Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.Кинематика.doc
Скачиваний:
61
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
122.37 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтар

  • Материалдық нүкте деген не? Санақ жүйесі деген не ?

  • Орын ауыстыру векторы деген не? Орын ауыстыру векторы әрқашанда жүрілген жол ұзындығына тең бола ма? Бағыттары қандай болады?

  • Ілгерілемелі қозғалыс, айналмалы қозғалыс деген не ?

  • Үдеудің тангенциал және нормаль құраушыларын түсіндіріңіз. Олардың модульдері неге тең ?

  • Нормаль, тангенциал үдеулері болмайтын қозғалыс бола ма? Мысал келтіріңіз.

  • Бұрыштық жылдамдық, бұрыштық үдеу деген не? Олардың бағыттары қалай анықталады?

  • Сызықтық және бұрыштық шамалар арасындағы байланысты көрсетіңіз.

Тапсырмалар

1.1. Материалдық нүктенің түзу сызықты қозғалысы үшін үдеуінің теңдеуі берілген: а=A+Bt+Ct2, (A=8м/с2, B=4м/с3, C=14м/с4). Материалдық нүктенің тыныштық қалпынан қозғалысқа келгеннен соң 15с уақыт өткеннен кейінгі жылдамдығы мен жүріп өткен жолын анықтаңыз.

1.2. Радиусы R болатын дөңгелектің айналмалы қозғалысының теңдеуі берілген: =A+Bt+Ct3, (А=5м/с2, В=2м/с3, С=3м/с4). Дөңгелектің кез келген шеткі нүктесінің 3с уақыт өткеннен кейінгі сызықтық (v), бұрыштық () жылдамдықтарын, нормаль, тангенциал және бұрыштық үдеулерін табыңыз.

1.3. Поезд 36 км/сағ бастапқы жылдамдықпен келе жатып, тежегішті басқаннан кейін 20 с уақыт ішінде S жол жүріп барып тоқтайды. Поездың осы уақыт ішіндегі жылдамдығын, жүрген жолын және үдеуін анықтаңыз.

1.4. Екі материалдық нүктенің бір санақ жүйесіндегі қозғалыс теңдеулері берілген: x1=20+4t-4.5t2; x2=2+2t+ 0.5t2. Қанша уақыт өткеннен кейін осы нүктелердің жылдамдықтары бірдей болады? Осы уақыт мезетіндегі нүктелердің жылдамдықтарын, үдеулерін және жүрген жолдарын анықтаңыз.

1.5. Дене Жер бетінен 30 м/с жылдамдықпен горизонтқа 300 бұрыш жасай лақтырылған. Дененің Жер бетінен көтерілу биіктігінің ең үлкен мәнін, горизонтал бетпен ұшу қашықтығын, t уақыт өткеннен кейінгі жылдамдығын, Жер бетіне түскенге дейінгі ұшу уақытын (), траекторияның басындағы қисықтық радиусын, траекторияның ең жоғарғы нүктесіндегі қисықтық радиусын анықтаңыз.

11

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]