Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломка дан.doc
Скачиваний:
271
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.66 Mб
Скачать

5.2 Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру және оның технологиясы

Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру және оның технологиясы –бұл ұйымдастырушыдық және технологиялық құрылыстың негізін анықтайтын ұйымдастырушылық-тәжірибелік сұрақтардың маңызды бөлігі.

Бұл сұрақтар бір-бірімен байланысқан екі бөліктен тұрады:

−құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру ( негізге еңбектің барлық элементтерін біріктіру, құрылыстағы дайындау және реттеу процессі);

−құрылыс жұмыстарының технологиясы (жүйенің кешенін қарастырады, құрылыстың обьектілерін құруға материалдарды өңдеу және дайындау)

Құрылыс материалдық өндірістің маңызды салаларының бірі. Құрылыстың негізгі тапсырмасы- халықтың үнемі өсіп отыратын керек-жарағын қанағаттан-дыру үшін мемлекеттің ғылыми-техникалық дамуының негізгі қорларының кеңейтілген өндірісін қамтамасыз ету болып табылады.

Жаңа құрылыс - жаңа алаңдарда алғашқы бекітілген жоба бойынша жүргізілетін ғимарат құрылысы. Егер құрылыс кезінде өзгерістер енгізілсе, онда өзгертілген жоба бойынша құрылысты жалғастыру жаңа құрылысқа жатады.

Күрделі құрылыс – жаңа құрылыс, істеп тұрған өндірісті кеңейту және қалпына келтіру, олардың жаңадан техникалық қарулануы.

Құрылыс өндірісін ұйымдастыру – құрылыс алаңдарындағы жобалау және іздестірудің ғылыми негізі мен маңыздылығын, уақыт пен кеңістіктегі құрылыс процестерін орындаудың өзара байланысын, құрылыстың материалдық– техникалық қамтылуын, өндірісті тиімді жоспарлау мен басқаруды анықтайды. Жалпы құрылыстық, арнайы және дайындық жұмыстарын бөліп қарастыруға болады.

Ғимаратты салу кезінде жұмыстарды кезеңдерге топтастыру қалыптасқан. Құрылыстың дайындық кезеңі аяқталғаннан кейін бірінші кезеңнің – жерасты кезеңінің жұмыстары орындалады.

Құрылыс алдын ала жасалған жоба бойынша жүргізіледі, онда объекттің негізгі ерекшеліктері анықталады: құрылымдық сызбалары, объект салынатын негізгі материалдар мен бөлшектер, ғимараттың жобалық шешімдері мен басқа да ерекшеліктері.Ғимараттар деп адамның қызметі үшін арналған және салынған жердегі салуларды айтамыз (тұрғын үйлер, фабрикалар, мектептер және т.б.).

Басқа жербеті, жерасты және суасты салулары инженерлік құрылыстар деп, ал оларды салатын жұмысшылар құрылыс түрлеріне байланысты - көпір салушылар, тоннель салушылар және т.б. аталады.

Жұмысты жүргізу әдістеріне ғимараттардың бірқатар құрылымдық ерекшеліктері әсер етеді: бір қабатты, аз және көп қабатты, биіктіктік, кірпішті ірі панельді, ұсақ және ірі блокты және т.б.

Құрылыс өнімі өнеркәсіптік өніммен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктерге ие:

- салынып жатқан ғимарат қозғалыссыз бір орында тұрады, ал жұмысшылар объекттер, қабаттар,қабат ішіндегі бөлімшелерде орын ауыстыра алады;

- ғимарат құрылысының ұзақтығы айларды құрайды, кейде жылдарға созылады;

- ғимарат көлемі, өлшемдері, күрделілігі және жұмысты ұйымдастыру дәлдігі бойынша әртүрлі болады;

- құрылыс өнімін жасау процесінде құрылыс ұйымдарынан басқа көптеген ұйымдар мен кәсіпорындар қатысады (жобалау, тасымалдау ұйымдары, құрылыс материалдарын және бөлшектерін дайындайтын зауыттар және т.б.).

Группа 1541Құрылыс өндірісі құрылыс процестерінен тұрады. Құрылыс процестері негізгі, қосымша және тасымалдауыш болып бөлінеді.

Негізгі процесті орындау нәтижесінде құрылыс өнімінің элементі пайда болады. Қосымша және тасымалдауыш процестер негізгі процестің дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді.

Кез келген құрылыс процесіне қатысады: жұмысшылар, еңбек заты (материалдар, конструкциялар) және еңбек құралы (құрылыс машиналары, құралдары).

Өндірістің күрделілігіне байланысты құрылыс процестері жұмысшы (қарапайым) және кешендік (күрделі) болып бөлінеді.

Жұмыс процесі деп орындаушының бір құрамымен орындалатын технологиялық байланысқан жұмыс операцияларының қосылысын айтады, мысалы қабырға панельдерінің монтажы, жабын плиталарын салу және т.б.

Кешендік процесс деп өзара ұйымдастырушылық тәуелділікте болатын және соңғы өнімнің бірлігімен байланысқан бірмезгілде орындалатын процестер қосылысын айтады.

Қарапайым құралдар мен қол құрылғыларымен орындалатын құрылыс процесі қолмен орындалатын процестер деп, ал электрлік қол машиналарымен (электрара) орындалатын жұмыстар - жартылай механикаландырылған деп аталады. Машина мен механизмдер көмегімен орындалатын және мұнда жұмысшылардың қызметі берілген машинаны басқаруға негізделген құрылыс- монтаждық жұмыстар механикаландырылған деп аталады.

Құрылыс процестерінен (қарапайым, кешендік және олардың қосылысы) құрылыc - монтаждық жұмыстары жүргізіледі, оларды орындау нәтижесінде құрылыс өнімі жасалынады.

Құрылыс жұмыстары қолданылатын материалдар мен құрылғылық элементтерінің сипаты бойынша бірнеше түрге бөлінеді.

Монтаждық жұмыстар деп алдын ала жасалынған құрылыс конструкцияларының элементтерін, бөлшектерін, тораптарын, санитарлық– техникалық және басқа да құрылғыларды жалпыға біріктіретін және жобалық жағдайға орнатуға байланысты технологиялық қызмет кешенін айтады.

Жалпы құрылыстық, арнайы және дайындық жұмыстарын бөліп қарастыруға болады.

Жалпы құрылыстық жұмыстар- нәтижесінде ғимараттың қалыбы ретіндегі бітпеген құрылыс өнімін алатын жұмыстар кешені. Бұл жұмыстар құрамына шұңқырлар құрылысы, іргетас, қабырға, жабын және т.б. тұрғызу кіреді.

Арнайы жұмыстарды жалпы құрылыс жұмыстарынан соң немесе оған параллель орындайды. Оған сумен қамту, каналлизация, жылу, желдету, электр өткізу және т.б. жүйелердің монтажы, сонымен қатар өндірітік ғимараттардағы, қазандықтардағы технологиялық құрылғылардың монтажы жатады.

Дайындау жұмыстары құрылыс бұйымдарын және жартылай- фабрикаттарды жасау (арматура, жиналмалы бөлшектер, бетон қоспасы) немесе олардың дайындалу деңгейін жоғарылату, сонымен қатар конструкция Группа 1521элементтерін ірілету үшін арналған. Бұл жұмыстарды арнайы кәсіпорындарда жүргізеді, бірақ олар құрылыс алаңдары жағдайында да жүргізілуі мүмкін.

Ғимаратты салу кезінде жұмыстарды кезеңдерге топтастыру қалыптасқан. Құрылыстың дайындық кезеңі аяқталғаннан кейін бірінші кезеңнің – жерасты кезеңінің жұмыстары орындалады. Бұл кезең жұмыстарының құрамына жер жұмыстары (қазындыны қазу мен тығыздау үшін топырақты қайта салу), бетон және темірбетон жұмыстары (іргетасты орналастыру, бетонды дайындау), құрылыс конструкцияларының монтажы (бағандар, жертөле қабырғаларының панелі), судан қорғау жұмыстары (жертөле қабырғалары мен еденнің гидроизоляциясы), коммуникацияларды енгізуді орналастыру және т.б. жатады.

Екінші кезеңінде (жер беті кезеңі) құрылыс конструкцияларының, панельді сыртқы және ішкі қабырғалардың, терезе аралықтарының монтажы, жабын жұмыстары (жабынды орналастыру), ағаш шеберлігі жұмыстары (қорған, есіктерді топсаға ілу) және санитарлық-техникалық жұмыстар (желдету жүйесінің қораптарын орнату) орындалады.

Соңғы, үшінші кезеңде негізінен тегістеу жұмыстары, қабырға, төбе, терезе жақтаулары, есіктерді бояу, едендерді орналастыру, арнайы монтаждық жұмыстар (сантехникалық және электрмонтаждық), технологиялық құрылғылардың монтажы сияқты жұмыстар орындалады.

Ғимараттар мен құрылыстардың жер асты бөлігін тұрғызумен байланысты технологиялық процестерді нөлдік цикл жұмыстары деп атайды.

Нөлдік цикл жұмыстарының құрамына әдетте топырақты өңдеу және іргетастарды құру технологиялық процестері кіреді.

Топырақты өңдеу алдында берілген аймақтарда негізгі жұмыстарды орындауға байланысты дайындық жұмыстарын орындайды.

Негізгі жұмыстарды орындау процесінде құрылыс алаңының нақты гидрологиялық жағдайында негізгі жұмыстардың өндірісін қамтамасыз етуге қажет қосымша жұмыстар орындалады.

Топырақты салу, орын ауыстыру, өңдеу және жердегі құрылысты өңдеумен байланысты жұмыс процестерінің жиынтығын жер жұмыстары деп атайды.

Бұл процестердің тікелей орындалуын бірқатар жағдайларда дайындық және қосымша процестер оның алдында немесе кейін орындалады. Дайындық процестерін топырақты өңдеудің алдында орындайды, ал қосымша процестерді жердегі құрылысты тұрғызу процесінде немесе оған дейін орындайды.

Өндірістік және азаматтық құрылыстарда жер жұмыстарын траншеялар мен шұңқырларды салу кезінде, жолдардың жер төсемдерін тұрғызғанда және алаңдарды жобалау кезінде орындайды. Бұл құрылыстардың барлығын топырақты қазу немесе одан үйінді тұрғызу жолымен жасайды.

Жер жұмыстары құрылыс-монтаждық жұмыстың жалпы құнының салыстырмалы салмағын (10%-тен жоғары) және еңбек қажеттілігін (20%-тен жоғары) қамтамасыз етеді.

Екі ұзындығымен шамалас, бірақ ұзындығы 1/10-ден кем емес қазындыларды шұңқырлар, ал ені бойынша 1/10-ге дейін қазындыларды траншеялар деп атайды. Шұңқырларды, ереже бойынша, көлемді құрылыстың терең бөлігін, мыс іргетастарды, жер асты қабаттарын салу кезінде жасайды. Группа 1501Траншеяларды сызықтық созылған коммуникацияларды, су, газ және жылу жүйелерін, канализацияның сыртқы тораптарын төсегенде қазады.

Шұңқырларды негізгі бөлу өстерінің тұстамалық белгілерімен (жобаға байланысты) жер бетіне шығару мен бекітуден бастайды. Негізгі бөлу өстерінің орнына, әдетте ғимараттың басты өстерін алады. Бұдан кейін болашақ шұңқырдың жиегінен 2-3м арақашықтықта негізгі бөлу өстеріне параллель қоршау орнатады. Ол топыраққа қазылған металл тіреулерден немесе жерге көмілген ағаш бағаналардан және оларға бекітілген тақталардан тұрады. Қоршауға негізгі бөлу өстерін көшіреді және солардан бастап ғимараттың басқа өстерін белгілейді. Барлық өстерді қоршауға шегелермен бекітіп, оларды көшірмейді. Шұңқырдың үстіңгі, төменгі және басқа да нүктелерін қазықтармен немесе қадалармен белгілейді. Қоршауда құрылыстың бастапқы мерзімінде ғана пайдаланады, өйткені жұмыс өндірісі процесі кезінде ол тез істен шығып қалады. Сондықтан, ғимараттың жер асты бөлігін тұрғызғаннан кейін негізгі бөлу өстерін оның кезеңдік бөлігіне көшіреді.

Ғимараттың тік бұрыштылығын және көлемін міндетті түрде геодезиялық әдістер көмегімен анықтайды.Құрылыста қазіргі уақытта топырақты өңдеудің механикалық, гидромеханикалық, жарылыстық және аралас тәсілдерін қолданады.

Іргетас құрылыс пен оның негізі арасын қосатын түйін болып табылады және құрылыстың ауырлығын топыраққа береді. Іргетас құрылыс үшін жеткілікті дәрежедегі төзімділігін қамтамасыз етуі керек. Грунтты сулардың әсеріне қарсы тұруы және аязға төзімділік қабілеті болуы керек.

ІRectangle 1581ргетас құрылымдарының барлық типтерінің салыну тереңдігін грунтты судың деңгейіне, сонымен қатар іргетасқа түсетін күштің сипатына, топырақтың ерекшелігіне, жертөлелерінің болуына және т.б. байланысты анықтайды.

Іргетастың табаны топырақтың қату тереңдігінен төмен болу керек. Ғимараттың ішкі қабырғаларының, бағаналарының және басқа да бөліктерінің іргетастары, жертөлелері болмаған жағдайда аз тереңдікке бекітіледі, бірақ жер бетінен тереңдігі 0,5 м-ден кем болмауы керек. Құрылысы бойынша іргетастар таспалы бағаналық, тұтас және қадалы болып бөлінеді.

Таспалы іргетастар тік бұрышты, трапеция тәрізді, сатылы және төменгі бөлігі жастық тәрізді формаларда болады. Таспалы іргетастарды бут тастардан, кірпіш қалаулардан, бутты бетоннан, темірбетоннан, темірбетонды блоктардан және плиталардан тұрғызады. Іргетастың қиылысуының үйлесімді формасы болып құрылыстың ауырлығын қабылдау бойынша трапеция болып табылады. Буттық іргетастарды ені 0,6м болатын тілімденген буттардан және ені 0,5м болатын буттық плиталардан іргетасты жітік білетін тас қалаушылар салулары керек, өйткені жұмыстың механикаландырылуы қиындатылған.

Жинақ бетондар мен темірбетонды іргетастар қалау көлемін қысқартады және олардың монтажын механикалауға рұқсат етеді. Жинақ іргетастар тік бұрышты немесе трапеция тәрізді пішіні бар темірбетонды блок жастықша-ларынан тұрады. Тұтас іргетасты,мақсатына қарай, жертөлелерге грунтты сулардың кіруінен қорғау үшін темірбетонды, монолитті плиталар түрінде жасайды.

Қадалы іргетастар ғимараттың жеке тіректерінің, яғни темір бетонды бағаналардың кірпіш бағаналардың және т.б. астына орнатылуы мүмкін.

Барлық құрылыс жұмыстары негізгі құрылыс заңы – Құрылыс нормалары мен ережелерінің (СНиП) талаптарына сәйкес жүргізіледі. Құрылыстағы технология, ұйымдастыру және еңбекті қорғау бойынша талаптар СНиП-тің үшінші бөлімінде көрсетілген. Сонымен қатар, жергілікті жағдайға байланысты жобалық-технологиялық құжат дайындалады: құрылысты ұйымдастыру жобасы (ПОС) және жұмыстарды ұйымдастыру жобасы (ППР).

Ғимараттың құрылысы бекітілген жобалық–сметалық құжатқа байланысты орындалады, оны жобалауға берілген құрылыс салу тапсырмасының негізінде жобалау ұйымы жасайды.

Группа 1821Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Хамзин С.Қ. Құрылыс өндірісінің ұйымдастыруылуы мен технологиясы. Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2007 ж. - 204 б.

  2. Алма-Ата. Энциклопедия / Гл. ред. Козыбаев М. К.. — Алма-Ата Гл.ред. Казахской советской энциклопедии, 2002 ж. — 16-17 бет.

  3. Маслов А.В.,Гордеев А.В., Батраков Ю.Г. Геодезия: – М.:Колос С, 2007-598 с.: (Учебники и учеб.пособия для студентов высш.учеб.зав.)

  4. Инженерлік геодезия : оқулық / Б. Б. Атымтаев, Т. П. Пентаев. - Алматы : Эверо, 2005 ж. – 100-182 беттер.

  5. Куштин И.Ф., Куштин В.И. Геодезия: Учебно-практическое пособие – Ростов н/Д: Феникс, – 909, [1] б. 2009 г.

  6. Инженерная геодезия: Учебник для вузов. – 4-е, 7-е и 10-е изд. - М. : Академия, 2004 - 2010. - 496с.2010 г.

  7. Гудков В.М., Хлебников А.В. Математическая обработка маркшейдерско-геодезических измерений: Учебник для вузов. – М.: Недра, - 335 с. 2005 г.

  8. Генике А.А, Побединский Г.Г. Глобальные спутниковые системы определения местоположения и их применение в геодезии. Изд.2. – М.: Картгеоцентр, - 355 с. 2004 г.

  9. Инструкция по развитию съемочного обоснования и съемке ситуации и рельефа с применением глобальных навигационных спутниковых систем ГЛОНАСС и GPS. - М.: ЦНИИГАиК 2002 г.17 с.

  10. Инженерная геодезия: учебник для студ. высш.учеб.заведений [Е.Б. Клюшин, М.И.Киселев, Д.Ш.Михелев, В.Д.Фельдман]: под ред. Д.Ш.Михелева. –7-е изд., «Академия», 2007-480 с.

  11. Киселев М.И. Геодезия: Учебник для сред. проф. образования М.И.Киселев, Д.Ш.Михелев-2-е изд. перераб. и доп. –М.: Издательский центр «Академия», 2004г. 384с.

  12. Подшивалов В.П.Курс лекций по высшей геодезии. 2005 г.50-55 с.

  13. Берлянт А.М. Картография: Учебник для вузов. – М.: Аспект Пресс, – 336 с.2002 г.

  14. Инструкция по производству маркшейдерских работ. Москва 2003 г.

  15. Системы координат. Методы преобразования координат определяемых точек. – М.: Госстандарт России, 2007г.

  16. Раздорожный А. А. Охрана труда и производственная безопасность: Учебно-методическое пособие — Москва: Изд-во «Экзамен», 2005. — 512 с.

  17. Раздорожный А.А. Охрана труда и производственная безопасность. Издательство: Экзамен, 2007г. - 500 с.

  1. Охрана труда. Универсальный справочник. Издательство: АБАК, 2009 г. - 560 с.

  2. Бобкова О.В. Охрана труда и техника безопасности. Обеспечение прав работника. Издательство: Омега-Л, 2008. - 290 с.

  3. Кеулімжаев К.К., Әбіжаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Құрылыстағы бухгалтерлік есеп. Оқулық . –Алматы.: Экономикс, 2008-213 беттер.

  4. Васютинский И.Ю., Прусаков А.Н., Соломатов В.И.Экономика топографо-геодезического производства. Учебник. М.:Картгеоцентр-Геодезиздат, 2005 г. 160 с.

  5. Мировая экономика: Учебник / под ред. А.С. Булатова. – М.: Юрист, 2005 г.– 734 с.

Группа 1801

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]