Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перевод.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
223.3 Кб
Скачать

3 Саты. Жылжымайтын мүлік объектісінің құнын анықтау.

4 саты. Мақұлдау. Мақұлдау – бұл бағалау объектісіңе құны туралы соңғы шешім қабылдау процесі. Бұнын алдын бағалаушы барлық ақпараттарды және есептеуледің дұрыстылығын тексеріп шығады. Барлық жорамалдар мен шектеу шарттары сенімділікке тексеріледі.

5 саты. Объектінің қорытынды құны туралы есеп. Бағалау туралы есепте мыналар көрсетiлуге тиiс:бағалаушының атауы (тегi, аты, әкесiнiң аты, (ол болған жағдайда), мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның нөмiрi мен берiлген күнi, айқындалатын құнның түрi, есеп жасаудың күнi және бағалау жүргiзудiң күнi, бағалау объектiсiнiң (объектiлерiнiң) атауы және (немесе) орналасқан жерi мен сипаттамасы, бағалау жүргiзу кезiнде пайдаланылатын бағалау амалдары мен бағалау әдiстерi, бағалау жүргiзу кезiнде пайдаланылатын бағалау стандарттары, нақты деректердi алу көздерi көрсетiле отырып, бағалау жүргiзу кезiнде пайдаланылатын нақты деректер, есеп негiздемесi, бағалау нәтижесі және жүргiзiлген бағалаудың нәтижесiн толық және айқын түсiндiру үшiн қажет өзге де мәлiметтер болуы мүмкін.

Бағалау туралы есеп екі данада жазылып, біріншісі тапсырыс берушіге ұсынылса, екінші данасы бағалаушыда қалады. Бағалау туралы есеп 5 жыл сақталады.

Жылжымайтын мүлік объектілері келесі мақсаттар үшін бағаланады:

  • үй-жай, ғимарат, құрылыс нысандары сатып алу –сату

операцияларын жүзеге асыру мақсатында;

  • үй-жай, ғимарат, құрылыс нысандары жалға операцияларын беру

мақсатында;

  • жылжымайтын мүлік объектілері сақтандыру мақсатында;

  • жылжымайтын мүлік объектілерін кепілдікке беру мақсатында;

  • жылжымайтын мүлік объектілерін ликвидациялау мақсатында;

  • жылжымайтын мүлік объектілеріне салық салу үшін кадастрлық

бағалау жүргізу кезінде;

  • инвестициялық жобалардың тиімділігін жетілдіру және бағалау

кезінде;

  • мүліктік үлесті қайта бөлу кезінде;

  • кәсіпорынның жарғылық капиталына салым ретінде жылжымайтын

мүлік объектілерін енгізу кезінде;

  • сот үкімін, мүліктік дауларды шешу, мұрагерлік құқықтарды

орындау кезінде (соның ішінде неке айыру процесі);

  • мүлікті конкурстар мен аукциондарда сату үшін бастапқы құнын

анықтау үшін;

  • мүліктерді тәркілеу;

  • айырбастау шарты және бартерлік мәмілелер;

  • зақымдану кезінде зиян құнын бағалау;

  • сенімді басқаруға беру, жекешелендіру мақсатында;

  • меншікті мемлкеттік және муниципалды қажеттіліктер үшін меншік

иесінен өтеу мақсатында;

  • жылжымайтын мүлік объектілеріне мүліктік құқықтарды жүзеге

асыруға байланысты басқа да мақсаттар үшін.

Бағалаушы бағалау жұмыстарын жүргізу кезінде бағалау мақсатын анықтай отырып, оған қолданылатын бағалау әдістері, тәсілдерін және қағидаларын дұрыс таңдай алады.

Бағалаушы Тапсырыс берушімен сұхбат жүргізу барысында:

  • тапсырыс беруші не бағалағысы келетіні, яғни, бағалау объектісі

материалды объектілер жиынтығы немесе құқық ретінде:

  • бағалау нәтижесін Тапсырыс беруші қандай мақсаттарда

қолданатындығын анықтайды.

Бағалау процедурасы

  • бағалау жүргізу шартын жасасу;

  • бағалау объектісі орналасқан жерге бару, оны тексеру, суретке

түсіру;

  • Республика, облыс, аудан және орналасқан орны деңгейі бойынша

объектінің нарықтық құнына әсер ететін ақпараттарды жинау, өңдеу және талдау;

  • бағалау объектісіне, объект-аналогтарға, сонымен қатар сәйкес

нарықтардың ұсыныс бағаларына қатысты ақпараттарды жинау, өңдеу және талдау;

  • ең жақсы және тиімді пайдалануды талдау: қорытындылар бар

шектеулер мен бағалау объектсі орналсқан ауданы үшін жылжымайтын мүмлікті пайдалану ұқсастығын ескере отырып, жиналған ақпараттар негізіді жасалады;

  • нарықтық құнды анықтау мақсатында есептеулерді жүргізу үшін

тәсілдер мен әдістерді таңдау;

  • бағалау әдістерін қолдану негізінде алынған нәтижелерді

қорытындылау және соңғы қорытынды құнды есептеу;

  • бағалау туралы есепті рәсімдеу және оны Тапсырыс берушіге

ұсыну.

Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес бағалаушы мен тапсырыс берушiнiң арасында жасалған бағалау жүргiзу шарты бағалауды жүргiзуге негiздеме болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 30 қарашасында қабылданаған «ҚР бағалау қызметі туралы» Заңының 8 бабына сәйкес Бағалау жүргізу шартына қойылатын міндетті талаптар:

  1. Бағалау жүргiзу шартына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң өтемдi қызметтер көрсету шарты туралы нормалары қолданылады.

  2. Бағалау жүргiзу шартында мыналар қамтылуға тиiс: тапсырыс

берушi мен бағалаушының деректемелерi: жеке тұлға үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), тұратын жерi; заңды тұлға үшiн - атауы, орналасқан жерi (почталық мекен-жайы), банктiк деректемелерi; бағалау объектiсiнiң (объектiлерiнiң) атауы және (немесе) орналасқан жерi, айқындалатын құнның түрi; бағалау түрi; бағалау объектiсiнiң түрi; бағалау жүргiзудiң мерзiмдерi; көрсетiлетiн қызметтер үшiн ақы төлеудiң шарттары, тәртiбi және мөлшерi; тараптардың құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi; тапсырыс берушiнiң бағалау объектiсiне меншiк құқығын растайтын құжаттың деректемелерi не тапсырыс берушiге бағалау туралы шарт жасау құқығын беретiн өзге де негiздемелер; мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның деректемелерi (лицензия берген орган көрсетiлген оның нөмiрi мен берiлген күнi). Сонымен қатар, бағалау жүргiзу шартында осы тармақта көзделмеген өзге де талаптар болуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 30 қарашасында қабылданаған «ҚР бағалау қызметі туралы» Заңының 9 бабына сәйкес Бағалау туралы есептің мазмұнына қойылатын міндетті талаптар:

1. Жүргiзiлген бағалаудың нәтижелерi бойынша екi дана етiп бағалау туралы есеп жасалады, олардың бiрi - тапсырыс берушiде, екiншiсi - бағалаушыда сақталады. Бағалау туралы есептiң нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бағалау қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленедi.

2. Жеке кәсiпкер болып табылатын бағалаушы жасаған есепке ол қол қояды және оның жеке мөрiмен расталады. Бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның есебiне бағалаушы-орындаушы қол қояды, заңды тұлғаның басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген адам бекiтiп, мөрмен расталады.

3. Егер бағалауды бағаланатын бағалау объектiсiнiң құрамына кiретiн әртүрлi бағалау объектiлерi бойынша бiрнеше бағалаушы жүргiзген жағдайда, есепке әрбiр бағалаушы өзi бағалау жүргiзген бағалау объектiлерiн көрсетiп қол қояды.

4. Бағалау туралы есепте мыналар көрсетiлуге тиiс:бағалаушының атауы (тегi, аты, әкесiнiң аты, (ол болған жағдайда), мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның нөмiрi мен берiлген күнi, айқындалатын құнның түрi, есеп жасаудың күнi және бағалау жүргiзудiң күнi, бағалау объектiсiнiң (объектiлерiнiң) атауы және (немесе) орналасқан жерi мен сипаттамасы, бағалау жүргiзу кезiнде пайдаланылатын бағалау амалдары мен бағалау әдiстерi, бағалау жүргiзу кезiнде пайдаланылатын бағалау стандарттары, нақты деректердi алу көздерi көрсетiле отырып, бағалау жүргiзу кезiнде пайдаланылатын нақты деректер, есеп негiздемесi, бағалау нәтижесі және жүргiзiлген бағалаудың нәтижесiн толық және айқын түсiндiру үшiн қажет өзге де мәлiметтер болуы мүмкін.