Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

2

.pdf
Скачиваний:
27
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
552.32 Кб
Скачать

Бақшалық:

сұйықтықтың

шығындалу мӛлшері, л/га; тамшы мӛлшері, мкм; жабдықтар

Жидектер және жүзім сабағы:

сұйықтықтың шығындалу мӛлшері, л/га; тамшы мӛлшері, мкм; жабдықтар

3 - тапсырма. Пестицидтердің жұмыстық құрамының концентрациясын есептеу керек және әр түрлі тәсілдерді қолданудың қажетілігін анықтау.

1 - есеп. 100 га жерге себуге арналған бидай тұқымын залалсыздандыру үшін, 1 т тұқымға 0,04 кг ә.е.з. шығындалатын болса, құрамында 200 г/л ә.е.з. бар премис 200 дәрілегіштің керекті мӛлшерін есептеу керек.

2 - есеп. Тұқымдық дәнді фумигациялау үшін магтоксиннің қажетті мӛлшерін есптеу керек, егерде қоймадағы үйіндінің биіктігі 1,5 м, ені 15 м, ұзындығы 45 м болса, 1 м тұқымның массасы 750 кг тең болса, ал препараттың шығындау мӛлшері 9 г/т болса.

3 - есеп. 20 га топырақты қиярдың топырақтық инфекциясынан залалсыздандыру үшін 50% фундазол фунгицидінің керекті мӛлшерін есептеу керек, егерде фунгицид 0,05% ә.е.з. бойынша суспензия түрінде суару әдісімен қолданылса, жұмыстық кұрамын шығын мӛлшері 900 л/га құраса.

Бақылау сұрақтары:

1.Пестицидтің шығын мӛлшері, ә.е.з. бойынша концентрация, препарат бойынша жұмыстық кұрам дегеніміз не?

2.Препараттың қатты және сұйық түрлері және олардан алынатын жұмыстық құрамдар.

3.Қосалқы заттар және олардың тағайындалуы.

4.Пестицидтерді қолдану әдістерінің оң және теріс жақтары.

5.Пестицидтерді қолданудың ережелері.

3 тақырып: Өсімдік зиянкестерімен күресу құралдары

Сабақтың мақсаты: Қазіргі инсектицидтер, родентицидтер, акарицидтер, фумиганттар, нематицидтер ассортиментімен танысу.

Түсініктеме

Зиянкестерді басу үшін қолданылатын органикалық синтез құралдары әр түрлі химиялық қосылыстар кластарына жатады. Бір классқа жатқызылатын препараттар әсер ету механизімі ұқсас және жалпы арнайы қасиеттермен сипатталады.

Қазіргі кездегі фосфорорганикалық инсектицидтердің түрлерін мынадай әсер етуші заттар құрайды: фенитротион, хлорпирифос, диазинон, пиримифосметил, малатион, диметоат, диазинон, пиримифосметил, фозалон. Синтетикалык пиретроидтардан туындаған әсер етуші заттары циперметрин изомерімен, цигалотрин изомерлерімен, дельтаметрин, бифентрин, эсфенвалерат, перметрин, бета - цифлутрин препараттары болып табылады. Ӛндірісте фенилпиразолдар (ә.е.з. фипронил), неоникотиноидтар (ә.е.з. имидаклоприд, ацетамиприд, тиаметоксам) тобының препараттары кең қолданыс тапты. Антирезистенттік бағдарламалар үшін біршама жаңа ә.е.з. бенсултап, авермектин (абамектин) препараттарының маңызы зор.

Инсектицидтер топтарынан гормон тәрізді препараттар әсер етуші дифлубензурон, тефлубензурон, новалурон туындылары ерекше орынды алады. Зиянды кенелерге қарсы ФОҚ, синтетикалық пиретроидтар, авермектиндерден басқа арнайы акарицидтердің бір тобы бар. Кеміргіштерге қарсы қолдануға рұқсат берілген препараттардың барлық түрлері қанның ұюына қарсыларға (антикоагулянттарына) жатады. Фумиганттар түрінде зиянкестерге қарсы газ тәрізді немесе бу тәрізді күйінде әсер ететін заттар қолданылады.

Зиянкестермен күресу құралдарын зерттеу кезінде пестицидтердің саудалық атауларымен танысу керек, әсер ету механизіміне қажеттілігіне, қолдану әдісіне, күту мерзіміне, уыттылығына кӛңіл аудару керек.

Тапсырма: Зиянкестермен күресу үшін рұқсат берілген пестицидтердің түрлерімен танысу.

1 кесте - Инсектицидтердің, акарицидтердің сипаттамасы

Кӛрсеткіштер

Түсіндіру

 

 

1

2

Әсер етуші затының атауы

 

 

 

Сатылу атауы

 

 

 

Химиялық топ

 

 

 

Әсер ету сипаттамасы

 

 

 

1

2

Қажеттілігі

Қолдану әдістері, шектеуі

Күту мерзімі

Уыттылығы

Қауіптілік класы

2 кесте — Фумиганттардың сипаттамасы

Препарат,

Препарат

Қауіптілік

Ӛңделетін

Қолдануға

әсер етуші

түрі

дәрежесі

объектілер

қойылатын

заты

 

 

 

талаптар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 кесте - Родентицидтердің сипаттамасы

Препарат,

Қауіптілік

Қажеттілігі

Қолдану орыны және

ә.е.з.

дәрежесі

 

тәсілі

 

 

 

 

 

 

 

 

4 кесте - Нематицидтердің сипаттамасы

Препарат,

Қауіптілік

Қажеттілігі

Қолдану орыны және

ә.е.з.

дәрежесі

 

тәсілі

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау сұрақтары:

1 Пестицидтердің қоршаған орта объектілеріне әсері.

2.Инсектицидтерді қосылыс топтары бойынша қолданудың қасиеттері және ерекшеліктері.

3.Акарицидтерге және қолдану әдістеріне жалпылама сипаттама беріңіз.

4.Нематицидтерге және қолдану әдістеріне жалпылама сипаттама беріңіз.

5.Фумиганттарға қойылатын талаптар. Оларды қолданудағы ерекшеліктер.

6.Родентицидтердің әсер ету механизмі, қолданудағы сақтық шаралары.

7.Кӛп жылдық ӛсімдіктерді қорғағанда репелленттерді қолдану.

4 - тақырып: Өсімдік ауруларымен күресу құралдары.

Сабақтың мақсаты: Топырақты аурулардан залалсыздандыру, вегетация және тыныштық күйіндегі ӛсімдіктерді, тұқымдық, отырғызу материалдарын ӛңдеуге арналған препараттар түрімен танысу.

Түсіндірме

Фунгицидтерді ауру қоздырғыштарға әсер ету сипаты бойынша қорғағыш, емдік, құртқыш әсерлі, ӛңделген объектіде таралу сипаты бойынша - жанаспалы, жүйелі, міндеті бойынша - отырғызылатын материалды және тұқымды егудің алдындағы залалсыздандыру үшін, топырақты ӛңдеу, ӛсімдік тыныштық немесе вегетация кезеңінде ӛңдеу үшін деп шартты түрде топтастырады. Фунгицидтердің түрлері кӛп жылдық қолдану тарихы бар жанаспалы (мыс, күкүрт негізіндегі) препараттармен және қазіргі кезде жоғары тиімді және ұзақ әсер етуші жүйелік фунгицидтерден тұрады. Фунгицидтер таңдамалылығымен және арнайы әсерлілігімен ерекшеленеді.

1 - тапсырма. Бордосс қоспасын және әк-күкірт қайнатпасын қолдану тәсілдерін зерттеу. Жұмыстық құрамын дайындау жолдарын, қолдану ерекшеліктерін жазып алу.

2- тапсырма. Топырақты залалсыздандыру, кӛп жылдық егістіктердегі тыныштық сатысындағы ауру қоздырғыштарына қарсы бағытталған, жойғыш ӛңдеулермен танысу. 1 - кестені толтырыңыз.

1 кесте - Топырақты залалсыздандыру және жеміс ағаштары отырғызылған жерлерде қоздырғыштарды құрту үшін арналған препараттар

Ӛңдеу

Препарат

Әсер ету

Қолдану әдісі

Шектеу

мерзімі

 

спектры

және уақыты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 - тапсырма. Ӛсімдік қорғауда вегетация кезеңінде, отырғызылу материалын және тұқым дәрілеуге қолдану үшін рұксат етілген түрлерімен танысу, 1 кестені толтырыңыз.

1 кесте - Жидек, жеміс, кӛкӛніс, техникалык, бұршақ, дәнді дақылдарын ӛндеуге және дәрілеу үшін қолданылатын препараттар

Кӛрсеткіштер

Әсер етуші заттың аталуы

Дақыл

Сатылатын атаулары

Әсер ету механизімі

Ӛңдеу мерзімі

Дақыл

Ауру

Қолдану әдісі

Күту мерзімі

Қауіптілік класы

Бақылау сұрактары:

1.Фунгицидтердің жіктелуі.

2.Фунгицидтерді таңдау.

3.Бейорганикалық фунгицидтер. Қолдану ерекшеліктері.

4.Топырақты залалсыздандыру және түбімен құрту үшін арналған препараттар.

5.Маусымдық кезеңде ӛсімдіктерді ӛңдеу үшін арналған фунгицидтер.

5 - тақырып: Өсімдік қорғау бойынша шаралардың тиімділігі.

Сабақтың мақсаты: Пестицидтерді колданудың тиімділігін анықтайтын әдістерді меңгеру.

Түсіндірме

Пестицидтерді қолдану шығынмен байланысты, сондықтан барлық шаралар тиянақты негізделген болу керек. Ӛсімдік қорғау қүралын қолдану тиімділігі пестицидті дұрыс таңдап алуына, қолдану тәсіліне және басқа факторларға байланысты. Зиянды ағзалармен күресте пестицидтерді қолдану нәтижесін биологиялық, шаруашылық, экономикалық тиімділік кӛрсеткіштері бойынша бағалайды.

Биологиялық тиімділік зақымдалған ӛсімдік санын, ӛсімдік мүшелерінің зақымдалуын, зақымдалу дәрежесінің тӛмендеуін немесе

зиянды ағзалардың ӛлуін пайызбен кӛрсетеді.

1 - тапсырма. Формулаларды жазып алу, инсектицидтердің биологиялық тиімділігін анықтау және кестелерді толтыру.

Ӛсімдік зиянкестерінен қорғау құралдарының биологиялық тиімділігі.

Ӛсімдік зиянкестерінен қорғау құралдарының биологиялық тиімділігі есептеу үшін кӛбінесе Аббот формуласы қолданылады:

Э=(А-В) 100/A

Бұнда: Э - пестицидтің тиімділігі, зиянкестер санының тӛмендеуі пайызбен кӛрсетілген немесе ӛсімдіктің әр түрлі ағзалармен зақымдалуы бақылау арқылы есептелінген, (%);

А - бақылаудағы нақты есептеу мерзімінде зақымдалған ӛсімдіктер немесе тірі дарақтардың саны, (дана);

В – тәжірибедегі нақты есептеу мерзіміндегі зақымдалған ӛсімдіктер немесе тірі қалған дарақтар саны, (дана).

Кейбір жағдайларда, әсіресе кӛбеюдің үлкен мүмкіншілігі бар түрлеріне Абботтың модификацияланған формуласы қолданылады:

Э=100х(1-Та х Св / Тв х Са)

Бұнда: Э - пестицидтің тиімділігі, зиянкестер санының тӛмендеуі пайызбен кӛрсетілген немесе ӛсімдіктің әр түрлі ағзалармен зақымдалуы бақылау арқылы есептелінген, (%);

Тв – тәжірибедегі ӛңдеудің алдындағы зақымдалған ӛсімдіктер немесе тірі дарақтардың саны;

Та – тәжірибедегі ӛңдеуден кейінгі зақымдалған ӛсімдіктер немесе тірі дарақтардың саны;

Св - бақылаудағы алдын ала есептеуде зақымдалған ӛсімдіктер немесе тірі дарақтар саны;

Са - бақылаудағы кейінгі есептеуде зақымдалған ӛсімдіктер немесе тірі дарақтар саны;

Есеп А). Жаздық жұмсақ бидайдың егістігін инсектицидпен ӛңдеуге дейін (масақтану фазасының аяғында) бидай трипсінің имаголарының саны қаққышпен 100 рет қаққанда №1 егістікте - 720 дарақ, №2 егістікте - 680 дарақ, №3 егістікте - 760 дарақты құрады. №2-3 егістіктер фосфорорганикалық инсектицидтермен ӛңделді. №1 бақылау ретінде ӛңдеусіз қалды. Бүркігеннен бір тәуліктен кейін егістіктің нӛмерлеріне сәйкес бидай трипс саны 670, 127, 155 құрады. Үшінші тәулікте сәйкесінше - 420, 110, 115. Инсектицидтердің биологиялық тиімділігін анықтау керек.

1 кесте - Жұмсақ бидайдағы бидай трипсіне қарсы инсектицидтердің биологиялық тиімділігі

Егістіктер

Қаққышпен 100 рет

 

Биологиялық

 

қаққанда трипс саны

тиімділігі, %

 

 

 

 

 

 

 

ӛңдеуге

есептеу

есептеу күндері

 

дейін

күні

 

 

 

 

 

1

3

1

3

 

 

 

 

 

 

№2

 

 

 

 

 

№3

 

 

 

 

 

№ 1 - ӛңдеусіз

 

 

 

-

-

Есеп Б). №6 танапта жұмсақ бидай егістігі астық сұр кӛбелегінің жұлдызқұрттарына қарсы пиретроидтар тобының инсектицидтерімен, №7 егістігі фосфорорганикалық қосылыстар тобымен ӛңделген. Масақтарды кесіп, жұлдызқұрттарды ӛңдеу алдында санағанда 100 масақтан мынадай сандар анықталды: №6 танаптан - 15 жұлдызқұрт, №7 танаптан - 14 жұлдызқұрт. Бүркуден кейін 3 және 7 күндері есептеу кезінде №6 танапта сәйкесінше 3 және 5 жұлдызқұрт/100 масақта, №7 танапта сәйкесінше 1 және 3 жұлдызқұрт/100 масақта табылды. Сол уақытта ӛңделмеген танапта (№1) есепке алу мерзімінде сәйкесінше мынадай сандар болды: 14 -15 - 13 жұлдызқұрт/100 масақта. Қай топтағы инсектицидтердің биологиялық тиімділігі жоғары болып шықты?

2 кесте - Егістікте бидай астық сұр кӛбелегі жұлдызқұрттарына қарсы препараттардың биологиялық тиімділігі

Егістіктер

100 масақта астық сұр

 

Биологиялық

 

кӛбелегінің жұлдызқұрттар

тиімділік, %

 

саны

 

 

 

 

 

 

 

ӛңдегенге

есеп жүргізу

есеп жүргізу

 

дейін

күндері

 

 

күндері

 

 

3

 

7

3

 

7

№6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӛңдеусіз (№ 1)

 

 

 

 

-

 

-

 

 

 

 

 

 

 

 

Есеп В). Арпа егістігінде гессен, швед шыбындары және сабақ бүргелерімен ӛңделмеген бақылау нұсқасында сабақтардың зақымдалуы 11,2% құрады. Инсектицидтерді қолданған нұсқада есептеу жүргізген уақытта (бүркуден 2 жұма ӛткеннен кейін) 3,5% сабақ зақымданған болды.

Сабақтың жасырын зиянкестеріне қарсы инсектицидтермен бүркудің биологиялық тиімділігі қандай?

3 кесте - Арпа егістігін сабақтың жасырын зиянкестеріне қарсы бүркудің биологиялық тиімділігі

Нұсқа

Зақымдалған ӛсімдіктер,

Биологиялық

 

%, дернәсілдер саны

тиімділігі, %

 

(ӛңдегеннен 14 күннен

 

 

кейін)

 

Инсектицидтермен

 

 

ӛңделген

 

 

 

 

 

Бақылау (ӛңдеусіз)

 

-

 

 

 

2 - тапсырма: Формулаларды жазып алу, фунгицидтердің биологиялық тиімділігін анықтау және кестелерді толтыру.

Ӛсімдіктің ауруларынан қорғау құралдарының биологиялық тиімділігі. Фунгицидтердің биологиялық тиімділігін анықтау кезінде негізінен аурудың даму (зақымдалу дәрежесі) кӛрсеткіштерін, жекелеген жағдайларда ӛсімдіктің немесе бӛлек мүшелерінің таралу (залалдану) кӛрсеткіштері қолданылады.

Аурудың таралуын мына формула арқылы анықтайды:

P = n x 100/N,

Р - аурудың таралуы, (%);

N - сынаудағы ӛсімдіктердің жалпы саны;

n – сынаудағы закымдалған ӛсімдіктердің саны, (дана). Аурудың дамуын немесе залалдану дәрежесін мына формула бойынша есептейді:

R = (∑аb) x 100 / N x К, R - аурудың дамуы, (%);

∑ab - (a) залалданған ӛсімдіктер кӛбейтінді санының қосындысы,

(b) залалдану балы немесе оған сай келетін дәреже;

N -есептелетін ӛсімдіктер саны, жапырақтары, жемістері, тамыр жемістері;

К -залалдануын бағалау үшін қолданылатын бал шкаласы немесе зақымдалу дәрежесінің ең жоғарғы кӛрсеткіші.

Аурулардан қорғау құралдарының биологиялық тиімділігін келесі формуламен есептейді:

Э= П к - П о / П к х 100,

Э- ӛсімдіктердің залалдану дәрежесінің тӛмендеуінің пайызбен кӛрсетілген биологиялық тиімділігі, %;

Пк - бақылаудағы ӛсімдіктердің залалдану дәрежесі немесе даму

пайызы; По - ӛңделген алаңдағы ӛсімдіктердің залалдану дәрежесі немесе

даму пайызы.

Есеп А). Бидай ӛскінінде аурудың даму дәрежесі бойынша тұқым дәрілеуіштің биологиялық тиімділігін анықтау. Ӛңделмеген алқапта қаралған 100 ӛсімдіктердің залалданған дәрежесі 1 балл 25 ӛсімдік, 2 балл -7 ӛсімдік, 3 балл - 2 ӛсімдік болды. Ӛңделген алқапта 100 ӛсімдіктің 5 ӛсімдігінде зақымдалу дәрежесі 1 балды құрды, 1 ӛсімдікке - 2 балл.

Есеп В). Таралу кӛрсеткіштері бойынша қоңыр татына қарсы фунгицидтердің биологиялық тиімділігін анықтау. Ӛңделген алқапта бүркігеннен 3 жұмадан кейін қаралған 150 ӛсімдіктің 11 ӛсімдігінде күлдіреуіктер байқалады. Ӛңделмеген алқаптарда есептеу жүргізген уақытта барлық 167 ӛсімдікте күлдіреуіктер байқалады.

Пестицидтердің шаруашылық тиімділігін есептеу.

Ӛңделген алқапта ӛңделмегенге қатысты сақталған ӛнім мӛлшері бойынша бағаланады және зиянды ағзалардан ӛсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану нәтижесінде бірлік кӛлемде алынған ӛнімнің қосымша саны шаруашылық тиімділігін кӛрсетеді.

Мына формула бойынша анықталады: Х.Э. = Уо-Ун / Уо х 100,

Х.Э. - шаруашылық тиімділігі, (%); Уо - пестицидтермен ӛңделген алқаптағы негізгі ӛнімнің ӛнімділігі;

Ук - ӛңделмеген алқаптағы негізгі ӛнімнің ӛнімділігі.

3 - тапсырма: Формулаларды жазып алу керек және бидайды пестицидтермен ӛңдеудің шаруашылық тиімділігін анықтау керек.

5 кесте - Пестицидтердің шаруашылық тиімділігі

Нұсқа

 

 

 

Тұқым ӛнімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ц/га

 

Ауытқуы, ±

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ц/га

%

Бақылау (ӛңдеусіз)

 

11,0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ӛскінді ӛңдеу

 

 

 

 

 

 

 

 

Инсектицидпен

 

12,2

 

 

 

 

ӛңделген

 

 

 

 

 

 

 

Түтіктену фазасында егістікті ӛңдеу

 

 

 

 

 

 

 

Фунгицидтермен

 

13,8

 

 

 

 

ӛңделген

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәннің сүттене пісу фазасында егістікті ӛңдеу

Инсектицидтермен

 

1,4

 

 

 

 

ӛңдеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пестицидтердің экономикалық тиімділігі.

Экономикалық тиімділік зиянды ағзалардан ӛсімдіктерді қорғау шараларына шығындалуынан оларды ӛткізгеннен алынған қосымша ӛнімнің құнын салыстыру бойынша және экономикалық кӛрсеткіштердің жүйесі арқылы кӛрсетіледі.

Ӛсімдік қорғау бойынша шараларды жүргізу шығын жиынтығына пестицидтерді қолдану бойынша, пайдалану шығындары, пестицидтердің бағасы, егінді жинау бағасы, тасымалдау және қосымша ӛнімін жетілдіру кіреді. Қорғау шараларының аркасында оның сапасын жоғарлату арқылы сақталған ӛнім құны есептелінеді, рентабельділік және таза табыс орнатылады.

Бақылау сұрақтары:

1.Зиянкестермен күресу үшін қолданылатын препараттардың биологиялық тиімділігін қалай есептейді?

2.Бунақ денелілерге және кенелерге қарсы ӛңдегеннен кейін қанша уақыттан кейін биологиялық тиімділікті анықтайды?

3.Фунгицидтердің биологиялық тиімділігін анықтау кезінде қандай кӛрсеткіштер қолданылады?

4.Фунгицидтердің биологиялық тиімділігін калай есептейді?

5.Пестицидтерді қолданудың шаруашылық тиімділігін қандай кӛрсеткіштері бойынша бағалайды?

6.Пестицидтердің экономикалық тиімділігін анықтау үшін қандай мәліметтер керек?

6 - тақырып: Өсімдік қорғаудың биологиялық әдістері

Сабақтың мақсаты: Ӛсімдік қорғаудың биологиялық әдістерінің негізгі агенттерімен танысу.

Түсініктеме

Ӛсімдік қорғаудың биологиялық әдісі табиғи жауларын қолдануға негізделген. Ӛсімдік қорғауда биологиялық әдістің 2 бағытын айырады: макробиоәдіс және микробиоәдіс. Макробиоәдіс энтомофагтарды және акарифагтарды ӛсімдіктерге қолдануға және пайдалануға негізделген, сонымен қатар бақаларды, кесірткелерді, бунақ денелілерді, жегіш құстарды, кірпілерді және т.б. пайдалану.Мысалы, тахина түріне жататын шыбындар астық сұр кӛбелегін, апантелиус - қырыққабат ақ кӛбелегін, трихограмма - қырыққабат қоңыр кӛбелегін, қан қызы - ӛсімдік битін, қалқаншалы сымырды және жалған қалқаншалы сымырды қырып жояды.

Микробиоәдістің негізінде жеке ағзалар топтарының арасындағы антагонистік түраралық қарым-қатынастар жатады.

Саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар және басқа микроағзалар және олардың тіршілік әрекетінің ӛнімі биопрепараттарды шығару үшін қолданылады. Бақтарда бунақ денелілерді еліктіретін жыныс аттрактанттарды пайдаланған әр түрлі тұзақтар қолдануға рұқсат берілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]