Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перевод.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
223.3 Кб
Скачать

1.2 Қазақстан Республикасындағы бағалау үрдісінің тәртіптері

Бағалау – бірнеше сатылар мен кезеңдерден тұратын күрделі, көп еңбекті қажет ететін творчествалық процесс.

Мәселені анықтау. Бұл саты келесі кезеңдерден тұрады:

  • объектіні бағалау үшін келісім шарт жасасу;

  • бағалау объектісіне алдын-ала шолу жасау;

  • бағалау процесін жүргізу үшін қажетті мәліметтерді жинау және

талдау;

  • қолданылатын бағалау әдістерін таңдау;

  • есептеулерді жүргізу;

  • қорытынды нәтиже шығару және оны мақұлдау;

  • бағалау туралы есеп жасау және оны Тапсырыс берушіге ұсыну.

Мәселені анықтау – бағалау процесін жүргізу кезіндегі өте жауапты сатылардың бірі болып табылады. Себебі, бағалау процесінің осы сатысында атқарылған жұмыстың сапасы байқалады және қолданылатын бағалау әдістерін дұрыс таңдау қажет. Ал бұл өз кезегінде бағалау нәтижесін көрсетеді. Мәселені анықтау сатысы келесі кезеңдерден тұрады:

1 Саты. Мәселені анықтау.

1 кезең. Меншік объектісін индентификациялау. Объектінің атауын, заңды статусын, физикалық жағдайын, басқа да сипаттамаларын анықтау және оларды жазбаша түрде жазу.

2 кезең. Бағалау күнін белгілеу. Бүкіл бағалау процесі үшін маңызды кездердің бірі болып есептеледі. Себебі, уақыт өте келе көптеген ішкі және сыртық Себебі, уақыт өте келе көптеген ішкі және сыртық факторлардың әсерінен бағаланып жатқан объектінің құны өзгеруі мүмкін. Бағалау күні - бағалау объектiсiнiң ықтимал нарықтық немесе өзге құны айқындалатын күн немесе уақыт кезеңi. Бағалау күнін бағалаушы мен Тапсырыс беруші бірігіп, анықтайды. Бағалау күні объектіге сырттай шолу жасаған күнімен сәйкес келу қажет. Кейбір жағдайларда, яғни, кәсіпорын немесе ұйым күйереген кезде немесе олардың төлем қабілеттілігі төмендеген жағдайда, бағалау күнін үшінші жақ анықтайды. Олар: салық немесе сот органдары.

3 кезең. Бағалау мақсатын анықтау. Бағалау мақсатын анықтау бағалау әдістемесін дұрыс таңдау үшін қажет кезеңдердің бірі. Ал бағалау әдістемесін дұрыс таңдау өз кезегінде бағалау нәтижесіне әсер етеді. Бағалау мақсатын анықтау кезінде ең алдымен «не бағаланып жатыр?» деген сұраққа жауап беру қажет. Бағалау мақсатын анықтағаннан кейін қолданылатын мәліметтер сипаттамасы, бағалау қағидалары мен тәсілдері анықталады. Бағалау функциясын анықтай отырып «бағалау не үшін қажет?» деген сұрақққа жауап берк керек. Яғни, бағалау функциясы оның болашақта пайдалану саласын анықтайды. Бағалау келесі мақсаттар үшін жүргізілуі мүмкіні: сатып алу-сату, несиелендіру, жалға беру, ликвидация, сақтандыру және т.б.

4 кезең. Шектеулі шарттарды құру және Тапсырыс беруші сол шектеулі шарттарамен танысуы. Шектеулі шарттарды құру және Тапсырыс беруші сол шектеулі шарттарамен танысуы - мәселені анықтау сатысының соңғы кезеңі болып табылады. Бағалаушы шектеуші шарртар және ұсыныстар тізімін жазу керек және екі жақтың қызығушылықтарын қорғау мақсатында жасалады. Бұл болашақта Тапсырыс беруші мен Бағалаушының арасында туындау мүмкін дау-жанжалдарды бодырмау мақсатында жасалады. Негізгі болжамдар мен шектеуші шарттары осы бағалау туралы есептің ажырамас бөлігі болып табылады.

  • рұқсат етулер мен шектеулер тараптардың уағдаластықтары

негізінде оның толық мәндестігін түсінгендігін білдіреді және оны екі жақтың қолдарының қойылуынан басқаша өзгертуге немесе қайта құруға болмайды.

  • бағалау туралы есеп көрсетілген мақсаттарға ғана толық көлемде

шынайы болып табылады.

  • бағалау туралы есепте объектінің нарықтық құнына қатысты

бағалаушының кәсіптік ойы болады және объектінің есепте көрсетілгендей объектінің құнына тең бағамен еркін нарықта сатылатындығына кепіл бола алмайды.

  • тапсырыс берушіде, бағалаушы да Есепті (не оның кез келген

бөлімін) бағалау туралы келесім шартта көрсетілген мақсаттардан басқа қолдануға болмайды.

  • бағалаушының объектінің нарықтық құнына қатысты ойы тек

бағалау күніне ғана жарамды. Бағалаушы осы күннен кейін туындауы және нарықтық құнға, ізінше объектінің құнына әсер етуі мүмкін экономикалық, заң және өзге де факторлардың өзгеруіне жауапкершілікті өз мойнына алмайды.

  • есептегі барлық суретті материалдар оқырманға визуалды

қабылдауды жеңілдету мақсатында ғана қолданылады.

  • Бағалаушы кәдімгі визуалды қарау немесе ұсынылған құжаттар

немесе басқа ақпараттарды зерттеу кезінен басқа жолмен анықтауға мүмкін болмайтын зақымданған мүліктерге жауапкершілік артпайды.

  • Бағалаушы Тапсырыс беруші ұсынған ақпараттарға қатысты

құпиялылықты сақтау міндетті.

  • Бағалаушы бағалау объектісімен байланысты қаржылық және

салықытық есептердің дұрыстылығы жайында жауапкершілікке тартылмайды.

  • Бағалаушы бағалау объектісіне қатысты берілген ақпараттарға

жауап бермейді. Ұсынылған ақпараттарға меншік иесі, яғни, Тапсырыс беруші жауап береді. Бағалаушы тәуелсіз маман ретінді жұмыс істейді, ал оның алатын сыйақысы бағалау объектісінің құнына қатысты болмайды.

  • Бағалауды жүргізу кезінде Бағалаушы бағалау объектісінің құнына

әсер ететін қандай да бір жасырылған факторларды жоқ деп болжайды. Тапсырыс беруші қандай да бір жасырылған факторларды анықтау Бағалаушының міндетіне жатпайды.

  • Бағалаушы Тапсырыс беруші сөзімен және ресми құжаттармен

бағалау объектісінің меншік құқығының заңдылық сипатының дұрыстылығына жауапкершілік артпайды.