Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК-2012 Жалгастырушы 3.doc
Скачиваний:
60
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.55 Mб
Скачать

2.Төмендегі көсемшелермен сөйлемдер құраңыздар.

Келіп, өмір сүріп, жұмыс істейді, жүзеге асырады, еңбек сіңіреді, оқиды, үйренеді, біледі, айтады, қарайды.

3.Сәкен Сейфуллиннің өлеңін жаттаңыздар. Күздігүні далада

Сарнайды бүгін жел неге,

Жапырақтар сыңсып тулайды?

Күңіреніп бүгін көл неге,

Соқтығып мұнша тулайды?

Күлмеймін бүгін мен неге,

Түнерген қабақ ызбарлы?

Домбыра күйі пернеде,

Дәл бүгін неге тым зарлы?

Түнеріп қабақ күнімен,

Түйіліп нені ойлайды!

Домбыра зарлы үнімен

Нені айтып бүгін қоймайды?

Домбыра, кәне, жырлай гөр,

Түнерген қабақ ашылсын!

Он саусақ билеп зырлай гөр,

Көкіректің лебі басылсын!

Қарашы, міне, айнала,

Сұр кетіп жерден сарғайды.

Қоңылтақ, сырдаң айдала,

Жалаңдап жел де сарнайды!

Қуарған дала сұры жоқ,

Көркінен сұлу айрылды.

  1. Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Құқықтық мемлекет, бағыт, бостандық , жан-жақты қалыптасуы, халық билігі , жүзеге асыру , әлемдік талаптар, экономикалық қатынастар, міндет, мемлекеттік нысандар, қорытынды сот төрелігі, мақсат, негіз.

  1. Сөздікті жаттап алыңыздар.

Құқық- право

Мақсат- цель

Талап- требование

Қызмет- служба

Бағыт- направление

Әдіс- метод

Кіріспе – введение

Мәтін- текст

Қорытынды –итог

  1. Мәтінді оқыңыздар.

Қазақстан мемлекетінің құқықтық негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Республикалық референдум нәтижесі жарияланған күні, яғни 1995 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен, Қазақстан Республикасының

2011 жылғы 2 ақпандағы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы № 2454 «Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы» Жарлығына сәйкес Конституция мәтінінің түпнұсқасы Президентте сақталады.

Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы бесінші Ата заң (1926, 1937, 1978, 1993, 1995 жж). Кейінгі екеуінің алдыңғылардан елеулі айырмашылығы сол - бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады. Кейінгі Ата Заңда (1995ж) құқықтық мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси әр алуандығы (сөз бен шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық қозғалыстар бірлестігі), халық билігін жүзеге асырудың демократиялық амалдары, экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейнеленеді. Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді. Ол үшін негізгі қызметті, заң (құқықтың басты қайнар көзі ретінде), саяси (мемлекеттің құрылысын) және идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын - адам және адам және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын) дәріптеуші қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата Заң қабылданған күн демалыс мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдайды.

Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы кіріспеден (преамбуладан), негізгі мәтіннен, қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады. Кіріспеде, әдетте, Ата Заңның мақсаты баяндалып, оны қабылдаудың тарихи жағдайы, кейде құқықтар мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясатта басшылыққа алатын негіздер көрсетіледі. Ата Заңның негізгі бөлігіне азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы, конституциялық құрылысы жайлы, мемлекеттік нысандар жөнінде, мемлекеттік буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы (Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, соттар және сот төрелігі, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы) нормалар енген. Қазақстан Республикасының Конституциясы

9 бөлімнен, 98 баптан және де көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.

  1. Мәтінді қажетті сөздермен толықтырыңыздар.

Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ Конституция ұғымын ерте заманда Грецияда Аристотель........... болатын. Ол кезде «конституция» деген сөз «саяси құрылыс».......... білдіретін. Конституция ...... қазіргі түсінігі 18 ғасырдан бастап орнықты. Алғашқы конституция 1787 жылы АҚШ-та ............ 1789 жылы Францияда қабылданды. Кез келген конституция ...... орныққан тәртіптің негізгі ұстанымдарын бекітіп береді. Мұнда өмірдегі аса ........ өзгерістер көрініс табады.

Қажетті сөздер: маңызды, қоғамда, сонан соң, ұғымын, ұғымының, қалыптастырған.

  1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі Ата Заңдар қай жылдары қабылданды?

  2. Конституция күнін атаңыз.

  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен тұрады?

  4. Конституцияның негізгі бөлімінде нелер туралы айтылады?

  1. Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын» деп, сәйкес келмесе, «жалған» деп белгілеңіздер.

  1. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы бесінші Ата Заң.

  2. Кейінгі екеуінің алдыңғыларынан айырмашылығы жоқ

  3. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар

  4. Ата Заң бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданбады.

5. Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды.

  1. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық заң салаларының заңдық базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалар үшін нормалық принцип болып есептеледі. Қазіргі кезде Қазақстандағы құқық жүйесінің қалыптасуы елімізде құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан еліміздің Ата Заңының мәні мен алатын орны барған сайын жоғарлауда . Қазақстанның XX ғасырдағы тарихында бұдан бұрында Конституциялары болған.

  1. Шашылған сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1.Заңы, Республикасының , Қазақстан, Ата, беру , дауыс, бүкілхалықтық, қабылданды, арқылы.

2. Конституция өтпелі, тұрады, мәтіннен, қазіргі, ережелерден, негізгі, қорытынды, және , кіріспеден

3. Ата, бар, Заңды, қабылдау, маңызы, зор, әдісінің, орасан

4. Конституция, 9, баптан, 98, бөлімнен, Қазақстан, және, де, Республиканың, көптеген, тұрады, тармақтардан

  1. Төменде берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ең жоғары, ерекше, белгілері, негізгі құқықтар, әлеуметтік даму, заң салалары, халықаралық қатынастар

  1. Бұйрық райлы етістіктерді тауып, жақтық мағынасын ажыратыңыздар.

Құнды сөзді құйма құлақ тыңдасын. Айтпас жерде тіліңді тарт. Айтарыңмен асықпа, қайратыңмен асық. Ауыр істен қорықпа, ауыр сөзден қорық. Бұра сөйлеме, тура сөйле. Ердің өзіне қарама, сөзіне қара. Кеште жат та ойла, ертең тұр да сөйле.

  1. Сөз тіркестерін орыс тіліне аударып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Жоғарғы заңдық күші бар, ҚР Конституциясының негізінде, белгілеген рәсім бойынша, халықаралық келісімдер, қолданылып жүрген нормалар, қағидаларына қайшы келетін заңдар, заңдық күші болмайды, ағымдағы заңдар, құқықтық мемлекет құру.

  1. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

«Жалпы ережелер» деп аталатын І бөлім жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама бере отырып, Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқару және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау қағидатына сәйкес жүзеге асырылатындығын баяндайды. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасын – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігін айқындап берген. Олай дейтініміз – біздің ұлан-байтақ жеріміздің ұлттық-аумақтық бөліністерге – облыстарға, қалаларға, аудандарға, ауылдарға т.б. – бөлінетіндігі және олардың жоғарыдағы бір орталыққа бағынатындығы.

«Адам және азамат» деп аталатын ІІ бөлім адам мәртебесін мемлекетпен тікелей байланыстырмай, жеке бастары мен бостандықтары халықаралық құқықтың мойындалған қағидаттары мен қалыптарына тікелей байланыстырылған. Жаңа қазақстандық Ата Заңның басты желісі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекет мүддесінен жоғары тұрғыдан қарау болып табылады.

«Президент» деп аталатын ІІІ бөлім мемлекет басшысы ретінде Президенттің жаңа мәртебесін толық бейнелейді.

Басқа мемлекет органдарының құрылуы мен қызметі IV-VIII бөлімдерде көрсетілген. Мұнда билікті бөлу принципі нақты берілген. Парламент, Үкімет, Соттар және сот төрелігі туралы логикалық негізде үйлестіріліп берілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылымында әр бөлім өз қисынымен ретті орналасқан. Жалпы алғанда Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы өз құрылымы мен қисыны жөнінен баршаға айқын түсінікті деп айтуға болады.

«Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын ІХ бөлім жаңа Ата Заңды күшіне енгізу нормаларын бекітеді, бұрынғы Конституцияның күші қай кезден бастап жойылғанын нақтылайды. 1995 жылғы Конституция күшіне енгенге дейін қолданылып келген заңдардың одан әрі қарай қолданыста болу тәртібін көрсетеді.

    1. Мәтінді қазақ тіліне аударңыздар.

Нормативные документы Казахстана

1.Высшей юридической силой обладает Конституция Республики Казахстан.

2.Соотношение юридической силы иных, кроме Конституции, нормативных правовых актов соответствует следующим нисходящим уровням:

1. законы, вносящие изменения и дополнения в Конституцию;

2. конституционные законы Республики Казахстан и указы Президента Республики Казахстан, имеющие силу конституционного закона;

3. кодексы Республики Казахстан;

4.законы Республики Казахстан, а также указы Президента Республики Казахстан, имеющие силу закона;

1. нормативные постановления Парламента Республики Казахстан и его палат;

1. нормативные указы Президента Республики Казахстан;

2. нормативные постановления Правительства Республики Казахстан;

3. нормативные правовые приказы министров Республики Казахстан и иных руководителей центральных государственных органов, нормативные правовые постановления центральных государственных органов и нормативные постановления Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан;

4. нормативные правовые решения маслихатов, нормативные правовые постановления акиматов, нормативные правовые решения акимов.