Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гидро.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
147.97 Кб
Скачать

1. Гидрожетек туралы жалпы мағлұмат.

Сорғыш деп cұйықтардың барлық түрлерін және қатты затты механикалық қоспасын және газды ағызуға (перекачка) және ағын туғызуға қызмет ететін машинаны айтады.

Ағызуға және газ (газ түзуші сұйықтар) ағынын туғызуға арналған машиналар жеке топтарға бөлінген және желдеткіштер мен ауа тығыздағыштар деп аталып, арнаулы оқу заты болып қызмет етеді, сондықтан берілген тарауда қарастырылмайды. Сұйықтың тоқтаусыз ағынын және қысымды тудыру сорғыш арқылы іске асады.

Жұмыс сұйықтығының ағынының гидравликалық энергиясы механикалық немесе электрлік құралдан жетек алатын гидросорғыштар жұмысы әсерінен туындайды. Гидромоторлар, гидроқозғалтқыштар және гидроцилиндрлер сұйықтың гидравликалық энергиясын жұмыс органдарының механикалық жұмысына айналдырады. Сорғыштар мен гидромоторлар қайтымды машиналар, бірақ жеке жиналатын бөліктерінде ерекшеліктер бар. Мысалы, жұмыс сұйықтығын бөлу жүйесі, сондай – ақ тығыздықтары әр түрлі болуы мүмкін.

Гидросорғыштарда жұмыс сұйықтығы жүйеде пайда болады. Барлық кедергілердің алдын алуға керек қысыммен береді. Гидромоторлар жұмыс сұйықтығы энергиясын жұмыс орындарына береді, ал сұйықтық қысқа түтік арқылы ыдысқа құйылады.

Гидросорғыштар мен гидромоторларды келесі белгілеріне қарай бөлуге болады: әрекет принципіне байланысты: а) тұрақты көлемді және реттелетін; б)тұрақты және реверсті ағынмен; в) 1, 2 және көп әрекетті.Құрылысы бойынша: а) тегершікті, пластикалық, піспекті, планетарлық (1-сурет).

Гидромашинадағыларды жұмыс процесі жұмыс камераларында өтеді. Жұмыс камерасы өзінің көлемін периодты түрде өзгертетін және жұмыс сұйықтығының шығу және кіру орындарымен байланысатын элементтердің жұмыс бетімен шектелген кеңістік. Жұмыс циклі келесі процестерден тұрады: сорғыштарда - сору және айдау, гидромоторларда - айдау және тығыздау. Жоғары және төмен қысымды камераларды бөлу, айдау және сору торстық, цапфендік, клапондық болатын жұмыс сұйықтығының таратылуы арқылы болады.

Гидромашиналардың негізгі параметрлері: жұмыс көлемі Ро, қысым Р (номиналдық Рмин, максималдық Рмакс), айналыс жиілігі (номиналдық п мин, минималдық п мин) айналыс моменті және пән (көлемдік жәнемеханикалық). Бірақ сорғыш өздігінен қысымды қалыптастырмайды. Қысым мен гидрожүйеде ағынға кедергі болған жағдайда ғана болады. Қазіргі кезде автоматтық беріліс қорапты трансмиссияларда келесі түрдегі сорғыштар қолданылады:

-тегершікті;

-трохондты;

-қалақшалы.

Тегершікті және трохондты түрдегі сорғыштардың жұмыс принциптері өте ұқсас. Бұл сорғыштар тұрақты өнімді сорғыштарға жатады. Қозғалтқыштың иінді білігінің бір айналысы кезінде қозғатқыш жұмысы мен гидрожүйе қажеттілігіне тәуелсіз. Олар гидрожүйеге тұрақты сұйық көлемін жеткізеді. Сорғыштар қазіргі уақытта көп таралған машина түрі болып табылады.

Әрекет принципіне байланысты насостар былай бөлінеді:

а) цнтрден тепкіш оларда ағыс және ағынды туғызу жұмыс дөңгелегінің айналуынан пайда болатын күш әсерінен болады.

б) остік сорғыштар, оларда жұмыс органы болып прппелерлік түрдегі қалаушалық дөңгелек болады.

в) піспекті және оқтаулық сорғыштар оларда оқтау немесе піспектің ілгерілмелі – кейінді қозғалысы кезінде сұйық орын ауыстырады. Бұл топқа піспекті сорғыштардың қарапайым түрі диафрагмалық насостарды жатқызамыз, оларда жұмыс органы ретінде ілгерілмелі – кейінді қозғалыс жасайтын резиналы немесе былғары диафрагма қызмет етеді.

г) гидравликалық соққы энергиясы есебінен жұмыс жасайтын тарандар

д) ағындық сорғыштар, оларда сұйықтың орын ауыстыруы қосымша сұйық, бу немесе газ энергия ағыны есебінен жүреді.

е) эрфлиттер, оларда жұмыс денесі сығылған ауа болады.