Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Office-2007_plan_izdanie_2015.doc
Скачиваний:
276
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
4.01 Mб
Скачать

1 Кезең. Сұраныс құруға арналған кестені ашу

1. №17 зертханалық жұмыста орындаған Фирма Болашақ деректер қорын ашыңыз. Сұранысты конструктор режимінде құру (создание запроса в режиме конструктора)

2. Создание- Конструктор запросов объектісіне басамыз – үлгі бойынша сұраныс бланкісі ашылады. Онымен бірге бірмезетте Кесте қосу (Добавление таблицы) сұхбаттық терезесі ашылады.

3. Кесте қосу терезесінде Қызметшілер кестесін таңдаңыз және қосу (добавить) батырмасын таңдаңыз.

4. Кесте қосу терезесін жабыңыз.

5. Қызметшілер кестесінің өріс тізімдерінде нәтижелік кестені қосатын өрістерді таңдаңыз: Фамилиясы, Лауазымы, Жұмыс стажы. Таңдауды өріс аттарына екі рет шерту арқылы орындайсыз (23.1-сурет).

23.1. –сурет.Өріс аттарын таңдау

2 кезең. Сұраныстарды «параметрмен» құру

1. Жұмыс стажы өрісі үшін Іріктеу шарты (Условие отбора) жолын сұранысты қосқан уақытта пайдаланушы керекті мәнді енгізу сөзін алатындай етіп толтыру қажет. Пайдаланушыға арналған мәтін тік жақшаға алынып жазылады. Егер 10 жылдан артық жұмыс істеген қызметкерлерге марапаттау қағазын сыйлау керек болса, сіз өріске >10 деп жазасыз, керісінше 10 жылдан төмен жұмыс істеген қызметкерлерді марапаттағыңыз келсе, < 10 жазуын енгізесіз. Бірақ сіз пайдаланушыға таңдау мүмкіндігін беруіңіз керек, сондықтан өріске < [максималды жұмыс стажын енгізіңіз] – мәтінін жазыңыз.

2. Сұранысты жабыңыз.

3. Жұмыс стажын таңдау атымен сақтаңыз.

4. Сұраныстар объектісін ашыңыз және Жұмыс стажын таңдау сұранысын жіберіңіз. Экранда Параметр мәнін енгізіңіз (Введите значение параметра) сұхбаттық терезесі шығады (20.2.-сурет).

23.2.-сурет. Параметр мәнін енгізу терезесі

5. Қандай да бір сан енгізіңіз және ОК басыңыз. Қызметшілер кестесінің мазмұнына сәйкес сұраныс нәтижесі бойынша нәтижелік кесте құрылады.

6. Жұмыс нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.

7. MS Access-ті жабыңыз.

Бақылау сұрақтары

1.Сұраныс құрудың қандай әдістерін білесіз?

2.Сұраныстарды параметрмен құру үшін қандай әрекет орындалады?

3.Қарапайым сұраныс пен параметрлі сұраныс ерекшеліктері?

№ 27 зертханалық жұмыс

MS Access. Нәтижелік сұраныс құру

Орындау уақыты: 1 сағат Рейтинг: 1 балл

Жұмыстың мақсаты

Студенттерге қорытынды сұраныс құрып, пайдаланылатын қорытынды функцияны таңдауды таныстыру.

Жұмыстың орындау реті

1 Кезең. Кестеге өріс қосу

1. №17 зертханалық жұмыста орындаған Фирма Болашақ деректер қорын ашыңыз.

2. Кестелер объектісінде орналасқан Қызметшілер кестесін таңдаңыз.

3.Конструктор белгішесіне шерту арқылы кестені жобалау режимінде ашыңыз.

4. Кесте құрылымының соңына Демалыс уақыты өрісін енгізіңіз. Түрі сан-дық болсын.

5. Конструктор терезесін жабыңыз. Жабу барысында кесте құрылымын өзгертуді растаңыз.

6. Қызметшілер кестесін ашыңыз және демалыс уақыты өрісін дерек-термен толтырыңыз. Өріс түрі сандық болғандықтан қандай да бір сандармен толтырасыз.

7. Қызметшілер кестесін жабыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]