Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Тиімді жне йлесімді таматану

.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
25.12 Кб
Скачать

Тиімді және үйлесімді тамақтану –

денсаулық кепілі

Тамақтану[1] - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі.

Жастардың дұрыс тамақтануы олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, бұзылып, иммунитет әлсірейді

Қазақта «Ауру – астан, дау – қарындастан» деген сөз бар. Десек те бұл сөзге бүгінгі күні құлақ асып жатқан адам кемде-кем. Соның салдары болар, дұрыс тамақтанбау кесірінен, яки отбасы жағдайында тамақтану мәдениетінің қалыптаспауы ауру-сырқаудың өршуіне әкеп соқтырып келеді. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының таратқан мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда соңғы он жылда ас қорыту ағзаларының, эндокриндік жүйенің аурулары, жүрек-қан тамыр аурулары санының ұлғайғаны сонша, осы созылмалы аурулардың өлім-жітім жағдайларының 86 пайызын құрап отыр екен.

Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы «әлемде өлiм-жiтiмге әкелiп соқтыратын фактордың 60 пайызы – дұрыс тамақтанбау салдарынан» деген тұжырым жасаған. Демек, дұрыс тамақтану және тамақтану мәдениетiн жетiлдiру арқылы көптеген аурулардың алдын алуға негiз бар. Әйтсе де әлi күнге дұрыс тамақтану арқылы аурудың алдын алуға болатынын түсiнбей келе жатқан секiлдiмiз. Себебi соңғы 10 жыл iшiнде қазақстандықтардың 80 пайызының денсаулығы дұрыс тамақтанбау салдарынан нашарлаған. Оның iшiнде 6-14 жас аралығындағы балалардың 45 пайызы дұрыс тамақтанбау салдарынан қан аздық пен асқазан, iшек жолдары ауруына шалдыққан. Рас, соңғы кездерi қай ауру түрi болсын “жасарып бара жатыр” деп дабыл қағып жатырмыз. Дегенмен осы уақытқа дейiн тек қана үлкендерде кездеседi делiнiп келген асқазан жарасы ауруының бүгiнгi күнi бастауыш сынып оқушылары арасында көп кездесуi алаңдатарлық жағдай екенi сөзсiз. Өйткенi асқазан жарасының пайда болуының бiрден-бiр себебi дұрыс тамақтанбаудан екен. Асқазан жарасының ауруы әсіресе студенттер арасында көп кездеседі. Бұнын бірден-бір себептерінің бірі – тамақтану режимін сақтамауы мен тез тамақтану болып келеді.

Тиімді тамақтану[өңдеу]

Тиімді тамақтану адам біраз ауру-сырқауға ұшырамай, оларды оңай жеңіп отырады.

Тиімді тамақтану мезгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырады.

Асқазаны, жүрек-қан тамыры т. б. сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың арнайы ойластырылып жасалған ас үлесі (рацион) мен режимі емнің бір түрі болып табылады.

Тамақтану бүкіл организмнің бір қалыпты дамуы мен үйлесімді қызметін қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы тиіс.

Адамның кәсібіне, жасына, жынысына сәйкес, тіршілік әрекетіне қарай қажет тамақтық рационы оның құрамындағы ақуыз, май, углевод т. б. заттардың сапасы мен мөлшері жағынан реттелу керек. Организмнің физиологиялық қажеті көптеген жағдайға байланысты, олар ұдайы өзгеріп отырады.

Организмнің тамақтан жұғымды заттарды дәл осы сәтте қажетті мөлшерде бойына сіңіріп зат алмасу процесінде бір затты екінші түрге айналдыратын, керекті кезінде пайдалануға болатындай қор жасайтын, реттеуші механизмі болады. Бірақ организмнің реттеу мүмкіндігінің белгілі шегі бар; ол мүмкіндік бала кезде және егде тартқан шақта көбірек шектеледі.

Бірқатар заттарды, кейбір витаминдер, алмастырылмайтын амино қышқылын адам организмі зат алмасу процесінде жинақтай алмайды, ол дайын күйінде тамақпен бірге берілуі тиіс, өйтпеген күнде кісі тамақ жұқпайтын ауруға ұшырайды.

Тамақтың жұғымдылығы[өңдеу]

Тамақтық жұғымдылығы оның құрамындағы ақуыз, май, углеводтардың саны мен сапасына байланысты.

Дені сау адамның тамақтану рационында ақуыз, май және углеводтардың ара қатынасы 1:1:4-ке жуық болуы керек. 1 грамм ақуыздың, майдың және углеводтың қуаттылық құндылығы олардың сіңімділігін ескергенде тиісінше 4,9 және 4 ккал болады.

Тамақтың бойға сіңетін құнары организмнің өмірлік маңызы бар функцияларын, оның ішінде зат алмасу мен депо қызметін дұрыс атқаруына жұмсалады.

Тамақты сіңіру кезінде организмнің бөлген қуатының мөлшерін тағамның калориясы деп атайды.

Тамақтану рационын жасағанда адамның жынысын, жасын кәсібін ескеру қажет; ауыр дене жұмысын істейтін адамдар, болат қорытушылар, ағаш кесушілер, ауыл шаруашылығының механизаторлары жеңіл дене еңбегімен немесе ой еңбегімен шұғылданатын адамдарға қарағанда ақуыз, май, углеводтары көп тамақтарды қажет етеді.[2]

Тамақтану мезгілдері[өңдеу]

Адамдар күніне 3-5 рет тамақтанады.

Негізгі тамақтану мезгілі үшке бөлінеді:

таңертеңгі ас (сағат 7.00-9.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) қант қосылған ботқа, сүт тоқаш, сары май т.б. - организмде қант құрамын тұрақтандырады, тәбетті ретке келтіреді, сонымен қатар күні бойы тамақты шамадан тыс көп жеуден және семіруден сақтайды;

түскі ас (сағат 13.00-14.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) құнды - әр түрлі тағамдар жиынтығы, организмді керекті құнарлы заттармен қанықтырады;

кешкі ас (сағат18.00-19.00) - ас үлесі (рацион) жеңіл тағамдар - ұйқы кезінде адам организмін жайландырып, қорытылуына көп қуат кетпейтін тағамдар;

Аралық тамақтану:

таңертеңгі ас пен түскі ас ортасында - екінші таңетртеңгі ас (ланч) - жеміс-жидек немесе тоқаш, сусын немесе шырын;

түскі ас пен кешкі астың ортасында - түстік - көмеш немесе ашыма, сусын немесе шырын, айран

Фастфуд (англ fast food –тез тамақтану) тез әзірленетін тамақтар.

«Фастфуд» термині ең алғаш рет 1951 ж Merriam-Webster сөздігіне енгізілген.

Тез тамақтану Ежелгі Римнан белгілі.Әрбір Римдық базарларда тәтті және тез пісірілетін тамақтар қарапайым халыққа көптеп ұсынылатын болған. Ол кездегі бірден-бір тамақтың түрі ашытылңан қамырдан жасалған және зәйтүн майы жағылған тандырлар болған. Ол қазіргі италиан пиццасына ұқсайды.

Қытай базарларында тез пісетін ыстық кеспелер сатылған.

Америкада фастфуд индустриясы 1920ж қалыптасты. 1921ж Канзас штатында White Castle компаниясы ашылды. Басты жасайтын тамақтары сол кезге таңсық болған гамбургер.

  • Адам организімінне өте зиянды фастфуд тағамдарытуралы айтқанда сосиска, шұжықтар және неше түрлі еттен жасалатын қарапайым халық көп тұтынатын тамақтар келеді. Бұндай ас тамақтардың құрамында майлар көптеп кездеседі. Сонымен қатар қуырылған түрде фастфуд өнімдерінде көптеп кездесетін адам ағзасына зиянды еттердің майлы түрлері де жатады.

  • Түрлі елдердегі медециналық зерттеулердің нәтижесі фастфуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі гамбургер немесе бір стакан кока кола 1500колорияға тең күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны құрау керек. Ал сіз бір ғана гамбургер мен шектеліп қоймайсыз ғой.

  • Фастфуд өнімдері адамды толық қанағаттандыра алмайды ол тек қана аз ғана уақытқа аштықты жасырып қояды. Жарты сағаттан соң адам тағыда тамақтанғысы келеді.

  • Фастфуд өнімдерінен целюлит , безеулер, тері кеуіп және шаштар әлсіздене береді. Ал күнделікті қолданатын болсаңыз гипертонияға, иммунитеттің төмендеуіне , ішкі ағзалардағы түрлі ауруларды шақырады. Фастфуд өнімдерінің құрамында холестериннің көп болуынан тамырларда таяқшалар пайда болады.

  • Әлі қатаймаған балалардың организмі фастфуд өнімдерінің зиянды элементтерін тез қабылдап алады. Балаларда қантты диабет, эндокринді жүйе мен имунды жүйенің бұзылыстары, жүрек қан тамырларының аурулары және басқа да көптеген аурулар туындауы мүмкін.

  • Тез әзірленетін тағамдар сататын кофитерилерге жиі бармағаныңыз жөн

  • Өзіңізді фастфуд өнімдерінің орнына жеміс-жидектер, аз колориялы йогурт немесе каша жеуге көндіріңіз

  • Фастфуд өнімдерің ең кішкене порциясын алыңыз

  • Газдалған сусындардың орнына сақындатылған шай немесе түрлі жемістердің шырынын ішіңіз

  • Қуырылған тамақтарды көп жемеуге тырысыңыз

  • Көкөністерден жасалатын тағамдарды жиі қолданыңыз

  • Мұндай орындар әлемде күн санап көбейіп келеді. Мысалға айта кететін болсақ жоғарыда көрсетілген McDonald,s фастфуд өнімдерін жасайтын орыны. 1956 жылы АҚШ та McDonald,s тың 14 мейрамханасы болған. 1960ж–228 1968ж- 1000, 1984ж- 8300, 1990ж- 11800. Ал қазір бүкіл дүние жүзінде McDonald,s тың 119 елде 30000 мейрамханасы бар.

  • «Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Жоғарыда айтылға шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, кириешки, картошка фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім».

  • «Ауру – астан...» деген дана қазақтың сөзі бекер айтылмаған сияқты!

- Дұрыс тамақтану – ұлтты сауықтырудың, жұқпалы аурулардың алдын алу, өлім-жітімді, әсіресе ана мен бала, нәрестелер өлімін азайтудың басты факторы. Темір тапшылығы анемиясы, жүрек-қан тамыр аурулары, диабет, остеопороз, асқазан-ішек жолдары, онкологиялық патология сияқты аурулар тікелей тамақтануға байланысты туындайды,- дейді Қайрат Тәңірбергенұлы.

Қалай дегенмен де, «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөздің астарында үлкен мән жатқанын ұғынатын кез келді.