Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
oka эконом.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
402.43 Кб
Скачать

Қорытынды

Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіруде венчурлік, концессиялық, лизингтік және франчайзингтік негіздегі нарықтық механизмдерді қолдану тетіктері жалпы инновациялық кәсіпкерліктің қарқынды дамуына қозғаушы күш ретінде әсер етеді. Сондықтан кәсіпкерлікті өркендетудің бұл түрлері кеңінен ұлттық инновациялық жүйені дамыту барысында қолданған жөн.

Ғылыми-техникалық саланы дамытудың негізгі қағидаттары мыналар болуға тиіс: жүйелілік; бәсекеге қабілеттілік; ашықтық; коммерцияландыруға бағдарланушылық; серпінді сипат және әлемдік ғылыми кеңістікке кіру; ғылымды, білімді және өндірісті біріктіру.

Жалпы мамандардың айтуынша, венчурлық бизнесті дамыту үшін, ең бастысы, инновациялық инфрақұрылымнан басқа, инвестициясын тәуекелі жоғары жобаларға салушылар да, тәуекелі жоғары инновациялық жобаларды ұсынушылардың да жеткілікті болуы шарт. Ал бізде соның екеуі де тапшы. Екінші жағынан отандық ғалымдар жасаған инновациялық жобалар елімізде қолдау таппай, көпшілігі Қытайдың өндірісін дамытуға үлес қосуда. Ондай жағдайлардың болуы да бір жағынан заңды секілді. Өйткені біз венчурлық бизнесті енді ғана үйреніп, әліппесінен бастап жатқан елміз.

Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту көптеген шығындарға алып келуі мүмкін. Өйткені инновация ол әрқашанда жаңа бастама, жаңа идея. Одан қандай нәтиже болатынын болжауға болады. Бірақ нақты тәжірибеде тәуекелді әртараптандыру қажет. Курстық жұмыста кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қаржыландыруда және қорландыруда мемлекеттік және жеке қаржылық мүмкіндіктерді бірлікте қолдану арқылы инноваиялық тәуекелділік деңгейін төмендету тетіктері тиімділігін көрсетті.

Қазақстанның алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену мақсатын жүзеге асыру барысында индустриалдық-инновациялық қызметтегі келесі бағыттарды кеңінен дамыту негізгі мәнге ие болуы қажет:

- ғылыми-технологиялық әлеуетті жоғары ғылыми-технологиялық және өнеркәсіптік ұйымдар желісі бар қалаларда ғылымдық және инновациялық инфрақұрылымның (технологиялық парктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және т.б.) қазіргі заманғы элементтерінің қызметін құру және қолдау көрсету;

- экономиканың стратегиялық маңызы бар алдыңғы қатарлы салаларын дамытуда өзімізде бар ғылыми-техникалық әлеуетті қолдану;

- бүгінгі таңда Қазақстанда бірқатар бағыттар бойынша отандық зерттеулер негізінде ғылыми-сыйымды өндірісті дамытуға мүмкіндік беретін ғылыми база бар, оның ішінде, жаңа материалдар, химиялық өнімдер, заман талабына сай жаңа өнімдер шығару және т.б;

- отандық тауар өндірушілерге жағдай жасау мақсатында уақытша жеңілдікпен қарыз құралдарын беру, салықтық жеңілдіктер беру және Қазақстанда өндірілмейтін импорттық машиналар мен құрал-жабдықтарды әкелуде ҚҚС босату.

Осыдан келіп, инновациялық қызметтің қозғаушы тетігі венчурлік бизнестің Қазақстанда кеңінен дамуы үшін келесі шараларды қолдану қажет:

  • отандық және шетелдiк инвесторлармен бiрлесiп, венчурлік қорларды құру,

  • инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландырудың тетiктерi мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;

  • гранттар беру жолымен экономиканың коммерциялық тиiмдiлiгi мен технологиялық даму көзқарасы тұрғысынан әлеуеттi перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды, тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-құрастырулық жұмыстарды қаржыландыру;

  • инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестiк бақылаусыз қатысу жолымен инновацияларды енгiзудi қаржыландыру;

  • ұлттық инновациялық инфрақұрылым (технополистер, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, инновациялық орталықтар) элементтерiн құруға қатысу; ғылыми-техникалық өнiм нарығын қалыптастыруға қатысу.

Зерттеулер негізінде концессиялық қатынастарды реттеу, шарттарын жасасудың үлгілері, оны орындаудың және тоқтатудың талаптары мен тәртібі айқындалды, концессионерлерді мемлекеттік қолдау кепілдіктері мен шараларын жүзеге асыру жолдары көрсетілді. Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, болашақта концессия аумағындағы заңдылықты дамыту және жетілдіру керек. Сонымен қатар, концессиялық бизнесті ынталандыру үшін мемлекет тарапынан келесідей шаралар қолдану керек:

ҚР-дағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалы әлі де жеткілікті деңгейде қолайлы болып тұрған жоқ. Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін:

- білікті кадрлар және жұмыс күшін дайындау жүйесін бекіту: кадрларды кәсіби біліктілігі тұрғысынан дайындау және қайта дайындау, кіші бизнес және өзін жұмыспен қамту саласында оқыту;

- инвестициялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқару кадрларының кәсіби біліктілігін бекіту, қоғамдық бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін көбейту, шенеуніктердің қызметінің реттемелеу деңгейін жоғарылату керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]