Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физика-1.УМКказ.doc
Скачиваний:
195
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.39 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Е.Әкімбеков, А.Сыздықов

ФИЗИКА – 1

«Техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтарына арналған

оқу-әдістемелік кешен

Астана 2011

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ «Бекітемін»

агротехникалық университеті» АҚ төрағасының бірінші

АҚ әдістемелік кеңесінде орынбасары

қаралды және мақұлданды

___________ А.М. Әбдіров

Хаттама № ___ «____»________2011 г. «___»__________2011 ж.

Авторлары: Е.Әкімбеков, А.Сыздықов

Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешенде (ОӘК) «Техникалық ғылымдар және технологиялар» бағытындағы мамандықтардың оқу жоспары бойынша «Физика-1» пәнінің типтік бағдарламасы негізінде дайындалған дәрістер, практикалық сабақтар мен өздік жұмыстарға жеке тапсырмалар жинағы, зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары, аралық және қорытынды бақылауға арналған сұрақтар жинақталған.

Пікір жазған: Ә.К.Мұқашева – х.ғ.к., физика және химия

кафедрасының доценті

Физика және химия кафедрасының отырысында қаралды және ұсынылды Хаттама № ____ «___» __________ 2011 ж.

КЖжКББ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде қаралды және бекітілді Хаттама № ___ ___________2011 ж.

ã «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, 2011

Алғы сөз

Физика пәні «Техникалық ғылымдар және технологиялар» бағытындағы мамандар дайындау бағдарламаларының жалпы теориялық негізін құрайды.

Физиканы оқытудың басты мақсаттары:

– студенттердің классикалық және қазіргі заманғы физика теорияларын, іргелі заңдарын, сондай-ақ физикалық зерттеу әдістерін пайдалану дағдылары мен біліктілігін қалыптастыру; есептеу техникасын қолдана отырып, физикалық үдерістерді модельдей білуді үйрету, шығармашылық ойлауы мен ғылыми дүниетанымын жетілдіру; дүниенің қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыс болмысы туралы тұтастық түсінігін дамыту.

Пәнді оқыту міндеттері:

– классикалық және қазіргі физиканың негізгі заңдарының, теорияларының ішкі өзара байланыстарының мағынасын ашу; практикада түрлі салада кәсіби мәселелерді шешу және одан әрі өз білімін жетілдірудің тәсілдерін табу біліктіліктеріне, шығармашылық ой және өзіндік танымдық іс дағдыларына қолдау жасау.

Оқу-әдістемелік кешен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Техникалық ғылымдар және технологиялар» бағытындағы мамандықтарының «Физика-1» типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған. Кешенде физиканың негізгі тараулары бойынша теориялық материалдар, зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары, 1 және 2 аралық бақылауға, қорытынды емтиханға арналған тест сұрақтары берілген. Теориялық білімді бекітуге және қолдануға машықтану мақсатында өздік жұмысқа арналған 20 тақырыпты есеп 28 нұсқаға бөлініп құрастырылған. Кешенде студентке қажетті деген негізгі мағлұматтар, өздігінен дайындалуы үшін бақылау сұрақтары, тақырып бойынша физикалық терминдердің қысқаша түсініктемесі енгізілген. Кейбір физикалық терминдер түсінікті болу үшін аударылмаған түрде берілді, қазақша аудармасы физика және математика салалары бойынша Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен «Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік» негізінде алынған.

Зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқауы кафедра меншігіндегі құралдар мен аспаптарға бейімделіп құрылған.

ОӘК дәріс сабақтарында өтілген тақырыпты толықтыруға, қайталауға, практикалық, зертханалық сабақтарға, аралық бақылауға, емтиханға дайындалуға және өздік жұмыстарға басшылық құрал ретінде ұсынылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]