Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия ОСВЕЩкурс1-.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
995.84 Кб
Скачать
    1. Нормаланған жарықталыну деңгейiн және қор коэффициентiн анықтау.

Жарықталыну нормалары жұмыстық беттегi жарықталынудың ең кiшi мәнiн, яғни ең нашар жарықтандырылатын нүктелерiндегi жарықталыну деңгейiн белгiлейдi.

қНжЕ (құрылыстық Нормалар және Ережелер) және «Жарықталынудың салалық нормалары» - жарықталыну деңгейiн анықтаудағы – негiзгi нормативтi құжаттар (4; 6 258 ... 261 б.; 7 214 ... 223 б.; 8 163 ... 166 б.). 1980 жылғы «Жарықталынудың салалық нормаларында» ауыл шаруашылық үйжайларының негiзгi өндiрiстiк мақсатқа арналған бөлмелерiн (малдар мен құстар тұратын және т.б.) жалпы жарықтандыруға люминесценттiк шамдарды (Л.Ш.), ал қосымша бөлмелердi жалпы жарықтандыруға қыздыру шамдарын (қ.Ш.) пайдалану ұсынылады.

қор коэффициентi Кқ жарық көзiнiң тозуына орай оның жарық ағынының азаюын, сондай-ақ шамдардың, жарықтандыратын арматураның және жарықтандырылатын бөлменiң қоршамдық беттерiнiң ластануының нәтижесiнде жарықтандырғыштың п.ә.к. төмендеуiн есепке алу үшiн енгiзiледi.

қор коэффициентiн 1.1. – кесте бойынша таңдап алады.

    1. – кесте. қор коэффициентi (қНжЕ П-А-9-76).

Жарықтандырылатын объектiлер

қор коэффициентi Кқ

газразрядты шамдар пайдаланғанда

қыздыру шамдар пайдаланғанда

  1. Ауасының құрамында ұ0 мг/мқ және одан көп шаң, тұтiн, күйе болатын өндiрiстiк үйжайлар:

а) қара түстi шаңдарда

б) ашық түстi шаңдарда

2,0

1,8

1,7

1,5

  1. Ауасының құрамында 5 ... ұ0 мг/мқ шаң, түтiн, күйе болатын өндiрiстiк үйжайлар:

а) қара түстi шаңдарда

б) ашық түстi шаңдарда

1,8

1,6

1,5

1,4

  1. Ауасының құрамында 5 мг/мқ-ден кем шаң, тұтiн, күйе болатын өндiрiстiк үйжайлар:

әдеттегi ауалы қосымша үйжайлар;

қоғамдық және тұрмыстық ғимараттардың бөлмелерi;

1,5

1,3

4. Сыртқы жарықтандыратын қондырғылар

1,5

1,3

5. Прожекторлы қондырғылар

ұ,ө

ұ,5

    1. Жарық көздерiн және жарықтандырғыштарды таңдап алу.

Жарық көзiнiң типi бөлменiң өзгешелiгi мен биiктiгiне, нормаланған жарықталынуға, жарықтандырудың түрiне, архитектуралық шешiмдерге және т.б. себепкер шарттарға байланысты таңдап алынады. Бөлмедегi нормаланған жарықталыну 50 лк-тен жоғары болғанда Л.Ш., ал ол мәннен төмен болғанда төмен болғанда қ.Ш. пайдалану ұсынылады.

Әкiмшiлiк, қоғамдық, өндiрiстiк және басқа ғимараттарда, қосымша бөлмелерден басқаларында, жалпы жарықтандыруға Л.Ш. пайдалану ұсынылады. Негiзгi өндiрiстiк мақсатқа арналған ауыл шаруашылық үйжайларды (мал тұратын бөлмелер, профилакториялар, мал азығын дайындайтын цехтар және т.б.) жалпы жарықтандыруға «Салалық нормалар» бойынша Л.Ш. пайдалану ұсынылады. Егер Л.Ш. пайдалануға техникалық мүмкiншiлiк болмаса немесе архитектуралық шешiмдер талап етсе, бұл жағдайларда қ.Ш. қолданылады.

Жергiлiктi жарықтандыруға Л.Ш. пайдалану дұрыс келедi.

ДРЛ типтi шамдарды апаттық жарықтандыруға пайдалануға болмайды.

Жылытылмайтын үйжайларда Л.Ш. пайдаланылмайды.

Үйжайдың биiктiгi 4 м және одан жоғары болғанда ДРЛ, ДРИ типтi шамдарды пайдалану дұрыс келедi, кәсiпорындарының территориясын сыртқы жарықтандыруға да осы шамдарды пайдалану ұсынылады (күзетшiлiк жарықтандырудан басқаларға).

Жарықтандырғышты таңдап алу оның жарық-техникалық сипаттамасына, қоршап тұрған ортаның өзгешелiгiне, қондырғының тиiмдiлiгiне орай орындалады.

Әдеттегi жағдайлы орталы (құрғақ, жылытылатын) үйжайларда қорғалмаған жарықтандырғыштардың барлық типтерiн пайдалануға болады. Ылғалды және дымқыл үйжайларда қорғалмаған жарықтандырғыштарды қолдануға болады, бiрақ бұл жағдайда патронның тұрқы ылғалға төзiмдi материалдан мiндеттi түрде дайындалған болуы керек.

Ерекше дымқыл және химиялық активтi орталы үйжайларда жарықтандырғыштың құрылмалық элементтерi және пайдаланылған электр сымының изоляциясы қоршап тұрған ортаның әрекетiне қарсы тұра алатындай болуы керек (УПД, НСП,ПВЛМ типтi жарықтандырғыштар).

Өрт қаупi бар үйжайларда өрт қауiптiлiгiнiң дәрежесiне байланысты әртүрлi орындалған жарықтандырғыштарды пайдалануға болады. қопарылыс қаупi бар үйжайларда пайдаланылатын жарықтандырғыштардың құрылмасына өте қатаң талаптар қойылады (ВЗГ, В4А, РВЛ типтi жарықтандырғыштар).

Жарықтандырғыштардың жарық таратуы – жарықтандырғыштарды берiлген жағдайларда пайдалану тиiмдiлiгiн анықтайтын олардың негiзгi сипаттамасы. Ол ГОСТ 17677-82 мемлекеттiк үлгiқалыпқа байланысты жарық күштерi қисықтарының кластарымен және типтерiмен сипатталады.

Төменгi жарты сфераға сәулеленетiн жарық ағынының жарықтандырғыштардың жалпы жарық ағынының үлесiне байланысты жарықтандырғыштар жарық таратуы бойынша мына кластарға бөлiнедi: П – тура бағытты жарықты; Н – негiзiнде тура бағытты жарықты; Р – шашыраңқы жарықты; В – негiзiнде шағылысқан жарықты; О – шағылысқан жарықты.

Жоғарғы немесе төменгi жарты сфераға жарықтандырғышпен сәулелендiрiлетiн жарық ағынының кеңiстiкте таралуы әртүрлi пiшiндi болады. Таралу пiшiнi жарық күшiнiң қисығымен (ЖКқ) сипатталады. Жоғарыда берiлген мемлекеттiк үлгiқалып бойынша жетi типтiк ЖКқ болады: К – шоғырланған, Г – созыңқы, Д – коситнустық, Л – жартылай жалпақ, Ш – жалпақ, М – бiр қалыпты, С – синустық.

қабырғаларының және төбесiнiң шағылу қасиетi төмен келетiн бөлмелердi жарықтандыруға тура бағытты жарықты (П) жарықтандырғыштарды, ал қабырғалары мен төбесiнiң шағылу қасиеттерi жоғары болатын бөлмелерде негiзiнде тура бағытты жарықты (Н) жарықтандырғыштарды пайдалану орынды келедi.

Жұмыстық беттер қалай болса солай орналасқан кейбiр өндiрiстiк үйжайларда шашыраңқы жарықты жарықтандырғыштар пайдаланылуы мүмкiн. Шағылысқан (О) және негiзiнде шағылысқан жарықты жарықтандырғыштар өндiрiстiк үйжайларда қолданылмайды. Ш типтi жарық тарату қисықты жарықтандырғыштар iшкi жарықтандыруға пайдаланылмайды. Fимараттық биiктiгi жоғары және бөлменiң индексi кiшi болғанда Г немесе К типтi қисықты жарықтандырғыштарды қолдану ұсынылады. Биiктiгi төмен және бөлменiң индексi көп болғанда Д және Л типтiлi жарық таратуы жалпақ болатын жарықтандырғыштар қолданылады.

Ауыл шаруашылығында пайдалануға ұсынылатын жарықтандырғыштардың типтерi 1,2 – кестеде келтiрiлген.