Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус-СГМ (СГМ)-2014.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
115.71 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және

ғылым министрлігі

С. Сейфулин атындағы қазақ агротехникалық университетi

Бекітемін

Энергетика факультетінің деканы

_______________Исенов С.С.

2014 ж. «____»_________

Студенттергі арналған оқыту

БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

«Сұйық және газ механикасы» - пәні бойынша

5В050717 «Жылуэнергетика» - мамандығы студенттеріне арналған

Астана 2014

Студенттергі арналған оқыту бағдарламасы 20__ ж. «___»____________ бекітілген және жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.

Кафедра отырысында ұсынылған 2014 ж. «28»__09_____

№ _1_ Хаттама

Кафедра меңгерушісі _______К.Т. Баубеков 2014 ж. «28»__09_____

Энергетика факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2014 ж. «___»__________ №___ хаттама

ӘК төрайымы _______ Сагнаева Н.К. 2014 ж. «___»______

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Аты-жөні: Шертаев Ерман Тельманович

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: т.ғ.к., доцент

«Жылуэнергетика» кафедрасы бас корпусында 520, 512. аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны: 8 (7172) 39-76-08.

Кафедрада болу уақыт: жұмыстар және консультациялардың кестесі бойынша.

2. Алдын-ала міндетті пәндер (пререквизиты): физика, теориялық механика, жоғары математика.

3. Курстың сипаттамасы:

Пәннің мақсаты – сұйық пен газдың теңдесу және қозғалу заңдылықтарын оқып білу, қажетті есептеулер жүргізу.

Жылумаңызалмасу, булық және газдық шығырлар, қазандық қондырғылары, ошақ құбылыстарының теориясы, жылуландыру және жылулық желілер пәндерін оқығанда сұйықтың қозғалу заңдарын білу керек.

Пәннің міндеті

Пәнді оқып-білген студенттер келесілерді білуі қажет:

Түсінігі болуы қажет:

- Сұйық ұғымының анықтамасы.; Сұйықтеңдесудің шаққылық (дифференциалдық) теңдеулері

- Үзіксіздік теңдеуі (маңыздың сақталу заңы). Бернулли теңдеуі;

- жылуэнергетика жүйелерініңбөлшектерін өндіріп жасау негіздерін;

- жылуэнергетика жүйелерін сынау мен пайдалану негіздерін;

Білуі қажет:

  • Ретсіз қозғалыстың негізгі сипаттамалары;

  • Ағын кенет кеңейгендегі және тарылғандағы қысым шығыны;

  • Сұйықтың тұрақты тегеурінде кішкене тесіктен ағуы;

Істей білуі қажет:

  • Ағын кенет кеңейгендегі және тарылғандағы қысым шығыны;

  • Сұйықтың құбырдағы қозғалысы және құбырларды сұйықағулық есептеу;

  • жылуэнергетика жүйелерінің тиімділігі мен сенімділігін табу әдістерін қолдану;

Игеруі қажет:

  • Екі текті (фазалы) ағындар қозғалысы. Екі текті ағындар туралы ұғым. Қатты бөлшектерді ағынмен тасымалдау есебін өткізу әдістері мен тәсілдерін;

  • Қатты денелердің ағысталуы тәсілдері мен әдістерін;

Ретті шекаралық қабаттағы қозғалыс теңдеулерін есептеу.

5. Пән мазмұны

5.1 Дәрістер

Дәріс

Апта

Тақырыбы

Әдебиет нөмірі

1

1

Кіріспе. Сұйық және газ механикасы пәні және оның  әдістері. Сұйық ұғымының анықтамасы. Тығыздық. Сығылғыштық. Тұтқырлық және сұйықтағы үйкеліс туралы Ньютонның заңы. Сұйықта әрекет ететін күштер. Қысым.

Конспект

[1-8]

2

2

Сұйықтеңдесу (гидростатика). Сұйықтеңдесудің шаққылық (дифференциалдық) теңдеулері. Сығылмайтын сұйықтың ауырлық күш өрісіндегі теңдесуі.

Конспект

[1-8]

3

3

Айналған ыдыстағы сығылмайтын сұйықтың теңдесуі. Жазық беттегі сұйықтың қысым күші. Архимед заңы.

Конспект

[1-8]

4

4

Сұйық қозғалысының негізгі ұғымдары мен теңдеулері. Сұйық қозғалысының түрлері. Сұйық қозғалысының тәртіптері. Ағын сызығы және түтігі.

Конспект

[1-8]

5, 6

5, 6

Бір өлшемді ағынның қозғалыс тeңдеулері. Сұйық шығысы. Үзіксіздік теңдеуі (маңыздың сақталу заңы). Бернулли теңдеуі (толық механикалық қайраттың сақталу заңы). Қозғалыс мөлшерінің теңдеуі (қозғалыс мөлшерінің сақталу заңы).Үзіксіздіктің шаққылық (дифференциялдық) теңдеуі. Тұтқыр сұйықтың шаққылық (дифференциялдық) қозғалыс теңдеулері (Навье-Стокс теңдеулері). Бастапқы және шекаралық шарттар.

Конспект

[1-8]

7

7

Ретсіз қозғалыстың негізгі сипаттамалары. Ретсіз ағынның орташаланған қозғалыс теңдеулері (Рейнольдс теңдеулері). Сұйыққозғалымдық ұқсастық және үлгілеу.

Конспект

[1-8]

8, 9

8, 9

Сұйықтың тұрақты тегеурінде кішкене тесіктен ағуы. Сұйықтың құбырдағы қозғалысы және құбырларды сұйықағулық есептеу. Құбырлардың сұйықағулық кедергісі. Ағын кенет кеңейгендегі және тарылғандағы қысым шығыны.

Конспект

[1-8]

10, 11

10, 11

Дөңгелек құбырдағы ретті қозғалыста көрсеткіштердің таралуы және кедергі заңдылығы.Дөңгелек құбырдағы ретсіз қозғалыста көрсеткіштердің таралуы және кедергі заңдылығы. Құбырдағы сұйықағулық соққы

Конспект

[1-8]

12

12

Құбырларды жіктеу. Ұзын жай құбырдың негізгі есептері. Тармақты және қатарлас құбырларды есептеу. Газ құбырларын қысым құламасы үлкен болғанда есептеу. Көлденең қимасы дөңгелек емес құбырларды есептеу. Көпіршіктену (кавитация)

13, 14

13, 14

Екі текті (фазалы) ағындар қозғалысы. Екі текті ағындар туралы ұғым. Қатты бөлшектерді ағынмен тасымалдау. Ауамен тасымалдау құбырының кедергісі.

15

15

Қатты денелердің ағысталуы. Шекаралық қабат. Шекаралық қабат туралы ұғым. Ретті шекаралық қабаттағы қозғалыс теңдеулері. Тақтадағы ретті шекаралық қабат. Тақтадағы ретсіз шекаралық қабат