Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
24_bilet.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
38.46 Кб
Скачать

24 билет

1. Мал шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру жолдары

Мал шаруашылығы өнімдер өндірісінің экономикалық тиімділігін бағалау табиғи және құндылық көрсеткіштер кешені бойынша жүргізіледі. Тұтас мал шаруашылығының экономикалық тиімділігін бағалауда келесі құндылық көрсеткіштер қолданылады:

  • жалпы өнім құны, 1 жұмысшыға, 1 шартты мал басына, 1000 тг өндірістік негізгі қорларға келетін жалпы табыс және пайда сомасы;

  • 1 теңге өнім құнына келетін өндірістік шығындар сомасы;

  • тұтас мал шаруашылығы бойынша өндірілген және сатылған өнімнің рентабельділік деңгейі;

  • пайда нормасы.

Мал шаруашылығының жеке өнімдер түрлерінің барынша тиімді түрін айқындау  мақсатында жүргізілетін салыстырмалы экономикалық бағалау мынадай табиғи және құндылық көрсеткіштердің көмегімен анықталады:

  • ауыл шаруашылығы малдарының өнімділігі;

  • 1 жұмысшыға, 1 адам-сағат өнімнің еңбек сыйымдылығына, сонымен қатар 1 мал басына есептелген табиғи және ақшалай көріністегі жалпы өнімнің шығымы;

  • 1 мал басына, 1ц өнімге және  1 теңге жалпы өнімге есептелген өндірістік шығындар сомасы;

  • 1 ц өнімнің сату бағасы;

  • 1 мал басына, 1ц өнімге есептелген пайда сомасы;

  • өнім өндірудің рентабельділік деңгейі.

Соңғы жылдары халық шаруашылығының барлық салаларындағы экономикалык жағдайдың тұрақтануы, ауыл шаруашылығының дамуына оң әсерін тигізді. 2006 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім өндірудің өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 103,4 пайызға, оның ішінде өсімдік шаруашылығы 102,9 пайызға, мал шаруашылығы 104,2 пайызға тең болды. Ал бұл көрсеткіш 1995 жылы барлық ауыл шаруашылығында 75,6 пайыз, өсімдік шаруашылығында 75,1 пайыз, мал шаруашылығында 75,7 пайызға тең болған.  Соңғы жылдың мәліметтеріне сүйенсек, республикадағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызмет қорытындылары мал шаруашылығы саласы бойынша біршама деңгейге көтерілгенін керсетеді. Осы жылы мал шаруашылығы бойынша 74,9 мың тонна ет (102 пайыз 2002ж. деңгейінде), 1869 мың тонна сүт (101,6 пайыз), 1220 млн дана жұмыртқа (109,4 пайыз), 1,9 мың тонна жүн (92,9 пайыз), 72,1 мың дана қаракөл (137,6 пайыз) алынып отыр.  Республикадағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мал өнімдерін сатудан 1180,1 млн теңге пайда (рентабельділігі 6,8 пайыз), оның ішінде қой мен ешкі сатудан 113,1 млн теңге (14,0 пайыз), құс етінен - 320,4 млн теңге (7,8 пайыз), түйе етінен - 18,7 млн теңге (39,9 пайыз), сүт өткізуден 380,8 млн теңге (15,5 пайыз), жұмыртка - 570,1 млн теңге (10,6пайыз), каракөл 32,1 млн тенге (12,2 пайыз) пайдамен аяқталған. Сонымен қатар ІҚМ етін сатудан 162,0 млн теңге (зияндылық деңгейі 6,8 пайыз), шошқа етінен - 71,8 млн теңге (9,7 пайыз), жылқы етінен - 7,1 млн теңге (3,4 пайыз), жүннен - 3,6 млн теңге (2,1 пайыз) зиян шегіп отыр.  Мал шаруашылығы өнімдерін сатудан Ақмола, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқа облыстар пайдамен аяқтады. 2003 жылы едәуір пайдамен аяқтаған Шығыс Қазақстан облысының (647 млн теңге, рентабельділігі 25,4 пайыз), Қарағанды облысының (198,9 млн теңге, 16,2 пайыз), Қостанай облысынын (136,0 млн теңге, 7,5 пайыз), Оңтүстік Қазақстан облысының    (94,1  млн теңге,  12,5 пайыз) және Алматы облысының (67,6 млн теңге, 1,6 пайыз) кәсіпорындары болды. Мал шаруашылығында өнімнің өзіндік құнының өсуінің басты себебі өндірістік шығындардың өсу қарқынының  малдардың өнімділігінің өсу қарқынынан артық болуы, материалдық шығындардың, еңбек затының  бағаларының өсуінен болуы мүмкін.  Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің экономикалық тиімділігін көтерудің басты бағыты малдар мен құстар өсіруге материалдық ақшалай қаржыларды үнемді жұмсай отырып, мал өнімділігін арттыру.  Мал шаруашылығы өндірісін жақсартуда ең алдымен мықты азық базасын кұру маңызды орын алады. Мысалы азық шығыны ІҚМ еті-80,7%-ды, қой мен ешкіде-69,4%-ды, құстарда 78,5%-ды құрайды. Жалпы республикада ІҚМ жемдеуге Германия және басқа да әлемнің дамыған елдеріне қарағанда 2,3-2,5 есеге көп азық бірлігін шығындайды. Азық материалдык шығындар ішінде басты орын алып отырғандықтан соңғы жылдары азық кұнының жоғары деңгейі ет өндірісінің, тұтас мал шаруашылығының дамуына теріс әсер етті.  Бұл факторлар бір уақытта еңбек өнімділігінің төмендеуіне, соңында өндіріс рентабельділігінің деңгейіне ыкпал етеді. Мал шаруашылығы үшін азық өндірісі бойынша күрделі және жеткілікті дамымаған сала болып қала береді. Ақмола облысында азық дақылдарының егістік ауданы жыл сайын қысқарып келеді. Мәселен, 2000 жылы 515,9 мың га болса, 2002 жылы 496,8 мың га тең, яғни 19,1 мың гектарға немесе 3,7 пайызға азайған.  Азық өндірісінің дамыту мақсатында алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін пайдалану қажет, сонымен қатар бұл саланы интенсивті жолмен дамыту, бірінші кезекте химиялық қорғау құралдарын қолдану, азық дақылдарының түқым шаруашылығын дамыту, тыңайтқыштарды қолдану қажет.  Мал шаруашылығын тұтас көтеру, меншікті өнімдермен республиканың ішкі және сыртқы нарығын қамтамасыз ету үшін ең алдымен мынадай шараларды жүзеге асыру қажет:  1.Асыл түкымды мал басын қайта қалыптастыру. Аграрлық секторды қолдауға жыл сайын бөлінетін бюджеттің қаржылық ресурстары негізінен осы бағыттарға жұмсалу қажет.  Ал 2004 жылы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу бойынша шараларды қолдауға 6,1 млрд. теңге, ал 2005 жылы 8,1 млрд. теңге бөлу қарастырылған.  2.   Малдарды азықтандыру кешендерінің мамандандыруын көтеру және олардың қызметіне отандық инвесторларды тарту.

  • Шаруалардың өсірген мал және құс өнімдерін сатып алу және өңдеу бойынша маманданған мемлекеттік ұйымдар құру- осы мақсатта алғашқы қадам жасалған және 08.09.2001 жылы № 1168 Үкімет қаулысы бойынша ЖАҚ «Мал өнімдері корпорациясы» құрылды. Бірақ бұл компанияның басты мәселесі - қажетті қаржылық ресурстармен етілмеуі. Тек 10 мың тонна импорттауды ауыстыратын малдарды сатып алу үшін 1 млрд. теңге қажет, ал 2001 жылы тек 100 млн. теңге бөлінген.

  • Жергілікті жерде мал шаруашылығы өнімдерін өңдейтін материалдық-техникалық базасын нығайту, агротехникалық сервис қызметін жан-жақты ұйымдастыру қажет.

  • Отандық тауар өндірушілерді қолдай отырып, импортты ығыстыру, ішкі және сыртқы нарықты жандандыру бойынша мақсатты бағытталған белсенді жұмыстар жүрғізу.

Мал шаруашылығының тиімділігі негізінен үш факторға байланысты: азықтандыру, технология ж:әне селекция. Бүл өзара байланысты факторлардың әр қайсысының әсер ету шектері бар. Мәселен, барлық технологиялык параметрлердің жоғары деңгейі сақталған күйде де егер асыл тұқымды мал болмаса, жоғары өнім алу мүмкін еместігі дәлелденіп отыр. Мал шаруашылығының  әрбір саласының өз ерекшеліктері бар. Сүт және ірі қара мал етін өндіруді ұйымдастыру. Ірі қара мал шаруашылығының ерекшелігі сонда, ірі және құнарлы азықты көп мөлшерде қолдануға байланысты ірі қара мал, әдеттегідей, егістік азық дақылдарының үлкен алаңдары немесе табиғи азық алқаптары бар болған жағдайларда ұсталады. Бұған қоса, ірі қара мал шаруашылығы қор көп сіңірілетін сала болып табылады, оны да ескеру керек.  Республика  Президентінің жарлығымен 2003-2006 жылдар ауыл жылдары болып жарияланды. Еліміздегі азық – түлік қауіпсіздігі ең алдымен халықты әр түрлі азық-түлікпен қамтамасыз  етуге бағытталған, ауыл шаруашылығы саласын қолдауға байланысты. Үкімет ұсынған ауылды қайтадан жандандыру бағдарламасы барлық  жерде жаппай өз жемісін бере бастады. Осы жағдайда құс шаруашылығы саласын қайтадан жандандырып, оны одан әрі өркендетудің маңызы зор. Бұл саланың алға басуына біздің еліміздің ғалымдың өсірушілерінің құстардың жоғары өнімді отандық кростарын шығарып және қазіргі заманға сай технологиясын жетілдіріп, өндіріске енгізуінің маңызы ерекше. Нарық жағдайында құс шаруашылығын мамандандыру өте  маңызы зор  міндет.  Бұл – бірнеше бағытта өріс алып дамитын көп жоспарлы үрдіс. Мамандандырудың ішінен ең маңыздысы өндірісті шаруашылықаралық кооперация негізінде шоғырландырып мамандандыру болып табылады. Жеке капиталды бірлесе пайдаланатын бірлескен кәсіпорындар республикамыздың көп құрылысты экономика саласының тез дамуына мүмкіндік туғызады. Тек осындай мамандандыру ғана құс шаруашылығының негізгі өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді. Қазақстанда 30 жылдан астам уақыт бұрын республика халқын құнарлы және жеңіл тамақпен қамтамасыз ету үшін жұмыртқа мен ет өндірудің үлкен бір саласы құрылған еді. Қазіргі кезде республикада беске таяу асыл тұқымды шаруашылық, құс өсірудің өнеркәсіптік технологиясына сәйкес 25-ке жуық құс фабрикасы бар. Мұндай өте аз өнеркәсіппен республика халқын құс шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мүмкін еместігі белгілі. Құс шаруашылығы өнімінің  өзіндік құны мен жылу қуаты құнының, жем, биологиялық қоспалар және дәрі-дәрмек құндарының арасындағы алшақтық құс шаруашылығын өте күрделі қаржы күйзелісіне әкеліп соқтырды. Соған байланысты көптеген құс фабрикалары оның ішінде асыл тұқымды құс өсіретін фабрикалар сәтсіздікке ұшырап, жабылуға мәжбүр болды. Бұндай жағдайға ұшыраудың тағы бір себебі мемлекеттен бөлінген қаржыны негізгі қордың орнын  келтіруге емес, қымбатшылыққа байланысты туындаған күнделікті қарыздарды жабу үшін жұмсау болып табылады. Сондай-ақ қысқа мерзімді банк несиесіне өте жоғары өсім төлеуде өндірілген өнімнің өзіндік құнының қымбаттауына себеп болды. Содан барып пайдаланған шикізатпен қордың құны құс еті жұмыртқаның сатылатын бағасынан бірнеше есе асып кетті. Мұндай жағдайда өзін-өзі тез ақтайды деп саналатын құс шаруашылығының өзін ойдағыдай жүргізу өте қиынға түседі. Құс шаруашылығының отандық азық – түлік нарығындағы әлеуметтік маңыздылығын жете түсінбеушілік құс өнімдерін өндіруді дұрыс жолға қоюға мүмкіндік бермеуде. Бүкіл жер жүзінде мал мен өсімдіктің кез- келген түрлерінің гендік қорын сақтау ұлттық байлық болып саналады. Ал, бізде ауыл шаруашылығы құстарының гендік қорын сақтау шешімін таба алмай келе жатқан мәселе. Сонымен бірге құс фабрикалары, фермерлік және жеке шаруашылықтардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін асыл тұқымды құс шаруашылығы зауыттары мен репродукторлы шаруашылықтарды қалпына келтіріп, белгілі мақсатта жұмыс жасау  шараларын қарастыру керек. Осыны еске ала отырып, салаға бірінші міндет гендік қорды сақтау және оны отандық құстардың жоғары өнімді кростарын жасағанда пайдалану болып табылады. Кейінгі жылдары елімізде  ғылыми мекемелер мен асыл тұқымды, тауарлы шаруашылықтар арасындағы өзара байланыс жүйесі бұзылды.  Жем құрамындағы қоректік минералды заттардың жетіспеуі құстардың тіршілік қабілетін және өнімділік қасиетін төмендетіп, кәсіпорын жұмысының тиімділігін төмендетті, ол отандық өнімнің бәсекелестік қабілетін азайтады. Құс шаруашылықтарының материалдық-техникалық қорларының өте ескіргеніне, ал республикамызда керекті құрал-жабдық шығаратын өндіріс орындарының жоқтығына аса көңіл аудару керек. Құс шаруашылығы саласы шығарған азық-түлік ел арасында үлкен тұтынушылық сұранысқа ие. Медициналық мөлшер бойынша елде әр жан басына шаққанда 72 кг ет керек, оның ішінде құс еті 14 кг, ал жұмыртқа 292-дана болуы тиіс. Сондықтан 2010 жылға дейін жалпы өнім көлемі тірідей салмақ бойынша 200 мың тоннға және жұмыртқа 4,5 млрд . данаға жеткізілуі керек. Бұл міндетті орындау үшін құс басының ұдайы және тұрақты өсуін, өнімділіктің жоғарылауын, құс басының сақталынуын, олардың құнарлы жемге деген сұранысының қанағаттандырылуын қамтамасыз ету қажет. Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы (БСҰ)  Қазақстан мемлекеті мүше болып кіргенде, әлемдік нарық бәсекелестігіне төтеп бере алатын өнімнің бірі елімізде өндірілетін құс еті. Құс еті арзан бағалы өте құнды белок көзі екендігі мәлім. Жалпы мал шаруашылығының ішінде құс шаруашылығы жолға қойылған, ғылым жетістіктері кеңінен қолданылатын пайдасы мол сала. Соңғы жылдары өндірістің даму қарқыны жоғарылағаны байқалды. Республикамыздың 15 млн. халқын толық қанағаттандыру үшін жыл сайын 160 мың тонна құс етін және 2,8 млрд. дана жұмыртқа өндіруіміз керек. Республика статистика агенттігінің мәліметтері бойынша барлық шаруашылықтардағы құс саны 2005 жылдың басында 26,5 млн, басқа жетті. Бұл көрсеткіш 1991 жылы 55,8%-ға көп болған. Сонымен бірге жұмыртқа өндіру деңгейі де 1991 жылмен салыстарғанда – 1,8 млрд, данаға төмендеген. Қазіргі кезде Қазақстанда әрбір адамға есептегенде жылына 153 дана жұмыртқа және 5 кг құс еті өндіріледі. Бүгінгі кезде құс жұмыртқасы мен етін өндірушілер будан құстарды көбіне шетелдерден әкеледі. Асыл тұқымды шаруашылықтар ұдайы өндіріске жарамсыз ата-аналық түрлерін ғана пайдаланады. Негізгі құс өнімдерін өндірушілер құс кростарын әрбір 1,5 – 2 жылда алмастырып отырады. Сондықтан асыл тұқымды құс әкелуді бір жүйеге келтіріп, республикамыздың барлық шаруашылықтарында асыл тұқымды құс басын есепке алу, қолда бар құстардың өнімділік және асыл тұқымдық сапасын жетілдіруге селекциялық-асылдандыру жұмысын қай кроспен жүргізу туралы ұсыныстар енгізу керек. Өкінішке орай бар асыл тұқымды шаруашылықтар тек қана бірінші және екінші қатардағы репродукторлар ретінде жұмыс жасайды. Еліміздің құс шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ету және саланы одан әрі дамыту үшін мынадай шаралар іске асырылуы тиіс:

  • асыл тұқымды құстардың негізгі, алғашқы басын өсіру жөніндегі селекциялық – генетикалық орталық құру;

  • әр жастағы құстарға арналған қоспалар мен құрама жемнің сапасына кепілдік беретін ірі жем зауыттарын ұйымдастыру;

  • құс шаруашылықтарындағы тозығы жеткен құралдардың орнына отандық құрал – сайман шығаратын өндірісті ұйымдастыру;

  • құс шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін жәрдем ақша бөлу.                                                 

Сонымен, құс саны мен олардың өнімділігін яғни құс еті мен жұмыртқасының өндіру деңгейінің елеулі өсуі, республикамыздағы құс шаруашылықтарының тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді. Республикада құс шаруашылығының  асыл тұқымдық қорын ұйымдастыру, құрама жем өндірісін жандандырған материалдық негізін өркендету сияқты мәселелерді шешілген уақытта, тұқымдық жұмыртқаларды шет елден сатып алу тәуелдігінен  құтылып және жақын арада Қазақстан Республикасының халқын, өз елімізде өндірілген диеталық құс өнімінен дайындалған тағамдармен толық қамтамасыз етуге болады.            

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]