- •Мазмұны
- •I. Ақшаның теориялық аспектілері және оның түрлері
- •II. Электрондық ақшалар, олардың тиімділігі
- •III. Қазақстанда электрондық ақшалардың дамуы және электрондық төлемдер
- •Ақшаның пайда болуы
- •1.2. Ақшаның түрлері
- •II Электрондық ақшалар
- •2.1 Электрондық ақшалар
- •2.2. Электрондық ақшалардың тиімділігі мен кемшіліктері
- •III. Қазақстанда электрондық ақшалардың дамуы және электрондық төлемдер
- •3.1. Қазақстан Республикасындағы «Электрондық ақшалардың» дамуы
- •3.2 Электрондық төлемдер
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Қосымшалар
Ақшаның пайда болуы
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларды «өгіз» деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі «пекуния» (ақш») «пекус» («мал») сөзінен шыққан. «Руна» («мал») сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы «рупия» негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де «мал» деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген «біздің жинаған малдармыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады». Ол кездегі қазынашы «малшы», қазына, қазына жинау орны – «мал ұстайтын орын» деп аталынды. [1]
Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді. Бара бара, өндіру мен алмастырудың көлемінің өсуіне байланысты, жалпыға бірдей баламаның маңызын бір текті, оңай бөлшектенетін, сақтағанда бұзылмайтың тасымалдауға қолайлы тауардың орындауы керек болды. Осының салдарында өмірге кесектелген қола, мыс, күміс, алтын ақшалар келді, Одан кейінгі қоғамдық дамудың нәтижесінде, кесек металл ақшаның орнына, металдан дайындалған монеталар пайда болды, оның ішінде алтын ақша да бар. Бұл ақшаның кесек ақшадан айырмашылығы, оған қажетті деректер (мемлекеттің аты, гербісі, басылған жылы, тағы басқалар) басылатын. Бұл сол кездегі ақшаның жетілдірілген түрі болды. [2]
Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды. Бірақ XVI ғасырдың басында (1516 ж.) утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің «Жаңа Утопия аралы және кітап» деген еңбегінде «Алдау, ұрлау, тонау... кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазалатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыңшылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар еді. Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жоғалар еді». Ол аздай Т. Моор тағы былай деді: «Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес». XIXғ. Социал утопистері – Прудон, Оуэн, Грен және басқалар ақшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды. Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан кейін, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда бола бастады. Керек десеңіз ауыл шаруашылық өнімдеріне тікелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шыңдығында, мұның бәрі сәтсіз аяқталды. К. Маркс былай деді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді. [3]
Ақшаның қызметі:
Құн өлшемі
Айналыс құралы
Төлем құралы
Жинақтау және қорлану құралы
Әлемдік ақша
Экономикалық категория ретіндегі ақшаның мәні олардың қызметтерінде көрініс табады, олар ішкі ақшаның негізін және құрамын сипаттайды. Ақша қызметінің әрқайсысы тауарлардың айналымы процесінен шығатын әлеуметтік – экономикалық қатынастардың бір жағын қарастырады. Демек, олар қазіргі кездегі және нарықтық экономикадағы ақшаның маңызы мен рөлін өте толық ашады деп есептей отырып, біз 5 қызметін қарастырамыз.
Құн өлшемі. Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі болып, барлық тауарлар құнының өлшемі қызметі болып табылады, ол тауарлардың балама айырбасымен қамтамасыз етеді. Бірақ та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады, сондықтан да өзіндік құны бар шынайы ақшалар олардың құнының өлшемі бола алады. Ақшалар құн өлшемі қызметінде идеалды оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанға дейін орындалады. Құнның тауарлық формасының ақшалай формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгілеу жеткілікті, бұл жағдайда тауарларды өткізу сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Баға – тауарлар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды өндіру мен өткізуге кететін қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады, яғни баға бұл тауардың қоғамдық танылған құны болып табылады. Тауар бағасы нарықта қалыптасады, тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе – теңдігі кезінде ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Айналыс құралы. Бұл қызметтің маңызын тауар айналымының Т – А – Т классикалық формуласының көмегімен ашуға болады. Бұл жағдайда ақша тауар айналымындағы делдал рөлін атқарады, оның негізі болып айырбас баламасы саналады. Формуладағы тауарлық айналымы екі актіден тұрақты: тауарды сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды саптып алу, яғни ақшаның тауарға айналуы. Бұл жағдайда ақша айналыс құралы қызметіндегі делдал болып табылады. Ол қызметті орындау үшін ақша үнемі қолда болуы тиіс, яғни бұл қызметті шынайы әрекет етуші ақшалар атқара алады. Егер сатып алушыда ақша болмаса, онда ол тауарды сатып алмайды. Бұл жағдайда ақша басқа тауарды сатып алу үшін қажет болады. Олар тауар сатушының қалтасында жатпайды, сатушылар оларды басқа қажетті тауарды сатып алу үшін қолданады, ақша үнемі айналыста жүреді. Сондықтан бұл жерде ақшаның рөлі өте жылдам және ол бір тауарды екіншісіне айырбастау процесіне қызмет көрсету үшін қажет.
Төлем құралы. Тауар өндірісі және тауар айналымының дамуы, сонымен бірге кредиттік қатынакстардың дамуы нәтижесінде ақшаның төлем құралы деген тағы бір қызметі туындады. Бұл жағдайда Т – А – Т айналымы барысында Т – А және А – Т деген екі метафора бөлініп шығады. Ақшаның сатушыға жетуінен гөрі тауар сатып алушының қолына жылдамдық жетеді. Бұл жағдайда тауарды сатушы кредит берушіге, ал сатып алушы – қарыз алушыға айналады. Сату және төлем актінің бөлінуі нәтижесінде ақшалар төлем құралы деген жаңа қызметті орындай бастады. Тауар сатылғаннан кейін, төлем құралдары айналымға түседі. Ақша айналымы процесін бастамайды, оны анықтайды. Сатып алушы тауар үшін ақша төлемейді, міндеттеме төлейді. Сонда тауар крелитке сатылады екен. Төлем міндеттемені өтегеннен кейін жүзеге асады, сәйкесінше, ақшалар сату – сатып алу актін анықтамайды, кредитті жаба отырып, тек қана оны аяқталады.
Нәтижесінде тауарларға қатысты ақшаның салыстырмалы дербес қозғалысы жүзеге асады.
Егер ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметі кезінде ақша мен тауардың қарама – қарсы бір уақыттағы қозғалысы орын алса, ал ақшаның төлем құралы қызметінде бұл қозғалыс барысында уақыт бойынша алшақтық болады, яғни қарыз алушы тауарды несиеге сатып алып сатушыға қарыз міндеттемесін береді, ол белгіленген мерзімде ғана төленеді. Төлем құралы ретінде ақшаны пайдалануды К. Маркс былайша сипаттады: «Бір тауар иесі қолма – қол тауарды сатады, ал екінші ақша өкілі немесе болашақ ақша иесі ретінде әрекет ете отырып, сатып алады. Сатушы кредит беруші болса, сатып алушы – қарыз алушы болады».
Жинақтау және қорлану құралы. Төлем құралы ретіндегі ақша қызметінің дамуы ақша қаржылары резервтерін құрудың қажеттілігін, яғни ақшаның жинақтау және қорлану құралы ретіндегі қызметін туындатады.
Бірінші актіде тауар сатылады да ақшаға айналады, бұл жағдайда өз қажеттіліктеріңді қанағаттандырудан жиі бас тартуға тура келеді. Алтын адамдардың көз жауын алады. Сондықтан оны жинақтау мен сақтауға ұмтылады, өйткені бұл қор кез келген қызметті алуға, яғни кез келген уақытта өзінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ақшалар жинақтау құралы қызметін атқарады. Және олар осы қызметте қоғамдық байлықтың жалпы көрінісі болып саналады. Адамдар өз байлықтарын асыл тастар, өнер туындылары, жылжымалы мүлік, акциялар, облигациялар, банктегі аұша және т.б түрде сақтай алады. Бірақ ақшалар көбінесе осы қызметті орындайды. Өйткені оларға өтімділік тән, өтімді актив төлем құралы ретінде пайдалануға болатын және тіркелген атаулы құны бар актив саналады. Ақшалар төлем құралы ретінде пайдаланылады және олар құн өлшемі қызметін атқарғандықтан, олар әрекет етуші масштаб шеңберінде өзінің жеке тұрақты құнын өзгертпейді.
Әлемдік ақшалар. Әлемдік ақшалар ақшаның барлық қасиеттерін өзіне жұмылдыра отырып, ол қазыналық және төлем құралы қызметінің тұтастығы арқылы қаша формасының тікелей логикалық жалғасы болып табылады. К.Маркс былай жазған: «Өзінің түсінігі ғана емес, сонымен қатар әрекет әдісімен ақшалар қазына және жаппай төлем құралы ретінде әлемдік нарықта жалпы айрбас құралы, жалпыға ортақ тауар болып табылады». Осыған байланысты әлемдік ақшалардың табиғаты, экономикалық категория ретіндегі маңызы олардың қызметінде айқын көрініс табады, мұндағы ақшаның өзіндік ерекшелігі жаппай интернационалды тауар ретінде көрнеді. Халықаралық төлем құралы ол құнның ұлттық белгілері арқылы және ішкі ақша айналымына ұқсас қалыптасатын құнның айрықша интерноционалдық белгілері бойынша жүзеге асырылады.[4]
Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның түрі де мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген. Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қана-ғаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады.[5]
