одағы.

  2. ЖаҺандану жағдайындағы еуразиялық интеграциялық үдерістер.

Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары:

  1. «Қазақстан республикасы және ЕурАзЭҚ: мәселелері мен болашағы» атты тақырыпта тарихи эссе жазу.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Мансуров Т.А. Бизнес в ЕврАзЭС в условиях Таможенного союза и Единого экономического пространства. «Литер», Казахстан, 26 сентября 2011 г.

  2. Путин В.В. Новый интеграционный проект для Евразии — будущее, которое рождается сегодня // «Известия», 3 октября 2011 г.

  3. Лукашенко А.Г. О судьбах нашей интеграции // «Известия», 18 октября 2011 г.

  4. Назарбаев Н.А. Евразийский Союз: от идеи к истории будущего // «Известия», 26 октября 2011 г.

Глоссарий

Абсолютизм-ел билеушінің барлық мәселені шешуге заңды құқығы бар режимдерде қолданыла бастады. Негізінен Франция королі Людовик XIV билеген кезеңінде ерекше қолданылды.

Авторитаризм-билеушілер өзінің қарамағындағылардан тек «ләббай, тақсыр» дей беруді талап ететін басқару стилі.

Агрессиялық отарлау – отарлаушының бір мемлекетке күшпен енуі, халықтың еркіндігіне қол сұғу және күш көрсету арқылы.

Аль-Кайда- Мұсылман елдеріндегі террористік ұйым. Идеялық көсемі Усаме-бен Ладен.

Анархия-орталықтандырылған үкіметтің болмауы. Мемлекет ішіндегі әлеуметтік қатынастарды иерархия түрінде мемлекеттік құрылымдар немесе басқа әлеуметтік институттар реттеуі.

Аристократия-таңдаулылардың басқаруы. Таңдаулылар анықталатын немесе сайланатын өлшемдер сан алуан болуы мүмкін.

Буржуазия – капиталистік қоғамның үстем табы, өзінің жеке өнеркәсібі бар және жалдамалы жұмысшылардың еңбегі арқасында байыған тап.Алғашқы кезде термин жай ғана қалаларда тұратын адамдар жөнінде қолданылатын.

Деспотизм- бір адамның авторитарлық билігі

Доминион- қазіргі ағылшын тілінен бастапқы кезеңінде «power» сөзінің синонимі болған бұл термин, кейінірек жоғарғы билеушінің билігі таралатын кез келген мемлекетті білдіреді.

Идеология- адамдардың белгілі бір әлеуметтік тобы айналадағы дүниеге түсініктеме беретін бірқатар тиянақты да өзара байланысты идеяларды айтуға болады

Империализм- бір елдің немесе бір топ адамдардың басқаларға, солардың есебінен үстемдік жүргізуі және басқаруы

Интеллигенция-19 ғасырдағы Ресейдегі реформаторлардың көпшілігі секілді саясатпен айналысқан зиялыларды меңзейтін орыс сөзі

Капитализм - Өндіріс құралдары мен жалдамалы жұмыстың капиталистермен иеленушілік етуіне негізделген әлеуметтік құрылым. Қоғамды ұйымдастырудың тауар өндіруді орнықтыруға негізделген, жеке меншік пен өндіріс құралдарына бақылау сақталған белгілі нысанын білдіреді.

Коалиция – мемлекеттердің халықаралық аренада саяси немесе әскери тұрғыдан құрылған одағы. Жекелеген ойыншылардың (саяси партиялар секілді) сайлауда ұтып шығу үшін немесе соғысты жеңу үшін жасалған қандай да бір комбинациясы.

Коммунистік партия-осылай аталуына қарамастан «комунистік партия монифесінде коммунистер жұмысшы табының басқа партияларына қарсы тұратын бөлек партия құрмайды» делінген.

Конституция- мемлекеттің немесе көпмемлекеттік органның саясатын бір ізге түсіретін негізгі ережелер жиынтығы

Монархия- мемлекттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі

Отарлау – қандай да бір тәуелсәз елді әскери, экономикалық немесе саясм жолмен өз отарына айналдыру.

Отаршылдық саясат - күшті державаның өзінің аумақтық бақылауын неғұрлым әлсіз елге немесе халыққа тартатын саясаты

Протекторат- күшті мемлекетің әлсіз мемлекетті формальді түрде қамқорлыққа алуы

Революция- бұрыннан бар тәртіпті құлату, мемлекеттік биліктің бір басшылықтан екіншісіне өтуін білдіреді және әлеуметтік-экономикалық қатынастар құрылымын түбегейлі қайта құруды көздеуі мүмкін

Феодализм- васслдар сеньорды мойындап, сол үшін соғысатын, есесіне сеньор оларды қорғап, жер иелену құқығын беретін қоғам

Шарулар- қоғамдық жағдайы төмен, ауыл шаруашылық еңбегімен айналысатын адамдар тобы

Экспансия (лат. expansion – тарату) – монополистік бірлестіктер, капиталистер тобы мен капиталистік елдердің өз үстемдігін экономикалық және экономикалық емес тәсілдермен ұлғайту.

Эксплуатация (фр. еxploitation) – жұмысшы таптарын жоғары таптармен жұмысқа салып, еңбегін пайдалану.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]