Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гидравлика.doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
291.84 Кб
Скачать

8. Гидрожетек жұмыс тәртібінің есебі

Орнатылған тәртіп. Ауыл шаруашылық машиналарының орнатылған тәртібі немесе жұмыс органдарының жұмыстарын жобалау, есептеу кезінде мыналарды ескеру қажет: жинақталған машинаның бөлігіне гидроқозғалтқыштың механикалық мінездемесінің сәйкестігін шығарып алу.

Қуатты дәл есептеу мәндері және гидрожетек үшін типті таңдау- технологиялық және конструктивтік талаптарға байланысты. Жоғары шығарылым кезінде орнатылған жұмыстар сенімділігі мен дәлдігі гидрожетекті нәтижелі қолданғаннан болады.

Момент өзгерісіне байланысты ауыл шаруашылық машиналарында гидрожетекті қолдану болуы мүмкін;

Тұрақты статикалық моментпен;

Mc = const

Бұрыштық жылдамдыққа байланысты моментпен (желдеткіш, орталықтан тепкіш сорғыш);

Mc = Mo + k ώ²

Жолға немесе бұрылу бұрышына (айналшақ беріліс) байланысты моментпен

Mc = Mo + Ma sin φ,

Уақыт аралығындағы кездейсоқ өзгеруді сипаттайтын момент (қосиінді беріліс)

Mc = Mo + ke –п τ τ,

Мұнда

k- беріліс коэффициенті,

τ- уақытша функция.

Ауыл шаруашылық машинаның жұмыс органының механикалық мінездемесі жылдамдық және кедергі моментті гидроқозғалтқыштың білігіне келтірілген тәуелдікті көрсетеді. Жалпы түрде кедергі моментін келесі формула бойынша анықтауға болады;

Mc = Mo + (Mcном + Mo) (ώ/ ώ ном)х

Мұнда

Mc,Mo – ώ және φ байланысты кедергі моменті;

Mo – қозғаушы бөліктегі үйкелісті кедергі моменті;

Mc.ном – номиналды жылдамдықтағы кедергі моменті;

х- дәреже көрсеткіші, жылдамдық өзгерісінде кедергі моментінің өзгеруін сипаттайды.

Х =0 тең болғанда, кедергі моменті жылдамдыққа байланысты болмайды; х =1 сызықтық жылдамдыққа байланысты болады.

Х =2 болғанда жылдамдық квадратына тәуелді «параболалық мінездеме); х ==-1 жылдамдыққа пропорционалды кедергі моментінің өзгерісі. Қандай да бір жұмыс орнана гидрожетекті жобалағанда, механизмдердің мінездемесін ғана есептемейді, сонымен қатар гидрожетектің механикалық мінездемесінің тұрақтылығын ( қатаңдығын) да ескереді. Гидрожетек қатаңдығының мінездемесі әрбір нүктеде бұрыштық жылдамдық бойынша туынды момент ретінде табылады.

βп = d M / d ώ.

Ауыспалы тәртіп. Орнатылған тәртіпте гидромотормен жетілген момент машин.а кедергі моментіне тең, және жетек жылдамдығы тұрақты болып табылады. Бірақ та ауыл шаруашылық машиналардың жұмысы барысында құрастырылмаған жүктеме себебінен гидрожетек жылдам немесе баяу жұмыс істейді, инерциялық күштер пайда болады.

Гидрожетек қозғалысы теңдеуі ауыспалы тәртіпте орындалушы барлық күштер мен моменттерді ескеру қажет.

Гидрожетек түсуші қозғалысының тепе-теңдік теңдеуі;

F – Fc = mdv / dt,

Айналмалы қозғалысы үшін:

M –Mc = I d ώ / dt,

Мұнда

F және Fc – қозғаушы күш және машинаның кедергі күші;

mdv / dt – жылдамдықтың өзгеруінен пайда болатын инерциялық күш;

M және Mc – гидроқозғалтқышпен жетілуші айналу және кедергі моменттері; I d ώ / dt – инерциялы момент.

Гидрожетек жұмысының ауыспалы тәртібі мыналардың өзгеруімен сипатталады: момент, сұйық шығыны және бұрыштық жылдамдық. Яғни берілістің тез немесе баяу болуы.

Гидрожетек динамикасын зерттеу қажетті қуатты табуға, орындалатын үрдіс сапасы мен машина өнімділігін тексеру барысында гидрожетек және жұмыс машинасының параметрлерінің әсер етуін және элементтер жұмысы мен басқару жүйелері мен т.б. бағалауға мүмкіндік береді.

Гидрожетек жүйесінің теңдік есебі- механикалық жұмыс органы іске қосыларды осындай түрге ие;

Mr = k ∆pq + Mo;

MМ = I d ώ / dt + Mc.

Бұл теңдеудің оң жақ бөлігін теңестіріп, барлық мүшені ∆pQ бөлеміз, сонда осындай теңдеуге ие боламыз;

ώ,+ ώо == Т d ώ / dt+ ∆ ώ,

Мұнда

ώ = k (∆pq / ∆pQ ) – орнатылған қозғалыстағы бұрыштық

жылдамдығы;

ώ o = ∆Mc / ( ∆pQ) – бос жүріс кезіндегі біліктің бұрыштық

жылдамдығы;

T= I / ( ∆pQ) –гидрожетектің тұрақты уақыты;

∆ ώ c = ∆Mc/ ( ∆pQ) - ∆Mc моментімен жүктелген кездегі бұрыштық

жылдамдық кезеңі.

Онда гидрожетек қозғалтқыш теңдеуі;

d ώ/ dt – ώ/ T = (ώ o + ∆ ώ c) / T.

Интегралданғаннан кейін шығады :

ώ = ώ о- ∆ ώ c + се -t/T

мұнда

с- интегралдың тұрақтылығы

с- мәнің уақыт үшін анықтаймыз;

t= 0, яғни с = ωн, ал c= ωн-(ωо-∆ωо)= ωн-ωс

Гидромотордың бұрыштық жылдамдығы үшін :

ω = ωС+(ωН-ωС)e¯t/T

Мұнда

ωС - момент күшінің тұрғызылған мәніндегі гидромотор бөлігінің

бұрыштық жылдамдығы.

Қозғалмайтын күйінен жүктелген гидрожетекті қосқан кезде

алатынымыз:

ω = ωС(1- e¯t/T)

Жүктелусіз гидромотордың қосылуы:

ω хх = ωо(1- e¯t/T).

Ал момент Мчч = Idω/dt.

Ауыспалы режимде жүктеменің қосымша соғылуында бұрыштық жылдамдықтың динамикалық түсуі пайда болады. Ол ауыл шаруашылық машиналар гидрожетегінің көбіне теріс әсер етеді.

Бөлек жұмыс орындары мысалы, картон жинаушы транспортер қоспасын жүктемеге реверстеу керек.

Реверстеудегі жылдамдық:

ω=-ωо-∆ωс+e¯t/т

Мұнда

с = ωс +ωо-∆ωс,, t=o, ω = ωнач =ω с

Реактивті момент қозғалысқа үнемі бөгет жасайды. Тежеу бөлігінде реверстеу кезінде жылдамдық гидроқозғплтқыш момент қосынды әрекеті және күштер әрекетімен төмендейді, ал екпін бөлігінде моменттер әртүрлілігімен бұрыштық жылдамдықтарының ұлғаюы көрінеді.

Бұрыштық жылдамдық :

ω=εt,

Мұнда

ε- бұрыштық үдеу,

ωо өзгеру қарқынының сипаттайды.

Белгіленген инерция моментіне не жұмыс органы тоқтап қалғанда, тежелу мен біршама жылдамдық кері беріліс болады.

Гидрожетектің динамикалық мінездемесіне әсер етеді: қатаңдық және жұмыс органдары мен механикалық қосылушы мүше серпімділігі (цепті және сына тәрізді беріліс).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]