Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономика лекция.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
200.19 Кб
Скачать

15 Тақырып. Экономикалық өсудің макроэкономикалық талдауы.

Дәрістің мазмұны:

  1. Экономикалық өсу және оны өлшеу. Өсудің факторлы моделі. Факторлардың жалпы өнімділігі.

  2. Солоудың ұзақ мерзімді өсу моделі. Қор жинаудың « алтын ережесі». Халықтың және технологиялық прогресстің өсуінің әсері.

  3. Дамыған және дамушы елдердегі экономикалық өсудің ерекшелігі

Экономикалық өсу ұғымын экономиканың тұрақты дамуы деп түсінеміз, яғни ұлттық табыс пен жалпы ұлттық өнім көлемінің өсу процесі.

Экономикалық өсу нақты жалпы ішкі өнімнің абсолютті мәнде және адам басына шаққандағы өсімін сипаттайды. Эконмикалық өсу динамикасының негізгі көрсеткіштері болып мыналар табылады:

ЖІӨ немесе ҰТ көлемінің өсуі

адам басына шаққандағы ЖІӨ немесе ҰТ өсу қарқындылығы

жалпы, белгілі бір секторлар және адам басына шаққан бойынша өнеркәсіптік өндірісінің өсу қарқындылығы

Өндірістік функция шығару көлемін өндіріс факторларының шығындарымен және технология дәрежесімен байланыстырады.

Кобба-Дугластың өндірістік функциясы экономиканың өндірістік ресурстарды қалай қолданып дайын өнім алатыны туралы сипаттайды. Кобба-Дугластың функциясы келесі түрге ие:

Y = F (K, L) = AKaL1-a

Көптеген өндірістік функциялардың ішінен экономикалық өсудің үш факторын белгілейді: еңбек, капитал және техникалық прогресс. Өндірістік функция негізіндегі ЭӨ алғашқы факторлы моделі нобель лауреаты Р.Солоу мен 1957 жылы ұсынылған. Модель неоклассикалық мектептің ұстанымдары шегінде құрылған: жетілген бәсекелестік, бағалар икемділігі, өндіріс факторларының өзара алмасуы және толық жұмысбастылық. Солоу моделі қарапайым модель болып табылады, онда үй шаруашылықтары мен фирмалар ғана сипатталған.

ЭӨ үш негізгі факторлар тобын бөліп алуға болады: сұраныс факторары, ұсыныс факторлары және тарату факторлары. Солоу моделінің маңыздылығы қор жинаудың алтын ережесімен- экономикалық өсуді оңтайландыру шартымен сипатталуы.

Техникалық прогресстің жоқтығы адам басына шаққандағы тұтынудың максималды шарты қор сақтуға шекті бейімділік капитал бойынша шығарудың икемділігіне тең болған жағдайында орнайды.