Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

2 срс

.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
22.86 Кб
Скачать

Қазақстандағы ветеринария мәселелрін заң жүзінде реттеудің негіздері

 Ветеринариялық Зандылық- өз әлеуетімен ветеринар мамандары мен  өзге малшаруашылығы, жануар текті өнімдер мен  шиказаттарды өндіру, қайта өңдеу, пайдаға асыру, тасымалдауға байланысты тұлғалардың кәсіби еңбегін жанайтын заңды нормалар жинағы.

Ветеринариялық Заңдылыққа Қазақстан  Республикасының «Ветеринария туралы» Заңы /10 шілде 2002ж./, өкімет актілері, ережелер, нұсқама, нұсқау ,ереже, нұсқау қағаздары, нормалар, нормативтер мен  еліміздегі аталмыш қызметті реттейтін өзге құжаттар енеді.

Ветеринариялық Зандылық мыналарды регламенттейді:

- міндетті ветеринариялық шараларды;

- жануарларды ұстау және  азықтандырудың міндетті зогигиеналық, ветеринарлы-санитарлық талаптарын;

- жануарларды карантиндеуді;

- жануарлар мен малшаруашылығы өнімдерін пайдаға асыру кезіндегі ветеринарлық талаптарды;

- ветеринарлық санитарлық сараптау ережерлерін;

- ветеринарлық препараттарды қолдану  әдістерін;

- жануарларды диагностикалық зерттеу жұмыстарын;

- ветеринарлық жұмысты материалды және  еңбекпен қамтамасыз ету нормаларын;

- ветеринарлық істің құқықтық мәселелерін;

- мемлекеттік ветеринарлық қадағалау жүйесін;

- ветеринарлық қызметпен шұғылдану құқығын;

- ветеринарлық қызметті  каржыландыру жүйесін;

- ветеринарлық қызметтің ұйымдастыру құрылымын.

Қазақстан Респуликасындағы ветеринарияның негізгі мәселелері:

- жануарларды аурудан қорғау және емдеу.

- түрғындарды адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;

- Қазақстан Респрубликасы аумағын өзге елдерден келуі мүмкін жұқпалы және  экзотикалық аурулар енгізілуі мен  таралуынан қорғау;

- ветеринарлық препараттар сапасын бақылау;

- жануар  ауруларымен күресу құралдары мен әдістерін құрастырып, пайдалану және жануар текті өнімдер мен шикізаттар сапасын ветеринарлы санитарлық бақылауды қамтамасыз ету;

- ветеринария сапасында жеке және заңды тұлғалардың қызмет етуі барысында қоршаған орта ластануын болдырмау және  салдарын жою;

- ветеринарлық ғылымды дамыту және  ветеринар мамандарының біліктілігін жоғарылату;

Қазақстан Респрубликасының Мемлекеттік ветеринарлық қызмет жүйесіне енетіндері:

-  Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық министрлігінің Агроөнер кәсіп кешеніндегі мемелекеттік инспекциясы;

- Шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринарлық бақылау мен бақылау ветеринарлық бекеттерінің Оңтүстік-Шығыс және Солтүстік-Батыс аймақтық бөлімдері;

- Ветеринария сапасындағы өкілетті мемлекеттік органның облыстық және  аудандық аумақтық бөлімшелері;

- Ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның аудандық /қалалық/ аумақтық бөлімшелерімен ауылдық аймақ, базалар мен мемлекеттік ветеринарлық қадағалауға бағынышты жүктерді өндіру, дайындау / сою/, сақтау, қайта өңдеу және  пайдаға асыру бойынша ветеринарлық инспекторалры;

Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар:

«Ветеринария саласындағы референция, мониторинг, зертханалық диагностика мен әдістемелер Ұлттық орталығы» Мемлекеттік мекемесі мен  оның Алматы қ. филиалы.

«Республикалық  ветеринарлық зертхана» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, облыстар мен аудандарда филиалдары бар. «Республикалық індетке қарсы бөлім» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны. Облыстар мен ауылдардағы филиалдары бар

      Ветеринарлық шараларды жоспарлау және  ұйымдастыру.

Жоспарлау - ветеринарлық істі басқарудың маңызды қызметтерінің бірі, ұйымдастырудың қажетті бір бөлігі. Ветеринарлық шараларды ұйымдастыру еліміздің мемлекеттік және  жеке  кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтерінің барлық тізбектеріне міндетті болып табылады.

Ветеринариядағы жоспарлау нысандарына жататындары: жануарлардың инфекциялық және  инвазиялық ауруларының алдын-алу; жұқпайтын аурулардың алдын алу; материалды- техникалық қамтылу мен  қаржыландыру; ветеринарлық ғылымды дамыту және оның жетістіктерін тәжірибеге ендіру; кадрлар даярлау; ветеринарлық мекемелер жүйесін дамыту.

Ветеринария бойынша жоспарлар құрастырғанда мыналар ескеріліді: ветеринарлық шаралар жоспарлары малшаруашылығы дамуына ықпал етуі керек; жоспарлар ветеринариялық статистиканың бірқатар жылдардағы мәліметтеріне сүйенеді; жоспарлау үшін  малшаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетудің жан-жақты бағалануы мен  өткен жылдардағы шаралар тиімділігіне баға берілуі ескерлуі тиіс; барлық жоспарланатын жұмыс түрлері нақты сандық мәлімделген, орындалуының күнтізбелік мерзімі межеленген болуы қажет; ветеринарлық жоспарлар орындалынатындай  болуы керек, яғни жұмыс күші мен  құралдармен қамтылған болуы керек /кадрлық, материалды- техникалық және қаржы көздерімен/.

Ветеринария ісін заң жүзінде реттеу себептері

Ветеринария мамандары өзіне қойылған міндеттерін орындау барысында мал шаруашылығымен шұғылданушы және оның өнімдері мен шикізаттарын өндеуге қатысты кәсіппен айналысушы заңды және жеке тұлғалармен ұдайды қарым-қатынаста болады. Сондықтан бұл қатынастрады заңды түрде шектеп және аталмыш тұлғалардың тиісті ветеринарлық талаптарды орындау жөніндегіміндеттерін анықтау қажет. Егер бұл талаптар орындалмаса, ветеринария мамандарының жұмысы нәтижелі болмайтыны анық.

 Осындай себептерге байланысты өкімет және ветеринарияны басқарушы мемлекеттік органдар ресми түрде заңдар және заңдықкүші бар басқа да құжаттар қабылдап, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл құжаттарда баршаға бірдей орындауға міндетті іс-әрекеттер, шаралар, нормативтер көрсетіледі. Мұның өзі мал басын аман сақтау, дұрыс күтіп-бағу, азықтандыру үшін қажет және малды, өнімдері мен шикізаттарын бейтарап тасымалдауа, сапасы жарамсыздарып сатуға рүксат етпейді. Қауіпті ауру туған кезде оны тез анықтап, кең таралуына жол бермей, тез арада жойып жіберуге мүмкіндік береді.

Осы айтылғандарға орай ветеринария мәселелері жөніндегі нормативтік құжаттарда төмендегі міселелер заңды түрде шектеледі:

- мал шаруашылық кәсіпорындарында міндетті түрде орындалатын ветеринарлық шаралар;

- малды бағу-күту, азықтандырудың ветеринарлық-гигиеналық және ветеринарлық-санитарлық нормаларын сақтау;

- малды алдын ала және ылажсыздан карантинге қою тәртібі, сонымен бірге елдімекендер мен шаруашылықтарды ауруқоздырушылардың сырттан енуінен сақтау;

- малды, өнімдері мен шикізатын сату кезінде орындалатын ветеринарлық-санитарлық талаптар;

- ветеринарлық-санитарлық сараптау ережелері;

- биологиялық, химиялық препараттар қолдану тәртібі;

- диагностикалық зерттеулер нәтижесін бағалау тәртібі;

- ветеринарлық шараларды материалдық-техникалық жабдықтау нормалары;

- ветеринария ісінің болмысын, құқықтық жағдайын анықтау.

Ветеринария ісінде кез келген іс-әрекетті заң жүзінде шектей бермейді. Мәселен, жұқпайтын ауруларды емдеу тәсілдері, хирургиялық көмек көрсету, акушерлік жұмыс және т.б. солар тәрізді жұмыстар нормативтермен шектемейді.

 

Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» заңының орындалуын ұйымдастыру

Ветеринарияның органдары мен мамандары заңның негізгі қағидаларын шаруашылық, кәсіпорын басшыларына, мал шаруашылығы жұмыскерлеріне, ұрғын халаққа жеткізуге міндетті. Яғни, олар заңның орындалуын тікелей ұйымдастырады. Сол үшін тиісті мерзімде құқықтық-нормативтік құжаттар жынағын шығарады, оны насихаттау мақсатында кітаптар, плакаттар шығарады, радио, теледидар,  баспасөз құралдарын пайдаланады.

Заңды орындау үшін облыстық, аудандық әкімшілік өз құзыры бойынша ветеринария ісіне қатысты мәселелерді қарап, шешімдер шығарады. Бұл шешімдер көбінесе эпизоотиялармен күресу, ветеринарлық ережелерді орындау, материалдық жабдықтау, қаржы бөлу, ветеринарлық қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы болады. Бұл мәселелер әкімшілік алдына жергілікті ветеринарлық органдар ұсынысымен қойылады, сондықтан бұл құжаттардың жобасын дайындайтын да солардың өзі болады. Осыдан,  ергілікті ветеринарлық органдардың әкімшілікпен тікелей жұмыс істеп,  оларды ветеринария мәселелерін шешу үшін өз жағына тарта білуді жұмыстың жемісті болуының кепілдігі екенін көруге болады.

Жергілікті әкімшіліктердің шешімдері міндетті түрде орындалуға тиіс. Сондықтан олар мал шаруашылығында ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсартуға зор ықпалын тигізеді.

 Мал иелері мен мал өнімдерін өндеуші кәсіпорындардың басшылары ветеринарлық шаралардың мерзімінде және сапалы орындалуы үшін жауапты. Олардан заңда белгіленген тиісті талаптарды орындау талап етіледі. Заңның бабында заң және оған тіркес нормативтік құжаттарда қойылған талаптарды орындау барлық заңды және жеке тұлғалардың міндеті екені атап көрсетілген. 25-бапта осы тұлғалардың, малдың жұқпалы ауруларынан сақтандыру жөніндегі міндеттері анықталады, 14-бапта мал және мал өнімдері мен шикізаттарын сатып алушы, өндеуші, тасымалдаушы, ақтаушы тұлғалардың ветеринарлық ережелерді орындау туралы міндеттері айтылған. Бұл ережелер мен талаптарды орындамаушылар ҚР заңдарын орындамаушылар деп саналып, тиісті жауапқа тартылады.

 Ветеринария туралы заң мен нормативтік құжаттарда қойылған талаптарды және жергілікті үккімет пен ветеринария органдарының шешімдерін орындауды ұдайы бақылау республикалық және жергілікті мемлекеттік ветеринарлық инспекция мамандарына жүктеледі. Қажет болғанда «Ветеринария туралы» заңның орындалуына жергілікті үкімет, прокуратура және т.б. органдар бақылау жүргізеді. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]