Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гидравлика.doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
291.84 Кб
Скачать

7.4. Біріккен гидравликалық жүйелер

Ауыл шаруашылық машиналарының төрт тобы бар: ауыл шаруашылық машиналардың жұмыс орган гидрожетегінің беріліс қуаты 10 кВт болатынн гидрожүйелі сериялы тракторлар, қуаты 20 ...2 кВт болатын машиналар, жұмыс органдары ГСОМ (ҚТГЖ) гидрожетекпен болатын машиналар, механикалық берілісті және гидрокөлемді машиналар, белсенді жұмыс органына кететін қуат шығыны 25 кВт жоғары, автономды сорғыш станциясының машинасы жүріс бөлігінің гидрокөлемді жетегін және 25 кВт қуатты қолданатын белсенді жұмыс органдарын қамтамасыз етеді.

Автономды слрғыш станциялары құрылыстық және жолдық көлік, ауыл шаруашылық, жер қопарғыш көлік, өздігінен жүретін машиналар және т.б. жұмыс органдарының гидравликалық жетегі қолданылады.

Гидрожүйе бірігуі үш типті болады: тұрақты-шығынды, тұрақты қысым, жүйенің қысымын пайдаланушы және шығыннан тұрады.

Қуатты таңдаудағы гидавликалық жүйе (ГСОМ) трактордың энергиясын ауыл шаруашылық машиналарының белсенді органдарына беруге арналған.

Жүйеде стандартты тракторлы гидрожүйесімен қоса- фильтірлі сұйық қойма, таратқыш, күшті реттегіш, сорғыш және күшті гидроцилиндр, қосымша құрастыру құралдары: сорғыш (НШ-32-2), сорғыш (НШ-10-2), реттығынды қосынды және радиатор болады.

Сорғыштар трактордың жүріс бөлігінің сол жақ ілінісу муфтасында орналасқан. Оның тәуелсіз және өшіп қалатын жетегі бар.

Жиынтық құбыржетекті сырғау сорғышпен, құбыржетекті ағынды сұйық қоймамен байланысты. Радиатор арқылы фильтірмен қоса сұйық қойма қосылған. Жиынтық таратқыш және реттегіш каналымен тығыз байланысты.

Кеңейжонуында реттығын басқарғыш орналасқан жиынтық корпустан тұрады.

Басқару каналындағы қайта жіберу клапаны реттығын сұйық қысымымен басқарылады. Ол корпуста бұрғылау арқылы реттығынмен байланысқан.

Реттығын екі жағдайды қабылдайды: оң шеті (басқарушы канал және қуысты бақару ағызғышпен байланысқан) және сол шеті (басқару каналы жабық). Бірінші жағдайда негізгі сорғыштың НШ-32-2 ағыны гидрожүйелі таратқышқа түседі, ал екінші жағдайда гидроіріктеу жүйесінің жинақталған реттығынға барады. НШ-10-2 сорғышына ағызғыштың қолданылмалы берілісінің қамтамасыз ететін реттығын, егер гидроіріктеу қорытынды жүйесінде соңғысы қолданылмаса. Реттығынның бейтарап орыны тіркелген. Жұмысшы және қалқымалы орын тіркелмеген. Бұл орында реттығынды қолмен ұстап тұрады. Реттығынның жұмысшы орнындағы ағын НШ-10 сорғышынынан қолданушыға тиектік құрылысты құбыр жетек арқылы түседі.

Жиынтық екі сақтандырғын клапанмен жабдықталған, олар: 16,0 + 1,5 МПа қысымына реттеледі. Клапан жиынтық ағынның магистраліне орналасқан, клапан НШ-10-2 сорғышынан ағын магистраліне барады.

Ағып тұру жүйесіне қайта келу үшін құғатқыш құбыпжетек қызмет етеді. Ол сұйық қойма мен радиатор арқылы байланысқан. Жиынтық ретығынымен басқару тұтқасы арқылы тракторшы басқарады. Ол жүргізушінің орындығынан трактор кабинасының сол жағында орналасқан.

Басқару тұтқасының төрт тіркеу жағдайы бар. Бірінші КТҒЖ-ның негізгі шығысына ағын мөлшері сәйкес келеді. Екінші НШ-32 сорғышына сәйкес. Үшінші НШ-10 және НШ-32 сорғыштаранына сәйкес. Төртінші НШ-32 екі сорғышына байланысты.

Тұтқа реверсінің үш бекіту жағдайы бар. Үстіңгі- «көтеру», ортаңғы- «бейтарап», астыңғы – «түсіру».

Басқару тұтқасы арқылы жинақтық реттығынды берілген ағынға сәйкес реттейді. Орнатылған ағын гидроіріктеу шығуы арқылы шешіледі. Жұмыс жағдайының біріне таратқыш реттығынның тұтқа реверсі қондырылады.

Гидрожүйенің негізгі сорғышы алдымен, трактордың гидроілмелі жүйесі жұмысы үшін қолданылады, гидроіріктеу жүйесінің жиынтығын баптауға байланысты емес. Осыған байланысты реттығын таратқышында ғана орындалған. Ол реттығынның жұмыс жағдайын автоматты түрде ағынмен басқаруы арқылы қосылады.

ГСО сорғытарынан жетекке айналыс ВОМекі жылдамдықты жетек тістегершіннен беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]