Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_Euraziashyldy_1179_zharatylystanu.doc
Скачиваний:
71
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
692.74 Кб
Скачать

Дәріс 3. Хх ғ. Басындағы қазақ қоғамдық ой-пікір еуразияшылдық контексінде

Мақсаты: Алаш зиялыларының Еуразиялық идея бойынша айтқан ой-пікірлері. Негізгі қағидаларына түсінік беру.

  1. Алаш қозғалысының қалыптасып, дамуы.

  2. Алаш идеологиясы еуразияшылыдқ идея контексінде.

Негізгі түсініктер: «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш идеясы, «Қазақ» газеті.

Әдебиеттер тізімі:

Нұрпейісов К. Алаш және Алашорда тарихының зерттелуі хақында.//Қазақ тарихы.-1994.№1.-7-16-Б.

Қозыбаев М. История и современность.-Алма-Ата: «Ғылым», 1991

Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда.-Алматы: «Ататек», 1995.

Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.-Алматы: Санат, 1995.-16-Б.

  1. Алаш қозғалысы «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш идеясы бүгінгі таңда

қазақ тарихының күрделі әрі көкейкесті мәселелері болып саналады. Жоғарыда аталған күні кешеге дейін лайықты бағасын ала алмай келген ұғымдар қазақ қоғамындағы ұлттық оянудың, ұлттық сана қалыптасуының өзінше бір көрсеткіші іспетті. «Алаш» партиясын құру мен Алашорда үкіметін қалыптастыру жолындағы жанқиярлық еңбегі нәтижесінде «Алаш арыстары» ардақты есімін иеленген зиялы қауым тарих сахнасына көтерілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ. Жүз жылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіретімен қатар өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаматтық Һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес»- деп ерекше бөліп көрсеткен еді.

1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» ұлттық саяси партиясы құрылып, басшы органдары сайланды. Партияның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. қазақ зиялылары енді.

1917 жылы қараша айында «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жасалынып, жоба «Қазақ» газетінде басылды. Бағдарлама негізгі 10 бөліммнен тұрды.

1917 жылы 26-29 қарашада Қоқанда (Түркістан) өткен өлкелік ІҮ мұсылмандар съезінде Қоқан (Түркістан) автономиясы құрылады. Премьер-министрі- М. Тынышбаев, Сыртқы істер министрі- М. Шоқай. Мұндағы идея - Тұтас Түркістан мемлекетін құру болды. Территориясының құрамына Жетісу және Сырдария облыстары енді.

1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда ІІ Жалпықазақ съезі өтті. Съезде Алашорда автономиясы жарияланып, Алашорда үкіметі құрылады. Үкіметке 25 орын беріліп, 10-ны қазақ емес басқа ұлт өкілдеріне берілді. Көшбасшылары: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар, Х. Ғаббасаов т.б. болды. Үкімет Төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді.

Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін (Орал, Жымпиты) Халел және ЖаҺанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін (Семей, Алаш- қазіргі Жаңа Семей қаласы) Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917 ж. 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді.

Табиғатынан дарынды жаратылған бұл буын өкілдері қазақы тал бесікте тербетіліп, исламның иманды бұлағынан нәр алып, мұсылманша хат танып, одан кейін жәдитше, орысша оқып, орта, жоғары дәрежелі білім алған: Орынбор, Омбы, Семей, Алматы, Ташкент, Уфа, Қазан, Мәскеу, Петербор секілді шаһарлар тәрбиесін көрген, өз заманының көзі ашық зиялылары. Бұлар мұғалімдік, инженерлік, заңгерлік, экономистік, дәрігерлік секілді сан алуан мамандық иелері. Түркі, славянды былай қойғанда, араб-парсы, ағылшын, неміс, француз секілді жеті жұрттың тілін меңгерген. Күрес жолына шыққан кезде бұл ерлердің бес қаруы сай еді. Сол замандағы кез келген озық елдің зиялыларынан асып түспесе, кем соқпайтын, әртүрлі ғылым негіздерін меңгерген, сегіз қырлы, бір сырлы тұлғалар еді. Алаш қозғалысына қатысып, Алаш партиясын құрысып, Алашорда өкіметін жасаған қайраткерлер ішінен қазақ әдебиетінің алтын діңгек, сом тұлғалары шықты. Отаршылдықпен шайқас, артта қалушылыққа қарсылық, надандықты мансұқ ету, азат, тәуелсіз демократиялық, дербес мемлекет құруды биік нысана ету, белгілі бір тап мүддесі емес, жалпы ұлт мақсаты үшін күресу, өркениетті нысана тұту – бұл ағымда болған ұлылы-кішілі азаматтардың баршасының дүниетанымына ортақ, етене қасиет сапалар еді.

  1. «Түрік» атты түп тамырдан тараған қандас туысқан халықтардың қалыптасу, даму

жолының үлкен тарихы бар. Ежелгі замандық қытай, армян, парсы, араб елдерінің тарихына қатысты жазбалар мен араб және Ауропа (Еуропа) саяхатшыларының бектерінде Тұран, Түркістан аталатын елдің Әмудария өзенінен солтүстікке қарай Каспий теңізі мен Орал тауынан Алтай өлкесіне, одан Қытайға барып, шектесетін аралықтағы үлкен кеңістікті қамтитындығы көрсетіледі. Ал, ІХ-Х ғасырларда жазылған араб саяхатшыларының жазбаларында Сырдария өзенінен шығысқа қарай созылатын мекендер кіретіндігі аталады.

Түркі халықтарының ежелгі мемлекеттік-мекендік, тілдік-этностық осындай тұтастық дәстүрлерін жақсы білетін ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының жырларында түркі халықтарының туысқандық-қандастық ерекшелігін бейнелеуде «Алаш жұрты», «Түркістан» сөздері тұрақты қолданысқа айналды. Әсіресе, ағартушы, ойшыл, ұлтжанды ақындарымыз Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Сұлтанмамұт Торайғырұлының және т.б. ақындарды атауға болады.

«Көп түрік енші алып тарасқанда

Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?» (Мағжан Ж.)

Мағжанның «Пайғамбар», «Тұранның бір бағында», «Түркістан» деген өлеңдерінде Тұран, Алаш елінің бір кездері «Суы- күміс, жібек- қыры» бар кең далада тұлпарларға мініп, алты құлаш ақ найзаны белге байлап, алдаспанды қолға нық ұстап Сарыарқада сауық-сайран құрған күндерін жырлайды. Әә»Пайғамбар» өлеңінде:

«Ерте күнде отты Күннен Гун туған,

Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам,

Жүзімді де, қысық қара көзімді,

Туа сала мен жалынмен жуғам,

Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,

Мен- Күнұлы, көзімде Күн нұры бар,

Мен келемін, мен келемін, мен келем,

Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар!»

«Ғаскер» өлеңінде Жүсіпбек А.:

«Арғы атам Ер түрік,

Біз қазақ еліміз!

Самал тау, шалқар көл,

Сарыарқа жеріміз,

Сай-сайлап, мал айдап,

Ерке өскен Арқаның Еркесі серіміз».

«Алаштың» басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл біздің қазіргі жедел жаңғыру, яғни модернизация бағытымызға да сай келеді»деген болатын Елбасы.

Алаш қайраткерлерінің түп қазық идеясы – қазақ мемлекеті. Ол үшін ата-баба қанын төгіп қорғаған, сақтап қалған, мыңжылдар бойы ешқайда көшпей, тұрақты мекен еткен жерді бөлшектемей, жатжұртқа таптатпау, сатпау, жерден айрылғаның барлық байлықтан, дәулетіңнен, құт-берекеңнен айрылу, өлу, өшу деген сөз; мемлекеттік басқару дәстүрлерді сақтай отырып, алдыңғы қатарлы Еуропа, Америка, Жапония үлгісіндегі қағидаттарға негізделген демократиялық сайлаушылар арқылы жасалған жүйелермен жүру керек; бұл ретте ешкімнің нәсіліне, жынысына, дәулетіне байланысты шектеу жоқ; шикізат емес, ұқсатып жасаған, пайда әкелетін өнім шығару мемлекет әрекетінің ең бірінші шарты; қазақ тілін дамыту, оқулықтар, сөздіктер жасау, мектептер, университеттер ашу; өз ақшасын шығару, әскер құрып, елді – мемлекетті қорғау керек.

Белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелдиев «Алаш» сол кездегі еуропалық үлгідегі ұлттық демократиялық партия болған. Партияның басты құжаты саналатын бағдарламасының өзі сол тұстағы батыстағы кез келген партияның бағдарламасынан кем болмаған», - дейді.

«Түбінде еліміз егемендігін алады. Өз алдына дербес мемлекет болады. Мемлекеттілігімізді алған кезде ең бірінші болып Қараөткелде университет саламыз» деп мақсат еткен болатын алаш арыстары.

ХХ ғасыр басындағы озық ойлы қазақ зиялыларының бұл асыл армандары ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен 1997 жылдың 10 желтоқсанынан республика астанасы болып бұрынғы Ақмола қаласының жаңа астана болып жариялануымен және 1996 жылғы мамыр айындағы Президент Жарлығымен еуразиялық үлгідегі ұлттық университеттің құрылуымен толық жүзеге асты дер едік.

Бүгінгі күні қазақтың ұлан-ғайыр даласының дәл төсінде бой көтерген Астана қаласы еліміздің ұлы мұраттары мен игі бастамаларының ұйытқысына айналса, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық деңгейлі заманауи жоғары оқу орны болып саналады.

Ұлттық білім ордасын Еуразияның бел ортасында орналасқан Қараөткелде ашуды жоспарлаған алаш зиялылары білім және ғылым саласы турасында «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының «Ғылым-білім үйрету» деп аталынатын ІХ бөлімінде оқу орындарында білім алу жалпы халыққа қол жетімді, әрі тегін болуын, бастауыш мектептерде ана тілінде оқыту, ұлттық орта мектептер мен университет ашу қажеттігін көрсете келе, одан әрі: «оқу жолы өз алды автономия түрінде болуы; хүкмет оқу ісінде кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өз ара сайлаумен қойылуы» деген оқу-білім мәселесіне қатысты белгілеген басты бағыттар қазіргі күнгі әлемдік білім беру деңгейіне сәйкес келетін негізгі талаптар екендігіне көз жеткіземіз. Ендеше, біздің ұлттық зиялыларымыз осыдан 90 жыл бұрын озық тәжірбиелі шетелдік білім беру жүйесін таңдаған. Өйткені, Алаш идеологиясының түпкі мәнісі «Жұртта білім болса, байлық, құрмет, барша рахат та табылмақшы. Егерде білім, өнер жоқ болса, дүниедегі кеңшіліктің бәрінен де құр қалып, көрінгенге жем болып, шөліркеп, азып-тозып бітпекші» дегенге сайып келді.

«Алаш» ұстанымы - халық ұстанымы, ұлт ұстанымы. Қазақ қанша өмір сүрсе «Алаш» сонымен бірге өмір сүретін болады. «Алаш» идеясы - халықтың құндылықтарын сақтау, оны ұрпаққа жеткізу идеясы. Ал біз үшін ең үлкен құндылығымыз ол біздің атамекеніміз - қазақ жері, оның асты-үсті байлығы. «Алаш» идеясы сол қазақтың асты-үсті байлығын ұрпаққа жеткізу үшін жасалған идея. «Алаш» зиялылары ондаған жыл бойы осы мақсат үшін күресті. «Алаш» зиялылары қазақ халқының өз мемлекет тәуелсіздігін алу үшін тер төкті. «Алаш» көсемі Әлихан Бөкейхановтың: «Мемлекеттігі жоқ халық - жетім халық» деген қанатты сөзі содан қалса керек-ті. Мемлекеттігі жоқ халық, қорқақ халық, жалтақ халық деген сөз. «Алаш» зиялылары мемлекет үшін, ұлт үшін күресті.

Қазақтың сан ғасырлық күрделі тарихында Алаш қозғалысының орны ерекше екендігін түйсіне отырып, ұлт-азаттық ұлы қозғалысқа айналған осы оқиғаның маңызы мен мәнін таразылау – қазіргі тәуелсіздік мұраттарымен байланысты екендігі белгілі. Осы орайда біз бұл мәселеде Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті... Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді. Алаштың асыл аманаты бізді ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады» деген ұлағатты сөздерін басшылыққа алуымыз қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]