Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсач.docx
Скачиваний:
36
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
48.33 Кб
Скачать

Корпоротивті компьютерлік желілер.

Классификация типтері бойынша локальды есептеуіш желілер жұмысшы топ, бөлім, кампус және корпоративті желілер болып бөлінеді.

Корпоративті желі – кәсіпорын, корпорация масштабының желісі.

Бұл желі Интернеттің коммуникациялық мүмкіндігін қолданатындықтан, олар үшін территорияльды орналасу маңызды емес. Корпоративті желі локальды желінің кең таралған желісіне жатады. Қазіргі кезде корпоративті желі белсенді дамуда және олар көбінесе интранет желісі деп аталады.

Интранет (интра желі) – бұл Интернет технологиясының аумақты мүмкіндіктеріне ие фирма аралық және фирма ішілік компьютерлік желі. Оны Интернет желісі мен локальды желі құралдарын қолдану арқылы фирма аралық және фирма ішілік ақпаратқа қатынау, өңдеу, жіберу, сақтау жүйесі ретінде анықтауға болады.

Толық функциональды интранет – желі келесі базалы желілік технологияны қамтамасыз етеді:

  • желілік басқаруды;

  • барлық қызмет кен ресурстарды бейнелейтін желілік каталогты;

  • желілік файлдық жүйені, мәліметтер қорын;

  • корпоративті мәліметтер қорын және сәйкес МҚБЖ-ны;

  • хабарламаны интегривті жіберуді (электронды почта, факс, телеконференцияларды және т.б.);

  • World Wide Web-тағы жұмысты;

  • желілік баспаға шығаруды;

  • санкцияланбаған қатынаудан ақпаратты қорғауды.

Интранет-желі желілік қорғау құралы – брандмауэр көмегімен Интернеттің сыртқы қолданушыларынан изаляцияланады.

Web серверде орналасқан брандмауэрдің бағдарламалық, қамтамасыз етілуі корпоративті желіні санкцияланбаған қатынаудан қорғауды және олардан конфиденцалды ақпаратты алуды қамтамасыз етеді. Интернет желісіндегі ақпарат және оның барлық қызмет көрсетуі барлық инранет желісінің қолдангушыларына қол жетерліктей.

Қазіргі заманғы жоғары конкурентті рынокта жаңа ақпаратқа қатынауды алу бизнестегі сәттіліктің маңызды компоненті болып отыр. Сондықтан интранет желісін қазіргі кезде корпоративті қосымшаны жүзеге асыру үшін арналған перспективті орта ретінде қарастыруға болады.

Интранет желісінің тарихы 1994жылы басталады. Ол кезде Интернет желісінде бірлескен принциптерден құралған корпоративті компьютерлік желі үшін Intranet ұғымы ұсынылған болатын. Бұл нақты өндірістік профильге және масштабқа тәуелсіз кез келген өндіріс үшін әмбебапталған жол.

Интранет – бұл корпоративті желіде web технологияны көшіру. Корпоративті локальды құрылу өніміне қарағанда интранет-желі арзан және дайын коммуникациялық компонентті қолданады. Шет елдегі экономистердің есебі бойынша ірі корпорацияға интранет технологиясын енгізу бағасы 50 доллар (бір жұмыс орнына).

Ол интернеттен әртүрлі технологиялық құралдарды және ОЖ-ні бір инфрақұрылымға біріктіруді мұраға қалдырған. Интернеттен транспорттық (ТСР) және желілік (IP) деңгейдің негізгі желілік хаттамасы алынды.

Корпоративті желіні өңдеу процесі жеңілдеді. Жеке бөлімшелер басқа бөлімшелермен байланыстырылмай өздерінің локальды есептеуіш жүйесін серверін қолдана отырып, өздерінің ішкі жүйесін құра алады. Керек болған жағдайда олар өндірістің тұтас жүйесіне қосыла алады.

Клиенттік компьютерде HTML- файлын көрінерлік бейнеге ауыстыруды және WWW обьектісіне қатынауды жүзеге асыратын браузер-бағдарламасы болуы керек. Бұлш файлдар қолданушының операциялық ортасына тәуелсіз қол жетерліктей болуы керек. Соның барсында, серверлік қосымшалар клиенттен инвариантты құрылуға міндетті және олардың өңделуі әмбебапталған клиенттің бар болуына және корпорацияның функциалды тапсырмаларын жүзеге асыруға толығымен бағытталған болуы керек.

Ірі өндірісті басқарудың қазіргі заманғы жүйесі қатаң орталықтанған жүйеден бөлінген жүйеге дейінгі даму жолынан өтті. Бөлінген басқаруды қолдауды қамтамасыз етеін ақпараттық технология «клиент-сервер» архитектурасы бар жүйесінің базасында құрылды. Бөлінген басқару бөлінген коммуникациямен үйлеседі.

Интранет принципінде басқару жүйесін құру – ақпаратты сақтаудың орталықтанған жүйесінің жақсы саласын бөлінген коммуникациямен үйлестіруге мүмкіндік береді.

Бүгін, біздің көз алдымызда жаңа өндірістік революция болып жатыр -және есептеуіш техника облысында. Егер алдыңғы кезеңдерде ақпараттық технология аты кең мағынада мәліметтерді өңдеу ретінде түсінілсе, онда бүгін, ырғақ оларды транспартировкалау және бөлінген өңдеу пайдасына, әртүрлі мәліметке қатынау унификациясының пайдасына, телекоммуникациялық құралдың пайдасына өзгертіледі. Бағдарламалау тәжірибесінде орталықтанған бағыт болып бөлінген архитектура табылады. Бағдарламалық қамтамасыз ету рыногындағы даму Интернет- технология және топтасқан жұмыс құралдары облысында болып жатыр.

Ведомсті ақпаратты-есептеуіш желісінің даму анализі әртүрлі уақыт периодында олардың құрылуының техникалық ерекшелігін, қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]