Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Office-2007_plan_izdanie_2015.doc
Скачиваний:
271
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
4.01 Mб
Скачать

25 Зертханалық жұмыс

MS Access.Кестеде жазылым іздеу, қарапайым сұраныс құру

Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл

Жұмыстың мақсаты

Студенттерге қарапайым сұраныс құру тәсілін таныстыру. Іздеу және алмастыру функцияларын қолдануға үйрету.

Жұмыстың орындау реті

1 Кезең. Кестеден жазылым іздеу

1. №17 зертханалық жұмыста орындаған Фирма Болашақ деректер базасында құрылған Қызметшілер кестесін ашыңыз.

2. Фамилия өрісіне шертіңіз. Главная мәзірінде орналасқан Табу (Найти) батырмасын шертіңіз немесе (немесе Ctrl+F пернелер комбинациясы) орындаңыз.

3. Үлгі (Образец) өрісіне Бейсенов фамилиясын енгізіңіз.

4. Ары қарай табу (Найти далее) батырмасын басыңыз. Ізделінген фамилияның табылғанына көз жеткізіңіз.

2 Кезең. Деректерді ауыстыру

1.Главная– Алмастыру (Заменить) командасын немесе Ctrl + H пернелерін орындаңыз.

2. Үлгі (Образец) өрісіне Бейсенов жазылымын енгізіңіз.

3. Заменить на өрісіне Бейсенбаев теріңіз және Заменить батырмасын шертіңіз.

3 кезең. Деректерді сұрыптау

1. Туған жылы өрісін өсу реті бойынша сұрыптаңыз. Ол үшін Главная – Сұрыптау (Сортировка) – Өсу реті бойынша сұрыптау (Сортировка по возростанию) командаларын орындаңыз.

4 кезең. Деректерді іріктеу

1. Қызметшілердің арасынан инженерлерді іріктеп алыңыз. Ол үшін меңзерді лауазымы өрісіне орналастырып, инженер мәтінін ерекшелеп Главная – Сүзгі (Фильтр) – белгіленгені бойынша сүзгі (фильтр по выделенному) командаларын орындаңыз немесе аспаптар тақтасындағы сәйкес батырманы басыңыз.

2. Сүзгіні өзгерту (Изменить фильтр) батырмасын шертіңіз.

3. Жұмыс стажы 5 жылдан артық инженерлер тізімін шығару керек. Ол үшін Жұмыс стажы өрісіне >5 шартын енгізіңіз.

4. Қолдану (Применить) батырмасын шертіңіз.

5 кезең. Іріктеуге сұраныс құру

1. Қызметшілер кестесі үшін іріктеуге сұраныстар құру қажет. Сұраныста қызметшілердің фамилиялары және лауазымы – инженер болуы қажет, сұраныс нәтижесі фамилиясы бойынша реттелуі тиіс және сұраныс аты «қызметшілер лауазымы» болсын. Ол үшін:

2. Сұраныстар (Запросы) объектісіне шертіңіз, Құру (Создание) – Кон-структор режимін таңдаңыз.

3. Кесте қосу терезесінде Қызметшілер кестесін таңдап, Далее батырмасын шертіңіз.

4. Кесте қосу (Добавление таблицы) терезесін жабыңыз.

5. Іріктеуге сұраныс (Запрос на выборку) терезесінде өріс (поле)жолындағы бірінші бағанға шертеміз, ашылатын тізім бағыттауышына шертіп, фамилия өрісін таңдаймыз және 2-ші бағаннан – лауазымын таңдаңыз.

6. Таңдау шарты (Условие отбора) жолында лауазымыөрісіне инженер сөзін енгізіңіз.

7. Сұрыптау (Сортировка) жолынан өсу реті бойынша (по возрастанию) таңдаңыз.

8. Аспаптар тақтасында орналасқан ! (Запуск) батырмасына шерту арқылы сұранысты орындаңыз.

9. Сұранысты сақтаңыз.

10. Келесі сұраныста 12.01.1972 - 12.12.1975 жыл аралығында туылған-дардың фамилиясын шығару керек. Ол үшін 2 пункттен 5-ші пунктке дейінгі нұсқауды орындап, тек 2-бағаннан туған жылын таңдаңыз.

11. Таңдау шарты (Условие отбора) жолында туған жылыөрісіне between #12.01.1972# and #12.12.1975# енгізіңіз.

12. Сұранысты орындауға жіберіңіз.

13. Сұраныс аты «Туған жыл».

14. Жұмыс нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.

Тапсырма

Келесі сұраныстарды құрыңыздар:

1. Сұраныста қызметшілер фамилиялары және туған жылдары берілуі керек, туған жылы өсу реті бойынша реттелуі тиіс, сұраныс аты «туған жылы».

2. Сұраныста жоғарғы білімі бар қызметшілер фамилиясы көрсетілуі қажет, сұраныс аты «жоғарғы білімді қызметшілер».

3. 5 жыл жұмыс стажы бар жоғарғы білімді қызметкерлер фамилиясын анықтау керек, сұраныс аты «жұмыс стажы 5 жыл».

4. Тапсырма нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.

5. MS Access терезесін жабыңыз.

Бақылау сұрақтары

1. Қарапайым сұраныс құру тәсілі?

2. Іздеу және ауыстыру функциялары не үшін қажет?

3. Сұрыптаудың қандай түрлерін білесіздер?

№ 26 зертханалық жұмыс

MS Access. Сұранысты параметрмен құру

Орындау уақыты: 1 сағат Рейтинг: 1 балл

Жұмыстың мақсаты

Студенттерге сұранысты параметрмен құру тәсілін таныстыру. Деректер қорында сұраныс құру түрлерін еркін пайдалануға дағдыландыру.

Жұмыстың орындау реті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]