Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
oka эконом.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
402.43 Кб
Скачать

2 Қазақстан республикасында венчурлік бизнестің дамуының қазіргі жағдайы

2.1 Венчурлік бизнестің Қазақстан Республикасында қалыптасу кезеңдері

Венчурлік бизнес көпшілікке әлі де танымал емес істің осы түріне соңғы жылдары ғана айрықша назар аударыла бастады. Басқасын былай қойғанда, отандық қаржы шолушысының бірі түйіндегендей, Қазақстан азаматтарының қаржылық кеңістіктегі жаңалық болып отырған венчурлық қорлардың нақты қызметін терең біле қоймайтыны да шындық. Әрине, оған қорлар жұмысының ашық-жариялы «мөлдірлік» сипатқа ие болмауы да көп әсер етуде. Елімізде бес венчурлық қордың бар екендігіне, ал кеше оның алтыншы нұсқасының құрылғанына қарамастан, ол жалпақ көпшілік үшін әлі де жұмбақтау бизнестің түрі болып тұр.

Инновацияны дамытуды бұл ретте әлемдегі жаңа бетбұрыстарға оң қадам басқан Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін арттыруға қажетті жағдайлардың ең негізгісі деуге де болады. Инновациялық-индустриялдық жобаларды жүзеге асырып, оны қоғамның алдыңғы қатарлы мемлекеттер деңгейіне жетуіне жұмыс істету үшін орасан қаржы қажет. Ал сол қаржылардың басым бөлігі өркениетті елдерде осы венчурлық қорлардың қолында ғана тиімді жұмсалды. Шетелдерде банктің пайызы жоғары несиеден гөрі венчурлық қордың қаржысын тәуір көреді. Өйткені онда «жоғары пайыз жоқ, тек үлкен тәуекел бар».

Технологиялар трансферті – бұл қандай да бір пайдалануға арналған зерттеулер мен әзірленімдердің, білімдердің нәтижелерін беру процесі.

 Жапония және Оңтүстік Корея сияқты елдерде ірі кәсіпорындар үшін  технологиялар трансферті саласында мемлекеттік қолдау (зайбатсу, чеболи) жүзеге асырылды. Мемлекет патенттер, лицензиялар алуға қаржы қаражатын бөлді және оларды осы кәсіпорындарға  оларды өндіріске енгізу үшін берді. Жапонның Mitsubischi корпорациясы өндірісінің құпияларын игерген Hundai корпорациясы айқын мысал бола алады.

Осыған байланыстығылыми-техникалық қызмет нәтижелерін нарыққа жылжыту үшін мемлекет пен ұлттық даму институттарының рөлін ескере отырып, технологиялар трансфертін іске асырудың дәл схемасын әзірлеу қажет.

Технологиялар трансферті жүйесін іске асырудың негізгі бағыттары қазақстандық мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен шетелдік зерттеу ұйымдарының немесе жеке кәсіпорындардың арасындағы зерттеу және коммерцияландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастығын ынталандыру, ғылыми-зерттеу институттарын, компанияларды және үкіметтік ведомстволарды тартатын бірлескен ғылыми-зерттеу кешендерін құру, шетелдік патенттерге лицензиялар сатып алу, инновациялық менеджмент саласында менеджерлер даярлау болуға тиіс. 

Тап бүгінде ұлттық инновациялық жүйені құрудың бірінші кезеңі аяқталып, екінші кезеңі басталып жатыр. Ендігі мақсат – венчурлық бизнеспен «Қазына» да, оның еншілес компаниялары да емес, жекеменшік секторлардың тікелей айналысуын қамтамасыз етуіне тіреліп тұр. Дамыған елдерде бизнестің бұл түрі, негізінен, қалталы адамдардың қолында. Ал бізде оны құрып, аяғынан нық тұрғызуды мемлекет «Қазына» тұрақты даму қоры» арқылы ғана жүзеге асыру үстінде. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында индустриалды-инновациялық стратегияның аясында инновациялық технологияларды өндіріс пен өнеркәсіпке белсенді түрде енгізу керектігін атап көрсеткенін ескерсек, венчурлық инвестициялық саясаттың қандай маңызды тетік екендігін шамалай беруге болады. Аталған стратегияны жүзеге асыру үшін жалғыз «Қазынаның» ұмтылысы жеткіліксіз екендігі және анық .

Жалпы «Инновация» ұғымы ағылшынның «innovation» сөзінен аударғанда жаңа енгізілімдер, жаңалықты ғылыми- техникалық игеру мағынасын береді.Шағын кәсіпкерліктегі инновациялық үрдіс 4 қолданбалы кезеңдерден құралады.

1-ші кезеңде іргелі ізденістік ғылыми- зерттеулік жұмыстар жүргізілді.

2-ші кезеңде қолданбалы ғылыми-зерттеулік жұмыстың соңғы іске асуына мүдделі, инвесторлардың тапсырыстары мен қаржылық құралдар есебіне қолданбалы ғылыми- зерттеулік жұмыстың іске асу үрдісі сипатталады.

3-ші кезеңде инновациялық жобаны қаржыландырудағы технико- экономикалық үйлесімдік турасында негізгі шешімі өнделетін тәжірибелі- конcтрукторлық жұмыс жүргізіледі немесе кейбір компоненттер инвестицияланады.

4-кезеңде ғылыми сыйымдылықтағы өндіріс іске қосылады, технологияның жобалық- сериялық шығарылуынан бастап, масштабтық өндіріспен нарыққа шығуға дейінгі кезең.

Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формаларына келетін болсақ, оның келесідей негізгі үш түрі бар.

Бұрыннан қызмет етуші компаниялар шегінде қалыптасатын шағын кәсіпкерлік субъектілері жас компаниялардың құрылуының прогрессивті әдісі болып саналады. Жаңа компаниялар ірі, алдыңғы қатарлы компаниялармен бұрын ғылыми- зерттеулік және оқу- білімдік мекемелерде жұмыс істеген инженерлер мен ғалымдарды өздерінің инновациялық бағдарламалары мен жаңа өнімдерін әзірлеп, іске асыру үшін олардың күш-жігер, ойларын шоғырландыру және қолдану мақсатында жәрдемдік көмек көрсетіледі.

Екінші форма тәуекелділік-венчурлік фирмалардың қалыптасуы мен қызмет ету үрдісімен байланысты.

Тәуекелділік- венчурлік фирмалар елеулі түрдегі тәуекелділіктегі инновациялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін құрылатын субъектілерді сипаттайды. Жаңа технологиялар мен жаңа өнімдер саласында жаңа керемет ойларды игерген бірнеше адамдардан құралатын жобалық топ, сол өздерінің жаңа жобаларын іске асыру үшін қажетті қаржылық және басқа да құралдарды иемденбегендіктен венчурлік технологияларға маманданған венчурлік қорлар немесе инвесторлармен ынтымақтастық құрады.

Венчурлік фирма-ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен айналысатын коммерциялық ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді. Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар қажеттеріне, шығындардың төмендеуіне сәйкес келмесе,күйіп кету мүмкіндігі мол. Сондықтан венчулік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап, оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналасуға тырысады. Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-та пайда болған. Венчурлік бизнес АҚШ-та пайда болып және сол жерде кең қанат жайды. Кез-келген кіші инновациалды бизнес материалдық және қаржылық ресурстарда шектеулі. АҚШ-та кіші инновациалды бизнесті дамыту үшін арнайы комплекстік бағдарлама әзірленген. Ол бағдарлама бойынша мемлекет кіші кәсіпкерлікті федералды бюджеттен тікелей қаржыландырады. АҚШ-тағы венчурлік бизнестің негізгі мәні: инновациялық фирмалар жаңалықтарын өткізу инвесторлардың көмегімен жүргізілуінде және кейіннен инвесторлардың осы қалыптасқан компанияның акцияларын сатып алғанда бағаға жеңілдіктер болуында. Қазіргі уақытта Ресейде венчурлік кәсіпкерліктің дамуына барлық алғышарттар қалыптасты. Біріншіден, ол- дамыған құнды қағаздар нарығының болуы. Екіншіден, ол- шетел фирмаларының Ресейдегі зиялы меншік нарығына өтуі,яғни шетел инвесторларының отандық инвестиция жобаларына инвестиция салуы. Алғышарттың бірі болып мемлекеттік зиялы меншіктің жасырын жекешелендіруі болып келеді. Ғылыми жаңалық ашқан шағын кәсіпорынды дамыту аса маңызды, оның тиімділігі экономикада, сонымен қатар әлеуметтік салада байқалады.

Қазақстанның ғылыми-техникалық саясаты инновациялық үрдістерді белсендіруге, жаңа технологиялық құрылыстар енгізуге, өндіріс өнеркәсібінде жаңа шеңберлерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуметтің дамуына, ғылым және өндіріс арасындағы алшақтықты еңсеруге, инновациялық қызметті ынталандыруға, технологиялардың нақты трансфертін қамтамасыз етуге және халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған. Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін дамыту негізі республиканың ғылыми-техникалық әлеуеті болып табылады.

Кесте 4. ­ Ғылымның жағдайы мен дамуының негізгі көрсеткіштері және оларды салыстыру

Корсеткіштер 

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Жалпы ішкі өнім, млрд. теңге

7 590,6

10 213,7

12 849,8

15907,0

15 887,78

21 513,50

Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар қолданыстағы бағада, млн. теңге

21 527,4

24 799,9

26 835,5

34 761,6

38 988,7

33 466,8

жалпы ішкі өнімге пайызбен

0,28

0,24

0,21

0,22

0,24

0,16

Зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған ұйымдар саны

390

437

438

421

414

424

Зерттеулермен және әзірлемелермен айналысатын персонал саны (жыл соңына), адам

18 912

19 563

17 774

16 304

15 793

17 021

соның ішінде:

 

 

 

 

 

 

зерттеушілер

11 910

12 404

11 524

10 780

10 095

10 870

одан:

 

 

 

 

 

 

ғылым докторлары

1 106

1 157

1 166

1 191

1 338

1 347

ғылым кандидаттары

3 018

3 147

3 058

2 861

2 734

3 041

Зерттеулер және әзірлемелермен айналысатын ұйымдардың негізгі қаражаттары, млн. теңге

14 584,2

19 247,7

18 782,0

19 176,7

22 003,3

22 810,9

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылғандардың орташа айлық атаулы жалақысы, теңге

 

 

 

 

 

 

Зерттеулер мен әзірлемелер

41 512,0

51 400,0

64 108,0

81 810,0

90 325,0

-

Жоғары білім

30 312,0

36 007,0

45 557,0

50 877,0

60 720,0

-

ҚР-да зерттеулер мен әзірлемелерді орындаумен айналысатын ұйымдар саны 2005 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 35 бірлікке артқан. Осы жылдардағы зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар қолданыстағы бағада 13,2 млрд. теңгеге өскен. Зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын ұйымдардағы персоналдың орташа тізімдік саны осы жылдарда 8,76 адамға кеміген.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының құрылымындағы ғылыми-техникалық қызметтің басты бағыты 46,4% құрайтын қолданбалы зерттеулер болып табылады. Ғылыми-техникалық әзірлемелердің 2008 жылғы үлес салмағы 2000 жылмен салыстырғанда 6 еседен артық мөлшерге өсіп, 34,7% құрады. Іргелі зерттеулер ғылыми-техникалық жұмыстар көлемінің 11,7%-ын құрайды. Көбінесе коммерциялық негізде көрсетілген ғылыми-техникалық қызметтердің үлесі 7,2%-ға жетті (сурет 2).

Сурет 2. Ғылыми-техникалық жұмыстарды үйлестіру құрылымы

Қазіргі уақытта шамамен 3 жыл бойы Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 3%-дан сәл астам, бұл ЕО елдерінен анағұрлым төмен, немесе бұл көрсеткіш тіптен өтпелі экономикасы бар Эстонияда – 36%-ды, Венгрияда 47%-ды құрайды. Қазақстанның инновациялық өнімі құрылымында елеулі үлесті (64-%-дан астам) жетілдіруге ұшырайтын өнім иеленеді. Жаңадан енгізілген немесе айтарлықтай технологиялық өзгерістерге ұшырайтын өнім үлесіне инновациялық өнімнің жалпы көлемінің 28,6%-ы тиесілі.

.Дайын ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу тәртібі жоқ. Қазіргі уақытта ғылыми әзірлемелердің тек аз ғана үлесі коммерциялық қолданыс тауып отыр. Көптеген қазақстандық әзірлеушілер мен компаниялар тәжірибелік-құрастыру жұмыстары кезеңінде арнайы қызметтердің жоқтығы және өндірісті игеру проблемасына кезігіп отыр, бұл технологияларды енгізу процесін тежейді. Қазақстанда инновациялық өнімді нарыққа жылжыту жөніндегі сервис әлсіз дамыған. Осы орайда инфрақұрылымдық және инжинирингтік жағдайлар жасау (тәжірибелік-құрастыру бюросы мен инжинирингтік ұйымдар, коммерцияландыру офистері) өте қажет.

Кесте 5. ­ 1990- 2009 жылдарда ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі (млн теңге)

Көрсеткіштер

1990ж.

1995ж.

2000ж.

2009ж.

2009 ж 2000 жылға өсу/кему қарқыны (%)

Орындалған ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі, барлығы

395,4

2983,1

6100,5

29591,3

485,1

соның ішінде:

ғылыми-зерттеу жұмыстары

214,2

1739,7

3764,5

17174,4

456,2

соның ішінде

Іргелісі

40,2

396,1

809,6

3461,1

427,5

қолданбалы зерттеулер

174

1343,6

2954,9

13713,3

464,1

жобалық-құрастыру және техникалық жұмыстар

99,7

496,6

1205,9

8555,8

709,5

бұйымдардың (өнімдердің) тәжірибелі үлгілерін (жиындарын) жасау

21,1

117,1

198,9

482,8

242,7

құрылысқа арналған жобалық жұмыстар

40,8

536,0

231,7

1237,9

534,2

ғылыми-техникалық қызмет көрсетулер

19,6

92,5

699,4

2140,1

306

2009 жылы 2000 жылмен салыстырғанда орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың көлемі 23490,8-ге (485,1%-ға) артқан. Орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың құрылымында жобалық-құрастыру және техникалық жұмыстардың (709,5%), құрылысқа арналған жобалық жұмыстардың (534,2%) осы жылдардағы өсу қарқыны басқалармен салыстырғанда жоғары (кесте 5)

Инновациялық қызметті жандандыру үшін бірінші кезекте қолданбалы ғылыми зерттемелерді қаржыландыру әдісін және қолданбалы ҒЗТКӘ-ні қаржыландыру жүйесін өзгерту қажет.

Инновациялық кәсіпкерлік қызметпен айналысатын құрылымдарда жоғары қарқынмен жұмыс орындарын құру және осының негізінде халықты мүмкіндігінше толық жұмыспен қамтамасыз ету елімізде және оның жекелеген аймақтарында жұмыссыздықтың салдарынан туындаған әлеуметтік шиеленістерді азайтады.

Қазақстан еліндегі қалыптасушы нарықтық экономикаға қажетті масштабтарда кәсіпкерлік қызмет еркіндігін және оның пайда болуы мен сәтті дамуын қамтамасыз ететін, шағын бизнестің берік құқықтық негізі құрылды. Осыған байланысты соңғы жылдары елімізде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілер санының тұрақты өсіп келе жатқандығы байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]