Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
психологиялык тест.docx
Скачиваний:
465
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
222.71 Кб
Скачать

14.«Мен таптым»жаттығуы

Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды.

Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.

15.«Белгісіз басшы»жаттығуы.

Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса, немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады.

16. «Мимикалық ситуация» жаттығуы

Қатысушылар үш топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда «Махаббат», «Бұзықтық», «Қызығушылық», тақырыптар берілген. Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, панто-мимикалық ситуация құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын табады.

        1. 17.«Бұзылған телефон» жаттығуы

Мақсаты: вербалды деңгейде бірін-бірі түсінуді үйрену үшін.

Қатысушылар бір-бірден тізбекке тұрады. Жүргізуші тізбектің соңына тұрады. Осылайша, барлық қатысушылар бір-біріне арқаларымен тұрады. Иыққа қағыспен қатысушы алдында тұрған қатысушыға қарауды ұсынады. Содан кейін ол ым-ишара арқылы бір затты көрсетеді (сіріңке қорабы, пистолет, волейбол добы және т.б.). Бірінші қатысушы екінші қатысушыға қарайды және жаңағы иық қағысымен оның қарауын сұрайды, сосын затты көрсетеді және сол сияқты ары қарай ақырғы қатысушыға дейін. Ең ақырғы қатысушы сол затты атайды. Шарттары: барлығы да дыбыссыз орындалады, тек қана ым-ишара арқылы, тек қана қайталауды сұрауға болдады және қатысушылар кезегі жетпей бұрылмауы керек.

Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:

  • Қатысушылар бір-біріне әдепті болды ма?

  • Кімге өз досын түсінуге қиын болды?

18. «Қолтырауын» жаттығуы

Мақсаты: басқаларға күлкілі, ретсіз болып көрінуден арылу.

Көбі адамдар қоршаған ортаға күлкілі болып көрінуден қорқады. Осы ойын қорқыныштан арылудың құралы ретінде ұсынылып отыр. Топ екі топқа бөлінеді. Бірінші топ бір сөзді не сөз тіркесін жасырады да, келесі топ - өзінен бір адамды сол табуға шығарады. Топтар кезекпен сөздерді жасырады.