Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гидро.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
147.97 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

1. Гидрожетек туралы мәлімет.

2. Сорғыш түрлері.

3. Піспекті гидромашиналар.

4. Радталды – піспекті гидромашиналар құрылысының ерекшеліктері.

5. Роторлы сорғыштардың жіктелуі және олардың ерекшеліктері.

6. Піспекті сорғыштардың негізгі құрылысы және жіктелуі.

7. Ауыл шаруашылық машиналарының гидрожетектері мен мен гидрожүйелерінің есебі.

7.1. Жалпы түсінік.

7.2. Дросселді реттелетін гидрожетектер.

7.3. Көлемді реттелетін гидрожетектер.

7.4. Біріккен гидравликалық жүйелер.

7.5. Гидрожетек есебінің негізі.

8. Гидрожетектің жұмыс режимінің есебі.

9. Топырақ өңдейтін машиналардың гидрожетегі.

9.1. Трактор гидрожүйесінде қысым және сұйық шығыны параметрлері.

9.2. Тыңайтқыш сепкіштің жұмыс органдарының гидрожетегі.

9.3. Картоп жинағыш машиналардың жұмыс органдарының гидрожетегі.

10. Техника қауіпсіздігі.

11. Өздік жұмысқа тапсырма.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Гидрожетек – машиналар мен механизмдерді гидравликалық энергия арқылы қозғалысқа келтіруге арналған құрылғылар жиынтығы. Гидрожетектің негізгі элементі сорғыш пен гидроқозғалтқыш болып табылады. Гидрожетек жетекті электроқозғалтқыш және салмақ (машина мен механизм) «гидравликалық ендірме» сияқты болады да, механикалық беріліс (редуктор, белдікті беріліс, айналшақты – бұлғақты механизм т.б) орындайтын функцияларды орындайды.

Гидрожетектің негізгі жұмысы механикалық беріліс сияқты, жетекті қозғатқыштың механикалық мінездемесін салмақ талаптарына сәйкес өзгерту; басқару және автоматтандырудың қарапайымдылығы; шығу буыны жылдамдығын сатысыз реттеудің кең диапазоны; жетек салмағы бірлігіне үлкен қуат берілісі; үйкелетін беттерді жұмыс сұйықтығы ретінде минералды майларды қолдануда сенімді майлау.

Гидрожетек кемшіліктеріне жататындар: жұмыс сұйықтығының тығыздық пен саңылау арқылы ағуы, негізінен қысым жоғары болғанда; жұмыс сұйықтығының қызып кетуі. Ол арнайы суытқыш пен жылудан қорғағышты қолдануды қажет етеді, механикалық беріліспен салыстырғанда ПӘК өте төмен. (Жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты жұмыс сұйықтығын пайдалану кезінде оның тазалығын және оған ауаның кірмеуін қамтамасыз етудің қажеттілігі; жанатын жұмыс сұйықтығын пайдалану кезінде өрт қауіптілігі.

Гидротүйінді құрастыру және гидросызбаны дұрыс таңдау кезінде өрт қауіптілігі.

Гиротүйінді құрастыру және гидросызбаны дұрыс таңдау кезінде осы кемшіліктердің біразын жоюға немесе машина жұмысына әсерін азайтуға болады.

Қазіргі кезде гидрожетек қолданылмайтын техника облысы жоқ. Тиімділігі мен үлкен техникалық мүмкіндіктерді оны әртүрлі технологиялық үрдісті механикаландыру мен автоматтандыру кезінде әмбебап етеді. Жекелеп алғанда, тау өндірісін қатайтуға қолданылады: тазартылатын кептелдерде жеке гидравликалық тіреуіштер мен кешендер қолданылады; барлық тазалау және кесу жұмыстарын жүргізуге арналған комбайндарда атқарушы орган беріліс гидрожетегі және әртүрлі көмекші операцияларды орындаға арналған механизм бар. Гидрожетек бұрғылаушы құрылғылардың ажырамас элементі болып табылады. Шахталық конвейердің жетегінің көпшілігі гидродинамикалық муфтамен жабдықталған.