Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Физиология.doc
Скачиваний:
1294
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
4.44 Mб
Скачать

1. Оқытушылар туралы мағлұмат:

Ғазизова Айгүл Ідірісқызы - морфология, микробиология және биотехнология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор

Ибраева Гүлмира Сайфуллақызы - морфология, микробиология және биотехнология кафедрасының ассистенті. тел. 38-39-01., аудиториялар - 0204; 0216; 0308; 0316. Қабылдау күндері мен сағаттары, кафедрадағы оқу жүйесінің кестесі бойынша.

2. Пән туралы мәлімет

Пән «Физиология»

Пәннің коды – Fiz 1204

Оқыту түрі: күндіз

Курс 2; семестр 3; кредит саны 3

Дәрістер - 15

Зертханалық сабақтар - 60

СОӨЖ – 15

СӨЖ – 45

Барлығы – 135

Болжамалы оқу уақытын бөлу

Семестр апталары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Дәрістер

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

15

Практика

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

60

СОӨЖ

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

15

СӨЖ

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

45

Барлығы

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

135

3. Курстың Пререквизиттері – Жануарлар физиологиясын меңгеру үшін келесі пәндерді білу қажет: физика, жалпы биология, жалпы химия, зоология.

4. Курстың Постреквизиттері – Жануарлар физиологиясы болашақта келесі пәндерді меңгеру үшін қажет – жануарлар шаруашылығы, селекция, биотехнология, мал азықтық шаруашылығы, патологиялық физиология, патологиялық анатомия, ветеринарлық микробиология, вирусология, жануарларды азықтандыру, зоогигиена, жалпы құс шаруашылықтары және т.б.

5. Курсқа қысқаша шолу. Жануарлар физиологиясы - жабайы жануарлар мен жануарлардың, құстардың ағзасы туралы толық мағлұмат беретін жалпы биологиялық ғылым. Бұл пәнді оқу кезінде, жануарлардың ішкі және сыртқы құрылыстарымен, жеке мүшелердің қалыптағы құрылыс қызметімен, ағзаның тұрақты көрсеткіш мөлшерлері мен олардың ауытқу деңгейлерімен танысасыздар. Жалпы ағзадағы тіршілік процестерінің орталық, жоғары жүйке жүйесімен және гуморальдық реттелуін, жануарлардың мінез-құлықтарының қалыптасуы туралы және т.б көптеген мағлұматтар алады.

Пәннің негізгі мақсаты мен міндеттері. Физиология пәнін жалпы биологиялық пән ретінде таныту. Қоршаған ортаның түрлі жағдайында жануарлар тіршілігінің заңдылықтарын тану. Студенттер биология, биотехнология саласындағы әдебиеттерде берілген соңғы деректерді қолдана отырып, тірі ағзалардың физиологиясы туралы білімдерін одан әрі ұштауға үйренеді. Студенттер жануарлар физиологиясын игеру барысында өнімнің мөлшері мен сапасын белгілейтін заттардың жиналу үрдістерімен танысады; жеке мүшелердің және жүйелердің морфофизиологиялық құрылысы туралы маңызды сұрақтарын талдап, олардың реттелу механизмдерін біледі. Студенттер негізгі физиологиялық зерттеу әдістерімен танысып, жеке тәжірибе қоюды және математикалық талдау жүргізуді үйренеді, зертханалық жұмыстың тақырыбы аясында зерттеулер жүргізуді, оның нәтижесі бойынша қорытынды шығаруды, зертханалық құрал-жабдықпен (химиялық ыдыс-аяқ, құралдармен) жұмыс істеуді үйренеді. Оқу барысында студент физиология пәнінің басқа пәндермен байланыстылығын, оның маман болып қалыптасудағы маңыздылығын түсінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]