Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПТУ вопросы.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
293.64 Кб
Скачать

5 Нұсқа

1.Қайталанатын қысқа уақыттық жұмыс режимi кезiндегi механизмнiң жұмыс ұзақтығын көрсетiңiз.

A) 10 мин. кем;

B) 1 сағ. кем;

C) 1 сағ. артық;

D) 20 мин. көп;

E) дұрыс жауабы жоқ.

2.Үйме жүктердiң жанасқан қатты денелердiң беттерiне жабысу қасиетi қалай аталады?

A) жабысқақтық;

B) тоңазу;

C) жатақтық;

D) талшықтық;

E) ылғалдылық.

3.Қозғалыссыз күйде ұзақ уақыт сақталу кезiнде үйме жүктердiң сусымалдығын жоғалту қасиетi қалай аталады?

A) жабысқақтық;

B) тоңазу;

C) жатақтық;

D) талшықтық;

E) ылғалдылық.

4.Жүктің кіші температураларда ылғалдықты сақтау нәтижесінде сусымалдығын жоғалтып, монолитті массаны құру қасиеті қалай аталады?

A) жабысқақтық;

B) тоңазу;

C) жатақтық;

D) талшықтық;

E) ылғалдылық.

5.Үздіксіз жұмыс істейтін машиналарда қандай керу құрылғысы тұрақты керу жасайды?

A) жүктік;

B) бұрандалы;

C) серіппелі- бұрандалы;

D) серіппелі;

E) ешқандай да құрылғы жасай алмайды.

6.Тасымалданатын жүктi жылжыту үшiн қажеттi тартқыш күштi қабылдайтын элементтер қалай аталады?

A) тартқыш органдар;

B) жетек;

C) тасушы органдар;

D) кергiш құрылғы;

E) науа.

7.Егер көлденең қимасының ауданы F=0,05 м2, тығыздығы r=0,8 т/м3 және жылдамдығы u=1 м/с тең болса, бiртектi тасқынмен жүктi тасымалдайтын машинаның өнiмдiлiгiн анықтаңыз.

A) 0,15;

B) 0,144;

C) 0,5;

D) 3,2;

E) 1,6.

8.Егер көлденең қимасының ауданы F=0,08 м2, тығыздығы r=1,8 т/м3 және жылдамдығы u=1,1 м/с тең болса, бiртектi тасқынмен жүктi тасымалдайтын машинаның өнiмдiлiгiн анықтаңыз.

A) 0,15;

B) 0,144;

C) 0,57;

D) 3,2;

E) 1,6.

9.Егер жақтау биiктiгi h=0,2 м, үйме жүктiң көлденең қимасының ауданы F=0,085 м2 және жақтау биiктiгiнде төсем қимасының толу коэффициентi

y=0,85 белгiлi болса, төсемдi конвейердiң төсем енiн анықтаңыз.

A) 0,3 м;

B) 0,5 м;

C) 0,8 м;

D) 0,9 м;

E) 1,1 м.

10.Егер qх.в.=80 Н/м, qр.в.=220 Н/м, Н=9м тең болса, онда элеватордың жұмыс тармағында шынжырдың қозғалысына кедергi неге тең?

A) 1620 Н;

B) 900 Н;

C) 3950 Н;

D) 5910 Н;

E) 2700 Н.

11.Егер qх.в.=100 Н/м, qр.в.=380 Н/м, Н=17м тең болса, онда элеватордың жұмыс тармағында шынжырдың қозғалысына кедергi неге тең?

A) 1420 Н;

B) 8160 Н;

C) 4950 Н;

D) 7710 Н;

E) 2700 Н.

12.Iлгектер жасалу әдiсiне қарай қандай топтарға бөлiнедi?

A) соғылған және пластиналы;

B) құйылған және соғылған;

C) тек қана пластиналы;

D) пластиналы және құрама;

E) құйылған және құрама.

13.Грейфер деген не?

A) үйме жүкті көтеру құралы;

B) сұйық жүкті көтеру құралы;

C) дана жүкті көтеру құралы;

D) әмбебап жүкті қармау құралу;

E) ыдысқа салынған жүкті көтеру құралы.

14.Жебенің айналу өсінен жүктің ауырлық центріне дейінгі қашықтық қалай аталады?

A) жебе қолтығы;

B) жүктік момент;

C) кран адымы;

D) кран белдемесі;

E) кран орнықтылығы.

15.Көпiрлi крандарда көлбеу жазықтық бойынша рельстердiң өстерi арасындағы қашықтық қалай аталады?

A) кран белдемесі;

B) жүктік момент;

C) кран адымы;

D) жебе қолтығы;

E) кран орнықтылығы.

16.Алдыңғы және артқы дөңгелектер немесе теңгерушi арбашалардың өстерiнiң арасындағы қашықтық қалай аталады?

A) кран белдемесі;

B) жүктік момент;

C) кран адымы;

D) жебе қолтығы;

E) кран орнықтылығы.

17.Жүк көтергiш машиналарының жұмысының ауыр режимi кезiнде арқанның берiктiк қор коэффициентi неше?

A) n=6;

B) n=5,5;

C) n=5;

D) n=8;

E) n=10.

18.Жүк көтергiш машиналарының жұмысының орта режимi кезiнде арқанның берiктiк қор коэффициентi нешеге тең?

A) n=5,5;

B) n=5;

C) n=6;

D) n=8;

E) n=10.

19.Болат арқандардың құндақталу түрлерін көрсетіңіз.

A) сызықтық және нүктелі түйісетін;

B) қарапайым және байланған;

C) жалаң қабатты, қосарланған қабатты және құрамдас;

D) құрамдас және қарапайым;

E) құрамдас.

20.Болат арқанның өзекшесi ретiнде қандай материал қолданылады?

A) майлау материалы сiңдiрiлген органикалық талшық;

B) композиттi материал;

C) резеңке;

D) мақта- қағазды материал;

E) пластмасса.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]