Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гидро.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
147.97 Кб
Скачать

2. Сорғыш түрлері.

Тегершікті түрдегі сорғыштар.

Барлық сорғыштар ішінде тегершікті (тісті) сорғыштардың құрылысы өте қарапайым. Олар сыртқы немесе ішкі іліністі тегершіктермен орындалады. Ішкі іліністі тегершікті сорғыштар көп тараған. Сорғыш екі бірдей тегершіктен жетекші және жетектегідентұрады. Жетекші тегершік айналысқа қозғалтқышпен келеді. (Суретте көрсетілген). Тегершіктің суретте көрсетілген бағытқа қарай айналысында тістер арасындағы ойысты толтырып тұрған сұйықтық сору қуысынан айдау қуысына ауысады. Сорғыш корпусының қақпағы торсқа тегершікті қатты жанастырғандықтан, тіс сорғыштың қарама-қарсы ағатын жағына ілініскенде сұйықтың ойықтан сығылады. Тегершіктің ағатын және сорылатын жақтарындағы әртүрлі қысым болғандықтан радиалды күш әсер етеді де, ол ротордың кептелуіне әкеліп соқтырады.

Айдалатын бөліктің қысымының мөлшерден тыс көбеюі мен қарсы жақта ойықтан тістің шығуы кезінде вакумның пайда болуының алдын алу үшін сорғыш корпусында қысымды теңестіру үшін жүк түсіргіш каналдарды қондырамыз. Осы мақсат үшін тіс ойықтары саңылауларын бұрғылау арқылы алынған роторлы тегершіктегі каналдар да қызмет етеді. Жоғарғ қысымдағы (10 МПа жоғары) сорғыштарда торстық саңылау жоғарғы қысым кезінде тегершікке қысылатын арнайы «қалқымалы» төлкелермен тығыздалған. Сұйықтың қысымын жоғарылату үшін әрбір келесі беріліс кезінде алдыңғы берілістен аз болатын көп сатылы тегершікті сорғыштарды қолданады. Олар қысымды 20 МПа дейін жоғарылатады. Тракторлар мен ауыл шаруашылық машиналары гидравликалық жүйесінде ең коп тарағаны роторлы тегершікті сорғыштар және сыртқы іліністі гидромоторлар. Тегершікті гидромашиналар құрылысы бойынша қарапайым және тұрақты шығынды 2.1 суретте сыртқы іліністі тегершікті сорғыштың құрылыстық сызбасы көрсетілген.

Сорғыштар мен гидромоторлар

Тегершікті

Пластикалық

Піспекті

Планетарлық

Сыртқы іліністі

Жай әрекетті

Тісті

Ішкі іліністі

Қос әрекетті

Роликті

Қатарлық

Ақшалдық

Радиалдық

Иілгіш дискті

Сыртқы басқарудағы

Иілгіш остік

Ішкі басқарудағы


Корпуста 2 жетектегі және жетекші 3 сорғышты А және айдаушы Б қуысы бар тегершіктер орналасқан. Жұмыс камерасын ротор (жетекші тегершін 3 білік пен және жетектегі тегершін) және статор (бүйір қақпақты 2 корпуспен) құрайды. Тегершіктер корпуста жоғары дәлдікпен орналасқан және олардың айналысы кезінде шығатын жерде вакуум әсерінен ойықтар жұмыс сұйықтығымен толады.

2.1 – сурет. Тегершікті гидромашиналар сызбасы. А- сыртқы ілініспен 1- жетектегі тегершін, 2-корпус, 3-жетекші тегершін, 4-білік. А және Б сорушы және айдаушы қуыс б-ішкі ілініспен 1-ішкі тегершікпен, 2- жылжымалы тегершін, 3- бөлгіш, 4- білік, 5- корпус. А және Б сорғыш және айдаушы қуыстар.

Тегершік айналысы кезінде сұйықтық тістермен бірге орын ауыстырады, шығатын жерде тістер ілініседі де, сұйықты ағу магистраліне қарай айдайды. Сорғыш сұйықтықты жоғарғы қысыммен береді. (20….50МПА дейін). Сондықтан шығынды жоғарылатуды жою үшін арнайы тығыздауыштар – тегершін осінде орналасқан төлкелерде қолданылады. Номиналды жұмыс қысымы мен көлеміне байланысты тегершікті сорғыштар 4 топқа бөлінген. Ішкі іліністі тегершікті сорғыштар да корпуста 5 ішкі тісті қозғалмалы тегершік 2 орналасқан, ал білікте 4 сыртқы тістерімен кіші диаметрлі тегершін бекітілген. Ішкі тегершін 1 оске қатысты ығысқан және тегершін тістерімен ілініске түседі. Кеңістікте сыртқы және ішкі тегершіктерден, бөлгіштен және бүйір қабырғалары құрайды. Жұмыс процесі кезінде 2 тегершік те бір бағытта айдалады да, соратын А қуысынан сұйықтық тіс арасы кеңістігін толтырады және корпуспен және бөлгішпен жабылады, Б ағу қуысына тасымалданады.

Тегершіктің тіс ілінісі нүктесінде қысылады да, атқарушы жұмыс элементіне қысыммен түседі. Тегершіктің тіс ілінісі нүктесінде қысылады да, атқарушы жұмыс элементіне қысыммен түседі. Тегершіктің шығатын жерінде іліністен вакуум туады да, сұйық сығылуы жүреді. Жұмыс сұйықтығын жоғары қысыммен бергенде осы гидромашиналар гидромотор режиминде жұмыс істей алады. Тіс тегершікті байланысқа түсетін жерде, тіс арасындағы кеңістік азаяды да жоғарғы қысым зонасы пайда болады, сондықтан бұл жерде сорғыштың ағын магистралімен қосылған шығыс саңылауы болады.

2.3-сурет. Н.Ш – 67 тегершікті сорғышы

1-корпус, 2-қақпақ, 3-торстық тығыздауыш, 4-подшипник, 5-тығыздауыш, 6-манжет, 7-дөңгелек, 8-тиек дөңгелек, 9-ілгіш дөңгелек, 11-тиек дөңгелек, 12-жетекті тегершін, 13- жетектегі тегершін.

Бірақ, құрылысының қарапайымдылығына қарамастан, тегершікті гидромоторлар тек номиналды айналыс жиілігінде ғана жұмыс істегендіктен және төмен ПӘК болғандықтан көп қолданылмайды. Өндірісте шығатын тегершікті гидромашиналар, гидромоторлар (МНШ) және сорғыштар (НШ) жұмыс көлемі 6…250 см 3/айналым жұмыс қысымы 14...17,5 МПа 6000 мото - сағат ресурсына есептелген. Ауыл шаруашылығы машиналарында төртінші орындағы жұмыс қысымы 20...25 МПа барлық мерзімдік жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін 8000 – 10 000 мото-сағат ресурсы жоғарылатылған гидромашиналар орнатылған.

Сорғыш корпусын 1, қақпақтан 2, жетекші 12 және жетектегі 13 тегершіктерден тұрады. Жоғарғы қысым герметизациясы торстық нығыздауыштармен, ал тіс ұшы жағынан 5 нығыздауышпен іске асады. Подшипниктерден 4 тұратын подшипникті блок 8 жоғарғы қысым тұйықталу зонасы болып қызмет етеді. Сорғыштың шығу саңылауы жанында эластикалық манжетамен 6 нығыздалған компенсациялық камера орналасқан. Қақпақ пен корпус арасында тығыздауыш дөңгелек 7 орналасқан. Сорғыштың жетекші білігінде ілгіш 9 және тиек дөңгелектер, манжета орналасқан. Сорғыштың корпусының бөлшектерін алюминий қорытпасынан, тегершікті HRC 56-62 қаттылыққа дейін шынықтырылған 20x (18XIT, 12XH3A және т.б) болаттан, подшипникті блокты AMHO 8-1-3 қорытпадан жасайды.

Трохоидты түрдегі сорғыштар.

Троходты түрдегі сорғыштардың жұмыс принципі тегершікті сорғыштыкі сияқты, тек тіс орнына сыртқы және ішкі роторларында арнайы профильді жұдырықшалар бар. Жұдырықшалар бөлгіш қондыруының қажеттілігін керек етілмейтіндей етіп профилденген.

Жетекші элемент болып табылатын ішкі роторлар жұдырықшалары байланысып, камераның көлемі кішірейеді. Ақырында сұйықтық ағыс магистраліне соғылады.

Роторлы – пластиналық сорғыштар мен гидромоторлар.

Пластиналық гидромашиналарда жұмыс камераларын ротор, статор, екі пластина және бүйір қақапақтар құрайды. Пластиналық сорғыш біліктен, статордан 5 және ротордан тұрады. Ротор статорға қатысты эксцентрлі орналасқан. Бүйір қабырғаларында 2 терезе-сорғыш және айдағыш 3 бар. Ротордың центрге тепкіш күш немесе пластина серіппесі әсерінен айналғанда корпус қабырғасына жабылады да, күрделі қозғалыс жасайды; ротормен бірге айналады да, пазада ілгерінді-кейінді қозғалыс жасайды. Оң жақ жұмыс камералары айдағыш, сол жақ жұмыс камералары сорғыш тереземен байланысқан. Сол жақ жұмыс камерасында пайда болған вакуум ықпалынан айналғандықтан, сұйық сығылады да, тұйық көлемде орын ауыстырып, қысыммен оң терезеге айдалады. Айдау зонасы сору зонасынан қалақшалармен жабылады. Номиналды жұмыс кезінде қалақшалар статор профиліне қысылуы керек. Пластиналық сорғыштар мен гидромоторлар жоғарғы қуатты қамтамасыз етеді де, 18 МПа қысымда 30с ротор білігі айналыс жиілігімен жұмыс жасайды, сондықтан да болашақта олар ауыл шаруашылығы машиналарында кең қолданыс табады.

Пластиналық сорғыш берілісі пазадағы қалақшалардың орын ауыстыру ара қашықтығынан, осы қалақшалардың қалыңдығы мен санынан ротор ені мен айналыс жиілігіне байланысты роторлы-пластиналық гидромотор аналогты түрде жұмыс істейді. Жұмыс сұйықтығы қысыммен пластиналарға әсер етеді. Эксцентриситет ықпалынан камерадағы пластина ауданы бірдей емес, сондықтан пластиналарға әсер ететін әртүрлі күштер пайда болады және айдау терезесімен қосылған жұмыс камералары моменттерін құраушы моментке тең момент пайда болады. 2.6 – суретте өндірістен шыққан пластиналық гидромотор құрылысы көрсетілген. Білікте 4, шарикті подшипникте шлицте пластиналарымен айналатын ротор орналасқан. Стотор корпуста 25 алдыңғы дискпен 22 артқы бөлгіш диск 16 арасында орналасқан қақпақта қозғалмайтын бөлгіш диск зоолотникпен орналасқан. Золотник 19 қуысы 18 қуыстан пробкамен бөлінген. Бөлгіш диск роторға серіппемен 14 және 18 қуыс жағынан сұйық қысыммен қысылған. Жұмыс сұйықтығы 10 терезе мен 20 канал, қуыспен 11 терезе 1 арқылы қалақша аралық камераларға өтеді; ның жартысы қалақша аралық қуысқа 8 түседі де,оны статордың профиліне қысады. Манжет қондыруымен герметикалыққа жетеді, ал ағатын суықтық дренажды саңылау 7 арқылы ыдысқа қайтып келеді. Жұмыс сұйықтығы сығылғыннан соң, дөңгелек канал 23 және шығу тесігі арқылы құю гидро сызығына түседі. Бұл гидромоторлар реттелетін және реттелмейтін сорғыштармен пайдаланылады және жұмыс сұйықтығының тазалығы мен берілістің қатаң сипаттамасы талап етілмейтін жерде жұмыс істейді.

2.6 – сурет Пластиналық гидромотор.

1- терезе, 2- пластина, 3-статор, 4- білік, 5-манжета, 6-подшипник, 7- жоғарғы қысым қуысы,8, 12-дөңгелек, 10-терезе,11-сору қуысы, 13-қақпақ,14-серіппе, 15-золотник,16-бөлгіш диск,17-пробка,18,19-қуыс,20-қосатын калал,21-ротор,12-диск,23-дөңгелектік канал,24-шығатын тесік,25-корпус.

Типтік қалақшалы сорғыш ротор,қалақша және корпустан тұрады. Роторда сорғыш қалақша орнатылатын радиалды кертіктер бар. Ротор айналысы кезінде қалақшалар оның кртігінде бос сырғанай алады. Ротор айналысқа гидротрансформатор корпусы арқылы қозғалтқышпен келеді. Ротор айналысы қалақшаларға центрден тартқыш күш әсерін туғызады да,оны корпустың цилиндрлік бетіне қысады. Осылай қалақшалар арасында сорғыш камера қалыптасады. Ротор корпустың цилиндрлік тесігінде біраз эксцентрисистетпен орналасқан. Сондықтан ротордың төменгі бөлігі корпустың цилиндрлік бетіне жақын, ал жоғарғы бөлігі алыстау орналсқан. Ротор сорғыш корпусына жақын орналасқан жерде, қалақшалардың зонадан шыққанда, сорғыш камерасында ыдырау болады. Нәтижесінде поддоннан ATF атмосфера қысымы әсерінен ағын магистраліне итеріледі. Ротор эксцентриситеті сорғыш корпусы цилиндріне қатысты көп болса, сорғыштың үнемділігі де жоғары болады. Нөлдік эксцентриситет кезінде сорғыш өнімділігі де нөлге тең болады. Автоматты беріліс жәшіктерінде қозғалыстың тұрақты айналысы кезінде ауыспалы өнімділікті қамтамасыз ететін қалақшалы сорғыштан айырмашылығы, бұл жерде сорғыш корпусына ішінде қалақшасымен ротор орналасқан қозғалмалы дөңгелек орналасқан (2.8-сурет)

Қозғалмалы дөңгелекте шарнирлі тірек бар, оған қатысты ол бұрылып , роторға қатысты жағдайын өзгерте алады. Бұл қозғалмалы дөңгелек пен ротор арасындағы эксцентриситетті көбейте алады немесе азайта алады және сорғыштың өнімділігін өзгертеді.

Ротор ішінде қалақшалардың ротор ішіндегі қозғалысын болдырмайтын қалақша тірек дөңгелегі бар. Егер қозғалтқыш жұмыс істемесе, серіппенің қайтымды қозғалысы әсерінен шеткі сол жағдайда болады. Бұл жағдайда қозғалмалы дөңгелек және ротор арасындағы эксцентриситет үлкен көлемде болады да, қозғалтқыш іске қосылған кездегі барлық гидрожүйені трансмиссиялық сұйықпен қоректендіруге қажет сорғыштың максималдық өнімділігін қамтамасыз етеді. Қозғалтқыш іске қосылғаннан кейін ауыспалы өнімділікті қалақшалы сорғыш дәл қарапайым қалақшалы сорғыш сияқты жұмыс істейді.