Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Office-2007_plan_izdanie_2015.doc
Скачиваний:
271
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
4.01 Mб
Скачать

№1 Зертханалық жұмыс

Терезелермен жұмыс

Орындау уақыты: 1 сағат Рейтинг: 1 балл

Жұмыстың мақсаты:

Терезені ашу, жабу және кішірейту. Терезелерді рет-ретімен орналас- тыру жұмысы және жұмыс үстелінде жаңа бума құру және жою.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Терезе экраны ашылғанда, оның оң жақ жоғары бұрышында үш батырмасы орналасқан, олар бейнесінде көрініп тұрады.

Терезені кішірейту. Бұл белгені басқанда терезе тапсырмалар тақтасында жиналып жасырылып тұрады.

Терезені үлкейту. Терезе жұмыс үстелін түгел алып тұратындай үлкейеді де, белгі мынадай күйге келеді, бұл қайта қалпына келтіруге арналған белгі.

Терезені жабу. Бұл батырманы басқанда, программа жұмысын аяқтайды да, терезе жабылады. Бір мезетте бірнеше терезелермен жұмыс істеуге болады. Ол үшін мына әрекеттерді орындау керек.

1. Жұмыс үстелінде Менің компьютерім терезесін ашыңыз. Оны терезенің мынандай (-) белгісімен жинаңыз.

2. Дәл осылай Қоржын терезесінде ашып, (-) белгісімен жинаңыз.

3. Желілік орта терезесінде ашып, (-) белгісімен жинаңыз.

4. Тапсырмалар тақтасында жиналып тұрған терезелерді ашыңыз.

5. Тапсырмалар тақтасының бос жеріне, тышқан батырмасының оң жағын басып, контекстік менюден каскад батырмасына басыңыз.

6. Каскад терезелерді баспалдақ түрінде орналастыруы тиіс.

7. Осы жанама мәзірдің қалған бірнеше командаларын пайдаланып терезелер қандай түрде орналасатынын көруіміз керек. Ол үшін тапсырманы қайтадан қайталаймыз.

7.1 Контекстік менюде жоғарыдан төмен (Сверху вниз) батырмасын таңдасақ, терезе тігінен орналасады.

7.2 Солдан оңға (Слево направо) терезе жатығынан орналасқанын көрсетеді.

7.3 Бәрін жина (Свернуть все) терезе тапсырмалар тақтасында бірден жиналып қалады.

8. Терезелерді біртіндеп ашып белгісімен жауып тастаңыз.

Жұмыс үстелінде жаңа бума құру.

1. Жұмыс үстелінің бос жеріне, тышқанның оң жақ батырмасын басып шыққан контекстік менюден Бума құру (Создать папку) батырмасына басыңыз. Жұмыс үстелінде Жаңа бума (Новая папка) пайда болады. Бумаға өз атыңызды теріп ENTER пернесіне басыңыз.

2. Өзіңіздің сақтаған бумаңыздың атын фамилияға өзгертіңіз. Ол үшін тышқанның бағытын бумаға апарып оң жақ батырмасын басып, шыққан контекстік менюден Атын өзгерту (Переименовать) жолын таңдаңыз.

3. Енді осы буманы жұмыс үстелінде қалдырмай жойып тастаңыз. Ол үшін тышқан бағытын бумаға апарып оң жақ батырмасын басып шыққан контекстік менюден Жою (Удалить) батырмасына басыңыз. Бұл жағдайда жойылған объект қоржынға түседі.

4. Қоржынға шертіп, ашылған тізімнен өз бумаңызыды ерекшелеңіз және жанама менюден Қалпына келтіру (Восстановить) жолын таңдаңыз.

5. Қалпына келген бумаңызды қоржыннан тыс жою үшін, буманы ерекшелеп Shift+Delete пернелерін басыңыз.

1.1.-сурет. Жұмыс үстелі терезесі

Бақылау сұрақтары:

  1. Жұмыс столында бір мезетте неше терезе ашуға болады ?

2. Бума құру тәсілдері?

3. Терезенің неше белгісі бар?

4. Буманы жою тәсілдері?

2 Зертханалық жұмыс

MS DOS oперациялық жүйесі

Орындау уақыты: 1 сағат Рейтинг: 1 балл

Жұмыстың мақсаты:

MS DOS операциялық жүйесінде командалармен жұмыс істеп үйрену.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Пуск-Программы-Стандартные-Командная строка бағытымен MS DOS операциялық жүйесін жүк-теңіз.

2. С-дискісіне көшу үшін Cd\ командасын теріп ENTER пернесін басыңыз.

3

2.1.-сурет. MS DOS операциялық жүйе терезесі

. КурсорС- дискісіне көшкенін көрсетеді.

4. Dir- командасымен С-дискісіндегі каталогтар мен файлдар жинағын тексеріп көріңіз.

5. С-дискісіне Md_ХХХ командасы арқылы жаңа каталог құрыңыз.

6. Dir-командасымен С-дискісінде

жаңа каталогтың құрылғанын тексеріп көріңіз.

7. Құрған каталогыңыздың атын Ren_ХХХ_ХХХХ командасы арқылы

өзгертіңіз.

8. Dir-командасы арқылы каталогтар тізімінен құрған коталогты тексеріңіз.

9. Аты өзгерген каталогты Rd_ХХХХ командасының көмегімен жойыңыз.

10. Dir-командасы арқылы каталогтар тізімінен құрған коталогты тексеріңіз.

11. Ver-командасы арқылы осы компьютердің версиясын көруге болады.

12. Data-командасы арқылы осы компьютердің ағымдағы күнін көре аласыз.

13. Time-командасы арқылы осы компьютердің ағымдағы уақытын көріп басқа уақытқа өзгерте аласыз.

14. DOS–операциялық жүйесінен Exit командасы арқылы шығыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. MS DOS операциялық жүйесінің қызметі?

2. MS DOS ОЖ командаларының жазылуларын көрсетіңіз.

3. Командалардың қызметі?

№3 Зертханалық жұмыс

Қолданбалы бағдарламалар арасында алмасу буферін пайдалану

Орындау уақыты: 1 сағат Рейтинг:1 балл

Жұмыстың мақсаты:

Стандартты программалар арасында алмасу буферімен жұмыс істеуді үйрену. Алмасу буферіне құжаттың көшірмесін алу, қайшымен қиып алу, қою командаларын орындауды үйрету.

Жұмыстың орындалу реті:

    1. Пуск–Программы–Стандартные –Блокнот командаларын орындаңыз. Ашылған Блокнот мына есепті теріп жазыңыз: 12*(458-89)/2. Жазылған есепті тышқанның көмегімен белгілеңіз, мәзір жолынан Түзету (Правка) – Көшірме алу (Копировать) командасын орындаңыз. Блокнот терезесін жүйелік батырма көмегімен орап қойыңыз.

    2. Калькулятор редакторын іске қосып, меню қатарынан Түзету (Правка) – Қою (Вставить) командасын орындап, шыққан есептің нәтижесін көріңіз. Егер есептің шыққан нәтижесі дұрыс болса, Түзету (Правка) – Көшірме алу (Копировать) командасымен немесе Ctrl +C перенлері арқылы блокнот терезесінде курсорды теңдік белгісінің соңына қойып Түзету (Правка) – Қою (Вставить) командасы немесе Ctrl+V пернелерін басыңыз.

Жоғарыдағыдай тәсілмен келесі амалдарды орындаңыз: 1) 567-481*(0,5+4,45)= 2) (321*69)+12/63= 3) 37,2+56,5-(45+38)=

3. WordPad кішігірім мәтіндік редакторын іске қосыңыз, мына өлең шумағын теріп, Түзету (Правка)–Көшірме алу (Копировать) командасын орындап, көшірмесін Paint редакторын жүктеп, ашылған редакторға Түзету (Правка) – Қою (Вставить) командасымен орналастырыңыз.

Балаша жадыратып нұрын төккен, Ауыр жол майдан жолы мол бұраңы,

Тамаша жылдағыдан биыл көктем. От болып көз алдыңда ол тұрады.

Ескі дос ер солдаттар қауышқанда, Москва алдындағы туған ерлік,

Есіңе майдан жолы түседі екен. Берлинде батырлық боп бұрқырады.

4. Paint редакторында өлең шумағының жанына қазақстанымыздың желбіреп тұрған туын салып, оны Түзету (Правка) – Қиып алу (Вырезать) командасын орындап немесе Ctrl+X пернелері арқылы бір жола қиып алып WordPad редакторына Түзету (Правка) – Қою (Вставить) командасын орындаңыз.

Бақылау сұрақтары:

1.Стандартты программаларға жататын редакторларды атаңыз.

2. Алмасу буфері дегеніміз не?

3. Көшірмесін алу, қиып алу, қою әрекеттерін орындау үшін қолданылатын командалар және сәйкес пернелер комбинацияларын атаңыз.

№4 Зертханалық жұмыс

Microsoft PowerPoint бағдарламасында слайд құру

Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг:1 балл

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]