Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
психологиялык тест.docx
Скачиваний:
464
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
222.71 Кб
Скачать

Психологиялық тесттер мен тренингтер

  1. «Сезімтал басқарушы...» Бағалау әдістемесі бойынша тест

  1. Бейтаныс, басқа адамдармен озін жалғыз сезінсе, мені ренжітеді.

  2. Адамдар жануарлардың сезімталдығы мен мазасыздануы тым әсірелейді.

  3. Маған адамдардың өзін-өзі ұстауы және өзінің сезімін білдіруі ұнамайды.

  4. Мені бақытсыз адамдар, яғни өздерін аяйтындар ашуымды тудырады.

  5. Қасымдағы отырған адам мазасызданса, мен де мазасыздана бастаймын.

  6. «Бақыттан жылаған, ақымақ!» - деп ойлаймын.

  7. Мен достарымның қиындықтарына қиналамын.

  8. Кейде «Махаббат! Туралы әндер менің сезімімді оятады.

  9. Адамдарға жаман хабар айтқанда, мен қатты қиналамын.

  10. Менің көңіліме қасымдағы адамдар әсер етеді.

  11. Мен шетел азаматтарын суық әрі қатал деп санаймын.

  12. Мен «адамдармен сөйлесу» мамандығын алғым келеді.

  13. Мен достарымның ойланбай істеген іс-әрекеттеріне онша ренжімеймін.

  14. Мен адамдардың сыйлық алғандарын бақылағанды жақсы көремін.

  15. Меңінше, жалғызбасты адамдар көбінесе мейрімсіз болып келеді.

  16. Жылап отырған адамды көргенде, көңілім түсіп кетеді.

  17. Кейбір әндерді тыңдағанда, мен өзімді бақытты сезінемін.

  18. Мен кітап оқып отырғанда, соның бәрі өз басымнан өтіп жатқандай күй кешемін.

  19. Біреудің ісіне өзгенің жаман араласқанын көрсем, қатты мұңаямын.

  20. Егер қасымдағылар мазасыздана бастаса, мен сабырлы бола аламын.

  21. Егер менің құрбым (досым) өзінің жағдайларын айтып, сөйлескісі келсе, мен оны басқа тақырыпқа ауыстыруға тырысамын.

  22. Мен адамдар кино көргенде жылап және күрсінсе, ыңғайсызданамын.

  23. Бөтен күлкі мені ыңғайсындандырады.

  24. Мен шешім қабылдағанда, оған басқа адамдардың қарым-қатынасы ереже бойынша рөл ойнамайды.

  25. Егер қасымдағылар бір нәрсеге жабырқау болса, мен жан тыныштығымды жоғалтамын.

  26. Егер адамдар жай мәселелер ұшін тез ренжісе, бұл мені қатты қапаландырады.

  27. Егерде мен жан-жануарлардың қиналғанын көрсем, қатты қапаланамын.

  28. Ақымақ, егер сен кітаптан оқығаңына және кинодан көргеніңе қапалансаң...

  29. Дәрменсіз қарт адамдарды көрсем, жаным ашиды.

  30. Бөтеннің көз жасы менің ашуымды тудырады.

  31. Кино көргенде қатты мазасызданамын.

  32. Мен барлық абыржу түрлеріне бейжай қараймын.

  33. Кішкентай балалар себепсіз жылай береді.

Өздеріңіздің жауаптарыңызды кілт арқылы есептеңіз.

Жауаптары

Нақты нөмірлері

Келістім «+»

1,5,7,8,9,10,12,14,16,17,18,19,25, 26,27,29,31.

Келіспеймін «-»

2,3,4,6,11,13,15,20,21,22,23,24,28,30,32,33.

Алған барлық ұпайларыңызды мөлшерімен салыстырыңыз, өз жауабыңыздың көрсеткіштері төмендегідей:

Жынысы

« сезімтал» көрсеткіші

жоғары

орташа

төмен

өте төмен

Ерлер

33-26

25-17

16-8

7-0

Әйелдер

33-30

29-23

22-17

16-0

  1. Тест зеректілік пен байқампаздыққа

Ережесі: 1-90-ға дейінгі сандарды суреттен қарап санап шығуларыңыз керек.. уақытты санаймыз ... кеттік:) 

Егерде 1-90-ға дейін санау барысында сізге:  10 минутқа дейін уақыт кетсе , – сіз өте зерек және байқампаз адамсыз.  10 – 15 мин, — сіздің зеректілігіңіз бен байқағыштығыңыз жақсы.  15 – 20 минут, — сіздің байқағыштығыңыз бен зеректілігіңіз орташа.  20 минутан көп уақыт кетсе, —сіздің зеректілігіңіз бен байқағыштығыңыз төмен, бірақ сіздің сабырлылығыңыз бен шыдамдылылығыңызға қызығуға болады...  Бұл тест сіздің зеректілігіңіз бен байқағыштығыңызды дамытады. Сондықтан бір рет емес, бірнеше рет қайталап көрсеңіз болады.....