Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус-СГМ (СГМ)-2014.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
115.71 Кб
Скачать

9 Курстың тәртібі мен саясаты

- сабаққа кешікпеу;

- сабақ кезінде сөйлемеу, сағыз шайнамау;

- ұялы телефонды өшіру;

- сабаққа іскерлік киіммен келу;

- сабақтан қалмау, ауырып қалған жағдайда анықтаманы әкелу;

- оқуға келмеген кездегі сабақтарын оқытушы айтқан уақыт аралығында өтеу;

- тапсырмаларды орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі (баллды азайту себебі қараңдар);

- оқуға белсенді қатысу;

- үй және тағы да басқа тапсырмаларын ынталы орындау;

- айналасындағыларға тілектес, төзімді және ашық болу;

- конструктивно поддерживать обратную связь на занятиях;

- ұжымдық жұмысқа көмектесу және ұялшақ студенттерді пікірталасқа тарту;

- борышты және ұқыпты болу .

9.1 Балл азайтылады, егер:

- сабаққа келмесе – 10 %;

- тапсырмаларды орындамаса – 10 %;

- жұмысты уақытында тапсырмаса – 10 %;

- кешіксе – 10 %;

- жауап беруден қайта-қайта бас тартса – 10 %;

- сабақта тәртіп бұзса – 10 %;

9.2 Балл қосылады, егер:

- жұмысын белсенді атқарса – 10 %;

- сабақтан қалмаса, кешікпесе – 5 %;

- жауабы соншалықты күшті болса – 10 %;

- жұмысты мерзімінен бұрын орындаса – 5 %.

10 Білімнің бағасы туралы ақпарат

Ағымдық бақылау дәріске қатысу, тәжірибелік сабақта тапсырмаларды орындау, зертханалық жұмыстарды қорғау қорытындылары бойынша іске асады. Баллдардың саны студенттің белсендiлiгiмен, жауаптың мағыналығына байланысты.

Аралық бақылау жеке әңгiмелесу мен тест түрінде жүргiзiлетiн коллоквиумның нәтижелерi бойынша жүзеге асады.

Үй жұмысын бақылау тапсырмаларды қорғау және өзіндік жұмысты орындау қорытындылары бойынша жүзеге асады.

Қорытынды бақылау тест түрінде жүргізіледі.

Рейтинг шкаласы

Бақылау формасы

Балл

Балл

Р1

Р2

Ағымдық бақылау

30

30

Аралық бақылау

30

30

Қорытынды бақылау

40

40

Барлығы:

100

100

11 Бағаларды қою амалы

11.1 Білімді бағалау критерийі

%-дық мөлшері

Критерий

0-49

Материал бағдарламасынан білімінің жоқтығы; оқу бағдарламасының негізгі материалдарын білмеу және дөрекі қателіктерді жіберу.

50-74

Жауабының көбі дұрыс, бірақ толық емес; программалық материалды жеткiлікті терең түсiнбегендігі көрініп тұру; негізгі идеялар мен теориялық ережелерде қателер жіберу; материал мазмұнын қайтадан жасау керек екендігі айқындалады; өзіндік қорытындының жоқтығы мен қорыта білмеу.

75-89

Жауабы толық, дұрыс. Барлық оқылған материалдардың негiзгi идеялары мен ережелерін бiлетiндігі көрініп тұру. Нақты материалды, негiзгi ұғымдар мен заңдарды білу.

Басқа пәндер мен баспасөздерден материалдарды қатыстыру .

Қорытынды жасай білу, теріске шығара білу, қорыта білу, дәлел келтір білу. Бірақ алайда, жауабында материалды толықтай дәл аша алмауы көрініп тұру.

90-100

Жауабы толық, дұрыс. Барлық оқылған материалдардың негiзгi идеялары мен ережелерін бiлетiндігі көрініп тұру. Нақты материалды, негiзгi ұғымдар мен заңдарды білу.

Басқа пәндер мен баспасөздерден материалдарды қатыстыру .

Қорытынды жасай білу, теріске шығара білу, қорыта білу, дәлел келтір білу.