Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
порт.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
307.07 Кб
Скачать

3.2 Өндірістік ғимараттың бас жоспары

Элеватордың негізгі өндірістік құрылысына:жұмыс ғимараты, силосты корпустар, теміржол және автомобиль жолдарынан қабылдау қондырғылары, теміржол вагондарына арту қондырғылары, астық кептіргіш қондырғылары, қалдықтар цехы,зертханалар, автомобильді таразылар.Қосымша өндірістік құрылысына жататындар: градиналарымен күш станциялараының ғимараты,жылу қоймалары,трансформаторлы подстанциялар және киоскілер,насосты станциялар,суға арналған су құбырлары және жер асты резервуарлары,слесарно-механикалық,электр жөндеу,шеберхана,депо,автомобиль транспорты үшін гараж,өрт депосы,административті корпус.

Элеватордан және қоймалардан вагондарды және автокөліктерді арту және түсіруге шаруашылық территориясында темір жол және автомобиль жақын келу жолдарын салу мүмкіндік береді.Ұзындық және жақын келу жолдарының сұлбасы үздіксіз алып беруді және жобаланған транспорт санының өтуіне жеткілікті болуы керек,ережелер мен есептеулерге жауап беруі тиіс.

Автомобиль жолдары барлық ғимараттар мен құрылыстарға өрт жүктерінің кіруіне ыңғайлы болуы керек.

Өртке арналған су құбырларын гидранттармен орналастырады,мүмкіндігінше сақиналы түрде,сумен үнемі қамтамасыз ететін немесе суға арналған артық бактар болу керек.Кәсіпорынның аумағын негізгі және автомобиль транспорты үшін негізгі және қосымша варата теміржол составтарын өткізуге арнайы ворота және өту будкасын салып қоршайды.

Персоналдар үшін арнайы раздевалкалар,душ жылы сумен,осы ғимаратта киімді шаңдатпау үшін қондырғы орнатады,міндетті түрде буфет,бақытсыздық болған жағдайда алғашқы көмек көрсету пункті болуы керек.

Астық қабылдау элеваторында автокөлік транспортына қабылдау қондырғылары,сондай-ақ темір жол вагондарына арту қондырғылары болуы керек.

Астық қоймаларын транспортпен тығыз байланысты.Оның нәтижесі жұмысына астықтың түсуін,сонымен қатар үздіксіз тұтынушыларға жеткізілуі іске асады.

Сондықтан кәсіпорынның бас жоспарын жобалағанда транспорттың барлық түрінің қатысуына барынша мүмкіндік жасайды.

Кәсіпорынның автокөлік жолдары жергілікті жолдармен байланысты және жабынмен жабылуы керек.Территорияға кіргенде жеткілікті аумақта автотұрақ қарастырылуы керек.Кіретін воротаның алдында астықтың сапасын анықтайтын лаборатоия болады.Территорияға кірер алдында воротадан 10...12 м арақашықта автомобиль таразылары орналастырады.

3.3 Порт 5x350 элеваторының бас жоспарының негізгі көрсеткіштері

Wғимараттар=136500/341250х100%=40%

Wкөгалданған аймақ=122850/341250х100%=36%

Wасвальтталған алан=245700/341250х100%=72%

4. Астықты өңдеуге арналған қондырғылардың сипаттамасы

4.1 А1-БИС ауалы сепараторы

А1-БИС үлгісіндегі сепаратор астық партиясының негізгі дәнінен ені мен қалыңдығы бойынша және аэродинамикалық қасиеті бойынша ерекше болатын қалдықтарды ажыратады.

Сепаратордың жұмыс істеу принципі келесідей: тазаланатын астық өздігінен ағып елегіш корпусқа түседі. Ірі қоспалар науа арқылы сепараторлардан шығарылады, ал астықтың майда қоспалары сорттайтын елек арқылы қосымша елекке жіберіледі. Майда қоспалар науаға түседі және сепараторлардан шығарылады.

Електерде ірі және майда қоспалардан тазартылған астық самаотекпен дірілді арнаға түседі. Астық ағынынан ауа өткенде жеңіл қоспалар астықтан бөлініп, ауалы канал арқылы горизонтальды циклонға түседі.Тазартылған астық пневмосепаратор каналымен тесіктер арқылы самотек құбыры бойымен басқа өңдеуге кетеді.

  1. – сурет

  2. А1-БИС – 100 сепараторы

1 – қабылдау ұрасы; 2 – тарату түбі; 3 – сорттайтын елек; 4 – астыңғы елек; 5 – фартук; 6 – аспирационда ұра; 7 – дросселді клапан; 8 – певмосепараторлық клапан; 9 – қозғалмалы қабырға; 10 – ірі қоспалар астауы; 11 – дірілді арна; 12 – қоректендіргіш қорап; 13 – майда қоспалар астауы;