Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономика лекция.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
200.19 Кб
Скачать

14 Тақырып. Инфляция мен жұмыссыздықты талдау.

Дәрістің мазмұны:

  1. Макроэкономикалық тербелістер. Әлуетті және нақты ЖҰӨ.

  2. Жұмыссыздық деңгейі. Оукен заңы.

  3. Инфляцияның дамуының себептері мен факторлары. Сұраныс инфляциясы, шығындар инфляциясы. Болжамды және болжамды емес инфляция.

  4. Инфляция қарқындылығы және шығару деңгейін құру. Филлипс қисығы. Антиинфляциялық саясат.

Инфляция дегеніміз бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны, бірақ

бұл бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың функциясын ( инфляция мен инфляциялық күтулерді ескере отырып) жиынтық сұраныс пен ұсыныстың динамикалық функциясы деп аталады.

Сұраныс инфляциясы жиынтық сұраныстың автономды өсуі болған кезде көрініс табады, ол AD қисығының оңға қарай графикалық жылжуымен сипатталады.

Шығын инфляциясының теориясы баға деңгейінің өсуін орташа шығындардың өсуіне әкелетін факторлармен түсіндіріледі. Графикалық түрде бұл AS қисығының жоғары қарай жылжуымен сипатталады. Ұсыныс инфляциясы өндірістік факторларға бағалардың өсуінен туындайды.

Ұсыныс сілкінісі ( шок) жиынтық сұраныс өзгерістерімен байланысты емес ұсыныстағы бұзушылықтарды сипаттайды. Белгілі бір жағдайларда экономикалық субъектілердің инвестициялық күтулері инвестициялық спиральдің қызмет ету механизмін қосуы мүмкін. Инвестициялық спираль ұсыныс пен сұраныс жағынан инвестициялық процестердің үйлесуі болып табылады.

Филлипс қисығы жұмыссыздық деңгейі мен шығындар инфляциясы арасындағы тәуелділікті көрсетеді.

Антиинфляциялық саясат белсенді және бейімдеушілік саясаттар деп бөлінеді. Белсенді саясат инфляцияны тудыртқан себептерді жоюға бағытталған. Бейімдеушілік саясат инфляция жағдайына бейімделуді, оның қарсы әсерін азайтуға бағытталған.

Экономикалық циклдердің теориясы экономикалық белсенділіктің уақытша тербелу динамикасын зерттейді, олардың себептерін талдайды және пайда болу мен дамуының механизмдерін түсіндіреді. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеру қасиеті мен бағыты экономикалық конъюнктура деп аталады.

Экономикалық циклды екі бірдей сапалы экономикалық конъюнктура арасындағы уақытша интервал ретінде анықтауға болады.

Табиғи жұмыссыздық жұмысқа орналасуға дайындалып жүрген немесе біліктілігіне сай жақсырақ жұмыс қарастырып жүрген адамдар тобынан құралады.

Оукен заңына сәйкес: конъюнктурлы жұмыссыздықтың бір пайыздық пунктқа өзгерісі конъюнктуралық жарылыстың g пайыздық пунктқа тура пропорционалды өзгерісін тудырады. Толық жұмысбастылықтың ұлттық табыс шамасының өсуі шартында Оукен қисығы жоғары қарай жылжиды, азаюы кезінде- төмен, табиғи жұмыссыздық нормаларының ұлғаюы кезінде қисық оңға қарай, ал азаюы жағдайында солға қарай бағытталады.

Мемлекеттік тұрақтандыру саясатын мемлекеттің жұмыссыздық пен инфляция дамуын тоқтатуға, экономикалық өсуді ынталандыруға бағытталған экономикалық шаралар жүйесі ретінде қарастыруға болады. Экономикалықт конъюнктураның күйіне байланысты тұрақтандыру саясатының мақсаттары өзара толықтырушылық, өзара ауыспашылық немесе бейтараптылық қатынастарына түседі; бұл нақты жағдайдағы тұрақтандыру саясатының тәсілдемесін анықтайды.

Белсенді тұрақтандыру саясатының кері әсері де болуы мүмкін, яғни мемлекеттік қарыз мөлшерінің өсуі ықтимал.

Фискалды саясатмемлекеттік шығындардың шамасы мен құрлымын, трансферттік төлемдер көлемі мен салық салу жүйелерін құрастыру арқылы экономикаға әсер ету қызметі. Мемлекеттік шығындар мемлекетпен тауар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік бағдарламаларды ( мемлекеттік қызметкерлердің еңбегінің жалақысын төлеуді қосқанда) орындау мақсатындағы сатып алулар болып табылады.

Мемлекеттік бюджет заңды түрде бекітілген белгілі кезең ішіндегі мемлекеттік шығындар мен табыстар есебі болып табылады.

Бюджеттік тапшылық- мемлекеттік шығындардың табыстардан асу сомасы. Мемлекеттік қарыз- бюджеттік шығындарды қоспағанда бюджеттік тапшылықтардың жинақталған сомасы.

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері: ақша- несие эмиссиясы ( тиын шығару); займ шығару; мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту.

Тапшылықты жою үшін тиын шығару жағдайында сеньораж пайда болады. Сеньораж- ақша шығару арқылы мемлекеттің табатын пайдасы.

Нақты ЖҰӨ өсуінің қарқынынан ақша жиынының өсу қарқыны артық болған жағдайда сеньораж пайда болады, бұл құбылыс орташа баға деңгейін өсіреді. Барлық экономикалық агенттер инфляциялық салық төлейді және олардың табыстарының бір бөлігі бағаның жоғарылауы арқылы мемлекетке түсіп отырады.

Төлемдер балансының кризисі( төлем балансының көптен жиналған тапшылығы) мемлекеттің ұзақ уақыт бойы ағымдағы операциялар бойынша тұрақтандыру шараларын кейінге қалдыру және өзінің ресми валюталық резервтерін әлсіретту нәтижесінде пайда болады. Макроэкономикалық түзету төлемдер балансының кризисі мен сыртқы қарыз кризисін женудің жалғыз әдісі болып табылады.